Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
27 
1)  ересектердің  балаға  құрметпен  қарауы,  балалардың  жағымды  өзін-өзі 
бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау; 
2)  білім  беру  әрекетінде  жұмыстың  балалардың  жас  және  жеке 
ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану; 
3) мектепалды даярлық сыныптарының педагогтері, мамандары және ата-
аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен 
мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;  
4)  ересектердің  балалардың  бір-біріне  жағымды,  қайырымды 
қатынастарын,  әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін 
ересектердің қолдауы; 
5)  дене  және  психикалық  озбырлықтың  барлық  түрлерінен  балаларды 
қорғау; 
6)  балалардың  даму  бұзылыстары  мен  әлеуметтік  бейімделуін 
диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;  
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда 
ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту. 
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 
1) 
арнайы білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету; 
2) педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру; 
3)  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту,  соның  ішінде  инклюзивті  білім  беру 
мәселелерінде педагогтерге және ата-аналарға кеңес беру; 
4) білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз етуді қолдау. 
Сабақтарды өткізуге қойылатын талаптар 
1) 
ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамасыз ету; 
2) 
санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелеріне; 
3) 
үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болуы қажет.  
Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар 
Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  толық  мазмұнды,  өзгермелі, 
көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек және:   

Бағдарламаның  мазмұнын  тиімді  іске  асыру  үшін  қазіргі  дидактикалық 
материалдарды,  жабдықтар  мен  мүккамалдарды  қолданып  дамыту  мен 
тәрбиелеуге; 
 - 
балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға; 

балалардың  дамуындағы  жетіспеушіліктерді  түзету,  инклюзивті  білім 
беру үшін жағдайлар жасауға; 

әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға; 

балалардың  ойын,  танымдық,  зерттеу,  шығармашылық  және  қимылдық 
белсенділіктерін қамтамасыз етуге; 

заттық-кеңістік  ортада  балалардың  айналасындағы  ересектермен  және 
балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде  эмоционалдық саулығына; 

балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған. 
Заттық-кеңістік  дамытушы  ортаны  құру  кезінде  гендерлік  тәсілді  ескеру 
және  ұлдар  мен  қыздарға  тән  заттар,  ойыншықтар  және  материалдармен 
қамтамасыз ету.  
Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  білім  беру  салаларын  кіріктіру 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
28 
ұстанымдары ескеріліп құрылады.  
Мысалы: 
 
 
Бір  білім  саласына  арналған  материалдар  мен  жабдықтарды  басқа  білім 
беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау 
балалардың  шығармашылық,  психологиялық  және  дене  дамуына  барынша 
мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-
зерттеу,  коммуникативтік,  еңбек,  көркем-музыкалық,  көркем  әдебиетті 
қабылдау және т.б.      
Заттық-кеңістік  дамытушы  орта  мектепалды  даярлық  бойынша  оқу 
материалдарынан тұрады.  
Мектепалды  даярлық  бойынша  оқу  материалдары  пәндік  кешен  түрінде 
берілген.  Әрбір  кешеннің  құрамында  әліпби-дәптер,  дидактикалық 
материалдар,  мультимедиялық-анимациялық  электрондық  құралдар  және 
әдістемелік нұсқаулық бар.    
Барлық  мектепалды  даярлық  сыныптары  өзінің  қызметінде  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  17  наурыздағы 
№217  бұйрығымен  бекiтiлген  «Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 
оқыту  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар» 
санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.  
 
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері 
Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі 
ұйымдарда сапалы тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында мынадай 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
29 
ұстанымдар мен тәсілдер қарастырылуы қажет: 

тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтер, психологтар, 
ата-аналармен  баланың  тұлғасын  қалыптастыру  мен  оның  қабілеттерін 
дамытуда кешенді тәсіл;  

балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оларды  дамытудағы  әрекеттік 
тәсіл; 

тәрбие  мен  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерінің  бірлігі,  сабақтастығы, 
үздіксіздігі; 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  білім 
беру процесін интерактивті құру. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  мазмұны  мектеп 
жасына 
дейінгі 
балаларға 
арналған 
үйретуші 
және 
дамытушы 
бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.   
Инновациялық  технологиялардың  ерекшеліктері  бір  уақыттағы  әрекет 
барысында  бірнеше  әрекеттің  қатар  жүргізілуінде  көрінеді:  мәтінді  кәсіби 
дикторлардың айтуы; мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; - 
балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.  
Мектепалды  даярлықтың  білім  беру  бағдарламасы  «Новые  решения», 
«Алматыкітап»  және  «Арман-ПВ»  баспаларымен  әзірленген  әдістемелік 
ұсынымдармен,  оқу-әдістемелік  кешендермен,  оқу  және  дидактикалық 
материалдармен қамтамасыз етіледі. 
Мектепалды 
даярлық 
сыныптары 
педагогтерінің 
қызметін 
ұйымдастыру 
Мектепалды  даярлық  сыныбының  мұғалімі  білім    беру  процесін  
ұйымдастыру үшін:  

балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етеді; 

топтағы білім беру әрекетін жоспарлайды; 

денсаулықты сақтау шараларын жүргізеді; 

білім  беру  салаларын  кіріктіруді  ескеріп,  заттық-кеңістік  дамытушы 
ортаны құрады; 

балалармен жұмыста тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады; 

жеткен нәтижелерді талдау негізінде бала мен сыныптың алдағы әрекетін 
жобалайды; 

озат  педагогикалық  тәжірибені  зерделейді,  инновациялық  әдістер  мен 
технологияларды қолданады; 

балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  мәселелері  бойынша  ата-аналарға  
консультациялық көмек көрсетеді; 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  инклюзивті  тәрбиелеу  мен  оқыту  үшін 
қажетті жағдайларды жасайды. 
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі сыныптың күн тәртібіне сәйкес 
келесі  әрекеттерді  жүзеге  асырады:  сабақтарды  жүргізу,  балалармен  қарым-
қатынас, ойындар, ата-аналармен жұмыс және т.б.     
Мемлекеттік, орыс, шет тілдерінің педагогтері: 

үйретілетін  тілдің  ерекшелігін  ескеріп,  сабақтарды  жоспарлайды  және 
ұйымдастырады;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
30 

оқытудың  әртүрлі  формалары,  әдістері,  тәсілдері  және  құралдарын 
қолданады; 
-  
балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді; 

баланың  тілдерге  жеке    қабілеттерін  байқайды  және  оны  дамытуға 
жәрдемдеседі; 

интерактивтік  жабдықтар  негізінде  инновациялық  технологияларды 
қолданады; 

үш тілді оқытуд жүзеге асырады.   
Мемлекеттік,  орыс  және  шет  тілдерінің  мұғалімдері  ҮОЖ  тілді  мақсатқа 
бағыттап үйретуді жүзеге асырады. 
Музыка мұғалімі:балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады; музыка 
сабақтарын,  балалар  мерекелері  мен  басқа  да  мәдени-бұқаралық  ісшараларды 
ұйымдастырады  және  өткізеді;  музыкаға  дарынды  балаларды  анықтайды; 
балалармен  жеке  жұмыс  жүргізеді;  балаларды  музыкаға  тәрбиелеу  мәселелері 
бойынша ата-аналарға кеңес береді.   
Дене  шынықтыру  мұғалімі:сабақтарды  жоспарлайды  және  өткізеді;  дене 
тәрбиесі  бойынша  озат  педагогикалық  тәжірибені  зерделейді  және 
инновациялық технологияларды қолданады. 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
31 
 

БАСТАУЫШ  БІЛІМ  БЕРУ  ДЕҢГЕЙІНДЕГІ  ПӘНДЕРДІ  ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
3.1  Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  1-сыныпта  пәндерді 
оқытудың ерекшеліктері 
 
2016-
2017  оқу  жылы  1-сынып  мұғалімдері  мен  оқушылары  үшін  ерекше 
оқу  жылы  болып  табылады.  Елімізде  мектеп  табалдырығын  аттаған    барлық  
1-
сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу 
жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады. 
Отандық  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  қазіргі  өмірде  кең 
ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және 
этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ 
өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» 
келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни 
тұрғыдан  ойлау;  зерттеу  жұмыстарын  орындау;  АКТ  қолдану;  тілдік 
дағдылармен  бірге  қарым-қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану; 
топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.  
Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  мектептің  ерекшелігі  – 
оқудағы  жетістіктер  нәтижелі  сипатқа  ие,  ал  оқу  процесі  оқушылардың  әрбір 
сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда 
оқушы  –  таным  субъектісі,  ал  мұғалім  оқушылардың  танымдық  әрекетінің 
ұйымдастырушысы қызметін атқарады.  
Әрбір  оқушыны  жасына  да,  мүмкіндігіне  да  қарамастан  тұлға  ретінде 
қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім 
үшін  ортақ  болады,  міне,  білім  мазмұнын  жаңартудың  педагогикалық 
аспектісінің мәні осында.  
 
Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің 
әлеуметтік  аспектілерін  көрсетеді.  Мұғалім  педагогикалық  ойлау 
немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. 
Білім  алушылардың  қолайлы  дамуы  үшін  достық  қарым-қатынастағы 
ортаны құру өте маңызды болып табылады. 
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте: 

 
энциклопедиялық  сипаттағы  фактологиялық  материалды  беруге 
бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру; 

 
ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру; 

 
ақпаратты  өздігінен  алу,  талдау  және  тиімді  қолдану  дағдысын 
қалыптастыру; 

 
оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  білім  мазмұны  анықталатын  және 
білім  салалары  бойынша  әрі  қызмет  аспектілерін  көрсететін  күтілетін 
нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту 
көзделеді,  яғни  оқушылар  «біледі»,  «түсінеді»,  «қолданады»,  «талдайды», 
«жинақтайды», «бағалайды».  
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: 

пән  мазмұнын  жобалаудың  күрделілік  ұстанымы,  яғни  білім  мен 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
32 
біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп 
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 

таным  заңдылығы  мен  пәндік  операциялардың  неғұрлым  маңызды 
түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген 
Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 

білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 

бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды 
жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу; 

бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; 

оқу  процесін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлар 
түрінде технологияландырылу болып табылады. 
Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші 
сыныпта оқу процесін ұйымдастыру. 
1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, 
тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, 
сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және 
т.б.  болып  табылады.  Сондықтан,  бірінші  сыныптықтардың  танымдық 
қызметінің  оң  мотивациясын  қалыптастыру  ерекше  маңызды  болып  саналады 
және  оқу  процесі  қарапайымнан  күрделіге,  жеңілден  қиынға  өту  қағидасы 
бойынша құрылуы тиіс.  
Бірінші  сыныптардың  оқушыларына  оқу  жылының  бірінші  жарты 
жылдығында баға қойылмайды,  ынталандырудың басқа әдістері  мен  тәсілдері 
қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. 
Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.  
ҚР  БҒМ  2013  жылғы  17  қыркүйектегі  №  375  бұйрығына  сәйкес  1 
сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында 
оқу  жүктемесі  бірте-бірте  ұлғайтады,  яғни  оқу  жүктемесін  біртіндеп 
өсірудің  «сатылы»  сабақ  кестесі  қолданылады:  қыркүйекте  ұзақтығы  35 
минуттан  үш  сабақ  екiншi  тоқсаннан  бастап  35  минуттан  төрт  сабақ 
жоспарланады;  екiншi  жартыжылдықтан  бастап  сабақтар  45  минуттан 
болады. 
1  сыныпта  қосарланған  сабақтарды  өткізуге  жол  берілмейді  (ҚР  Ұлттық 
экономика  министрінің  2014  жылғы  29  желтоқсандағы  №179  бұйрығымен 
бекітілген 
«Білім 
беру 
объектілеріне 
қойылатын 
санитариялық-
эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидалары).  Оқу  жылының 
барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс 
беріледі.  
Сабақ  кестесіндегі  үзілістердің  ұзақтығы  оқушылардың  тамақтануы  мен 
белсенді демалысын ескеруі қажет.  
Ортақ тақырыптар 
Пәндерді,  бөлімдерді,  тақырыптарды  кіріктіру,  сондай-ақ  пәнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асыру  құралы  –  ортақ  тақырыптар  –  жаңартылған 
бағдарламалардың  бірден  бір  ерекшелігі  болып  табылады.  Олар  барлық 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
33 
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен 
байланысқан.  Сондықтан,  мұғалім  қысқа  мерзімді  жоспар  дайындауда  ортақ 
тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың 
сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс. 
1  сыныпта  ортақ  тақырыптар  әр  тоқсанға  2-еуден  тең  бөлінген,  олардың 
әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ 
тақырып  үшін  сағат  санын  білім  алушылардың  дайындық  ерекшелігіне 
байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).  
 
2-
кесте – Ортақ тақырыптар 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
Барлығы мен туралы  Менің отбасым және 
достарым 
Саяхат  
Тағамдар және 
сусындар 
Менің мектебім 
Бізді қоршаған әлем  Салт-дәстүрлер және 
ауыз әдебиеті 
Дені саудың - жаны 
сау! 
 
Оқу жоспарлары 
Оқытудың  күтілетін  нәтижелері  оқытудың  ұзақ  мерзімді  және  орта 
мерзімді  мақсаттар  жүйесін  құра  отырып,  нақты  оқу  пәнінің  оқыту 
мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.  
Пәндер  бойынша  оқу  бағдарламаларына  қосымша  берілген  оқу 
жоспарлары  ұсыныс  сипатында  болады.  Оқытудың  мақсаттар  жүйесі  мен 
тәсілдеріне  негізделген  ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларда 
мұғалімдер  үшін  тақырыптар  мен  бөлімдер  бойынша  сабақтар  өткізу, 
сабақтарда  оқушыларды  ұйымдастыру  ұсыныстары  берілген,  сондай-ақ  оқыту 
ресурстары  қосылған  (интернет,  мәтіндер,  жаттығулар,  бейне-  және 
аудиоматериалдары және т.б.). 
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына 
арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.  
Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына 
қажетті оқу мақсатын қамтиды.  
Әдетте,  орта  мерзімді  жоспарлардың  оқу  бағдарламасын  сабақтардың 
жүйелі  сериясына  құрылымдайтын  мұғалімдер  тобы  немесе  жеке  мұғалім 
жүзеге  асырады.  Орта  мерзімді  жоспар  ұзақ  мерзімді  жоспармен  анықталған 
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. 
Орта  мерзімді  жоспарларда  белгіленген  кезеңге  арналған  негізгі  міндеттерді 
тұжырымдайды.  Онда  әрбір  тоқсанға  немесе  бөлімге  арналған  оқыту 
тақырыптары  көрсетіледі.  Бөлімдер  ішінде  сағаттарды  бөлуді,  сондай-ақ 
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.  
Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе 
отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, 
сабақтарда  оқушыларды  ұйымдастыру  ұсыныстары,  сондай-ақ  ресурстар 
берілген  (интернет,  мәтіндер,  жаттығулар,  бейне-  және  аудиоматериалдары 
және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім 
деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
34 
мүмкін.  Мұғалім  қысқа  мерзімді  жоспарды  немесе  сабақ  жоспарын  орта 
мерзімді  жоспардың  соңында  ұсынылған  үлгіге  сай  өзі  әзірлейді.  Қысқа 
мерзімді  жоспар  дайындағанда  мұғалімге  саралай  оқыту  тәсілі  мен 
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты 
қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол 
жеткізуге  көмектеседі.  Ол  үшін  мұғалім  оқу  материалы  мен  сабақтағы  әрекет 
түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар 
меңгере  алмаған  немесе  түсінбеген  жерлерін  анықтау  мақсатында  сабаққа 
талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.   
Қысқа  мерзімді  жоспар  құрған  кезде  мұғалімге  төмендегі  ұсыныстарды 
басшылыққа алуына болады:    

сабақты  ұйымдастырғанда  оқу  бағдарламасында  және  оқу  жоспарында 
көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;  

сабақ  мақсаттарын  анық  тұжырымдау  (S.M.A.R.T.  қағидасы  бойынша), 
яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;  

орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  барлық  іс-әрекеттерді,  әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;  

мұғалімнің  қалауы  бойынша  іс-әрекет  түрі  қажеттілігіне  қарай 
толықтырылып отырады.  
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. 
Ресурстар 
Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ҚР МЖМБС-2015, оқу бағдарламалары 
және  оқу  жоспарлары  (ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді 
жоспарлардың  үлгілері),  критериалды  бағалау  жүйесі  бойынша  әдістемелік-
нұсқаулық  материалдар,  сандық  білім  беру  ресурстары  ұсынылатын  болады. 
Мұғалімдерді  Зияткерлік  мектептердің  ресурстық  орталықтары,  онлайн-
консультативтік жүйесі арқылы оқыту жүзеге асырылатын болады. Академияда 
мұғалімдер  үшін  әдістемелік  қамтамасыз  ету  және  көмек  көрсету  мақсатында 
«Тіл  және  әдебиет»  білім  саласы  пәндері,  «Математика»,  «Дүниетану», 
«Жаратылыстану»  пәндерінен,  «Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәнін  оқытудан 
қысқа  мерзімді  жоспарлар  дайындау  бойынша  әдістемелік  құралдар  мен 
ұсыныстар және басқа материалдар әзірленді.   
Аталған құралдар Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтында http://nis.edu.kz, 
жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  барлық  ақпаратты  біріктіретін  және 
барлық  орталықтардың  сайттарындағы  сілтемелерден  тұратын,  жаңартылған 
білім мазмұнын тарататын бірыңғай он-лайн платформа құрылған.www.cpm.kz, 
www.cep.kz, www.erc.kz, www.cpi.kz. 
Педагогикалық тәсілдер және ынтымақтастық 
Жаңартылған  білім  мазмұны  мұғалімнен  әрекеттік  технологияларды 
енгізу,  балалармен  адамгершілік  қатынас  қағидасын  іске  асыруы  арқылы 
сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын 
дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. 
Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
35 
үшін  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді  құрамдастыруда  әртүрлі  арсеналы  болу 
қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, 
жеке  жұмыс  және  білім  алушылармен  кері  байланыстан  тұрады.  Мұғалім 
әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық 
шеңберінде,  коучинг  және  менторинг  процестерінде  кәсіби  ынтымақтастық 
орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет. 
Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім 
мазмұны  бағдарламаларының  оқыту  мақсаттарына  табысты  қол  жеткізудегі 
түрлі  әдістер,  технологиялар  мен  стратегияларды  қолдану  жөнінде  мұғалім 
үшін  ұсыныстар  берілген  «Оқу  процесін  ұйымдастырудың  педагогикалық 
тәсілдері» бөлімі қосылған.   
Мысалы:  
1)
 
стратегиялар:  өздігінен  басқарылатын,  эксперименттік,  сыни, 
коммуникативтік, мәнмәтіндік;  
2)
 
технологиялар:  шағын  топтардағы  (командадағы)  жұмыс,  кейс-стади 
(нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту. 
3)
 
әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе 
негізінде оқыту, жобалау әдісі.  
Мұғалім  педагогикалық  міндеттерді  шешу  және  оқытуда  стереотиптерді 
жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол 
үшін  он-лайн  және  оф-лайн  режимдерінде  әріптестерімен  белсенді  қарым-
қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ 
проблемалар  мен  инновацияларды  енгізуде  мұғалімдердің  кәсіби  желілік 
қауымдастығын пайдалану ұсынылады.  
Бағалау жүйесі 
Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды 
бағалау  жүйесі  білім  алушыны  дамыту,  оның  оқуға  қызығушылығы  мен 
мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына 
бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда 
оған қол жеткізуге болады.  
Критериалды  бағалау  жүйесінің  мазмұны  бағалау  стандарттарымен, 
процестерімен,  құралдарымен  және  нәтижелерімен  анықталады  сондай-ақ 
бірқатар  нормативтік  және  әдістемелік-нұсқаулық  құжаттармен  реттеледі. 
Критериалды  бағалау  ережелерінде  ҚР  МЖМБС-2015  сәйкес  бастауыш  білім 
беру  бағдарламалары  апробациядан  өтетін  және  енгізілетін,  Қазақстан 
Республикасы  білім  беру  ұйымдарының  бастауыш  сыныптарындағы  білім 
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі 
анықталады. Құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру 
мен  өткізу;  тоқсан  ішіндегі  жиынтық  бағалауды  модерациялау  тәртібі; 
тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын 
жүргізу бойынша ұсыныстар реттеледі.     
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  бастауыш  сынып  мұғалімдері  үшін 
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық жаңартылған білім мазмұнын енгізу 
шеңберінде  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалау  бойынша 
мұғалімдердің  қызметіне  өзгеріс  енгізудің  теориялық  және  практикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет