Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет69/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Хлорамфеникол (левомицетин) – малшаруашылығында 
қолдануға тыйым салынған, кең спектрлі əсері бар синтетикалық 
антибиотик.
Препараттың салыстырмалы арзандығы жəне жоғары 
бактерияға қарсы тиімділігі кең ауқымда рұқсатсыз қолданылуына 
мүмкіндік береді, сондықтан ет, бауыр, бүйрек, сүт, сүзбе, қаймақ, 
сыр, жұмыртқа жəне басқа өнімдерде 0,02-0,50 бірл./үлгі грам-
мы концентрациясында (белсенділіктің 1 бірлігі 1 мкг таза затқа 


132
сəйкес келеді) левомицетиннің қалдықты мөлшері жиі байқалады.
Тетрациклин кең спектрлі əсері бар тиімділігі жоғары анти-
биотик болып табылады, медицинада əртүрлі ауруларды емде-
уге, сонымен қатар мал емдеуде микробқа қарсы əсері жоғары 
болғандықтан қолданылады, (хлортетрациклин, окситетра-
циклин) тетрациклинмен ластанған өнімді тағамға қолданған 
адамның берілген антибиотикке микрофлора тұрақтылығының 
дамуына байланысты қауіпті болып саналады. Тетрациклин тобы 
антибиотиктерінің қалдықты мөлшерінің РЕШК-сы ет, сүт жəне 
т.б. тағам өнімдерінде 0,01 бірл./г-ды (өте таза тетрациклинде 1 
бірлік 1 мкг-ға сəйкес келеді) құрайды.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын ет өнімдерінің 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда антибиотиктердің қалдықты 
мөлшері рұқсат етілмейді жəне бір грамм үлгіде антибиотикалық 
белсенділік бірлігі үлесінің деңгейінде (мкг) нормаланады 
(
3.3-кесте).
Қазіргі уақытта антибиотикалық препараттардың қалдықтарын 
аналитикалық анықтау үшін антибиотиктер жəне талданатын 
экстрактінің стандартты сандарының көмегімен микроағзалардың 
тест – дақылдарының өсімін тіркеуге негізделген микробиологиялық 
əдістер; эффектісі жоғары сұйықтық хроматографиясы; масс-
спектрометрлі детекторлы сұйықтық хроматографиясы (МССХ); 
талданатын заттың өзіндік дағы пайда болғанда тіркеуге мүмкіндік 
беретін жұқақабатты хроматография (ЖҚХ); арнайы органикалық 
хромоформы бар антибиотикті сəулелейтін кешеннің түзілуіне 
негізделген флуоресцентті анализ қолданылады. Антибиотиктерді 
ұшатын жағдайға ауыстыру қиын болғандықтан газдық хроматогра-
фия əдісі қолданылмайды.
3.3-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет