Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

БАЛАЛАР ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ 

 

Дарындылықты  тұңғыш  рет  ағылшын  антропологы  Френсис  Гальтон 



зерттеген  болатын.  Ол  дарындылық  психологиясы  тарихында  үлкен  еңбек 

сіңірді.  Ф.  Гальтон  дарындылық  −  тұқым  қуалайтын  факторлардың  нәтижесі 

екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − 

оның  заңдары  мен  нәтижелері»  атты  кітабы  ХХ  ғасырдың  екінші 

жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.   

Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред 

Биннің  орны  ерекше,  ол  тұлғаның  танымдық  әрекетіне  сынақ  жүргізген.  

Сонымен  қатар,  өте  ұзақ  зерттеу  жүргізген  АҚШ  ғалымы  Льюис  Тердің 

еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды.  

Заманауи  психологияда  ең  кең  таралғаны  американдық  ғалым  Джозеф 

Рензуллидің  адамның  зияткерлік  қабілеті,  креативтілікті  туралы  зерттеуге 

арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы.  

Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері 

туралы тәжірибелері  қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. 

Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін «дарындылар» санатына 

жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ. 

«Дарындылық»  ұғымы  −  бұл  жүйелі,  бір  немесе  бірнеше  әрекет  түрі 

бойынша  адамның  басқа  адамдармен  салыстырғанда  жоғары  нәтижеге  жету 

мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының  сапасы.  

«Дарынды бала» − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап 

көрінетін, өресі биік бала.   

Дарындылық  −  орта  деңгейден  жоғары  зияткерлік  қабілеттер, 

креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет