Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 
  
Технология  
«Технология»  пәнін  оқыту  бағыты  оқушыларды  материалдық 
құндылықтардың  заманауи  өндірісінің  негізгі  технологиялық  процестерімен 
таныстыруға,  кейінгі  кәсіптік  білім  алуға  және  еңбек  етуге  қажетті 
дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.  
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның 
қажеттіліктерін,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымының  жетістіктерін 
ескере отырып белгіленген.  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  техника  мен  технология  саласында 
оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білім  жүйесінің  нәтижелігіне 
бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қамсыздандыру,  сонымен  қатар, 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
123 
технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық  көзқарасын 
дамыту болып табылады. 
Оқыту міндеттері: 
1)  техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 
2)  құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру; 
3)  технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 
6)  оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  оқыту 
барысындағы  нәтижелері,  оқушылардың  үлгерімдерін  бағалауын,  негізгі 
мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын 
көрсетеді.  Оқушылардың  дайындық  деңгейі  үш  түрлі  аспектілер:  пәндік, 
тұлғалық,  жүйелі  іс-әрекет  нәтижелері  ескеріле  отырып  бағаланады.  Осыған 
байланысты  5-9-сынып  оқушыларына  (ер  балалар)  келесі  бөлімдер  бойынша 
тақырыптар беріледі (8-кесте). 
8-
кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары 
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника 
және технология.  
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен 
және механикалық өңдеу технологиясы.  
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен 
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.  
6. 
Электротехника және электроника 
негіздері.  
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстары.  
8. Шығармашылық жобалау саласы.  
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау.  
2. Ағашты және ағаш материалдарды 
қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
3. Металды қолмен және механикалық 
өңдеу технологиясы.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы. 
5. 
Электротехника және электроника 
негіздері.  
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстары.  
7. Шығармашылық жобалау саласы. 
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
124 
Білім  берудің  негізгі  түрлері  оқушылардың  оқу-тәжірибелік,  жобалау  іс 
әрекеті  болып  табылады.  Жаттығулар,  оқу-тәжірибелік  жұмыстар,  жобалау 
әдісі  басым  әдістері  болып  отыр.  Бағдарламада  қарастырылған  барлық 
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, 
электромонтажды,  құрылыс-әрлеу  және  жөндеу  санитарлық-техникалық 
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және 
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.  
Мұғалім  бар  мүмкіндіктеріне  сәйкес  бағдарламада  ұсынылған 
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын 
таңдай  алады.  Сонымен  қатар  оқушы  жасының  шамасына  сәйкес  еңбек 
нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар 
орындайтын  практикалық  жұмыстардың  түрлері  түсінікті,  ұтымды, 
экологиялық  талаптарға  сәйкес  болуы  тиіс.  Мұғалім  жергілікті  және  жеке 
эстетикалық  қызығушылықтарына  сәйкес  өзі  тапсырмаларының  нұсқаларын 
қосуға құқығы бар. 
«Қазіргі  заман  өндірісі,  техникалық  және  кәсіби  білім  беру»  (9-сынып) 
жаңа  бөлімінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің  түрлері, 
кәсіби  іс  әрекетке  қойылатын  жаңа  талаптар,  кәсіп  туралы  түсінік, 
мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық 
қасиеттердің  әсері,  аймақтық  еңбек  нарығы  және  білім  саласында  қызмет 
көрсету туралы мәселелер қарастырылады. 
Сабақтар  ағаш,  металл  өңдеу  шеберханасында  немесе  құрамдастырылған 
шеберхана  базасында  өткізіледі.  Технологиялық  операцияларды  орындау 
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар 
аударылуы  керек.  Электр  қауіпсіздігі,  санитария  мен  жеке  гигиенасын 
сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс. 
Сабақта  қолдан  жасалған  электромеханикалық  құралдар  мен 
технологиялық  машиналар  қолдануға  тыйым  салынады.  Кіріктірілген 
сипаттағы  «Технология»  пәні пәнаралық  байланыстарды қолдану  негіздерінде 
құрылуын  көздейді.  Есептеу  операциялары  және  өлшем  алуда  алгебра  мен 
геометриямен,  материалдардың  қасиеттерінің  сипаттамасында  химиямен, 
машина  мен  механизмдердің  жұмыс  принциптерін  және  құрылымын  оқытуда 
физикамен,  сәндік  қолданбалы  өнер  технологияларын  оқытуда  тарих  және 
өнермен байланыстырылады. 
Қала,  ауыл  және  шағын  жинақты  мектептерде  ұлдар  мен  қыздар  тобына 
бөлу  сыныптың  толымдылығына  қарамастан  бөліну  бойынша  жүзеге 
асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (9-кесте). 
 
9-
кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
Ауыл мектептерінде  
Қала мектептерінде  
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік 
техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық 
талаптар және еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  
3. 
Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, 
қауіпсіздік техникасы ережелері, 
санитарлық-гигиеналық талаптар және 
еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
125 
сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді 
жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу 
(белдемше,  
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу 
технологиясы. Тігін машинасымен 
жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-
дау және, 
 
шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. 
Машинатану элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен 
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік. 
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас 
гигиенасы.  
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. 
технологиясы.  
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-
ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір 
саласы.  
10. Жоба.  
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.  
көркем әшекейлеу (белдемше шалбар). 
Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. 
Машинатану элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.  
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас 
гигиенасы.  
8. Жоба.  
9. Кәсіби қызмет ету саласының 
технологиясы.  
 
Кез  келген  халықтың  мәдениетін  алға  тартушысы  –  халықтың  қолөнері. 
Сол  себепті  оқушылардың  білімін  және  еңбек  дағдысын  қалыптастыру 
мақсатында,  сабақтарда  халықтардың  және  ұлттардың  мыңдаған  жылдық 
қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет. 
 
«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, 
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды
 
Сызу  
«Сызу»  пәні  негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  9-сыныпта  оқытылады. 
Курс  ойдың  аналитикалық  және  жасампаз  компоненттерін  қалыптастырып, 
білім  алушының  кеңістіктік  ой  қабілетін  дамытатын  негізгі  түпнұсқа  болып 
табылады. 
Пәнді оқыту мақсаттары: 
-
 
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;  
-
 
геометриялық  білімді  негізге  алып  тәжірибелік  жұмыс  дағдыларын 
дамыту; 
-
 
еңбектену  іс-әрекеті  дағдыларын:  ұзақ  күш  салуға  және 
интеллектуалдық  жүктемеге  қабілеттілікті,  дербестікті  және  шыдамдылықты, 
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту; 
-
 
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту; 
-
 
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту. 
Оқыту міндеттері
 

бір,  екі  және  үш  проекция  жазықтығына  тік  бұрыштап  проекциялау 
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар 
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру; 

әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен 
эскиздерін,  аксонометриялық  проекциялары  мен  техникалық  суреттерін 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
126 
орындауды және оқуды үйрету; 

нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, 
онымен  қоса  кеңістіктік  бейнені  проекциялық  кескіндерінен  және  ауызша 
суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және 
динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту; 

оқулық  және  анықтамалық  материалмен  өздігінше  жұмыс  істеуді, 
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету; 

кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін 
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту; 

графикалық  білімдерін  жаңа  жағдайларда  қолдана  білу,  графикалық 
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі 
білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді. 
Нәрсенің  пішінін  талдау  дағдыларын  қалыптастыруға,  яғни  проекция 
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық 
денелерді,  тетік  бөлшектерді  тануды  қамтамасыз  ететін  жеке  белгілерін 
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек. 
Графикалық  жұмыстың  өнімсіз  элементтерін  болғызбауға  тырысу  керек 
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды 
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс. 
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін 
қалыптастыруын  көздеу  қажет.  Бұл  сызбаны  тексеру  кезінде  де  өзекті  мәселе 
болып табылады.  
Оқу  уақытының  көбі  практикалық  жұмыс  орындауға  бөлінуі  қажет. 
Міндетті  графикалық  жұмыстардан  тыс  сызу  пәні  сабақтарында  түрлі 
графикалық  есептерді  қолданған  дұрыс.  Білім  алушылардың  танымдық 
қызметін  жандандыру  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдануымен  және 
сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады 
Сызуға  оқыту  барысында  әр  білім  алушының  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
(дарындылығын,  ойлау  қабілетін,  жеке  мүддесін)  есепке  алып,  оқушылардың 
интеллектуалдық  даму  деңгейін  біртіндеп  көтеруге  болады.  Түрлі  оқу 
құралдарын 
кеңінен 
пайдалану 
ұсынылады 
(карточка-тапсырмалар, 
анықтамалықтар,  плакаттар,  кестелер,  модельдер,  тетік  бөлшектер  жиынтығы 
және ақпараттық технологиялық құралдар).  
Қазіргі  қоғамның  ақпараттандырылу  жағдайына  сай  «Сызу»  пәнінің  аса 
маңызды  бағыты  ол  білім  алушылардың  компьютерлік  графикалық 
сауаттылығын  қалыптастыру  болып  табылады  (мектептің  мүмкіндігіне  қарай, 
жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады). 
Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  келесі  жағдайларды  ескеру 
қажет: 
1)  орындалуының  түрлілігімен  ерекшеленетін  шығармашылық, 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
127 
эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды кеңінен қолдану; 
2)  оқушыларды  өздерінің  оқу  әрекеті  нәтижелеріне  талдау  жасауға 
бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу; 
3)  үй  тапсырмасын  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке  және  жас 
ерекшелігін ескеру. 
«Сызу»  пәні  бойынша  апталық  оқу  жүктемесі  –  2  сағат,  оқу  жылында 
барлығы 68 сағатты құрайды. 
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Дене шынықтыру  
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі. 
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  адамның  танымдық  белсенділігінің 
дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя 
сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды  
Оқыту мақсаты:  

өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қараудың  қажеттілігін  және  қимыл-
қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың  дене  мәдениетін 
қалыптастыру; 

физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 

салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
-
 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 
-
 
дамыту  және  сауықтыру  бағытындағы  дене  жаттығулары,  базалық 
спорт  түрлерінің  іс-қимыл  әдістері  мен  техникасы  арқылы  қимылдық 
тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру; 
-
 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру; 
-
 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу; 
-
 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент). 
«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің  мазмұнында  адамның  таным 
белсенділігінің  дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және  қауіпсіздік  техникасын 
қадағалау  мен  талап  етудің  ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде 
оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене 
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген. 
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға 
айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
128 
спорттық  ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика) 
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  берілген. 
Қазақстандағы  дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын 
«Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:  

мұғалім  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс 
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің 
материалдарымен  толықтыруға  (оқушыларға  қойылатын  негізгі  талаптарды 
жүзеге асыру барысында) құқылы; 

«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты 
гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес; 

мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен 
сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 

оқушылардың  тактикалық  ойлауын  дамытуға,  дене  қасиеттерін 
тәрбиелеуге  әсерін  ескере  отырып,  ең  оңтайлы  қозғалыс  ойындарының 
мазмұны болуы қажет; 

оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-
сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

дене  шынықтыру  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  а)  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  ә)  мұғалімнің 
таңдауы  бойынша  (Президент  сынамалары  нормативтерін  орындау 
нәтижелері). 
 
«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды 
толық  мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында 
оларды  алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің 
шешімі  бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс 
дайындығымен)  және  гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-
қолданбалы) алмастырылуы мүмкін. 
Оқу  жылы  ішінде  4  реттен  кем  емес  жалпы  мектептік  «Денсаулық  күні» 
өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.  
 
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады.  
Оқушылардың  дене  шынықтыру  бойынша  үй  тапсырмасын  орындаулары 
оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға  (қозғалыстарды  қайталау,  гимнастика  жасау  және  т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  оқушылардың 
жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
129 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz). 
«
ҚР  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі 
№296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» 
пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі: 
5-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
6-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
7-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
8-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
9-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.  
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
130 
 

ЖАЛПЫ  ОРТА  БІЛІМ  ДЕҢГЕЙІНДЕГІ  ПӘНДЕРДІ  ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін) 
Тіл  -  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  басты  негізі.  Ана  тіліңді  құрметтеу  - 
ұлттық  намысты  ояту  мен  жаңғыртудың  көзі.  Арнайы  оқытуды  талап  ететін 
қағидалар  мен  ережелер  –  білім  алушылардың  тілге  саналы  көзқарасы  мен 
жауапкершілігін  қалыптастырады.  Келешекте  тілдің  иесі  болатын  жастардың 
тілдік  сезімін  күшейту,  әсіресе,  қазіргідей  жаһандану  өріс  алған  қоғамда 
өткірлене түсуде. 
Дәл  бүгінгі  таңда  жаһандану  дәуірінің  ұлттық  құндылықтарға  төндіріп 
тұрған  қаупі  үнемі  қаперде  болуы  ескеріліп,  бүкіл  ұлттық  құндылықтардың 
ұйытқысы  қазақ  тілін  оқытуда  басшылыққа  алынған    тенденциялары,  оларды 
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар: 
1)  қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;    
2)  тілді  оқытуды  белгілі  бір  пәндік  дағдыларға  емес,  білім  алушының 
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;  
3)    тілдік  білім  мен  біліктерді  ХХІ  ғасыр  адамының  бойында  сөйлеу 
мәдениетін,  ойлау  мәдениетін  және  адамгершілік  мәдениетті  қатар  дамытуға,  
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру; 
4) 
тілді  ұлт  болашағының  мәдени  иммунитетін  қалыптастырудың  тетігі 
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа 
прагматикалық  көзқарас  тұрғысынан  келу,  тілді  оқытудың  құндылықтық 
бағдарын сабақ барысында  күшейту.  
 
Тілді  оқытуда  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  басымдылық  беру.  Тілдік  білімді  оқушының  сөйлеу  тілінің 
базасы  ретінде  меңгерту  және  тәжірибелік  машықтарды  қалыптастыру 
бағытында жетілдіру.  
Қазақ    тілін  оқытуда  білім  мен    ғылымның  интеграциясын  жүзеге  асыру 
жолы  –  «Қазақ  тілі»  пәнінің  білім  мазмұнын  қазақ  тіл  білімінің  дамуына 
сәйкестендіру  арқылы  тілді  ғаламның  бір  бөлшегі  ретінде  таныту,  тілді 
оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.  
Қазақ  тілі  –  мектепте  оқытылатын  барлық  пәндердің,  ғылымның  кілті. 
Ғаламды  танытып  отырған  барлық  ғылым  табыстары  қазақ  тілі  пәнінде 
жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.  
10-11-
сыныптарда  оқу  процесінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  03  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген         
(ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы  №393 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):  

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
11-
сыныптары  үшін  «Қазақ  тілі»  пәнінен  типтік  оқу  бағдарламасы 
қолданылады; 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет