Даярлық тобындағы балалар үшін іздену-эксперименттік әрекеттің
міндеттері
Табиғатқа деген сүйіспеншілік және қызығушылық сезімі, қоршаған ортаны
тану арқылы баланы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Балалардың күн жүйесі туралы қарапайым түсінігін қалыптастыру.
Балаларды зерттеу әрекетіне тартуды жалғастыру. Ойлау қабілетін, зейінін
дамыту. Алға мақсат қоюды, оны іске асыру жолдарын табу және өздігінен
қорытынды жасау дағдысын қалыптастыру.
Тәжірибелер арқылы заттардың кейбір физикалық қасиеттері туралы
қарапайым түсінік беру (магнит, компас, термометр). Су, ауа, құм, сазбалшық,
топырақ қасиеттері туралы түсініктерін нақтылау. Балаларды қардың қорғаушы
қасиеттерімен таныстыру.
Адамның табиғатта алатын орнын ұғынуға көмектесу, оның табиғатқа
тигізетін оң және кері әсерінің нәтижесін көрсету.
Зерттеуге ұмтылу, іздену белсенділігі – мектепке дейінгі жастағы баланың
табиғи жағдайы. Балалар ақпаратты алу және оны өңдеуді қажетсінеді. Мектеп
жасына дейінгі балалардың іздену-зерттеу әрекетін ұйымдастыру кезінде олар
жаңа әсерлер тапшылығы жағдайында интеллектуалдық жетімсіздікті
сезінетінін, ал ой әрекетін артық ынталандыру және ересек тарапынан айтылған
сын қызығушылық пен өздігінен іздену қажеттілігіне кедергі болатынын естен
шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |