Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
211
қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың
ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы
көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің
ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға
толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен
таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім
беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің ұстанымын «ерекше
балаларға» өзгерту болып табылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердегі тәрбие процесі
дені сау балалар мен олардың өз балалары мен ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балаларды бірге оқыту тәжірибесіне жағымды қарым-
қатынас танытпайтын ата-аналарының психологиялық дайын болмауының
алдын-алуға арналған тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады.
Сондай-ақ тәрбие, мәдени-іс-шараларды, спорттық-сауықтырушы және
басқа да бос уақыттағы іс-шараларды жүргізуде барлық ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балалардың, оның ішінде даму бұзылысының айқындық
дәрежесіне байланыссыз мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуын
қамтамасыз ету ұсынылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
2016-
2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі
бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және
ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі
балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015
көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға
бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру
мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін
деңгейге жетеді.
Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және
олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың
жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру,
есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере
отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда
бағалануы керек:
−
арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру
бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс
баспалы шрифтпен жазу мен оқу;
−
білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша
коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу;
математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың
өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;
−
әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай
алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
212
заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің
болатынын және болмайтынын түсіну.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар
түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында
бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
Білім беру ресурстары мен технологиялары
Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-
әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар
әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық
және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша
қолжетімді
http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22
:
1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.
2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу
бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін
талдау.
3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.
4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік
және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.
5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу
үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.
6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен
енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.
7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби
құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік
ұсынымдар.
8
. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға
интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
213
10
КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кешкі (ауысымды) мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі
бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер
бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай –
қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде
білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында
20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке
оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі
мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырыуы мүмкін.
Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде
жүзеге асырылады.
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша –
34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.
Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау жарты
жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі
оқу нысаны бойынша қазақ тілдінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін,
қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және
информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.
Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын
қысқарта отырып оқыту қарастырыған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі
сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге
асырылады.
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау
жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.
Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:
«Тіл және әдебиет» білім саласы
Жазба жұмыстары пән бойынша:
«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша тоқсанына бір рет жүргізіледі,
оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы.
Қазақ және орыс тілдері бойынша мазмұндама – жылына 2 рет.
Қазақ және орыс тілдері бойынша шығарма – жылына 2 рет.
Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет.
Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 3 рет.
Шет тілі бойынша тест жұмысы – жылына 4 рет.
«Математика және информатика» білім саласы
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
214
«Алгебра», «Геометрия», «Физика» пәндері бойынша бақылау
жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау
жұмысы.
«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 10
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 8
«Информатика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары – әр сыныпта
жылына 4 рет.
«Жаратылыстану» білім саласы
«Химия» пәні бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет
жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.
«География» және «Биология» пәндері бойынша бақылау жұмыстары –
жылына 2 рет (тест түрінде).
«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 8
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 2
9 сынып – жылына 2
10 сынып – жылына 2
11 сынып – жылына 2
«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:
8 сынып – жылына 4
9 сынып – жылына 4
10 сынып – жылына 4
11 сынып – жылына 4
Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуемттік жағдайы төмен кәмілеттік
жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға
ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы,
негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық (девиантты)
тәртібін түзетуге бағытталған.
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
215
негізгі міндеті – түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде оқи
алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген
ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты
келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және
бейімдеу болып табылады.
Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі –«проблемалық (қиын)»: нашар
оқитын және тәрбиелеуге қиын балалармен жұмыс. Олар жұмысқа
қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен
ерекшеленеді.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
-
Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие.
-
Рухани – адамгершілік тәрбиесі.
-
Салуатты өмір салты;
-
Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім тәрбиесi;
-
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
-
Кәмелетке толмағандар арасында экстремизмнің және лаңкестік алдын
алу;
-
Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, токсикомания,
маскүнемдiктiң, темекі тартудың алдын алу;
-
жасөспiрiм қыздың тәрбиесi;
-
оқушыларға кәсiби бағдар беру;
-
ата-аналармен әлеуметтiк әрiптестiк.
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің
ерекшеліктеріне сай оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды тиімді
ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:
№
№
Бақылау нысанасы
Нормасы
1
1
Сабақтарға және сыныптан тыс іс-
шараларға қатысу және оларды
талдау
Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат
(директордың орынбасарлары үшін);
2 аптада 1 сабақ, жылына 17 сағат
(мектеп директорлары үшін).
22
Сынып журналдарын тексеру
Тоқсанына 1 рет
33
Пәндер
бойынша
оқу
бағдарламалары-ның орындалуын
тексеру
Тоқсанына 1 рет
44
Оқушылардың
жеке
іс
құжаттарын тексеру
Жылына 2 рет
55
Пәндер бойынша тақырыптық
және күнтізбелік жоспарларды
тексеру
Жылына 2 рет
6
6
Алфавиттік кітапты тексеру
Жылына 2 рет
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
216
Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер
кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның
ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын
жүргізе алады.
Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде
ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі
белгілейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша
бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен
аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан
өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік
кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық
қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы
білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
217
11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
БАСТАУЫШ
МЕКТЕПТІҢ
ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫН
АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Қ
азақстан Республикасындағы Білім беру мен ғылымды дамытудың
2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен
«НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне
жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2016-
2017 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарында
ҚР МЖМБС-2015, білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу
жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент
режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасуда.
Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңарған оқу
бағдарламалары мен жоспарларын енгізу процесі барысында «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015
жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, ҚР Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш
мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу және енгізу туралы
ережені» және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30
пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру
кеңесін құру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3
сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.
2-
сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына
қол жеткізуіне бағдарланған және білімнің белгілі бір көлемін алуды, сондай-ақ
оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын
дамытуда қолдануды білдіреді.
Білім мазмұнын жобалау күрделендіру принципі бойынша 2-сыныптағы
пәннің мазмұны оқушылардың білімі мен білігін сыныптар және тақырыптар
бойынша біртіндеп кеңейтуге, қарапайымнан күрделіге көшуге мүмкіндік
береді.
Бұл орайда, барлық бағдарламалар оқушыларға «қазақстандық патриотизм
және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.
Пилоттық
мектептердің
2-сыныптарында
«Математика»,
«Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану»
(қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі (Т2)», «Орыс
тілі (Я2)», «Ағылшын тілі», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін
оқыту жалғасуда.
Екінші сыныпта, «Бейнелеу өнері» және "Еңбекке баулу" пәндерін
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
218
қамтитын, кіріктірілген "Көркем еңбек" пәнін оқыту басталады. Бұл пилоттық
мектептердің оқушылары жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларымен
тең болу үшін жасалынған . Өйткені 1-сыныпта осы пәндер сараланып
оқытылған.
Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:
1)
Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес
мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту. 2- сыныпта
тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым,
оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсілді
күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік
қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік
дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық
режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің
жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;
2)
«Орыс тілі және әдебиеті» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту сөйлеу
қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым)
меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға;
сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге;
оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде
оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі
жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.
39-
кесте. 2-4 сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жұмыс
түрлері
2-
сынып
3-
сынып
4-
сынып
1-
жарты-
жылдық
2-
жарты-
жылдық
1-
жарты-
жылдық
2-
жарты-
жылдық
1-
жарты-
жылдық
2-
жарты-
жылдық
Сөздік
диктант
3-
5 сөз
5-
7 сөз
7-
9 сөз
9-
12 сөз
10-
12 сөз
12-
15 сөз
Бақылау
диктант
30-35
35-40
45-50
60-65
65-70
70-80
Бақылау
көшіру
30-35
35-40
45-50
60-65
65-70
70-80
Оқытатын
мазмұндама
35-40
40-45
50-55
65-70
75-80
85-95
Оқытатын
шығарма
30-35
35-40
50-55
65-70
75-85
90-100
Оқу шапшаңдығы (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсіну және мәнерлілігімен
байланыста болатынын және осыдан оқудың толыққанды дағдысы
қалыптасатынын есте сақтау қажет.
40-
кесте. Бастауыш буын үшін оқу дағдысы қалыптасуының бағдарлы
нормалары
Міндетті деңгей
Мүмкін деңгей
сынып
1-
жартыжылдық
2-
жартыжылдық
1-
жартыжылдық
2-
жарты-
жылдық
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
219
1
сынып
20 –
25 сөз және
белгі (1 және одан
артық әріптен
тұратын)*
30 -
35 сөз және
белгі
30 -
35 сөз (1 және
одан артық әріптен
тұратын)*
40 -
50 сөз және
белгі
2
сынып
45 –
50 сөз және
белгі
55 –
60 сөз және
белгі
55 –
60 сөз және
белгі
65 –
70 сөз
және белгі
3
сынып
65 –
70 сөз және
белгі
75 – 80
сөз және
белгі
75 –
80 сөз және
белгі
85 –
90 сөз
және белгі
4
сынып
85 –
90 сөз және
белгі
95 -
100 сөз және
белгі
95 -
105 сөз және
белгі
110 –
120 сөз
және белгі
Сондай-ақ, оқушының оқу жылдамдығы бағаланбайды, тек оқу дағдысы
қалыптасуының алгоритмын құру үшін өлшемі болып табылатынын есте
сақтауы маңызды.
Оқытудың көлемді мақсаттары сабақта ішінара қолданылуы мүмкін.
Оқыту мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу қызметінің алуан түрлері
бойынша қиылысады.
3)
«Жаратылыстану» оқу пәні оқушылардың қарапайым ғылыми білім
деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған.
Жаратылыстану сабақтарында білім беру процесі оқушылардың табиғи
қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия»
оқу пәндерін өздігімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың
келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын
зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.
4)
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе
курс бола отырып, 2-сыныпта Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік,
моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін
көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта
туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
5) «
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын
дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік
біліктер мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін
меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін
дамытуға бағытталуы тиіс.
6)
«Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде оқушылардың
музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық
білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін
меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған.
7)
«Көркем еңбек» жаңа оқу пәні «Технология және өнер» білім беру
саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас
бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары
негізінде іске асырылатын кіріктірілген курс болып табылады. Пән түрлі
шығармашылық қызметтегі кеңістік және көру елесін, қиялын және
аңғарымпаздығын қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және
|