Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
99 
туралы,  Жерде  тіршіліктің  болуы  үшін  біздің  планетамыздың  атмосферасы 
және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың 
қоршаған  ортаға  және  тіршілік  процестеріне  әсері,  зиянды  факторлардың 
әсерінен  тірі  табиғатты  қорғау  шаралары,  табиғи ортаны  өзгертудің  (сонымен 
қатар  оқушылардың  өздері  қатысатын  жағдайларды  қоса  алғанда)  апатты 
салдары  туралы  нақты  көзқарас  алулары  тиіс.  Оқушылар  Жердің,  материктің, 
елдің,  өзінің  туған  өлкесінің  табиғат  кешеніндегі  өзара  байланысты  жақсы 
түсінулері тиіс. 
Бұл  тәрбие  жағынан  қарағанда  өте  маңызды,  себебі  оқу  пәндерін 
«экологияландыру»  оқушыларды  экология  мәселелерімен  таныстырып  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  оларды  табиғатты  жауапкершілікпен  қорғауға 
тәрбиелейді.  Табиғатты  жауапкершілікпен  қорғау  көзқарасы  табиғатты 
қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.  
Сабақтан  тыс  уақытта  келесі  экологиялық  зерттеулерді  жүргізу 
ұсынылады: 
– 
табиғат кешендерінің экологиясы; 
– 
мектеп ішіндегі жарықты өлшеу; 
– 
түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу; 
– 
мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін 
өлшеу; 
– 
сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері; 
– 
топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері; 
– 
ортаның абиотикалық факторлары; 
– 
урбандалған аумақтардың экологиясы; 
– 
гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау; 
– 
қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.  
Пәндердің  оқу  бағдарламалары  табиғаттағы  процестер  және  адам                                
іс-әрекеті  туралы  білімді  қамтиды.  Сабақтарда  экологиялық  проблемаларды 
шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту 
мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс. 
Ақпаратты  жинақтау  және  зерттеу  үшін  сабақ  барысында  газеттердің, 
журналдардың,  фильмдердің,  бейнетаспа  материалдарының,  веб-сайттар  мен 
әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады. 
Пән  бойынша  академиялық  лексика  қалыптастыру  үшін  сабақта 
терминологияны  қолдану  бойынша  жұмысты  әрдайым  жүргізіп  отыру  қажет. 
Оқушылардың  терминдерді  дұрыс  пайдалануын  қамтамасыз  ететін  ауызша 
және  жазбаша  тапсырмалар  қолдану  ұсынылады.  Білім  алушылардың  білім 
жетістігін  бағалау  барысында  академиялық  лексиканың  дұрыс  қолданылуына 
көңіл аудару қажет.  
Сапалық  және  сандық  есептерді  шешуге  бірдей  деңгейде  көңіл  аудару 
керек,  себебі  құбылыстардың,  процестердің  мәнін  түсіну  және  олардың 
шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет. 
Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу 
құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
100 
болып табылады.  
Білім  алушылардың  ғылыми-зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  үшін 
жоғары  оқу  орындары  мен  мектеп  оқушылары  сарайлары  жанындағы  іштей 
және  сырттай  мектептерге  қатысу  ұсынылады.  Оқушыларға  атом  энергиясы 
бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік 
қоғамы» қоғамдастығының  іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын 
өткізетін  «Kazatomexpo»  көрмесінде  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған 
арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. 
Бұл  бағдарламалар  түрлі  интерактивті  форматтарды  қамтиды.  Оқушылар 
атом  электр  стансасының  жұмысын  зерделеуге  мүмкіндік  беретін,  «басқа 
планетадан  келушілердің  атомды  шабуылынан  –  құйынға  дейін»  атты  түрлі 
ойын  сценарийлерін  жүргізумен,  «Алақандағы  АЭС»  қосымшасымен  таныса 
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about 
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы 
ақпаратты:  alternativenergy.ru;  aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-
house.ru/alternativnaya-
energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады. 
Георафия  және  биология  сабақтарында  «Қазақстан  ұлттық  географиялық 
қоғамы»  республикалық  қоғамдық  ұйымы  материалдарын  пайдалану 
ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz 
ЭКСПО-2017  көрмесі  жұмысының  бағыттары  туралы,  сонымен  қатар 
дүниежүзілік  бұрынғы  көрмелердің  материалдарын  келесі  сілтемелер  арқылы 
алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; 
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017 
4.  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндері  сабақтарындағы  сыни  ойлау 
келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала  отырып 
тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан 
оқушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру  дағдыларын 
қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды: 
– 
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 
– 
олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға; 
– 
тұжырымдамалар  және  қорытындылармен  қоса  алғанда  негізгі 
дереккөздерді салыстыруға және талқылауға; 
– 
жеке  тәжірибесінің  молаюына  қарай  өзінің  көзқарастары  мен 
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 
Мұғаліммен  жұмысты  талқылау,  талдау  және  шешімдерді  алдын-ала 
қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде 
түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек 
көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі: 
1)  Ақпаратпен  танысыңыз.  Тапсырма  оқу  барысында  алынған  ақпаратқа 
да,  оқулықтар,  энциклопедиялар  немесе  web-сайттар  тәрізді  бірнеше 
дереккөзден  жинақталған  ақпаратқа  шолудың  немесе  сауалнаманың 
қорытындысына да қолданылуы мүмкін. 
2)  Дәлелдер  негізінде  жатқан  зерттеуді  құрылымдайтын  немесе  келесі 
әрекетті  анықтайтын  негізгі  пунктерді,  пікірлерді  немесе  болжамдарды 
анықтаңыз. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
101 
3)  Ақпараттың  негізгі  компоненттері,  көзбен  шолу  және  ауызша 
дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.  
4) 
Жеке 
компоненттер 
арасындағы 
ұқсастықтарды 
және 
айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз. 
5) Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы 
білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз. 
6)  Дәлелдемелердің  анықтығын  және  дәйектілігін,  сонымен  қатар 
дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы 
келетінін бағалаңыз. 
7)  Сұрақтардың  жауаптарын  түсіндірудің  нәтижесінде  алынған  білімді 
қолданыңыз. 
8)  Тұжырымдалған  шешімдерді  дәлелдеңіз,  олардың  өзектілігі  мен 
маңыздылығын негіздеңіз. 
5.  Жаратылыстану,  география,  физика,  химия  және  биология 
сабақтарындағы  пәнаралық  байланыстар  қоршаған  әлемдегі  процестер  мен 
құбылыстардың  өзара  байланысын  көрсете  отырып,  бір  пәнді  оқу  барысында 
басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды 
дамытуда ерекше рөл атқарады.  
Дидактика  тұрғысынан  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқытудың 
ғылыми  деңгейін  жоғарылатады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше 
жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 
«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 
байланысты  қолдану  ғылыми-жаратылыстанудың  негізін  құрайтын  –  «өмір», 
«адам»,  «табиғат  кешені»,  «экономика  және  экология»,  «зат»,  «дене», 
«энергия»,  «күш»,  «қозғалыс»  және  «даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 
маңызды рөл атқарады. 
Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  (эксперименттік  әдіс,  жобалық  және 
модельдеу  әдісі  және  т.б.)  жалпы  әдістерінде  қолданылуы  мүмкін.  Мұғалімге 
пәнаралық  байланыстың:  бұрынғы,  жалғаспалы  және  келешекті  түрлерін 
қолдану ұсынылады. 
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын 
оқу  барысында,  басқа  пәндерден  бұрын  алынған  білімдерге  сүйенуді 
қарастырады  (мысалы,  жаратылыстану,  география,  биология  курстарынан 
алынған білім). 
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар 
мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады 
(мысалы,  дыбыс  туралы  түсінік  физикада,  ал  есту  органдары  –  биологияда 
оқылады және т.с.с). 
Келешекте  пәнаралық  байланыстар  материалды  бір  пәннен  оқу,  сол 
материалды  басқа  пәндерден  оқудан  бұрын  жүзеге  асырылады  (мысалы, 
атомның  құрылысы  туралы  ұғым  физика  пәнінде  химияға  қарағанда  бұрын 
оқытылады).  Бұл  жағдайда  химия  мұғалімі  физикадан  алынған  білімге 
сүйенеді. 
6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
102 
стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», 
«жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің 
ғылыми-теориялық  және  практикалық  мәнін  зерделеу,  аймақтық  және 
жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы  ерекшелігін  түсіну,  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  контексінде  жаһандық  геоэкономикалық 
кеңістікте  тұрақты  дамып  келе  жатқан  ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы 
туралы  ғылыми  негізделген  көзқарас  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды 
болып  табылады.  Сабақтардың  тәрбиелік  мақсаты  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
қамтып отыру тиіс. 
«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін 
стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады. 
7. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті 
элементтерінің  бірі.  Оны  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы,  сабақ  барысында 
алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты 
қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  пайда  болады.  Үй  тапсырмасын 
тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет: 
– 
үй  тапсырмаларын  оқулық  параграфтарын  жаттап  алуға  және 
тапсырмаларды  орындауға  ғана  пайдалануға  болмайды.  Шығармашылық, 
эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды көбірек қолдану қажет;  
– 
үй  тапсырмаларына  оқушылардың  өз  оқу  әрекеттерінің  нәтижелеріне 
өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу; 
– 
үй  тапсырмасына  мазмұны  және  орындалу  түрі  бойынша  түрлілігімен 
ерекшеленетін тапсырмалар беру;  
– 
үй  тапсырмасының  көлемін  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке 
және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс. 
8.  Білім  беру  саласы  пәндерінен  қолданбалы  курстардың  немесе  таңдау 
курстарының 
ұсынылатын 
тақырыптар. 
Тақырыптар 
мұғалімдердің 
мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін: 
Биология:  «Тамақтану  және  денсаулық»,  «Экологиялық  этика», 
«Биология  және  денсаулық»,  «Әлемнің  заманауи  ғылыми-жаратылыстану 
бейнесі»,  «Әлемнің  інжу  маржаны  (7–9-сынып  қыздары  арналған  курс)», 
«
Менің  денсаулығым  –  менің  қолымда»,  «Тірі  жасуша  жұмбақтары», 
«Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Тері – денсаулық айнасы».  
География:  «Әлеуметтік-экономикалық  географияның  математикалық 
модельдері  және  әдістері»,  «Қазақстан  географиясын  оқудағы  жобалық 
технологиялар»,  «Туған  өлкедегі  әлеуметтік-экономикалық  процестерді 
модельдеу»,  «
Қазақстанның  энергетикалық  әлеуетінің  дамуы»,  «Еліміздің 
жасыл  энергетикасы»,
 
«География,  тарих,  өнер:  қиылыстары  және  өзара 
байланысы». 
Физика: «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан 
ашылуларды қалай жасайды»,  «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және 
олардың  адамға  әсері»,  «Физика  және  компьютер»,  «Физикалық-техникалық 
модельдеу», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».  
Химия:  «Экологиялық  химия»,  «Күрделілігі  жоғары  химиялық  есептерді 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
103 
шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру 
(кіріктірілген  курс)»,  «Бейметалдар  химиясы  және  өмір»,  «Ойланып  қалған 
химия»,  «Химия  және  қоғам»,  «Химияның  тарихы»,  «Химия,  ғылыми 
фантастика 
шығармаларының 
негізі 
ретінде», 
«Химик-зертханашы 
мамандығымен танысу», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», 
«Тамақтық  қоспалар:  плюстері  мен  минустері»,  «Косметика:  кеше,  бүгін, 
ертең»,  «Ас  үйдегі  химия»,  «Күнделікті  өмірдегі  заттар  және  материалдар», 
«Химиялық  есептерді  шығару  әдісі»,  «Химиядан  эксперименттік  есептерді 
шығары әдісі». 
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға 
ұсынылатын ресурстар: 
1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/ 
2. 
Қазақстан 
Республикасының 
Энергетика 
министрлігі: 
http://energo.gov.kz/ 
3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/ 
4.  «Эврика»  –  білім  беру  мекемелерінде  авторлық  эксперименталдық 
бағдарламаларды  жүзеге  асыратын,  650-ден  астам  мектеп  ұжымдарын 
біріктіретін  эксперименттік  алаңдардың  инновациялық  білім  беру  желісі: 
http://www.eurekanet.ru 
5. Bookz.ru  – 
электрондық  кітаптар,  журналдар  және  сөздіктер. 
Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа 
шығармалардың  алфавиттік  каталогы  да  қолжетімді,  яғни  кітаптарды 
алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru. 
6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – 
өмірді  қамтамасыз  ету 
жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген 
энциклопедияларға  қарағанда  EOLSS  білімінің  ауқымы  тақырыптармен 
ұйымдастырылған.  Пәндердің  ішінде:  математика,  физика,  энергетика, 
табиғатты  қорғау  –  Жер  және  атмосфера  туралы  ғылым;  экология,  азық-түлік 
тағамдары  және  ауыл  шаруашылығы  туралы  ғылымдар,  адамзат  ресурстары 
туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.  
7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.  
8. Britannica School – 
мазмұны  және  ақпараттары  кең  ауқымы,  онда 
мыңдаған  мақалалар,  бейнелер,  видео,  түпдеректер,  электронды  кітаптар, 
ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық 
контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында 
оқушылар  оқиды,  жазады,  зерттеулер  жүргізеді  және  жаратылыстану 
ғылымдары  саласындағы  өздерінің  сөздік  қорларын  байытады.  Кіріктірілген 
«Мұғалімдерге  арналған  сабақ  жоспары»  аталған  онлайн  ресурстың 
артықшылығы  болып  табылады,  бұл  жерде  мұғалім  өз  «Жоспарын»  жасауға 
немесе  басқа  мұғалімдер  құрастырған  «Жоспарды»  қолдануына  болады. 
Аталған  ресурсты  сынып  режимінде  де,  сонымен  қатар  үй  тапсырмасын 
орындау  барысында  және  олимпиадаларға  қатысу  үшін  қажетті  ғылыми  жоба 
орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).  
9.  «Сандардағы  және  картадағы  дүниежүзі  елдері».  Интерактивті 
анықтамалықтарда  дүние  жүзінің  алдыңғы  қатарлы  елдерін  сипаттайтын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
104 
статистикалық 
ақпарат 
және 
негізгі 
көрсеткіштер 
берілген: 
http://www.sci.aha.ru.  
10.  Рубрикон.  Ірі  энциклопедиялық  портал.  Неғұрлым  белгілі 
энциклопедиялар,  сөздіктер  және  анықтамалықтар,  суреттер  және  карталар 
берілген: http://www.rubricon.com.  
11.  Оқушылар  оқу  бағдарламасын  меңгеру  барысында  АКТ  қолдану 
дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі 
веб-ресурстар ұсынылады (24-кесте). 
 
www.earthquakes.usgs.gov
 
www.rgo.ru
 
www.geo2000.nm.ru 
www.geo.historic.ru
 
www.www.geografia.ru/
 
www.geographic.org 
www.mygeog.ru
 
www.e–cis.info
 
www.geography.about.com
 
www.hobitus.com 
www.imf.org
 
www.kisi.kz
 
www.meteosputnik.ru 
www.mfa.gov.kz
 
www.oecd.org
 
www.stat.gov.kz 
www.theodora.com
 
www.un.kz
 
www.un.org 
www.undp.kz
 
www.unesco.kz
 
www.unesco.org 
www.unmultimedia.org
 
www.volcanodiscovery.com
 
www.worldbank.org 
 
 
 
 
 
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Қазақстан тарихы  
«Қазақстан  тарихы»  пәнінің  мақсаты  –  Қазақстан  қоғамының  ежелгі 
дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  аралықтағы  әлеуметтік,  мәдени,  саяси, 
экономикалық  салалардың  негізгі  даму  кезеңдерін  оқытып,  көшпелілер 
өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы 
ата-бабалар  мәдениетінің  бірегейлігі,  тарихи  процестердің  біртұтастығы  мен 
сабақтастығын  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Көшпелілердің  әлемдік  тарихтағы 
орны мен рөлін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан 
қарастырады.  Сондай-ақ,  пәннің  оқушыларда  өткенді  саралау,  бүгінгі  күнді 
сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор. 
Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.  
«Қазақстан  тарихы»  пәнінің  мазмұнында  өскелең  ұрпақтың  бойына 
қазақстандық  қоғамның  негізгі  құндылықтарын  қалыптастыруға  бағытталған 
«Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісінің  материалдары  болуы  тиіс:  Отанымыздың 
патриоттарын,  құқықтық,  демократиялық  мемлекеттің,  жеке  адамның 
құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтейтін,  ұлттық  сана  сезімі  жетілген, 
адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу. 
«Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқыту  кезінде  білім  алушылардың  тарихи 
оқиғалардың  өзара  байланысын  орнату  арқылы,  мемлекеттердің  сыртқы 
саясаттары  бойынша  ақпарат  беретін  тарихи  деректердің  салыстырмалы 
талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет ететін 
дағдыларын  дамыту  қажет.  Оған  қоса  мұғалім  оқушыларға  тарихи  картада 
оқиғаларды,  олардың  динамикасы  мен  даму  жағдайын  белгілеуге  тапсырма 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
105 
бере  алады,  бұл  өз  кезегінде  оқушылардың  бойында  уақыт  пен  кеңістікте 
бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың басты 
мақсаты  оқушылардың  бойында  «тарихи  тұрғыдан  ойлау»  дағдысын 
қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  түрлі  әдіс-тәсілдерді  (белсенді  және 
проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. 
«Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның 
контекстінде,  бұрын  болған  және  кейінгі  тарихи  оқиғалармен  өзара 
байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке 
ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген 
өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір 
сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.  
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптары,  пәнді  оқыту  міндеттері  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы                 
№ 393 бұйрығымен анықталған. 
Қазақстан тарихы:  
5-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
6-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
7-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
8-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
9-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар.  
Тарихты  оқыту  –  күрделі  процес,  ол  өзара  байланысты,  оқытудың 
мақсатын  анықтау,  білім  мазмұнын  іріктеу,  білімді  оқытып-үйрету  және 
меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады. 
 
Оқыту  процесін  оңтайландыру  мақсатында  топтық  жұмысты 
ұйымдастыру өте тиімді болып табылады.  
5-9-
сынып  оқушыларының  жұмыстарын  ұйымдастырудың  тиімді 
формаларының  бірі  топтық  жұмыс  болып  табылады,  топтық  жұмысты 
ұйымдастыру  кезінде  әрбір  оқушының  қабілеттері  мен  психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық 
түсіндіру  қажет.  Сонымен  бірге  топ  мүшелерінің  әрқашан  өзгеріп  отыруы  да 
маңызды.  
 
Оқушылардың  бойында  тарихи  түсінікті  дамытуға  мүмкіндік  беретін 
әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады. 
Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі: 
1)
 
Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі 
олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық 
деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.  
2)
 
Оқушыларға  тарихи  деректерден  үзінді  беруді  жүйелі  түрде  жүргізу 
керек.  Тарих  сабақтарында  сұрақтарды  қою  маңызды  орын  алуда,  дұрыс  әрі 
нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. 
3)
 
Сондықтан  да  мұғалімдерге  «сатылап  сұрақ  қою»  әдісін  қолдану 
ұсынылады.  Бұл  әдісте  дерекке  немесе  белгілі  бір  иллюстрацияға  қойылатын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ20
16-
2017 оқу жылы
 
 
106 
сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.  
Оқушыларға  елінің  тарихын  өз көзімен  көріп, сезіну  үшін  мүмкіндігінше 
мұражайларға,  тарихи  ескерткіш  орнатылған  немесе  тарихи-археологиялық 
орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады. 
Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар 
мен  техникалар  ұсынылады.  Деңгейлеп  оқыту,  сыни  ойлауды  қалыптастыру, 
тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б. 
Жазу  дағдыларын  дамыту  мақсатында  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын қолдану ұсынылады.  
РАФТ  стратегиясының  (Р  –  роль,  А  –  аудитория,  Ф  –  форма,  Т  – 
тақырып)  басты  мақсаты  оқушыда,  белгілі  бір  образға  (рөлге)  ену  арқылы, 
өзінің  ойын  жазбаша  түрде  түсінікті  әрі  нақты  жеткізе  алу  дағдысын 
қалыптастыру.  Бұл  стратегия  қолдану  арқылы  оқушылар  түрлі 
тақырыптарға  әртүрлі  аудиторияға  арнап  ақпарат  (мәлімет,  мәлімдеме, 
т.б.) жазуды үйренеді. 
Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи 
карталардың  мазмұнын  басқа  да  дереккөздермен  тарта  отырып  талдауға 
бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек. 
Оқушылардың  жазбаша  жұмыстарды  орындауына  ерекше  назар  аудару 
ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б. 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек. 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  табысты  жүзеге  асыру,  белсенді 
оқыту,  командалық  оқыту,  пәндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту  және  т.б.  озық 
педагогикалық  әдістерді  қолдану    үшін  оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістерін 
қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру 
мүмкін  болады.  Халықаралық  қатынастар  тарихы  мен  Қазақстанның  сыртқы 
саясаты,  әлемдік  соғыстар  тарихы,  тарихтың  жеке  мәселелері,  мәдениет  т.б. 
тақырыптарын кіріктіруге болады.  
Тарих  пәндерін  кіріктіре  оқыту  жүйесін  қалыптастыру  оқыту  процесінің 
коммуникативтік  әлеуетін  анағұрлым ұлғайтады.  Мәселен,  әдебиет курстарын 
оқыту  барысында  оқушыларға  рухани  шығармашылық  процесінің  тарихи  
контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.  
 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz

http://
 
www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.  
Үй  жұмысы  сыныптағы  сабақтардан  кейін  мұғалімнің  тапсырмасы 
бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку 
процесінің  құрамдас  бөлігі.  Үйге  берілген  тапсырмаларды  оқушының  үнемі 
орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың 
бірі болып табылады. 
Үй  жұмысы  сынып  деңгейіне  және  тақырыптың  ауқымына  қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  
-
 
ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет