Пайдаланған әдебиеттер Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика, Алматы -2004
Пидкасистый П. П., Портнов М. Л. Искусство преподавания.
М., Роспедагенство, 1998.
Синица И. Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.
Алматы, Мектеп, 1997
Чернокозова В. Н. Этика учителя.Киев, 1973 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қуанәлиева М.А. Кикілжің жағдайларды алдын-алудың психологиялық тәсілдері. //Абай атындағы ғылыми әдістемелік журнал. - 2010. - №2. 113 б.
Исхакова А.Н. Конфликты в педагогических коллективах: их причины и профилактика. //Психология.-2009.-№4.2 с.
Рабай К. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары.// 2008.-№6.-36,39 б.
Тақырып №10. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ФОРМАСЫ, КОММУНИКАТИВТІК ІС-ӘРЕКЕТ
Теориялық мәліметтер Жоспары: Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі - педагогикалық карым- қатынас.
Педагогикалық өзара іс-әрекет стратегиясы.
3.Педагогикалық өзара іс-әрекеттегі коммуникативтік қабілет.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілет.
1. Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі - педагогикалық карым- қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас-коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланыста туындайтын педагог пен оқушы арасында өзара түсіну өзара әсер ету үрдісі.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана айналысып қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді және вербальді емес қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты дейміз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарымқатынасқа оңай түседі. Оның себептері:
өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
баланың ішкі жан-дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында; - мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалы- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтығында, нақтылығында;
оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушымұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарымқатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі.
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар:
Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» және т.с.с. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірденбір жолы:
әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін
ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіріп отыруды, мұғалімнен өз білімін дамытуды әрі шеберлігін шыңдауды, білімнін жаңалықтарын тез меңгеріп, оны өз қызметінде іске асыруды қажет етеді. Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық қамтамасыз етілумен байланысты, яғни, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігімен анықталады. Яғни, мұғалім сөзі – ақпарат таратушы құралы ретінде жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда, оқушыға да, ата-анаға да мұғалім сөзі – екі жақты ортақ тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші құрал. Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулардан таза болуы шарт. Мұғалімнің өз ойын, оқыған, материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті – сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік шеберліктің маңызды элементі – сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды (сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі қарапайым тілмен түсінікті бере білуі керек. Күлдіру, әзіл, көңілге тимейтін сынау болса, сөйлеу ажарын кіргізіді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал-сөздің мәйегі» деген қазақ данылығы.
В. А. Сухомлинский: «Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...»- деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауысырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыздәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».