Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
195 
Оқушылардың  оқу-тәрбие  іс-әрекетін    тиімді  ұйымдастыру  үшін  10 
сынып-комплектісіне  1  жалақы  мөлшерінде    психологтің  психологиялық 
қызметі  құрылады,  егер  сынып-комплектісі  көбейсе  психологтің  жалақы 
мөлшерінің  саны  тиісті  жылға  қарастырылған  жалақы  қорына  байланысты 
көбейтіледі. 
Мектеп-интернат  өзінің  бейініне  сәйкес  жоғары  оқу  орындарымен  және 
басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 
Мектеп-интернат  ақылы  қосымша  білім  беру  қызметтерін  көрсетеді. 
Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын 
негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
196 
8 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ  
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Арнайы  мектеп,  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбие  жұмысы  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №499  Қаулысымен 
бекітілген  Арнайы  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  типтік  ережелерімен, 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  
4 шілдедегі № 258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға 
арналған  арнайы  білім  беру  ұйымдары  түрлерінің  қызметінің  Типтік 
ережелерімен,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014 
жылғы  25  ақпандағы  №  61  бұйрығымен  бекітілген  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушыларға  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарларымен, ал 1-сыныптарда ҚР БҒМ № 233 бұйрығымен реттеледі.  
Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму 
бұзылыстары түрлері бойынша сараланады: 

 
есту қабілеті бұзылған балалар үшін;  

 
көру қабілеті бұзылған балалар үшін; 

 
сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;  

 
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;  

 
психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты 
психикалық даму қарқыны бұзылған; 

 
зияты  бұзылған  балалар  үшін  (жеңіл  және  орташа  деңгейдегі  ақыл-ой 
кемістігі).  
Үлгілік оқу  жоспары  оқу  жүктемесін жалпы  білім  беретін  пәндер,  түзету 
курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында 
бөледі.  
Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу 
тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  және  психикалық  дамуы  тежелген  білім 
алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы 
білім  беретін  пәндердің  тізімі  және  олардың  негізгі  мазмұны  ҚР  МЖМС 
1.4.002-
2012  талаптарына  сәйкес.  Оқыту  білім  алушылардың  психофизикалық 
ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім 
беру  бағдарламаларын  да  және  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  да 
пайдалану арқылы іске асырылады.  
2014  жылы  бастауыш  білім  беру  деңгейінің  арнайы  білім  беру 
бағдарламалары  келесідей  бағыттарда  әзірленіп,  Академияның  сайтына 
орналастырылды (
www.nao.kz
): 
1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін; 
2)  есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,  кейіннен  естімей  қалған) 
оқушылар үшін; 
3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін; 
4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін; 
5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
197 
6) жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін; 
7) орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін. 
Оқу  процесінде  арнайы  оқулықтар  мен  ОӘК,  сонымен  қатар,  жалпы 
бағыттағы  мектептерге  арналған  оқулықтар  мен  ОӘК  пайдаланылады.                           
0  (дайындық)  және  10  сыныптар  есебінен  мектептегі  оқу  ұзақтығын  арттыру 
білім  алушылардың  даму  ауытқушылықтарымен  байланысты  оқу  процесінде 
бағдарламалық  материалды  игерудің  қиындығын  ескеру  қажеттілігімен, 
сондай-ақ,  оқу  процесінде  түзету-оңалту  іс-шараларына  арнайы  уақыт  бөлу 
қажеттілігімен байланысты.  
Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  Үлгілік  оқу  жоспарындағы 
бөлімдер  мен  оқу  пәндерінің  тізімі,  сонымен  қатар,  оқу  бағдарламалардың 
мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. 
Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды 
оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады. 
Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала 
отырып,  оқулық,  оқу  құралдарын,  дидактикалық,  түзету-дамытушылық 
материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген 
оқулықтар  мен  ОӘК  болмаған  жағдайда  РФ  әзірленген  және  шығарылған 
оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  оқытатын  білім  беру  ұйымдары  білім 
мазмұнының  ерекшелігін  және  білім  алушылардың  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі 
мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.  
Үлгілік  оқу  жоспарының  негізінде  білім  беру  ұйымы  әрбір  сынып  үшін 
олардың  мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып  Оқу  жұмыс 
жоспарын  құрады.  Үлгілік  оқу  жоспарының  15-20%  сағаты  оқушылардың 
ерекше  оқытуды  қажет  етуіне  сәйкес  қайта  бөлуге  болады  (үлгілік  оқу 
жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).  
Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе 
оларды  алмастыратын  тұлғалармен)  бірге  зерделенетін  пәндер  тізімін 
анықтайды,  сыныптар  бойынша  олардың  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  үйде 
оқытудың  Үлгілік  оқу  жоспарында  бөлінген  сағат  шегіндегі  пәндер  бойынша 
сағаттарды бөледі. 
Арнайы  мектептегі  және  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбиелік  процесс 
мектеп  штатындағы  мамандардың  (арнайы  психолог,  логопед,  арнайы 
педагогтар 
(тифлопедагог, 
сурдопедагог, 
олигофренопедагог, 
ЕДШ 
нұсқаушысы)  психологиялық-педагогикалық  қолдауымен  іске  асырылатын 
баланы зерделеудің психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне 
негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.  
Мамандардың  өзара  іс-әрекет  нысаны  мектептегі  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  консилиум  болып  табылады.  Психологиялық-
педагогикалық  көмек  көрсететін  мамандардың  жұмысы  мектеп  директорымен 
бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.  
Арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптардың  оқушылары  түзету-
педагогикалық  көмекті  Үлгілік  оқу  жоспарының  бөлімдеріне  сәйкес  бөлінген 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
198 
сағаттар  аясында  психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандары  өткізетін 
фронтальды,  топ  бөлігінде  және  жеке  сабақтарда  алады  (түзету  компоненті). 
Түзету  сабақтары  барлық  типтегі  арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптарда 
міндетті  болып  табылады.  Түзету  компонентінің  пәндерін  оқу  жоспарының 
инвариантты  компонентіндегі  пәндермен  алмастыруға,  сондай-ақ  осы  сағат 
сандарын қысқартуға болмайды.  
Арнайы  мектептердегі  жұмыс  алдын-алу  бойынша  қажетті  жағдайларды 
құратын,  бұзылған  қызметтердің  орнын  толтыратын  және  қажетті  денсаулық 
сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 
0-
4  сыныптарда,  ал  5-9,10  сыныптарда  мектеп  басшылығы  қарауымен 
ұйымдастырылады. 
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс 
кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке 
ерекшеліктерін,  денсаулығын,  мүмкіндіктерін,  сондай-ақ  еңбек  профилін 
таңдау  негізінде  тәрбиеленушілер  мен  олардың  ата-аналарының  мүдделерін 
ескере  отырып  өңірлік,  жергілікті  жағдайларға  негізделе  ұйымдастырылады. 
Типтік  оқу  бағдарламалар  даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  арналған 
еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы 
ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және  еңбектің  әрқилы  профилін  ескере  отырып 
құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.  
Кәсіби  еңбекке  үйрететін  сабақтар  5-сыныптан  басталады,  ақыл-ой 
кемістігі    бар  оқушылар  үшін  4-сыныптан  басталады,  ол  екі  топқа  бөлінеді. 
Еңбек  түрлеріне  қарай  топты  жиынтықтау  олардың  психофизикалық  жағдайы 
және  мүмкіндігіне  байланысты  дәрігердің  нұсқауымен  іске  асырылады.  Қатар 
және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. 
Сабақты  өткізу  барысында  әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  бойынша  сынып 
екі топқа бөлінеді.  
Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу  тілі 
күрделі  бұзылған,  психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  арналған  арнайы 
мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі 
құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған 
түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады. 
1.  Есту  қабілеті  бұзылған  (естімейтін)  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  толық  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 
сыныбына  түседі.  Арнайы  мектепке  дейінгі  дайындықтың  толық  курсынан 
өткен балалар 1 сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-7  сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім 
беретін  мектептің  бағдарламалары  мен  оқулықтары  бойынша  білім  алады, 
ондағы  материал  оқушылардың  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  ескере  отырып 
бейімделеді  және  қайта  бөледі.  5  сыныптан  бастап  қазақ  әдебиетін  зерделеу 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
199 
орыс  тілінде  жүргізіледі  (орыс  тілді  мектептер  үшін).  «Алгебра  және 
«Геометрия»  пәндерін  оқыту  8  сыныптан  бастап  іске  асырылады,  өйткені 
естімейтін  балаларға  арналған арнайы оқу  бағдарламасына  сәйкес  математика 
пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.  
Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:  
1)  «Заттық  –  тәжірибелік  оқыту»  (0-4  классы).  Міндеті  –  жоғары 
психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері 
бойынша  білімдерін  меңгеруге  арналған  база  ретінде  тұрмыстық  түсініктерді 
игеру; 
2)  «Түзету  ырғағы»  (0-4  сыныптар).  Міндеті  –  электроакустикалық 
аппараттарды  қолдану  арқылы  естіп  қабылдауын  қарқынды  дамыту 
жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту; 
3)  «Ым-ишараттық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  –  оқушының 
коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту 
есту-көру  негізінде  іске  асырылады,  оқыту  процесіндегі  ыммен  сөйлеу 
оқушыларға  бағдарламалық  материалды  сапалы  меңгеруге  көмектесетін 
көмекші құрал ретінде пайдаланылады; 
4)  «Ауызекі  және  тұрмыстық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  – 
еститін  адамдармен  қарым-қатынаста  қолданылатын  күнделікті  қатынас  сөз 
қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту
5)  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту 
және  (ДАҚ  және  ЕҚД).  Сабақтарда  ауызша  сөйлеу  тілі  қалыптасады  және 
қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.  
0  мен  4-сыныпқа  дейін  ДАҚ  және  ЕҚД  сабақтары  бір  сыныпқа  апталық 
жүктемемен  18  сағат  көлемінде  жүргізіледі.  5-6-сыныптарда  жеке  сабақтарға 
бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда 
сөйлеу  дыбыстарын  қою  және  машықтандыру  аяқталады  деп  болжамдалады 
және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын 
дамыту  және  сөйлеуде  өзін-өзі  бақылау  дағдысын  қалыптастыру  жұмысы 
жалғасады,  сөйлеуде  жұппен  жұмыс  жасау  және  әдіби  мәтіндерді  естіп 
қабылдау  жұмысы  басталады.  7-9-сыныптарда  ДАҚ  және  ЕҚД  бойынша 
сабақтар  аптасына  4  сағаттан  (жұппен),  10-сыныпта  2  сағаттан  жүргізіледі. 
Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару 
жағын  түзеу,  диалогиялық  сөйлеумен  жұмыс  жасау  жалғасады.  Түзету 
циклінінің  сабақтары  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.  
Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын  табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік 
бар.  
2.  Есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,кейіннен  естімей  қалған) 
оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
200 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 
сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-4-сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар 
жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім 
алады,  ондағы  материал  оқушылардың  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және 
негізгі  мектепте  оқыту  мерзімінің  артуын  ескере  отырып  бейімделеді  және 
қайта бөледі.  
Қалыптастырудың  есту-көру  негізін  жасауға  және  оқушылардың  ауызша 
сөйлеу  тілін  жетілдіруге  мүмкіндік  туғызатын  есту  қабілетін  дамытуға, 
дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.  
Оқу  жоспарына  түзету  курстары  қосылған:  «Дыбыстардың  айтылуын 
қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» 
(0-7-
сыныптар),  «Айналамен  таныстыру»  (0-2-сыныптар).  Түзету  циклінінің 
сабақтары  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші  жартысында  топпен, 
топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.  
Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын  табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік 
бар. 
3.  Көру  қабілеті  бұзылған  (көрмейтін,  нашар  көретін,  кейіннен  көрмей 
қалған)  оқушыларды  арнайы  мектепте  (сыныптарда)  оқытудың 
ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім – 11-12-сыныптар. 
Орта  білім  алу  мерзімінің  ұзартылуы  төмендегі  себептерге:  көрмейтін 
және  нашар  көретін  оқушылардың  танымдық  қызметінің  ерекшелігіне;  оқу 
қарқынының  баяулығы  және  жалпы  білім  беру  пәндеріне  елестету 
олқылықтарын  толтыру  мен  оқушылардың  қоршаған  орта  туралы  білімдеріне 
мүмкіндік  беретін  пропедевтикалық  бөлімдерді  қосу  қажеттілігіне; 
көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру 
арқылы  ақпарат  алуды  пайдалану);  Брайль  жүйесі  бойынша  жазу  мен  оқуға 
үйретудің  ерекшеліктеріне;  рельефті  суреттер  және  сызбаларды  оқуға; 
тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар 
жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану 
қажеттілігіне байланысты.  
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 
дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың 
функционалдық  сауаттылық  негізі  және  негізгі  жалпы  білім  берудің  кезекті 
бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу 
еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
201 
Екінші  сатыдағы  оқыту  6  жыл  ағымында  іске  асырылады.  Осыған 
байланысты  сынып  оқушыларының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  пән 
мұғалімдерімен  іске  асырылатын  әр  оқу  пәнінің  аясында  жылдық  оқыту 
бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.  
11-12-
сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық  және  жаратылыстану–математикалық  бағыттар  жүзеге 
асырылады.  
Бір  немесе  екі  бағыттағы  таңдау  оқушылардың  қажеттілігін  және  ата-
аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері 
бойынша,  қалдық  көруін  және  көріп  қабылдауын  сақтау  мен  дамыту; 
әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістікте  бағдарлау;  мимика  және 
пантомимиканы  дамыту;  сөйлеу  тілі  дамуының  кемшіліктерін  түзету 
(логопедпен  сабақтар);  емдік  дене  тәрбиесі  және  түзету  ырғағы  бойынша 
арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.  
Факультативтік  сабақтардың  сағаттары  жалпы  білім  беру  циклінің 
пәндерін  оқытуда,  жаңа  пәндерді,  қосымша  білім  беру  модульдерін,  арнайы 
курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, 
жеке  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  қолданылуы  мүмкін.  Көру 
қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы 
білім  беретін  оқулықтар  бойынша,  ал  нашар  көретін  оқушыларды  ірі 
шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.  
4.  Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім  – 11-12-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін  әрі 
қарай  бастауыш  мектепте оқытуға  дайындық  және  психикалық даму  деңгейін 
анықтау  мақсатында  пропедевтикалық-диагностикалық  дайындық  сыныбы 
ұйымдастырылады.  
1-4-
сыныптарда  жалпы  тапсырмалар  мен  кешенді  түзету  тапсырмалары 
шешіледі  (балалардың  барлық  қозғалыс  сферасын,  сөйлеу  тілін,  танымдық 
қызметін  қалыптастыру).  Бірінші  сыныпта  жазу  қимылының  дағдысын 
қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.  
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен 
қамтамасыз  етіледі.  Математиканы  зерделеу  барысында  ойлауын  дамыту 
ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.  
Бейімдік 
дене 
тәрбиесі 
сабақтарында 
бағалау 
нормативтері 
қалыптастырылмайды.  
5-10-
сыныптарда  балаларда  әлеуметтік-еңбекке  бейімдеуді  қамтамасыз 
ететін  қимыл-қозғалыс,  ойлау,  сөйлеу  дағдылары  мен  ептілігін  дамыту 
бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
202 
11-12-
сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық  және  жаратылыстану–математикалық  бағыттар  жүзеге 
асырылады.  Бір немесе  екі  бағыттағы таңдау  оқушылардың  қажеттілігін және 
ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушылар  топ  бөлігінде  және  жеке 
сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады: 
1)  емдік  дене  тәрбиесі  (ЕДШ)  сабақтары  2-3  адамнан  тұратын  топпен 
немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші 
жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін; 
2)  тіл  дамуының  кемшіліктерін  дамыту  бойынша  сабақтарды  ұқсас  тіл 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жеке  немесе  топтық  түрде  аптасына  2-3  рет 
логопед  жүргізеді.  Сабақтар  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында жүргізілуі мүмкін; 
3)  танымдық  қызметті  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша  түзету 
сабақтарында  бағдарламалық  материалды  игеруге,  қоршаған  орта  туралы 
білімін  кеңейтуге,  кеңістіктік  және  уақыттық  ұғымдарын  қалыптастыруға, 
графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға 
және  оқу  материалын  игеруге,  бұзылған  психикалық  қызметтерді  түзетуге, 
күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындықты  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың 
ұзақтығы – 20-25 минут.  
Түзету  сабақтары  күнделікті  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 
қайталамауы  қажет.  Бастауыш  сыныптарда  сабақтың  бір  бөлігі  ойын 
формасында өткізу мақсатты.  
Топтар  (3-4  адамнан)  оқушылардың  сөйлеу  тілінің,  қимыл-қозғалысының 
және  өзге  де  даму  бұзылыстарының  біртектілігі  мен  айқындығын  ескере 
отырып жинақталады.  
Білім  алуышының  топта  болу  ұзақтығы  арнайы  қиындықтарды  түзету 
дәрежесімен  және  тапсымаларды  сыныппен  бірге  орындау  дайындығымен 
анықталады.  Топ  құрамы  ширақ  болуы  тиіс.  Бір  оқушы  бір  жылда  әртүрлі 
топтардың  құрамында  болуы  мүмкін.  Факультативтік  сабақтарды  анықтау 
барысында  оқушылардың  әлеуметтенуі  және  олардың  даму  кемшіліктерінің 
алдын-алатын,  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруге  ықпал 
ететін курстарды таңдау қажет.  
5.  Сөйлеу  күрделі  бұзылыстары  бар  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқыудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
 
бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балалар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. 
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:  

 
ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 
ринолалия,  афазия),  сонымен  қатар  тұтықпамен  қатар  жүретін  жалпы  сөйлеу 
тілі дамымаған балалар; 

 
сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет