Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
229 
саласындағы  барлық  кепілдіктер  сақталады.  Мектеп  қызметкерлеріне 
еңбекақыны  есептеу  және  төлеу  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік 
бюджет  қаражаты  есебінен  ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне, 
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1193 
қаулысына сәйкес жүргізіледі.  
Білім  беру  процесін  жан  басына  қаржыландыру  нормативінің  мөлшерін 
(яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – 
ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы  №440 
бұйрығымен  бекітілген  Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.  
1 оқушыны оқыту  құны  білім  беру  бағдарламаларының  түріне, деңгейіне 
және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.  
Жан  басына  шаққандағы  нормативті  және  білім  беру  процесін 
қаржыландырудың  жалпы  көлемін  есептеу  кезінде  ҚР  БҒМ  мыналарды 
ескереді:    

мектеп  қызметкерлерінің  еңбек  жағдайына  төленетін  барлық  қосымша 
ақылар мен үстемақылар;  

қалалық  және  ауылдық  мектептердегі  сыныптардың  нормативтік 
толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);   

сыныптардың  шекті  толымдылығы  (25  адам).  Сыныптарындағы 
оқушылар  саны  шекті  толымдылықтан  асатын  мектептер  үшін  оқушыларды 
оқыту құны азая түседі.  
 
Жан  басына  шаққандағы  нормативтің мөлшері  мен  жергілікті  атқарушы 
органдарының  сыныптар  бойынша  оқушылар  саны  туралы  деректерінің 
негізінде  ҚР  БҒМ  жан  басына  шаққандағы  нормативті  нақты  мектептің 
оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды 
іске  асыруға  (білім  беру  процесін  қаржыландыруға)  республикалық  бюджет 
қаражатының  жалпы  көлемін  есептеуді  жүргізеді  (білім  беру  деңгейіне,  білім 
беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).   
Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік 
қаржыландырудың  енгізілуін  сүйемелдеу  және  мониторингілеу  қызметтерін 
мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.  
2013  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  орта  білім  беруді  жан  басына 
қаржыландыруды  сынақтан  өткізу  республиканың  5  облысындағы  (Ақмола, 
Алматы,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары)  63 
пилоттық  мектепте  іске  асырылуда.  2015  жылға  дейін  апробация  1-11 
сыныптарда өткізілді.   
2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63 
пилоттық  мектептің  10-11  сыныптарында  ғана  әрі  қарай  жалғастыру  туралы 
шешім қабылдады.   
Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды 
апробациялаудың  пилоттық  3  жылдағы  нәтижелерін  талдау  қорытындысы 
берілген (38-кесте).   

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
230 
 
 
 
Көрсеткіштің атауы 
2012/2013 
оқу жылы 
2013/2014 оқу 
жылы 
2014/2015 
оқу жылы 

Біліктілігін арттырған қызметкерлер  
21% 
26% 
28,5% 

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар 
педагогикалық қызметкерлердің үлесі  
58% 
60% 
79% 

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын 
балаларға арналған үйірмелер мен 
секциялардың саны  
780 
953 
1 196 

Оқушыларға өткізілген танымдық және 
өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін 
өткізілген тренингтердің саны 
445 
651 
757 

Педагог қызметкерлер басып шығарған 
(газеттерде, конференциялардың 
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп 
сайтында) жарияланымдар, әдістемелік 
құралдар (жинақтар, кітапшалар
электрондық құралдар) саны.  
1 251 
2 492 
2 598 

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық, 
пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз 
атанған оқушылардың үлесі    
17% 
22% 
20% 

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар) 
71 
76 
80 

Педагогтердің орташа айлық жалақысы 
(мың теңге)  
72 
105 
105,3 
 
 
2014-
2015  оқу  жылы  пилоттық  мектептерде  өз  біліктілігін  арттырған 
қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа 
жылдық  санының  шамамен  үштен  бір  бөлігін  құрайды.  Бұл  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
7,5%-
ға көп.  
Пилоттық  мектептердің  жоғары,  бірінші  және  екінші  деңгейлі  педагог 
қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-
ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).  
Балаларды  дамытуға  арналған  үйірмелер  мен  секциялар  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.   
Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға 
арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген 
болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.  
2014-2
015  оқу  жылы  пилоттық  мектептердің  педагогтары  шығарған 
әдістемелік  құралдар  мен  басқа  басылымдардың  саны  2492  жетті.  Бұл  2013-
2014  оқу  жылымен  салыстырғанда  2  есеге  және  2012-2013  оқу  жылының 
көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
231 
Оқушылардың  жалпы  санынан  конкурстар  мен  жарыстарда  жеңімпаз, 
жүлдегер,  лауреат  атанған  оқушылардың  үлесі  2014-2015  оқу  жылы  21% 
құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-
ды құрады.  
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 
балдан 80 балға дейін жоғарылады.  
Ынталандыру  төлемдері  мен  сыйлықақылардың  арқасында  пилоттық 
мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу 
жылы  инфляция  деңгейін  есептемегенде  105,3  мың  теңгені  құрады,  бұл 
апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.  
Апробациялау  өткізілген  үш  оқу  жылының  нәтижелері  қаржыландыру 
принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара 
тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.    
2015  жылдың  желтоқсан  айында  (7  және  25  желтоқсанда)  ҚР  Премьер-
Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде 
орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске 
асырудың  тұжырымдамалық  тәсілдемелерін  өзгерту:  пилоттық  жобаға  1-9 
сыныптарды  қайтару,  білім  беру  процесіне  шығыстар  құрылымын  кеңейту, 
ынталандыру  қорының  мөлшерін  қайта  қарау,  мектептердің  құқықтық-
ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.  
2016  жылғы  21  қаңтарда  Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің 
орынбасары  Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша 
орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың 
қаңтар  айынан  тамыз  айына  дейін  5  облыстағы  63  пилоттық  мектептің                          
10-11-
сыныптарында,  2016  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  республиканың                  
5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 
1-
11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.  
ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы 
министрлігімен  әрі  қарай  талқылау  және  ҚР  БҒМ-дағы  ішкі  кеңестер 
барысында  Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру 
әдістемесінне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  жоспарланып  отыр,  оларға 
сәйкес мыналар жобалануда:   
1.
 
Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:  
-
 
білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры;  
-
 
оқу  шығыстары  (оқу,  көрнекі  материалдарды  (нақпішіндер,  кестелер, 
плакаттар,  зертханалық  ыдыстар,  қағаз,  химиялық  заттар  және  металдар, 
еңбекке  баулу  үшін  материалдар)  сатып  алу),  оқушыларды  түрлі  ғылыми  іс-
шараларға даярлау және қатыстыру);  
-
 
Интернет қызметтерін төлеу.  
2.
 
Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:  
-
 
білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;  
-
 
коммуналдық қызметтер;  
-
 
Интернеттен басқа байланыс қызметі;  
-
 
 
ғимаратты,  жабдықтарды,  құрал-саймандарды,  мектеп  жанындағы 
интернаттарды  ағымдағы  жөндеу,  оларды  ұстауға  және  күтуге  ағымдағы 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
232 
шығыстар.  
3.
 
Күрделі  шығыстарды,  жалпы  оқыту  қорының  шығындарын, 
тамақтандыруды,  оқулықтар  сатып  алуды  және  жеткізуді  жергілікті 
бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.  
Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  уәкілетті  органның  деңгейінде 
орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының 
есебінен қаржыландырылады.  
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  әдістемесіне  
жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және 
білім  беру  ортасын  қаржыландыру  мектептер  арасындағы  шығыстарды 
теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті 
бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
233 
13 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН 
МЕКТЕПТЕРІНДЕ  БАЛАЛАРҒА  ҚОСЫМША  БІЛІМ  БЕРУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қосымша  білім  беру  –  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  жан-
жақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге  асырылатын 
тәрбиелеу  және  оқыту  (  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы                   
1-
бап 39- тармақ). 
Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз 
ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды: 
– 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23, 
28, 37, 51, 52, 63, 65-
баптары).  
– 
«Балалар  музыка  мектептерінің,  балалар  көркемөнер  мектептерінің 
және  балалар  өнер  мектептерінің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
Министрінің  2011  жылғы  29  желтоқсандағы  №  543  бұйрығына  өзгерістер 
ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 
жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы. 
– 
«Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдары  түрлері 
қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер 
енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 
2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы. 
Республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  балаларға  қосымша 
білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша 
білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр. 
Заманауи  мектептердегі  мазмұны  мен  технологиялардың  өзгерістерінің 
инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі 
мүмкін,  себебі  қосымша  білімнің  сипаты  қызметтің  түрін  таңдаудағы 
еркіндікті,  білім  алушылардың  жоғары  деңгедегі  уәждемелін  болжайды,  яғни 
тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды. 
Жаңа  ұрпақтың  білім  беру  стандарттарын  енгізу  жағдайында  балаларға 
қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына 
енгізудің  өзектілігі  мектепте  алған  білім,  білік  және  дағдыларын  практика 
жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін 
ынталандыратын  жалпы  білімнің  құрамдастарының  вариативтілігін  күшейту 
қажеттілігімен байланысты болып отыр.   
Негізгі  және  балаларға  арналған  қосымша  білімнің  ынтымақтасуы 
заманауи  педагогикадағы  күрделі  мәселелері  -  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамыту 
процестерін жақындастыруға көмектеседі. 
Аталған  бағытты  дамытудың  қажеттілігі  біртұтас  білім  беру  кеңістігін 
сақтауға негізделеді. 
Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге 
тән  технологияларды  пайдалануға  болады.  Бұл  кешенді  сабақтар,  оқу 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
234 
жобалары,  дискуссиялық  технологиялар,  ойындар  болуы  мүмкін.  Әдетте,  ол 
сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз 
беттерімен  жасаған  жеке  немесе  ұжымдық  қызметтерін  қарастырады. 
Мектептегі  сабақ  оқу  сабағы  аясында  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыру  процесі  кезінде  материалдың  мазмұнын  кеңейту  және  тереңдету 
деңгейінде,  сондай-ақ  мектеп  сабағының  жеке  элементтерін  сабақтан  тыс 
қызметтің  түрлі  формаларында  қарастыру  есебінен  де  өз  жалғасын  табуы 
мүмкін.  
Мектептерде  сабақтан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда  маңызды 
орынды  пәндік  үйірмелер  мен  секциялар  алады.  Бір  жағынан  –  бұл  пән 
бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.  
Қосымша  білім  білімнің  әр  деңгейіне  қатысты  белгілі  жастық  кезең 
жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады: 
 
мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық; 
бастауыш  білім  деңгейінді  –  білім  алушылардың  көзқарастарын 
меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;  
жалпы  негізгі  білім  деңгейінді  –  тұлғаның  өзін-өзі  анықтау  процесін 
қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды 
шешу тәжірибелерін алу; 
орта  білім  деңгейінде  –  білім  алушылардың  кәсіби  өзін  өзі  анықтау 
процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету. 
 
Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері: 
1.  Білім  берудің  негізгі  құндылықтарын  дұрыс  қабылдау  және  оның 
мазмұнын  жақсырақ  меңгеру  үшін  кең  жалпымәдени  және  эмоционалды-
боямды орта құру. 
2.  Балаларды  қызметтің  тұлғалық  маңызды  шығармашылық  түрлеріне 
қосудың  арқасында  «байланғышсыз»  тәрбиені  жүзеге  асыру  процесінде 
өскелең  ұрпақтың  адамгершілік,  рухани,  мәдени  бағдарларының  «байқаусыз» 
қалыптасады. 
3. Балалларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін 
жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық 
(көркемдік,  техникалық,  спорттық  және  басқа)  білдіретін  оқушылардың 
бағдары. 
4.  Білім  алушылардың  негізгі  білімдеріндегі  жеке  білім  жолын 
анықтауға,  өмірлік  және  кәсіби  жоспарларын  нақтылауға,  маңызды  жеке 
қасиеттерін  қалыптастыруға  қажетті  қандай  да  бір  оқу  курстарының 
болмауына байланысты олардың орнын толтыру. 
«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  рухында  қосымша  білім  беру 
педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы 
қабілеттеріне  ие,  таңдау  кезінде  өз  еркімен  шешім  қабылдай  алатын, 
ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының 
тағдыры  үшін  жауапкершілік  сезімі  бар  адамды  қалыптастыруға  бағытталуы 
тиіс. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
235 
Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде 
білім  алғаны  маңызды.  Идеология  барлық  өткізілетін  іс-шараларда  құрамдас 
бөлігі болуы керек.  
Қосымша  білім  беру  педагогтеріне  республикалық  көрмелердің 
әдістемелік  қорына  жүгіну,  кәсіби  қызметтерінде  көрмелік  материалдарды 
пайдалану ұсынылады.  
Балалар  фольклорлық  ұжымдарының  педагогтеріне  қазақ  халқының 
ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, 
халық  қолөнері  және  тағы  басқа  сияқты  өңірлік  фольклорлық  дәстүрлерді 
сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. 
Сабақ  барысныда  білім  алушыларға  халқымыздың  адамгершілік  құнды 
бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, 
үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде 
өмір сүруге талпыну. 
Театр  шығармашылығы  бірлестіктерінің  педагогтеріне  балалар  театр 
шығармашылығының  дамуының  заманауи  үрдістерін,  театрдың  интерактивті 
түрлерін  дамытуды  ескере  отрып,  мазмұны  жоғары  адамгершіліктен  тұратын 
драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн.. 
Бейнелеу  және  қолданбалы-сәндік  шығармашылығы  үйірмелері  мен 
бірлестіктерінің  педагогтеріне  шығармашылық  мәдениетті  дамыту,  әсемдік 
сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен 
айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты  механизмі  болып табылады. 
Бірқатар  дербес  байқаулар  және  көрмелер  «Өнер  арқылы-бірлікке  және  өзара 
түсіністікке»  көрінісінде  келесі  номинациялар  бойынша  жалпы    идеямен 
біріктірілген болуы мүмкін еді: 
1) 
«Ұлттық 
салт-дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптар» 
(байқау 
қатысушылары  ұлттық  әдет-ғұрыптың  сипаттамасын  ұсынады  немесе 
көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);  
2) «Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана 
тілінде  фольклор  шығармасын  орындайды,  биді,  сондай-ақ  ұлттық  және 
халықтық ойындарды көрсетеді);  
3)  «Ұлттық  киім»  (ұлттық  киімді  немесе  оның  бөліктерін  көрсету. 
Оның  тарихы,  символикасы  және  аталған  бұйымды  жасау  тәсілдерін 
әңгімелеуіне болады);  
4)  «Дәстүр  ордасы»  қолданбалы-сәндік  шығармашылық  (осы 
номинацияның  байқау  бағдарламасына  шығармашылық  жұмыстардың 
авторлары  және  отбасы  жәдігерлерін  сақтаушылар  қатысады  (ұлттық 
ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш 
және  т.б.).  «Кішкентай  кереметтер»  балалар  және  отбасылық 
жұмыстардың көрмесі); 
5)  «Ұлттық  асхана  тағамдары»  (байқау  қатысушылары  дайындаған 
тамадарын  ұсынып,  осы  тағамға  байланысты  ұлттық  дәстүрлерді  айтып 
берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет); 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
236 
6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары 
өз  тегінің  өкілдері  туралы  әңгіме  дайындайды.  Әңгімені  фото  суреттерді, 
видеожазбаларды,  хаттарды,  жазба  күнделіктерін,  баслымдарды,  жанұя 
мүшелерінің  шығармашылық  жұмыстарын  және  қызықты  тарихы  бар  үйде 
сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);  
7) 
«Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б. 
Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық 
қызметті  ұйымдастыру  балаларды  өз  халқының,  өз  елінің  тарихына,  мәдени 
мұрасына 
тартуға 
ықпал 
етеді. 
Оқушылардың 
туристік-өткетану 
экспедициялары  аясында  жаяу,  шаңғылы,  сумен,  велосипедпен,  сан  турлі 
маршруттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн. 
«Туған  өлкенің  көрікті  жерлерінен  –  Қазақстанның  киелі  жерлеріне», 
«Ұлы  Дала  Елі»,  «Қазақстан  –  менің  алтын  бесігім»,  «Сенің  өмірдегі  бірінші 
асуың», «Алтын компас» және т.б.  тақырыптарында, жергілікті табиғат және 
тарихи  ескерткіштерден  бастап  Еліміздің  астанасы  –  Астана  қаласына  және 
елдің  басқа  да  өңірлеріне  дейін  оқушылардың  экскурсиялары  мен 
экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.  
Жаңа  оқу  жылында  еліміз  үшін  ең  маңызды  оқиға  «ЭКСПО-2017» 
халықаралық көрмесінің өтуіне ерекше назар бағытталуы керек.  
Сынып  жетекшілеріне,  қосымша  білім  педагогтеріне  жас 
өлкетанушылар,  экологтар  мен  натуралистер  арасында  «Болашақтың 
энергиясы»  ұранымен  бір  қатар  сабақтар  өткізу  ұсынылады.  Мұндай  іс-
шараларды  өткізудің  формалары  түрлі  болуы  мүмкін  («  Жасыл  планета», 
«ЭКСПО  –  2017  балалардың  көзімен»  көрмелері,  «ЭКСПО  туралы  менің  кө-
қарасым»  суреттер  байқауы,    «Ландшафты  дизайн»,  «Екінші  өмір»,  «Туған 
өлкенің битурлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған 
орта»,  «Жасыл  экономика»  және  т.б.  номинациялар  бойынша  әлеуметтік 
маңызы бар зерттеу жобалары). 
Мұндай  іс-шаралар  балаларды  жастайынан  өзектрі  мәселелер  туралы 
білім алуларын ғана емесе, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, 
балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді. 
Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
аптаның  алтыншы  күні  (сенбі)  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет