Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
163 
және  оқытудың  электрондық  құралдарын  ескере  отырып  практикалық  және 
зертханалық  жұмыстардың,  практикумдардың  тақырыптарын  өз  беттерінше 
таңдай  алады.  Зертханалық  және  практикалық  жұмыстар  орындау  барысында 
(зертханалық 
жұмыстарға 
арналған 
дәптерде) 
сыныптың 
барлық 
оқушыларының  жұмыстары  міндетті  түрде  бағаланады.  Географиядан 
бағаланатын  практикалық  жұмыстар  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  және 
нөмірлермен белгіленген. 
Пәндердің  оқу  бағдарламалары  табиғаттағы  процестер  және  адам  іс-
әрекеті  туралы  білімді  қамтиды.  Сабақтарда  экологиялық  проблемаларды 
шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту 
мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс. 
Білім  беру  саласы  пәндері  курсын  зерделеу  кезінде  оқушылар  қоғамның, 
экономиканың  және  табиғаттың  өзара  байланысы  туралы,  Жерде  тіршіліктің 
болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының 
мәні,  оны  ластайтын  негізгі  ошақтар,  ластанудың  қоршаған  ортаға  және 
тіршілік  процестеріне  әсері,  зиянды  факторлардың  әсерінен  тірі  табиғатты 
қорғау  шаралары,  табиғи  ортаны  өзгертудің  (сонымен  қатар,  оқушылардың 
өздері  қатысатын  жағдайларды  қоса  алғанда)  апатты  салдары  туралы  нақты 
түсінік  алулары  тиіс.  Оқушылар  Жердің,  материктің,  елдің,  өзінің  туған 
өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс. 
Оқушылардың 
жеке 
жобалық-зерттеу 
жұмыстарының 
үлгілік 
тақырыптары: 
– 
Судың сапасын жақсарту жолдары. 
– 
Жыралардың дамуын зерттеу. 
– 
Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары. 
– 
Биогаз энергетикасы. 
– 
Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу. 
– 
Судың кермектігін анықтау. 
– 
Сағызды зерттеу. 
– 
Чипсыды зерттеу. 
– 
Шайдың сапасын зерттеу. 
– 
Сүттің сапасын зерттеу. 
– 
Темекіні зерттеу. 
– 
Сабынның сапасын зерттеу. 
– 
Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу. 
– 
Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.  
– 
Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу. 
– 
Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу. 
– 
Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу. 
– 
Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу. 
Жалпы  орта  білім  деңгейінде  ғылыми-жаратылыстану  циклі  пәндері 
(география,  физика,  химия  және  биология)  үшін  математикалық  және 
ақпараттық  сауаттылықты  дамыту  маңызды  болып  табылады.  Ол  ақпараттық 
құрылымдарды  (сызбанұсқалар,  кестелер)  құрастыру  және  толтыру,  ақпарат 
жинауды  ұйымдастыру  және  оған  талдау  жасау,  сызбалар  құру  және  талдау, 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
164 
модельдеу  әдістерін  қолдану  білігін  қамтиды.  Сонымен  қатар  проблемаларды 
талдауды,  тапсырмаларды  тұжырымдауды,  мәтіндік  шарттан  формулаға, 
процесті  суреттеуден  оны  ұсынуға  өтуді  және  өзгерістің  мәнін  түсіндіруді 
қамтиды. 
«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер», 
«болуы  мүмкін  мән  саласы»  ұғымдары  зерделенеді  және  қолданылады. 
Параметрлерінің  мәні  әртүрлі  модельдермен  зерттеулер  жүргізіледі.  Орта 
мектепті  бітірушінің  мектептің  ақпараттық  білім  беру  ортасының  ғылыми 
жаратылыстану  аспектілері  бойынша  белсенділігі  маңызды  нәтиже  болып 
саналады. 
Бұл оның процестің алгоритмін құру, алгоритм бойынша бағдарлама жасау 
және  компьютердің  көмегімен  оны  зерттеу  қабілетінен  көрініс  табады. 
Оқушылардың алынған деректер бойынша эксперименттің нәтижелерін зерттеу, 
математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар 
және  тәуелділік  графиктерін  құру,  дөңгелектеуді  жүзеге  асыру  білігі, 
қателіктерді  анықтау,  яғни  есептеулерді  дәстүрлі  құралдардың  көмегімен  ғана 
орындамай,  ол  үшін  компьютерді  және  сандық  құралдарды  да  қолдану 
дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады. 
Сабақтарда  газеттердің,  журналдардың,  фильмдердің,  бейне-таспа 
материалдары,  веб-сайттар  мен  әдебиеттердің  материалдарын  қолдану 
ұсынылады. 
Пән  бойынша  академиялық  лексика  қалыптастыру  үшін  сабақта 
терминологияны  қолдану  бойынша  жұмысты  әрдайым  жүргізіп  отыру  қажет. 
Оқушылардың  терминдерді  дұрыс  пайдалануын  қамтамасыз  ететін  ауызша 
және  жазбаша  тапсырмалар  қолдану  ұсынылады.  Білім  алушылардың  білім 
жетістігін  бағалау  барысында  академиялық  лексиканың  дұрыс  қолданылуына 
көңіл аудару қажет.  
Білім  алушылардың  ғылыми-зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  үшін 
жоғары  оқу  орындары  мен  мектеп  оқушылары  сарайлары  жанындағы  іштей 
және  сырттай  мектептерге  қатысу  ұсынылады.  Оқушыларға  атом  энергиясы 
бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік 
қоғамы» Ассоциациясының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын 
өткізілетін  «Kazatomexpo»  көрмесінде  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған 
арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. 
Бұл  бағдарламалар  түрлі  интерактивті  форматтарды  қамтиды.  Оқушылар 
атом  электр  стансасының  жұмысын  зерделеуге  мүмкіндік  беретін,  «басқа 
планетадан  келушілердің  атомды  шабуылынан  –  құйынға  дейін»  атты  түрлі 
ойын  сценарийлерін  жүргізумен,  «Алақандағы  АЭС»  қосымшасымен  таныса 
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about 
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы 
ақпаратты:  alternativenergy.ru;  aqua-rmnt.com/otoplenie/alt  сілтемелері  бойынша 
алуға болады. 
Георафия  және  биология  сабақтарында  «Қазақстан  ұлттық  географиялық 
қоғамы»  республикалық  қоғамдық  ұйымы  материалдарын  пайдалану 
ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
165 
ЭКСПО-2017  көрмесі  жұмысының  бағыттары  туралы,  сонымен  қатар 
дүниежүзілік  бұрынғы  көрмелердің  материалдарын  келесі  сілтемелер  арқылы 
алуға болады:  
skachatreferat.ru/poisk/
экспо; 
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017

4.  «Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндері  сабақтарындағы  сыни 
ойлау  келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала 
отырып  тыңдау,  бақылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы  дәлелдеуге  үйрену. 
Сондықтан  оқушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру 
дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды: 
– 
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 
– 
олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға; 
– 
тұжырымдамалар  және  қорытындылармен  қоса  алғанда  негізгі 
дереккөздерді салыстыруға және талқылауға; 
– 
жеке  тәжірибесінің  молаюына  қарай  өзінің  көзқарастары  мен 
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 
Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі: 
– 
Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, 
оқулықтар,  энциклопедиялар  немесе  web-сайттар  тәрізді  бірнеше  дереккөзден 
жинақталған  ақпаратқа  шолудың  немесе  сауалнаманың  қорытындысына  да 
қолданылуы мүмкін. 
– 
Дәлелдер  негізінде  жатқан  зерттеуді  құрылымдайтын  немесе  келесі 
әрекетті  анықтайтын  негізгі  пунктерді,  пікірлерді  немесе  болжамдарды 
анықтаңыз. 
– 
Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді 
біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.  
– 
Жеке 
компоненттер 
арасындағы 
ұқсастықтарды 
және 
айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз. 
– 
Түрлі  ақпарат  көздерін,  дәлелдерді  немесе  идеяларды  біріктіру  арқылы 
білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздерін арасындағы байланысты табыңыз. 
– 
Дәлелдемелердің  анықтығын  және  дәйектілігін,  сонымен  қатар, 
дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы 
келетінін бағалаңыз. 
– 
Сұрақтардың  жауаптарын  түсіндірудің  нәтижесінде  алынған  білімді 
қолданыңыз. 
– 
Тұжырымдалған  шешімдерді  дәлелдеңіз,  олардың  өзектілігі  мен 
маңыздылығын негіздеңіз. 
5.  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 
байланысты  қолдану  ғылыми-жаратылыстанудың  негізін  құрайтын  –  «Өмір», 
«Адам»,  «Табиғат  кешені»,  «Экономика  және  экология»,  «Зат»,  «Дене», 
«Энергия»,  «Күш»,  «Қозғалыс»  және  «Даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 
маңызды рөл атқарады. 
Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында 
пәнаралық  проблемалық  жағдаяттар  жасап  отыру  қажет,  мысалы: 
кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.  
6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
166 
стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», 
«жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің 
ғылыми-теориялық  және  практикалық  мәнін  зерделеу,  аймақтық  және 
жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы  ерекшелігін  түсіну,  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  контексінде  жаһандық  геоэкономикалық 
кеңістікте  тұрақты  дамып  келе  жатқан  ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы 
туралы  ғылыми  негізделген  көзқарас  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды 
болып  табылады.  Сабақтардың  тәрбиелік  мақсаты  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
қамтып отыру тиіс. 
«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін 
стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады. 
7. 
Білім  саласы  пәндерінен  қолданбалы  курстардың  немесе  таңдау 
курстарының  тақырыптары  мұғалімдердің  мүмкіндіктері  және  жағдайларға 
байланысты өзгертілуі мүмкін: 
Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің 
ғылыми-жаратылыстану 
бейнесінің 
эволюциясы», 
«Биологиядағы 
математикалық модельдер мен әдістер», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі 
біздің 
түп-тұқиямызда 
(генетика 
негіздері 
бойынша)», 
«Тұқым 
қуалаушылықтың  заңдылықтары»,  «Биология  проблемалары»,  «Биогеография 
проблемалары», «Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе».  
География:  «Әлеуметтік-экономикалық  географияның  математикалық 
модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және 
әдістері»,  «Дүниежүзілік  энергетика  және  саясат»,  «Медициналық  экология», 
«Медициналық  география»,  «Жобалық  есептер  мен  тапсырмаларды  шешу 
тәсілдері». 
Физика:  «Мектептің  физикалық  практикумы:  бақылаулар,  эксперимент, 
модельдеу», 
«Күрделілігі  жоғары  физикалық  есептерді  шығару», 
«Математикалық  модельдер  және  физикадағы  әдістер»,  «Өндірісті 
автоматтандыру  негіздерін  зерделеудің  қолданбалы  физика  курсы»,  «Ауыл 
шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика 
ғылымындағы  іргелі  эксперименттер»,  «Физикалық-техникалық  модельдеу», 
«Ғарышкерлік  негіздері»,  «Ғарыш  физикасы»,  «Биофизика  элементтері», 
«Биохимиялық 
физика», 
«Заманауи 
ғарышкерліктің 
жетістіктері», 
«Радиациядан қорғану».  
Химия:  «Мектептің  химиялық  практикумы:  бақылаулар,  эксперимент, 
модельдеу»,  «Химиядан  ашылуларды  қалай  жасайды»,  «Күрделілігі  жоғары 
химиялық есептерді шығару», «Фармакология әлеміне саяхат», «Ұзақ өмір сүру 
жолы  (кіріктірілген  курс)»,  «Косметикалық  химия  әлемі»,  «Химия,  ғылыми 
фантастика  шығармаларының  негізі  ретінде»,  «Химия  және  материалтану», 
«Агрономның  химиялық  құпиялары»,  «Химия  және  СЖҚ»,  «Тамақтық 
қоспалар:  плюстері  мен  минустері»,  «Косметика:  кеше,  бүгін,  ертең», 
«Химиялық  есептерді  шығару  әдісі»,  «Химиядан  эксперименттік  есептерді 
шығару әдісі». 
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға 
ұсынылатын ресурстар: 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
167 
1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/ 
2. 
Қазақстан 
Республикасының 
Энергетика 
министрлігі: 
http://energo.gov.kz/ 
3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/ 
4.  «Эврика»  –  білім  беру  мекемелерінде  авторлық  эксперименталдық 
бағдарламаларды  жүзеге  асыратын,  650-ден  астам  мектеп  ұжымдарын 
біріктіретін  эксперименттік  алаңдардың  инновациялық  білім  беру  желісі: 
http://www.eurekanet.ru 
5. Bookz.ru  – 
электрондық  кітаптар,  журналдар  және  сөздіктер. 
Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа 
шығармалардың алфавиттік каталогі де қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік 
тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru. 
6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – 
өмірді  қамтамасыз  ету 
жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген 
энциклопедияларға  қарағанда,  EOLSS  білімінің  ауқымы  тақырыптармен 
ұйымдастырылған.  математика,  физика,  энергетика,  табиғатты  қорғау  –  Жер 
және  атмосфера  туралы  ғылым;  экология,  азық-түлік  тағамдары  және  ауыл 
шаруашылығы  туралы  ғылымдар,  адамзат  ресурстары  туралы,  басқару  және 
т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.  
7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.  
8. Britannica School – 
мазмұны  және  ақпараттары  кең  ауқымы,  онда 
мыңдаған  мақалалар,  бейнелер,  видео,  түпдеректер,  электронды  кітаптар, 
ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық 
контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында 
оқушылар  оқиды,  жазады,  зерттеулер  жүргізеді  және  жаратылыстану 
ғылымдары  саласындағы  өздерінің  сөздік  қорларын  байытады.  Кіріктірілген 
«Мұғалімдерге  арналған  сабақ  жоспары»  аталған  онлайн  ресурстың 
артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өзінің «Жоспарын» жасауға 
немесе  басқа  мұғалімдердің  құрастырған  «Жоспарын»  қолдануына  болады. 
Аталған  ресурсты  сынып  режимінде  де,  сонымен  қатар  үй  тапсырмасын 
орындау  барысында  және  олимпиадаларға  қатысу  үшін  қажетті  ғылыми  жоба 
орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).  
9.  «Сандардағы  және  картадағы  дүниежүзі  елдері».  Интерактивті 
анықтамалықтарда  дүниежүзінің  алдыңғы  қатарлы  елдерін  сипаттайтын 
статистикалық 
ақпарат 
және 
негізгі 
көрсеткіштер 
берілген: 
http://www.sci.aha.ru. 
10.  Рубрикон.  Ірі  энциклопедиялық  портал.  Неғұрлым  белгілі 
энциклопедиялар,  сөздіктер  және  анықтамалықтар,  суреттер  және  карталар 
берілген: http://www.rubricon.com. 
11.  Оқушылар  оқу  бағдарламасын  меңгеру  барысында  АКТ  қолдану 
дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі 
веб-ресурстар ұсынылады (34-кесте). 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
168 
34кесте. Веб-ресурстар тізімі 
www.earthquakes.usgs.gov
 
www.rgo.ru
 
www.geo2000.nm.ru
 
www.geo.historic.ru
 
www.www.geografia.ru/
 
www.geographic.org
 
www.mygeog.ru
 
www.e–cis.info 
www.geography.about.com
 
www.hobitus.com 
www.imf.org 
www.kisi.kz
 
www.meteosputnik.ru 
www.mfa.gov.kz 
www.oecd.org
 
www.stat.gov.kz 
www.theodora.com 
www.un.kz
 
www.un.org 
www.undp.kz 
www.unesco.kz
 
www.unesco.org 
www.unmultimedia.org 
www.volcanodiscovery.com
 
www.worldbank.org 
 
 
 
 
 
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Қазақстан тарихы  
«Қазақстан  тарихы»  пәнінің  мақсаты  –  оқушылардың  бойында  тарихи 
сана,  қазақстандық  патриотизм,  өз  елінің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрмет,  өз 
ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  дарыту,  зерттеушілік,  ойлау, 
коммуникативті дағдыларды дамыту.  
Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.  
Материалдар  мазмұны  Елбасы  жариялаған  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық 
актісін  жүзеге  асыру  аясына  сай  болуы  және  қазақстандық  қоғамның  негізгі 
құндылықтарын  бекітуге  бағыталуы  тиіс:  Отанымыздың  патриоттарын, 
құқықтық,  демократиялық  мемлекеттің,  жеке  адамның  құқықтары  мен 
бостандықтарын  құрметтейтін,  адамгершілігі  мол,  ұлттық  сана  сезімі  тұрақты 
толерантты азаматтарын тәрбиелеу. 
«Қазақстан тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген.   
Пән  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-гуманитарлық  және 
жаратылыстану-математикалық бағыттарда:  
10-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
11-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:  
10-
11  сыныптарда  тарих  пәндерін  оқыту,  оқушылардың  жас  және 
танымдық  ерекшеліктеріне  сай  талдау,  бағалау,  зерттеу  және  жоспарлау 
дағдыларын  қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен  тапсырмалар  көбірек 
қолданылуы керек. Мысалы, аналитикалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы 
талдау жасау және т.с.с. 
10-11
 
ыныптарда тарихты оқыту: 
-
 
әртүрлі  деректердің  ақпараттарымен  (сонын  ішінде  интернетте 
ұсынылған) жұмыс істей білу; 
-
 
анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
169 
-
 
өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра 
білу, кемшіліктердің себептерін анықтау; 
-
 
тарихи  оқиғалар  мен  қатысушыларына  өз  қарым-қатынасын  түсіндіре 
білу;  
-
 
заманауи  әлеуметтік-тарихи  процестер  мен  дамудың  ықтимал 
нұсқаларын  болжауды  талдай  білу  үшін  игерген  тәжірибесі  әрекетін  және 
меңгерген білімдерін қолдана білуге бағытталуы керек.  
Қазақстан  және  Дүниежүзі  тарихы  пәндерінің  кейбір  тақырыптарын 
кіріктіріп  оқыту  ұсынылады.  Тарихтан  халықаралық  қатынастар  мен 
Қазақстанның  сыртқы  саясаты,  әлемдік  соғыстар  тарихы,  тарихтың  жеке 
мәселелері,  мәдениет  т.б.  тақырыптарын  кіріктіруге  болады.  Тарих  пәндерін 
кіріктіре  оқыту  жүйесін  қалыптастыру  оқыту  процесінің  коммуникативтік 
әлеуетін анағұрлым арттырады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында 
оқушыларға  рухани  шығармашылық  процесінің  тарихи    контекстін  неғұрлым 
жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.  
«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: 
 
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
 
қосымша  ресурстар 
ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.  
Үй  жұмысы  сынып  деңгейіне  және  тақырыптың  ауқымына  қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  

ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.); 

қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма, т.б.); 

тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест,  реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  альтернативті  тест, 
көпжауапты тест); 

шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық),  өзара  бақылау  жұмыстары,  өздік  бақылау,  қатемен  жұмыс,  жоба 
жұмысы.  
Оқушыларға  шығармашылық  (хабарлама,  презентация,  жобалар, 
коллаждар  т.б.)  және  жобалық  тапсырмалар  тақырыптарын  алдын  ала  беріп 
қойған  дұрыс.  Сонымен  қатар,  мұғалім  осы  шығармашылық  жұмыс  түрінің 
талаптарымен  таныстыруы  керек.  Оқушы  хабарлама  даярлаған  кезде  білімін 
көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз 
сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.  
Құзыреттілікке  бағытталған  үй  тапсырмалардың  4  түрі  қолданылады: 
ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.  
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:  
-
 
терминология  мен  ақпарат  күрделілігі  оқушының  жас  ерекшеліктеріне 
сай болуы;  
-
 
әдебиет пен деректер тізімін беру; 
-
 
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.   
Оқушылардың  оқу  әрекеттері  нәтижесін  бағалау  барысында  тарихи 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
170 
білімдерінің  білімділік  және  іс-әрекеттік  компоненттерін  игеру  деңгейі 
ескеріледі. Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау көрсеткіштері 
негізгі  тарихи  білім  компоненттеріне  сәйкес  құрылымдалған:  фактологиялық 
білім, теориялық білім, оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері, бағалай білу. Негізгі 
мазмұндық бағыттары: тарихи уақыт, тарихи даму және тарихи кеңістік болып 
табылады.  Тарихи  білімнің  мазмұндық  компоненттерін  меңгеру  деңгейі 
мынадай  өлшемшарт  негізінде  бағаланады:  нақтылығы,  дұрыстығы, 
тиянақтылық,  толықтық,  қорытындылай  білу,  жүйелілік,  орнықтылық, 
ұтқырлық, әрекеттілік, дербестік, қарама-қайшылық. 
Оқыту төмендегідей түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  

өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады);  

себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар 
саяси процестерге әсер етті);  

дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер 
мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  

ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  XIII-XV  ғғ.  Қазақстан 
аумағындағы  мемлекеттердің  саяси  құрылысындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықтар);  

маңыздылық  (мысалы,  Қазақ  хандығының  құрылуының  тарихи  маңызы 
неде);  

интерпретация  (мысалы,  белгілі  бір  тарихи  оқиғаны  түрлі  зерттеушілер 
қалай сипаттайды).  
Тарихи  ойлау  дағдылары  бірте-бірте  прогрессия  мен  олардың  кеңеюін 
есепке  ала  отырып,  әр  сабақтың  үстінде  дамытылуы  тиіс.  Белгілі  бір  тарихи 
концептілерге  фокус  жасау  арқылы  құралған  оқыту  нақты  оқу  материалының 
негізінде  оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға 
және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды 
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. 
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге 
бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы  қарым  -
қатынасқа    үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік  ортаның бір бөлігі болып табылады:  
Тарих  пәндері  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 
жоспарлау  барысында  2016-2017  оқу  жылында  тойланатын  мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
1)
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет