ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі ұйымдарда эксперимент жүргізу әр түрлі нысанда іске
асырылуы мүмкін. Бұл нысандардың саны өте көп. Бала есейген сайын оның
әртүрлі нысандарды игеру мүмкіндігі ұлғая түседі. Игерілген нысандар
жойылмайды, керісінше жаңа нысандармен толықтырылады.
Ал, басқа формаларға қозғау болған алғашқы нысан заттармен әрекет жасау
болып табылады (Л.С. Выготский). Бұл нысан ерте жаста, яғни шамамен 3-3,5
айда, балаға қолжетімді жалғыз эксперимент жүргізудің нысаны болып
табылатын кезде туындайды. Бала заттарды айналдырады, аузына салады,
лақтырады. Заттар (ол үшін) бірде пайда болады, бірде жоғалады, бірде тарс етіп
сынады. Ересектер балалармен бірге қуанады, балаларға әңгіме айтып береді,
олардың теріс қылықтарына ренжиді. Осылайша, екі эксперимент жүргізіледі:
табиғаттану және әлеуметтік. Алынған мәліметтер жинақталады және
балалардың есінде өмір бойы сақталады.
Кейінгі екі-үш жылда заттармен және адамдармен әрекет жасау
күрделенеді. Аталған кезең бала өмірінің бірінші, екінші және үшінші
жылдарына созылады. Бұл уақытта, әлі де өзара белгілі бір жүйемен
байланыспаған эксперимент әрекетінің жеке бөліктері қалыптасады.
Бала үш жасқа толған соң келесі кезең – қызығушылық кезеңіне өтеді.
Кейбір ересек адамдар баланы ұшқалақ, шыдамсыз, тіпті тәртіпсіз ретінде
қабылдайды, себебі бұл жастағы балалар көп әуреге салады. Бірақ, биологиялық
көзқарас тұрғысынан бала неғұрлым белсенді болса, соғұрлым қызығушылығы
ұлғайып,
дами
түседі,
яғни
тұлға
ретінде
толыққанды
болып
қалыптасады. Қызығушылық кезеңінің орта тұсына қарай (төрт жаста) іс-
әрекеттің алғашқы нысаны – заттармен әрекет жасау – үш бағытқа бөлінеді.
Бірінші бағыт ─ ойын, екінші бағыт – эксперимент жүргізу, үшінші бағыт – еңбек
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |