Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
220 
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.   
8) 
«Дене  шынықтыру»  бағдарламасының  мақсаты    дене  тәрбиесінің 
негіздерін тану, атап айтқанда, олардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын 
және  физикалық  қабілеттер  алуымен  қатар,  физикалық  тұрғыдан  дамыту 
денсаулығына ықпал ету болып табылады. 
2-
сыныптың оқу бағдарламаларына пәндер бойынша ұсыныс сипатындағы, 
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын оқу жоспарлары қоса 
беріледі.  Оқытудың  мақсаттары  мен  тәсілдері  жүйесіне  негізделетін 
жоспарларда  сабақты  өткізу  жөнінде  тақырыптар  мен  бөлімдер,  2-сынып 
оқушыларын  сабақта  ұйымдастыру  бойынша  мұғалімдерге  арналған 
ұсыныстар, сондай-ақ, оқу ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- 
және аудиоматериалдар және т.б.) берілген. 
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалім пәнаралық байланысты 
жүзеге  асыруда  қызмет  ететін  ортақ  тақырыптарды  ескеруі  қажет.  Ортақ 
тақырыптар,  сол  сияқты,  оқу  пәндерін  кіріктіретін  компонент  ретінде 
тоқсандарға  бөлінген.  Әр  тоқсанда  екі  ортақ  тақырып  болады,  олардың 
әрқайсысына шамамен бірдей сағат бөлінеді.   
Үй  тапсырмалары  бастауыш  мектепте,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
экономика  министрінің  2014  жылғы  29  желтоқсанда  №179  бұйрығымен 
бекітілген 
«Білім 
беру 
объектілеріне 
қойылатын 
санитариялық-
эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидаларды  ескере  отырып, 
өзіндік жұмыс түрі ретінде 2-сыныптан бастап беріледі.  
2-
сыныптарда  жаңартылған  білім  мазмұнын  іске  асыру  барысында  
мұғалімдерге  әдістемелік қолдаумен мониторинг жүргізу жалғасады. 
2016-
2017 оқу жылы пилоттық мектептердің 2- сыныптарында 1- сыныпта 
жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.   
Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім 
алушыларды  диагностикалық  тестілеу  жүргізіледі  (қыркүйектің  2-3  аптасы). 
Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны 
ҰБА береді. ҰБА 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық 
көрсеткіштерін  өңдейді,  сондай-ақ  «НЗМ»  ДББҰ-мен  бірге  пилоттық  және 
бақылау  мектептері  2-сыныптарының  білім  алушыларын  диагностикалық 
тестілеу (кіруде) ұйымдастырады. Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 
және  3.1  толтырады.  Мектеп  директорларының  орынбасарлары  ТК  4.1 
толтырады. 
Екінші кезеңде бастапқы деректер талдауы жасалады (қараша, қаңтар).  
Бастапқы  деректер  талдауын  ҰБА  қызметкерлері  ДББҰ-мен  бірге  жүзеге 
асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау 
жөніндегі  нұсқаулықтар  мен  әдістемелік  ұсыныстарды,  ОӘК  қолдану 
барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды. 
Үшінші  кезеңде  мектептерге  ресми  түрде  бару  басталады  (ақпан). 
Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған 
проблемаларды  зерделеу,  апробация  кезінде  мектептерге  әдістемелік  қолдау 
көрсету  мақсатында  жүргізіледі  және  бақылау  қызметін  атқармайды.  Ресми 
түрде бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
221 
әкімшілігінің  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларының,  ОӘК,  бағалау 
жөніндегі  нұсқаулықтар  мен  әдістемелік  ұсыныстардың  сапасы  туралы 
пікірлері  зерделенеді,  апробация  процесі  кезінде  мұғалімдерді  әкімшілік 
тарапынан қолдау деңгейі анықталады.   
3-
тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп 
директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады. 
Төртінші  кезеңде  статистикалық  көрсеткіштерді  түзету  және  талдау, 
шығуда  диагностикалық  тестілеу  (сәуір)  жүргізіледі.  Тестілеу  нәтижелері 
бойынша  пилоттық  және  бақылау  мектептері  білім  алушыларының  даму 
деңгейін  кірудегі  және  шығудағы  деректер  негізінде  салыстырмалы  талдау 
жасалады.  4  -  тоқсанның  соңында  бастауыш  сынып  мұғалімдері  ТК  2.1  және 
3.1толтырады. 
Бесінші  кезең  бағалау  жөніндегі  оқу  бағдарламалары,  әдістемелік 
ұсыныстарға,  ОӘК  өзгерістер  енгізу  бойынша  қорытындылар  мен 
ұсыныстардан  тұрады  (мамыр).  ҰБА  келісілген  форма  бойынша  оқу 
бағдарламалары  мен  жоспарларына,  бағалау  жөніндегі  оқу  бағдарламалары, 
әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК енгізетін өзгерістерді ДББҰ-мен үйлестіреді.  
ДББҰ  ҰБА-мен  бірге  қорытынды  есептерді  жасайды  және  құжаттарға 
өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.  
Алтыншы  кезеңде  өзгерістерді  бекіту  жүргізіледі  (маусым).  Өзгерістерді 
енгізу  бойынша  қорытындылар  мен  ұсыныстар  ҚР  БҒМ  Үйлестіру  кеңесіне 
енгізілген  ұсыныстарды  бекіту  жөнінде  шешім  шығару  үшін  беріледі.  ҰБА 
және ДББҰ жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді. 
Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары ҚР БҒМ 
бекітіледі және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынылады. 
Пилоттық  мектептердің  2-сыныптарына  арналған  критериалды  бағалау 
жүйесінің  мазмұны  келесі  әдістемелік  нұсқаулық  құжаттармен  реттеледі:  оқу 
бағдарламасы; оқу жоспары; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу 
бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың 
оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  ережелері;  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  бастауыш  сыныптардың  мұғалімдері  үшін  критериалды  бағалау 
жөніндегі нұсқаулық; өңірлік және мектептік үйлестірушілер үшін критериалды 
бағалау  жөніндегі  нұсқаулық;  формативті  бағалау  бойынша  тапсырмалар 
жинағы; жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.  
Оқу  бағдарламасы  мазмұнын  меңгеруді  тексеру  мақсатында  барлық  оқу 
пәндері  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  критериалды  бағалау 
өткізіледі.  Критериалды  бағалау  жүйесі  қалыптастырушы  және  жиынтық 
бағалауды  қамтиды.  Қалыптастырушы  бағалау  оқу  бағдарламасындағы  оқу 
мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, 
оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді 
меңгеру деңгейін анықтайды. 
Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  білім  алушыларға  үздіксіз  кері 
байланыс беріледі.  Баға, балл қою жүргізілмейді 
Қалыптастырушы бағалау оқудағы іс-әрекеттің әр кезеңінде (тақырыпты 
түсіндіру,  тапсырмаларды  орындау,  тапсырмаларды  тексеру  және  т.б.)  түрлі 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
222 
әдістер  мен  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асырылады  (сауал  қою,  тәжірибелік 
жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).  
Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  білім  алушылар  пән  бойынша  жалпы 
білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді. 
Білім  алушы  белгілі  себептермен  сабаққа  қатыса  алмаған  жағдайда 
(ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференцияға,  олимпиадаға  және 
ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке 
келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет. 
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою кезінде 
есептелмейді. 
Жиынтық  бағалауды  білім  алушының  оқу  бағдарламасындағы 
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, 
оқу  жылы,  орта  білім  беру  деңгейі)  оқуды  аяқтағандағы  ілгерілеуі  туралы 
ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу 
мақсатында өткізеді. Жиынтық бағалау  «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық 
пәндер бойынша өткізіледі.  
4-
кесте    –  2  сынып,  бастауыш  білім  беру  оқу  бағдарламасына  сәйкес 
суммативті бағалаудың рәсімдеу саны   
 
Пәндер  
Суммативті бағалаудың рәсәмделуі  
І 
тоқса
ндағы 
СБ 
саны 
І  
үші
н. 
СБ 
ІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІ  
үші
н. 
СБ 
ІІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІІ  
үші
н. 
СБ 
ІV 
тоқсанда
ғы СБ 
саны 
ІV  
үшін. 
СБ 
1. 
Қазақ тілі  
2* 

–шы
 а
пт
а 
2*
 
7
-ші
 а
пт
а 
2* 
10 

 ші
 а
пт
а 
2* 
8
-ші
 а
пт
а 
2. 
Русский язык  
2* 
2* 
2* 
2* 
3. 
Әдебиеттік оқу  
2* 
2* 
2* 
2* 
3. 
Қазақ тілі (Т2) 
2* 
2* 
2* 
2* 
4. 
Орыс тілі (Т2) 
2* 
2* 
2* 
2* 
5. 
Ағылшын тілі 
2* 
2* 
2* 
2* 

Математика 




7. 
Жаратылыстану 





Дүниетану 




9. 
Көркем еңбек 




10. 
Музыка 




11. 
Дене шынықтыру 




* –
Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою 
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  пәнге  қатысты  жиынтық  бағалау 
тапсырмаларын  құрастыруды  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспары  негізінде 
мұғалім  жүзеге  асырады.  Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
223 
құрастыруды  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  негізінде 
мектептің әдістемелік бірлестіктері жүзеге асырады.  
Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізудің  кестесі  мектеп  директорының 
бұйрығымен  бекітіледі,  білім  алушылар  мен  олардың  ата-аналарына  тоқсан 
басында  жіберіледі.  Барлық  білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  жұмысын 
орындауы міндетті.  
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды қайта 
орындауға  (көшіруге)  рұқсат  етілмейді.  Тоқсандық,  бөлім/ортақ  тақырыптар 
бойынша  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  белгілі  себептермен  (ауруына, 
жақын  туыстарының  қазасына,  конференция,  олимпиада,  ғылыми,  спорттық 
жарыстарға  және  т.б.  қатысуына  байланысты)  келмеген  білім  алушылар 
мектепке  келген  соң  екі  апта  ішінде  тоқсандық  және/немесе  бөлім/ортақ 
тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  жұмысын  тапсыруы  қажет,  ол  үшін 
жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.  
 
Білім  алушылардың  оқу  нәтижелерінің  дұрыстығы,  айқындығы  үшін 
мұғалімдер модерация үдерісін өткізеді.  
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау,  бағалау 
критерийлері,  дескрипторларымен  бірге,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 
жұмыстары  балл  қою  кестесімен  бірге  білім  алушылардың  портфолиосында 
сақталады.  Білім  алушы  портфолиосының  жүргізілуі  мен  сақталуына  сынып 
жетекшісі жауап береді. Портфолио білім алушылардың атаулы құжаты болып 
табылады, ол барлық мұғалімдерге, әкімшілікке, ата-аналарға немесе басқа да 
заңды  тұлғаларға  қолжетімді  болуы  қажет.    Оқу  жылы  аяқталған  соң  білім 
алушы портфолиосы олардың қолдарына беріледі.  
2-
сыныпта тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі: 
1.
 
Сынып журналында білім алушылардың тоқсан барысындағы сабаққа 
қатысуы  белгіленеді,  оқу  бағдарламасындағы  бөлімшелердің  тақырыптары 
жазылып, осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың тоқсандық, 
жылдық  қорытынды  бағалары  бағаны  балға  ауыстыру  шәкіліне  сәйкес 
қойылады.     
2.
 
Білім  алушылардың  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және 
тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  балл  түріндегі  нәтижелері  электрондық 
бағалау  нәтижелерін  тіркеу  журналында  жазылады,  олар  тоқсандық,  жылдық 
баға қою кезінде ескеріледі.   
3.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  нәтижелері 
туралы ақпарат осы ереженің Б-қосымшасына сәйкес білім алушылардың оқу 
жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика түрінде білім алушыларға, олардың ата-
аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады.   
4.
 
Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған білім алушылардың табелі ата-
аналарға  немесе  басқа  да  заңды  тұлғаларға  оқу  жылының,  әр  тоқсанның 
соңында танысу үшін беріледі. 
5.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 
нәтижелерінің  50%-де  50%  пайыздық  арақатынасы  негізінде  тоқсандық  баға 
қойылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
224 
6.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 
барлық  төрт  тоқсан  нәтижелерінің  50%-де  50%  пайыздық  арақатынасы 
негізінде жылдық баға қойылады.    
7.
 
2-
4  (5)  сыныптың  жылдық  бағаға  «1»,  «2»  деген  баға  алған  білім 
алушыларына  педагогикалық  кеңестің  шешімімен  оқу  жылы  мазмұнын  қамти 
отырып, жиынтық бағалау ұйымдастырылады. «3», «4», «5» деген бағалар алған 
жағдайда білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі. «1», «2» деген баға алған 
жағдайда  мұндай  білім  алушыларға  жазғы  демалыс  кезінде  сәйкес  пәнге 
қатысты  оқу  тапсырмалары  беріледі.  Жиынтық  бағалауды  қайта  тапсыру  оқу 
жылындағы  сабақ  мазмұнын  қамти  отырып,  оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  3 
аптадан  соң  өткізіледі.  Жиынтық  бағалау    жұмысын  қайта  тапсырған  кезде 
қанағаттанғысыз  қорытынды  баға  алған  білім  алушылар  қайта  оқу  жылына 
қалдырылады  немесе  ата-аналарының  (немесе  басқа  заңды  тұлғалардың)  
келісімімен,  психологиялық-медициналық-педагогтік  кеңестің  ұсынымдары 
бойынша теңестіріп оқытатын сыныпқа ауыстырылады.  
8.
 
Білім  алушыларды  денсаулығына  байланысты  дене  шынықтыру 
сабағынан босату, олардың келесі сыныпқа көшуіне әсер етпейді.  
Білім алушының күнделігінде аптаның соңында мұғалім арнайы бағанда 
мәтіндік шолу және оқытудың нәтижесі бойынша ұсынымдар жасайды, балдар 
мен бағалар білім алушының күнделігіне қойылмайды.   
А қосымшасы 
 
Балды бағаға ауыстыру шкаласы 
Жиынтық бағалау 
балының пайыздық 
мазмұны  
Бағалау көрсеткіші 
Баға  
0 % 
Бағаланбады  
«1» 
1%
−20% 
Қанағаттанғысыз  
«2» 
21%
−50% 
Қанағаттанарлық  
«3» 
51%
−80% 
Жақсы  
«4» 
81%
−100% 
Өте жақсы  
«5» 
 
 
Б қосымшасы 
 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы 
туралы ата-аналарға арналған  ақпарат (рубрикалар) 
 
Білім алушының 
аты-жөні  
_____________________  
 
_____________________ 
Пән 
 
Сынып  
_______________________ 
 
_______________________ 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
225 
 
Тоқсан ____ 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________» 
 
 
Бағалау критерийлері 
Оқу жетістігі деңгейі 
 
Төмен  
Орта  
Жоғары  
(
бағалау  критерийлерінің 
тұжырымдамасы)  
 
 
(
бағалау  критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
оқу 
жетістігінің 
төмен 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(
бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
орта 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(
бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
жоғары 
деңгейінің 
сипаты) 
(
бағалау  критерийлерінің 
тұжырымдамасы)  
 
 
(
бағалау  критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
оқу 
жетістігінің 
төмен 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(
бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
орта 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(
бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
жоғары 
деңгейінің 
сипаты) 
Мұғалімнің қосымша 
пікірлері: 
 
(
мұғалімнің пікірі) 
 
 
Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________ 
 
Қолы:_______________ 
  
Күні_____________ 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
226 
В қосымшасы 
 
1-4-
сыныптарда  сынып журналын жүргізуге арналған  
НҰСҚАУ 
 
1. Сынып  журналы - мектептің әр мұғалімі үшін жүргізу міндетті болып 
табылтын мемлекеттік құжат.  
2.  Мектеп  директоры  мен  оның  оқу-тәрбие  ісі  бойынша  орынбасары 
сынып  журналдарын  сақтауды  және  дұрыс  жүргізілуін  жүйелі  тексеруді 
қаматамасыз етуге  міндетті.  
3. 
Сынып  журналы  бір  оқу  жылына  арналған.    Қатар  сыныптардың 
журналы мына литерлермен нөмірленеді. Мысалы, 1 «А» сынып, 1 «Б» сынып, 
1 «В» сынып және т.б.  
4.  Директордың  оқу-тәрбие  ісі  бойынша  орынбасары  (директор) 
бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  журналдың  беттерін  бөлу  туралы  нұсқау 
береді.  Бір жылғы оқу жоспарындағы әр пәнге берілген   сағат санына сәйкес 
оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысының ағымдағы есебіне бөлінеді.  
5.  Мұғалім  әр  сабақта  оқушылардың  сабаққа  қатысын  жүйелі  белгілеп 
отыруға міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің сол жағына сабақ өткізген 
күнін  жазуға,  сабаққа  қатыспаған  оқушыларды  «ж»  әрпімен  белгілеуге 
міндетті.  Мұғалім  журналдың  ашық  бетінің  оң  жағына  сабақтың  ең  жоғарғы  
балдарын, 
тарау 
бойынша 
оқушылардың 
жиынтық 
бағаларының 
қорытындысын  белгілеуге  міндетті    /  ортақ  тақырыптар,  тоқсандық,  тоқсан 
бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/, сондай-ақ, сабақта өтілген 
тақырыпты  және  үйге  берілген  тапсырманы  жазуға  міндетті.    «Мұғалім 
ескертпесі»  бағаны  жекелеген  оқушылардың  тәртібі,  оқу  жұмысынан  алға 
жылжуы  немесе  қалып  қоюы  туралы      мұғалім  ескертулерін  жазуға  қызмет 
етеді.   
6. Оқушылардың тарау бойынша жиынтық бағалау қорытынды балдары / 
ортақ  тақырыптар,  тоқсандық,  тоқсан  бойынша  бағаларының  есебінің 
нәтижесін  шығару/  екі  күннің  ішінде  аталған  жұмыстарды  өткізген  соң 
журналдың бағанына  қойылады.   
7.  Өткізілген  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар,      экскурсия, 
бақылау,  жазба  жұмыстар  бойынша  олардың  тақырыбын  және  қолданылған 
сағат санын нақты көрсету қажет.   
8.  «Үй  тапсырмасы»  бағанына  тапсырма  мазмұны  және  оны  орындау 
сипаты  жазылады    (оқу,  жатқа  оқу  және  т.б.),  беті,  тапсырма  нөмірі,  есептер 
және  жаттығулар,  практикалық  жұмыстар.  Егер  оқушыларға  қайталауға 
тапсырма берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.  
9.  Тоқсандағы  пән  бойынша  соңғы  сабақты  өту  мерзімі  жазылғаннан 
кейін  мұғалім  әрбір  оқу  тоқсанының  қорытынды  бағасын  қояды.      Сонымен 
қатар,  бір мезгілде тоқсандық баға электронды журналға қойылып сақталады.  
10.  Бастауыш  сынып  мұғалімі  сынып  журналына  оқушылардың  тегін 
және  атын    алфавит  ретімен  жазады;  жеке  ісіндегі  мәліметтерді  пайдаланып, 
«Оқушы туралы жалпы мәліметтер» бөлімін толтырады, ай сайын «Оқушының 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
227 
сабаққа  қатысы  есебі»  бөлімін  толтырады,  әр  оқушының    және  сыныптың 
тоқсан  және  жыл  бойынша  босатқан  сағаттары  мен  күндерінің  барлық  санын 
жазады.  
11.  «Физикалық  дайындығының  көрсеткіштері»  бетін  дене  тәрбиесі 
мұғалімі жылына екі рет толтырады.  
12. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін  директордың 
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.   
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
228 
 
12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА  
     
ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ  
     
ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қ
азақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-
2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында    (бұдан  әрі  – 
БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық 
мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау 
көзделген.  
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:  

балалардың  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  орта  білім  алуына  базалық 
шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;    

шығыстардың  көлеміне  әсер  ететін  объективті  факторларды  есепке  алу 
(орналасу  орнына,  білім  беру  бағдарламаларының  түріне  және  білім  беру 
деңгейіне байланысты);   

мекемелерді  емес,  балаларды  қолдаудың  мекенжайлық  жүйесіне  көшу 
және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;  

педагогикалық  әлеуеттің  рөлін  күшейту  арқылы  білім  беру  сапасын 
арттыру;  

мектептерге  қаржылық  дербестік  беру  және  менеджмент  деңгейін 
арттыру, шешім қабылдауда ашықтық; 

бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау. 
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  білім  беру 
процесіне  (МЖМБС-ны  іске  асыруға)  шығыстарды  республикалық  деңгейде 
орталықтандыруға  және  мектептерге  бюджет  қаражатын  жылына  1  оқушыға 
шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді. 
Бөлінетін  бюджеттік  қаражаттың  көлемі  мектептерде  білім  алатын 
оқушылардың санына байланысты. 
Білім  беру  процесіне  шығыстар  мектеп  қызметкерлерінің  жалақысымен, 
оқу  шығыстарымен  (қосымша  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  кешендер,  оқу, 
көрнекі  материалдар  мен  құралдар)  байланысты  шығындарды,  сондай-ақ, 
мектептердің  педагог  қызметкерлерге  олардың  жұмыс  іс-әрекеті  нәтижелері 
мен  көрсетілетін  білім  беру  қызметтерінің  сапасына  қарай  төленетін 
сыйлықақылар  мен  ынталандыру  үстемеақыларын  және  білім  беру  процесін 
іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды. 
Мектептердің  білім  беру  ортасын  (коммуналдық  қызметтер,  ағымдағы 
жөндеу,  ғимаратты  ұстау  және  күту,  оқушыларды  тасымалдау  және 
тамақтандыру,  басқалар)  қамтамасыз  ету  атқарымдары  өңірлердегі  орта  білім 
беру  ұйымдары  желісінің  жай-күйіне  және  дамуына  жауапкершілікті  сақтау, 
мектептердің  материалдық  базасы  мен  инфрақұрылымын  қолдау  мақсатында 
жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады. 
Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім 
беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік 
механизмі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет