Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,43 Mb.
#206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
36 
негіздерін  анықтайды.  Көрсетілген  ұсыныстар  бағалау  тәртібінің  сапасын, 
олардың  белгіленген  стандарттарға  және  әрбір  оқушыны  оқыту  сұранысына 
сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді.  
Критериалды  бағалауды  енгізу  бойынша  аймақтық  және  мектептің 
үйлестірушілері  үшін  нұсқаулық  педагогикалық  өлшемдер  саласында  білім 
беру саясатын дамытудың көрінісі, мектеп, облыс және аймақ деңгейінде оны 
іске асыру бойынша негізгі қағидалары мен тәсілдерін көрсететін құжат болып 
табылады.  Нұсқаулықта  бағалау  процесін  ұйымдастыру  бойынша  қызметтің 
өзекті  бағыттары  және  үйлестірушілер  үшін  көмекке  практикалық  ұсыныстар 
берілген.  
Әр  қалалық/аудандық  білім  басқармалары/бөлімінде  және  мектепте 
критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  процесін  үйлестіретін  жауапты  адамдар 
тағайындалатын  болады.  Аймақтық  үйлестірушілер  аудандық/қалалық  білім 
бөлімдері  әдіскерлерінің,  мектептің  үйлестірушілерң  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  директорлары  орынбасарларының  қатарынан  анықталады. 
Үйлестірушілердің  басты  ролі  бағалау  жүйесінің  сапасын  жалпы  басқару, 
мектептерге  формативті  және  жиынтық  бағалауға  байланысты  процестер  мен 
тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдауды қамтамасыз 
етуден тұрады.   
Формативті 
бағалауға 
арналған 
тапсырмалар 
жинағы 
оқу 
бағдарламасының  барлық  мақсаттары  бойынша  формативті  бағалау  жүргізуге 
арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.  
Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен 
мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделуі мүмкін. 
Жиынтық  бағалау  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  бөлімдер/ортақ 
тақырыптар  және  тоқсандар  үшін  жиынтық  бағалауды  ұйымдастыру  мен 
өткізудің  тәсілдерін  көрсетеді.  Құжат  бөлімдер/ортақ  тақырыпты  жиынтық 
бағалауға  арналған  тапсырмалар  әзірлемелері  бойынша  ұсыныстардан;  /ортақ 
тақырыпты  дескрипторлармен  және  баллдармен  жинақтап  бағалауға  арналған 
тапсырмалар  үлгілерінен;  тапсырмалар  әзірлеуге  және  рәсімді  өткізуге 
арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл 
қоюдың  тоқсандық  жиынтық  бағалауға  арналған  тапсырмалар  үлгілерінен 
тұрады.  
 
Критериалды бағалаудың құрылымы 
Білім  алушының  оқу  жылындағы  үлгерімі  және  оқудағы  жетістіктері 
туралы  деректерді  жинау  үшін  бағалаудың  екі  түрі:  формативті  бағалау  және 
жиынтық бағалау іске асырылады. Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ 
тақырыпты,  тоқсанды  және  орта  білім  деңгейін  жиынтық  бағалау  рәсімінен 
тұрады. 
 
 
  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
37 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1- 
сурет  – Критериалды бағалаудың құрылымы 
 
Бағалау  тәсілдері  пәннің  мазмұнына  және  критериалды  бағалау  түріне 
байланысты ерекшеленуі мүмкін.  
Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады 
және  мұғаліммен  тоқсан  бойы  үнемі  жүргізіліп  отырады.  Формативті  бағалау 
балл  және  баға  қойылмастан,  білім  алушылар  мен  мұғалім  арасында  үздіксіз 
байланысты  қамтамасыз  етеді.  Формативті  бағалауда  білім  алушы  қателесу 
және  оны  түзетуге  болады.  Бұл  білім  алушының  мүмкіндігін  анықтау, 
қиындықтарды  айқындау,  анағұрлым  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізу,  оқу 
процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді. 
Формативті  бағалау  оқудағы  жетістіктердің  өсуіне  және  дамуына  тікелей 
ықпал  ететін  және  мұғалім  мен  білім  алушылар  арасында  кері  байланысты 
қамтамасыз ететін процесс. 
Формативті  бағалау  оқытудың  ажырамас  бөлігі  болуы  тиіс,  ол  қосымша 
жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен 
оқу  бағдарламасының  әрбір  бөлімі  бойынша  күтілетін  нәтижелер  формативті 
Критериалды бағалау  
Формативті бағалау  – мұғаліммен 
үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл 
қоюсыз оқу үдерісін уақытында 
түзетуге мүмкіндік береді және 
мұғалім мен оқушы арасындағы кері 
байланысты қамтамасыз етеді. 
Сумативті бағалау - оқу 
бағдарламаларының өтпелі 
тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан 
кейін өткізіледі, белгілі бір оқу 
кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу 
жылы, деңгейі орта білім беру) 
қойылған балл және бағалау  
Өтпелі тақырып/бөлім 
үшін сумативті бағалау 
 
Әр тоқсанда 2-3 рет 
мұғаліммен жүргізіледі 
Тоқсан үшін сумативті 
бағалау 
 
Әр тоқсанның аяқталуы 
бойынша мұғаліммен 
жүргізіледі 
Білім бері деңгейі үшін 
сумативті бағалау  
 
Бастауыш, негізгі және 
жоғары мектептерден соң 
(ҰТО) сыртқы ұйыммен 
жүргізіледі 
Әр тоқсанның қорытындсы бойынша 
баға 
Оқу жылының қорытындсы 
бойынша баға 
 
Аттестақа кіретін 
қорытынды баға 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
38 
бағалау практикасының мазмұнын анықтайды.   
Мұғалім  формативті  бағалау  процесінде  оқу  бағдарламасының  барлық 
оқыту  мақсаттарын  қамтуы  қажет.  Мұғалімге  көмекке  оқыту  мақсаттары 
бойынша  бағалау  критерилерінен,  дескрипторларымен  тапсырмалар 
үлгілерінен  тұратын  формативті  бағалауға  арналған  тапсырмалар  жинағы 
дайындалды.   
Мұғалім  білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктері  және  оқыту  мәнмәтінін 
ескере  отырып  тапсырмаларды  дайындайды  немесе  таңдайды.  Әрбір 
тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы 
болатындай  тапсырмалардың  дескрипторлары  анық  және  нақты  болуы  тиіс. 
Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде 
қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға 
сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді.     
Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-
аналарға  білім  алушылардың  оқу  бағдарламаларының  3-4-тоқсандардағы 
бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған 
жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі (3-кесте). 
 
3-
кесте    –  1-сынып,  бастауыш  білім  беру  оқу  бағдарламасына  сәйкес 
суммативті бағалаудың ресімдеу саны   
 
Пәндер  
Суммативті бағалаудың рәсәмделуі  
І 
тоқса
ндағы 
СБ 
саны 
І  
үші
н. 
СБ 
ІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІ  
үші
н. 
СБ 
ІІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІІ  
үші
н. 
СБ 
ІV 
тоқсанда
ғы СБ 
саны 
ІV  
үшін. 
СБ 
1. 
Обучение грамоте 


-
 

2* 
10 

ап
та
 
2* 
 
2. 
Сауаташу 


2* 
2* 
3. 
Қазақ тілі (Т2) 


2* 
2* 
4. 
Орыс тілі (Т2) 


2* 
2* 
5. 
Ағылшын тілі 


2* 
2* 

Математика 




7. 
Жаратылыстану 





Дүниетану 




9. 
Көркем еңбек 




10. 
Музыка 




11. 
Дене шынықтыру 




* –
Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою 
 
Белгілеу процесінде білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес білімі 
мен дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау іске асырылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
39 
Мұғалім  жиынтық  бағалау  нәтижелері  бойынша  балл/деңгей/бағалар 
туралы  шешімді  бағалау  критериіне  сәйкес  қабылдайды.  Бұл  жағдайда  балл 
қою дескрипторлары мен сызбалары әр білім алушыға қатысты шынайы шешім 
қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Формативті  бағалаудан,  алынған  ақпарат  оқыту 
процесін жоспарлау, түзету және талдау жасау үшін қолданылуы мүмкін.   
Мұғалімге  бөлім/ортақ  тақырыптар  үшін  жиынтық  бағалаудың 
нәтижелеріне  талдау  жүргізу  ұсынылады.  Бұл  талдау  білім  алушылардың 
оқудағы жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  
Тапсырмалар  әртүрлі  болуы  мүмкін:  диктанттар,  мазмұндама,  эссе, 
тесттер, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. 
Паралел  сыныптар  үшін  тоқсандық  жиынтық  бағалау  бірдей  жағдайда 
өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіріп жазу) жол 
берілмейді. 
Тоқсандық  жиынтық  бағалау  жүргізілген  уақытта  дәлелді  себептермен 
(ауру,  жақын  туысқанының  қазасы,  конференция,  олимпиада,  ғылыми  және 
спорттық  жарыстарға  қатысу  және  т.б.)  болмаған  білім  алушыға  мектепке 
келген  күннен  екі  апта  аралығында  оны  өтуіне  рұқсат  етіледі,  бұл  кезде 
жиынтық бағалау тапсырмаларының қосымша нұсқалары қолданылады.  
 
Баға қою механизмі 
Бөлім/ортақ 
тақырыптар 
мен 
тоқсандық 
жиынтық 
бағалау 
қорытындыларының  нәтижелерін  тіркеу  электрондық  журналға  белгіленеді. 
Баллдар  мен  бағаларды  есептеу  электрондық  журналда  автоматты  түрде  іске 
асады.  
Бастауыш сыныптарда тоқсандық бағаларды қою: 
1 сыныпта 1 жарты жылдықта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық 
бағалар тек 3-4-тоқсандарда қойылады.  
Тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар  мен  тоқсандық  жиынтық 
бағалау нәтижелерінен жиналады. 
Тоқсандық  бағаларды  қоюда  бөлім/ортақ  тақырыптар  мен  тоқсандық 
жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық қатынаста қолданылады. 
Тоқсандық  бағаларды  қоюда  бөлім/ортақ  тақырыптар  мен  тоқсандық 
жиынтық  бағалаумен  байланысы  пән  бойынша  оқу  бағдарламасына  сәйкес 
меңгерілген  оқу  материалының  көлемі  мен  бөлім/ортақ  тақырыптардың 
жиынтық бағалауы санына байланысты анықталады.  
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарда барлық рәсімдердің 
саны  мен  байланысы  көрсетілген.  Бұл  кезде  бөлім/ортақ  тақырыптарды 
жиынтық  бағалау  рәсіміне  50%,  тоқсандық  жиынтық  бағалауға  –  тоқсандық 
бағаның жалпы жиынтығының 50% бөлінеді. 
Журнал жүргізу 
Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары 
білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылады.  
Дәстүрлі  қағаз  журналда  мұғалім  оқушылардың  сабаққа  қатысуын 
белгілейді және пәннің тақырыпшасын жазады. 
Бастауыш  мектептің  1  сыныбына  арналған  оқу  пәндері  мазмұнының 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
40 
әдістемелік ерекшеліктері: 
1-
сыныпта  ҚР  МЖМБС-2015  сәйкес  дайындалған  үлгілік  оқу 
жоспарларында  «Тіл  және  әдебиет»,  «Математика  және  информатика», 
«Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам»,  «Технология  және  өнер»,  «Дене 
шынықтыру» білім беру салалары бойынша оқу пәндерін оқыту енгізілген. 
«Тіл  және  әдебиет»  білім  беру  саласы  «Сауат  ашу»,  «Қазақ  тілі  (Т2)», 
«Орыс тілі (Т2)», «Ағылшын тілі» пәндерін қамтиды. 
 
Сауат ашу 
«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы оқушыларда сөйлесім әрекетінің төрт 
түрін  дамыту  қажеттілігімен  анықталады  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және 
жазылым). Пәнді оқытуда оқылым және жазылым дағдыларын дамыту жұмысы 
кіріктіріле жүргізіледі.  
Сауат  ашу  процесінде  үш  кезеңді  көрсетуге  болады:  әлiппеге  дейiнгi, 
әліппе,  әліппеден  кейінгі.  Сауат  ашудың  әліппе  кезеңі  бірінші  тоқсанда 
басталып,  үшінші  тоқсанда  аяқталады.  Әліппеден  кейінгі  кезең  4-тоқсаннан 
басталады. 
Дыбыс  және  әріппен  таныстыруға  бөлінетін  сағат  санын  білім 
алушылардың  оқу  материалын,  оқыту  мақсаттарын  меңгеру  мен  әр  кезеңнің 
тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.  
Оқу  жылының  соңында  оқу  жылдамдығының  нормасы:  минутына  25  сөз 
және белгі;  бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді. 
1-
сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы 
Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді 
(3-
5  сөз),  сөйлемдерді  (2-3  сөзден  тұратын)  жазу;  баспа  әріптермен  берілген 
мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.  
Екінші  жартыжылдықтың  соңында:  1)  күрделі,  айтылуы  мен  жазылуы 
әртүрлі  сөздерді,  құрамында    дауыстылар,  ұяң,  үнді  және  қатаң  дауыссыздар, 
йотты  дауыстылар  кездесетін  сөздерді  тыңдау  арқылы  жазу  (8-10  сөз);  
2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) 
тыңдау  арқылы  жазу;  3)  сұрақтарға  жауап  жазу  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  
жеткізу  (15-20  сөз  және  белгі);  белгілі  бір  тақырыпқа  сөйлемдер  құрастыру 
және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.  
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, 
оқу жылына 198 сағатты құрайды.  
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес сыныптар үшін) 
 
«Қазақ тілі» пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым 
әрекеттері  арқылы  ұйымдастырылады.  Оқу  процесінде  жүйелі  жүргізілетін 
сөздік  жұмысы,  әңгіме  оқу,  мәтінмен  жұмыс  жасау,  өлеңдер  жаттау, 
жағдаяттық  тапсырмалар  орындау,  постерлермен  жұмыс  істеу,  сахналық 
қойылым дайындау белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік 
қоры  жетілдіріледі.  Бастауыш  сыныптардағы  қазақ  тілі  пәнін  оқытуда 
оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  қоршаған  ортаны  қабылдауға  қатысты 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
41 
психологиялық жай-күйі ескеріледі. 
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік 
дағдыларына  қойылатын  талаптар  «Шет  тілін  меңгерудің  жалпы  еуропалық 
құзыреті»  (CEFR)  деңгейлерін  (А1,  А2)  негізге  алып  айқындалған  және  әр 
деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген. 
Пәннің  маңыздылығы  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесімен  және 
ойды  түсінікті  жеткізуді  мақсат  тұтатын  коммуникативтік  бағытымен 
дәйектеледі.  Өзге  тілде  білім  алатын  бастауыш  сынып  оқушысын  қазақ  тілін 
сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді 
көздейді. Қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, 
ұлттық,  т.б.  ерекшеліктерін  ескере  келе,  тілді  үйретудің  тиімді  әдіснамасын 
жетілдірудің жолын айқындады. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің 
тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа 
бағыттары белгіленді. 
1-4-
сыныптарда  қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі: 
1) 1-2-
сыныптардағы қарапайым деңгей - А1  2 игерімді қамтиды: 
бастапқы жеңіл  игерім  А1 – 1-сынып;  
бастапқы орта  игерім А1.1 – 2-сынып. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 
66 сағатты құрайды. 
 
Орыс тілі (оқыту орыс тілді емес сыныптар үшін) 
Особенностью  в  обучении первому,  второму  и  третьему  языкам  является 
введение  единого  речетематического  режима,  позволяющего  расширить  
словарный  запас,  отрабатывать  коммуникативные  навыки  в  рамках 
интегрированной речевой тематики.
   
По окончании начальной школы ученики 
должны владеть языком на элементарном уровне А1, А2 (начальный уровень) 
согласно  системе  уровней  «Общеевропейской  рамки  владения  языками» 
(CEFR).  Важность  предмета  «Русский  язык»  в  образовательной  программе 
определена статусом русского языка как средства межнационального общения 
в  Республике  Казахстан,  его  значимостью  в  создании  полиязычного 
пространства. 
Система  целей обучения определяет  содержание предметов    и  выстроена 
из пяти разделов: «Слушание», «Говорение», «Чтение», «Письмо», «Языковые 
нормы». 
Объем  учебной  нагрузки  по  предмету  составляет  2  часа  в  неделю,  в 
учебном году 66 часов.  
 
Ағылшын тілі 
«Ағылшын  тілі»  пәні  оқушыда  өз  халқының  мәдениеттері  мен  рухани 
құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік 
мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.  
Шет  тілін  оқытудағы  бастауыш  білім  деңгейі  қарапайым  деңгейді 
меңгеруге  бағдарланған  және  тілді  меңгерудің  Жалпыеуропалық 
құзыреттіліктеріне  (CEFR)  сәйкес  А1 қатысты  болады  (түрткілеу  деңгейі - 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
42 
Breakthrough).  
Табиғи  тілдік  орта  болмаған  жағдайда  ағылшын  тілін  меңгеруді  табиғи 
жағдайларға  жақындату  мақсатында  келесі  дидактикалық  қағидаларды 
басшылыққа  алу  маңызды:  оқу  материалын  азайту,  коммуникативтік  және 
функционалдық,  кешендік,  тәрбиелеп  оқыту,  белсенділік,  көрнекілік, 
материалды  жағдаятты-тақырыптық  ұйымдастыру,  жүйелілік  және  бірізділік, 
меңгерудегі  орнықтылық,  қолжетімділік  (шамаға  лайықтылық,  дараландыру 
және сараландыру. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 
66 сағатты құрайды. 
 
«Математика  және  информатика»  білім  беру  саласы  «Математика» 
пәнін қамтиды. 
 
Математика  
Математика  пәні  бастауыш  білім  деңгейінде  «Математика»  білім 
саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар 
және  нөл  санының  арифметикасы,  негізгі  шамалар,  алгебра  мен  геометрия 
элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.  
1-
сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды 
қосу  мен  азайту  арифметикалық  амалдарымен;  «ондық»,  «жүз»  сандарымен 
таныстыру  басталады;  2-сыныпта  қарастырылатын  100-ге  дейінгі  сандарды 
игеруге дайындық жүргізіледі.  
 
3-
кесте  –  1-сыныпта  «Математика»  пәні  бойынша  жүргізілетін  бақылау 
жұмыстарының түрлері және саны 
Сынып  
Жұмыс түрлері 
1  
тоқсан 

тоқсан 
3  
тоқсан 

 
тоқсан 
1 сынып 
Бақылау жұмысы 




Өзіндік жұмыс 




Барлығы  




 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 
132 сағатты құрайды. 
 
«Жаратылыстану» білім беру саласы «Жаратылыстану» пәнін қамтиды. 
 
Жаратылыстану 
«Жаратылыстану»  оқу  пәні  «Адам  –  Табиғат»  жүйесі  шеңберінде 
қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» 
және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы 
кіріспе  курс  болып  табылады,  сондай-ақ  білімнің  кез  келген  саласы  үшін 
маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
43 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 
33 сағатты құрайды. 
 
«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласы  «Дүниетану»,  «Өзін-өзі  тану» 
пәндерін қамтиды. 
 
Дүниетану 
«Дүниетану»  пәнінің  мазмұны  осы  пән  қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан 
халқының  әлеуметтік,  моральдық,  шығармашылық  және  коммуникативтік 
жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және 
отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға 
ықпал етеді.   
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 
33 сағатты құрайды. 
 
Өзін-өзі тану 
Бастауыш  сыныпқа  арналған  өзін-өзі  тану  бағдарламасы  білім  берудің 
құндылықты мәнін күшейте отырып адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, 
қайырымдылық  көрсету,  өзіне  және  өзгелерге  қамқорлық  жасау,  позитивті 
ойлау,  адамгершілік  таңдау  жасау,  дәстүрлерді  бағалау  және  еселеу, 
қалыптастыру,  өзіне  жауапкершілік  алу,  өз  бетінше  кемелдену  қабілеттерін 
ашуға бағытталған. 
Бағдарлама  мазмұны  өзін  тану,  өз  қылықтарын  салыстыру,  талдау, 
олардың этикалық мазмұнын көру мен бағалауын көздейді.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 
33 сағатты құрайды. 
 
«
Технология және өнер» білім беру саласы «Музыка», «Көркем еңбек» 
пәндерін қамтиды. 
 
Музыка 
Бастауыш  мектептегі  «Музыка»  пәні  мазмұнының  ерекшелігі  болып 
табылады: қазақ музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және қазіргі 
музыканың  ең  озық  үлгілерін;  музыкалық  сауаттылық  негіздерін;  тәжірибелік 
дағдыларды  іске  асыруда  музыкалық  материалды  (композиторлар,  халықтық 
және  классикалық  музыкалық  аспаптар,  музыкалық  жанрлар  мен  стильдер 
туралы мәліметтер); АКТ қолдана отырып, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық 
аспаптарда  ойнау,  суырып  салуға  арналған  музыкалық-шығармашылық 
тапсырмаларды қамту; музыканы өнердің басқа да түрлерімен және пәнаралық 
салалармен  пәнаралық  кіріктіру.  Оқу  бағдарламасының  бөлімдері  мен 
бөлімшелерін  құру  логикасы  музыкалық  шығарманы  ұғыну  мен  түсіну 
(музыканы  тыңдау  және  қабылдау,  тыңдаған  музыканы  талдау  және  сезіну) 
негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6-7 жастағы балалар өз пікірін 
айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет