Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
 

 


 

МАЗМҰНЫ 

 

 

 



Түсіндірме жазба…………………………………………………….......... 

 



 

Балалар дарындылығының ғылыми-теориялық негіздемесі ................... 

 



Дарынды балалармен  жұмыстар ұйымдастыру және  әдістері.............. 



12 

 

Қорытынды………………………………………………………………... 



 

17 


 

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………. 

 

18 


 

Қосымша…………………………………………………………………... 

 

19 



 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 



 

Әр  сәби  –  өзінше  тамаша  және 

қайталанбайды, психологтар, 

әрқайсысының дарындылығына  

        сенеді. 

    Т. Галковская 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  жаңғырту  жағдайында 

дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып 

табылады. 

Дарынды  балаларға  бүгінгі  қамқорлық  −  бұл  Қазақстан  Республикасы 

ғылымының,  мәдениетінің  және  әлеуметтік  өмірінің  болашақ  дамуына  деген 

қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға 

алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш.  

Бала  дарындылығын  дамыту  жүйесі  мұқият  ойластырылуы,  шынайы 

дараланып  және  оны  жүзеге  асыру  қолайлы  жас  кезеңдеріне  сай  болуы  тиіс. 

Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық 

шақ  болып  табылады.  Заманауи  білім  беру  тәжірибесі  көрсеткендей  балалар 

арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар  болады.  Құрбыларына  қарағанда 

шығармашылық  қабілеттерімен,  жіктей  білетін,  жалпылай  білетін,  өзара 

байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар 

айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша 

ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады.  

Тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  іске  асыру  мәселелері  ажырамас 

бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен жұмыс мектепке дейінгі ұйым 

жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  жоғары  танымдық  белсенділік,  көтеріңкі 

әсершілдік,  ақыл-ой  жүктемесіне  деген  сұраныстар  тән.  Оларда  сезімталдық, 

жарқындық,  үлгілерді  нақты  ұсыну  және  оларды  жеңіл  қолдана  білу    жақсы 

дамыған. 

Мектепке    дейінгі  жастың  ерешеліктері  қиялдау,  шығармашылықпен 

елестету,  стандарттан  тыс  ойлай  білу  болса,  мұнан  басқа  айырықша 

сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. 

Бұдан  шығатын  қорытынды,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін 

дарындылықтың  алғышарттары  байқалған  балаларды  уақытында  анықтау, 

олардың  қабілеттерін  сақтау  және  одан  әрі  дамыту  үшін,  балалардың  жеке 

белсенділіктеріне  сүйене  отырып,  педагог-психологтардың,  тәрбиешілердің, 

арнайы  мамандардың,  ата-аналардың  күшін  біріктіретін  арнайы  жұмыстар 

жүргізілуі қажет. 

Тұлғаның  даралық  құқығы  жүзеге  асырылатын  нақты  нұсқалардың  бірі 

дарынды балалармен жұмыс. 



 

Бұл  «Мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалармен  жұмыстарды 



ұйымдастыру»  бағдарламасының  көкейтестілігі  жоғарыда  айтылғандардан 

анық көрінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет