Сендіру – адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің құралы болып табылады. Сендіру обьктивтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетте практика барысында орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады. Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс-әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қорқыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б. сезімдерді тудыруымыз мүмкін.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтікпсихологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат», «әлеуметтік-психологиялық «климат немесе микроклимат» ұғымдары ғылым емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Ұжымдағы психологиялық климаттық мазмұндық сипатын – адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан, психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа райымен, жылы шырайлықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара танымдылықтан, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді екпінге баса мән берген.
Жағымды психологиялық климат қалыптасуға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе климаттық ауытқуды атауға болады. Әлеуметтік психология келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиелінісіп кетуі ретінде қарастырады.
Мұғалімнің кәсібі қызметіндегі жанжалдар олардың түрлері мен себептері. Дауларды шешу жолдары
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушілік өз табиғатынан тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайдағы адамдар іс-әрекетінің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғаарлық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекетпроцесінде орныққан өзара байланыстардың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ – кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестерін және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік Этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Үшінші топ – педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты салалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әректтердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау, келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор.
«Конфликт» сөзі латын тілінен аударғанда «сonflkt’s» – қақтығысу мағынасын білдіреді. Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л. Козер).
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз әр түрлі адамдар арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;
Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие; - Өмір тәжірибесі әр түрі;
Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс; - Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек; - Кез келген қателік жаңа проблема тударуы мүмкін.
Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлімтәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтінің туындау себептері(М. М. Рыбакова бойынша) :
- іс-әрекет конфликтілері; - қарым-қатынас конфликтілері; - әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.
Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады.
Әрекет конфликтілерімұғалімнің конфликтіні шешуде туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын-алу жеңіл.
Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда конфликтіден шығу жеңіл өтеді.
Әлеуметтік-психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әр-түрлі пікірлерде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процессінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.
Кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлықпен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайтын. Ол педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктер негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық,өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмиоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан жағдайда бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындау тиіс.
Оқушы мен мұғалім арасындағы кикілжіңдер болмас үшін мұғалімдерге қажетті келесіқағидаларды ұсынамыз:
Мұғалім деген ардақты атты қорғаңыз. Есіңізде ұстаңыз, оқушының тұлғасы мұғалім тұлғасымен тәрбиеленеді.
Мектепте тек жұмыстағы көңіл-күй болып, жеке проблемамен байланысты жағымсыз эмоцияларды мектеп табалды-рығында қалдыру;
Оқушыны түсірмеу, керісінше оны өз деңгейінен көтеру;
YI. «Өзіңізді билей»» біліңіз! Оқушыларға дауыс көтеруге жол бермеу;
Y. Оқушыларды белгілі–бір тұлғалық ерекшелігіне немесе белгілі-бір көріністерге байланысты алаламау, яғни барлық оқушымен бірқалыпты әділ қарым-қатынас;
YI. Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерек-
шеліктерін ескеру;
YII. Оқушымен қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер
айтпау;
YIII. Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
Сыныпта аутсайдер оқушы болса оның оқушылармен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап, тіл табысуына көмектесіңіз!.
Өз оқушыларыңыздың тұлғасын құрметтеңіз. Олардың адамгершілік қасиеттерін қорғап, дамыту және оларға жасы үлкен дос болу;
Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
Қиын,қыңыр,қырсық оқушылармен жеке-дара қарымқатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолыпсихологиялық ойындар, тренингтер,т.б.
Кикілжің мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Педагогикалық процестегі кикілжіңді жағдайды алдын-алу-бұл тұлға психологиясының қалыптасып, одан әрі дамуында жағымды қарым-қатынастың орны ерекше екенідігін көрсетеді, яғни кикілжіңді алдын-алу оны болжауды білдіреді.