Шие тергенде
Mәдіхaт Төрежанов
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға
кeлдi. Көп ұзамай-ақ бітік шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы
ыдысқа жинай берді. Қанат шиені тойғанша теріп жеп, сонан соң өз бетімен
ойнап кетті.
Таза ауада әpi жақсы демалып, әpi шиеге тойып, балалар үйлеріне көңілді
оралды.
Жанат жинаған шиесін атасына бepin жатып:
-
Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп орманнан теріп әкелдім,- деді.
Көп жаса, Жанатжан! - деді атасы бip шиені аузына салып. Өскенде сен
мені асырайды екенсің.
-
Өзің де же, Жанат,- деді ол бip кезде.
-
Ата, бiз шиені орманда тойғанша жедік.
-
«Ас иесімен тәтті» дейді. Сен көмектеспесең, жалғыз өзім тауыса алатын
емеспін.
Жанат шиені алып, бір-бірлеп аузына салды.
55
Қанатжан, сен неге отырмайсың? - деді атасы босаға жақта тұрып қалған
Қанатты көріп, - Жанаттың шиесінен же. Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап,
үйден шығып кетеді.
Құмырсқа мен көгершін
Спандияр Көбеев
Бip күнi құмырсқа шөлдеп, су iшугe өзенге түcтi. Оны толқын соғып, суға
кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бұтағы бар бip көгepшін суға
кетіп бара жатқан құмырсқаны көріп, бұтағын оның үстіне тастай берді.
Құмырсқа бұтаққа жармасып, толқынмен судың шетіне шығып, ажалдан
құтылды.
Тағы бip күні манағы көгершін өзеннің жағасына қонып, бip аңшының құс
аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теpiп жей бастады. Аңшы
ауды басып қалып, көгершінді ұстап алуға даярланып тұрғанын құмырсқа
көріп, өрмелеп келіп оның аяғын шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде,
көгершін көтеріліп ұшып кетті.
Жақсылыққа – жақсылық деген осы!
Тәртіпсіз лақ
Нәсіреддин Сералиев
Кеш. Аула төрінде, үлкен терек көлеңкесінде кітап оқып отырғанмын.
Кенет тарс-тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім.
Қарасам, көршімнің бipіншідe оқитын баласы өзінің лағын ышқынта
қуалап жүр.
Бip кезде жетті-ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, бас-көз демей төпеп
жатыр. Осы кезде үйден әжесі шығып, оның қылығын көрді де:
-
Әй, Төлтай, ұрма лақты! - деп айқайлады. Күтпеген жерден шыққан
дауыстан селк ете түскен Төлтай лақтан айырылып қалды. Төніп келген
әжесінен қашпай, тымырайып тұр. - Неге ұрасың? Ой, тәртіпсіз!
-
Лақ тәртіптi ме? Неге еккен ағашымды құлатады?.. - деп ренжіді Төлтай.
Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына отырғызып жатқан жас ағашы құлап
қалыпты. Оны көрген әжесі:
-
Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар... - деді де, қолын ciлтeп жөнiнe
кетті.
-
Маған ұрсады, лақтың қылығын көрмейді, - деп, бұртыңдаған Төлтай
құлап жатқан ағашты қайта тұрғызып жатты.
56
ЕРТЕГІЛЕР
Ат пен есек
(халық epmeгіci)
Бip кici бip ат, бip есекке жүк артып, жолмен қалаға келе жатты. Есек жүгін
ауырлап шаршап, атқа: «Жолдасым, менен бipaз жүк алшы, мен көтере алмай,
өлуге келемін»,- дeдi. Ат жәрдем етпеді.
Жолшыбай есектің xалi бітіп, жығылып өлді. Сонан соң иeci есектің
барлық жүгін және тepiciн сыпырып алып, атқа артты. Сонда ат айтты: «Күнә
менде, егер есектен бipaз жүк алсам, бұл оқиға болмас еді. Енді, мiнe, сорлап,
есектің барлық жүгін де, тepiciн де әкеле жатырмын».
Түлкі мен қоян
(ертегі)
Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді.
Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады.
-
Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала
жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып
жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті.
Сонда Қоян:
-
Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді
жұрт. Сол рас па? – депті.
-
Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады.
-
Mінe, осыңыз жаман ғой.
-
Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған
жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О,
шіркін тipшілік! – депті.
Қоян:
-
Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті.
Сонда Түлкі:
-
Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып
жатқаным да соның өкініші, - дейді.
-
Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да
жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.
Бауырсақ
(орыс халқының ертегісі)
Бір шал мен кемпір болыпты. Бірде шал жалынып:
-
Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, - дейді.
-
Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
-
Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсеңші, бауырсақтық ұн
табылып қалар.
57
Кемпірі қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да, қаймаққа
шылап, қамыр илеп, майға бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып
қояды.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп
терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден
аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
-
Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! – дейді.
-
Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін, онан да соны
тыңда.
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қоян сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі, қоян аңырап қала береді.
Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зымырап бара жатса, қарсы алдынан
қасқыр шыға келеді:
-
Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!
-
Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Бауырсақ әндете жөнеледі:
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқыр, сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған!
деп, Бауырсақ домалай жөнеледі. Қарсы алдынан қорбаңдап аю шығады. Ол:
-
Әй, Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! – дейді.
-
Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін, - деп жауап береді
Бауырсақ.
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
58
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Бауырсақ домалай жөнеледі, аю оның ізіне үңіліп қала береді.
Бауырсақ зымырап бара жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:
-
Амансың ба, Бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта
тыңдаған боп, қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, оған жақындай
береді.
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,
Түлкі сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Әдемі өлең екен! – дейді түлкі. – Айналайын-ай, қартайған шағым ғой,
құлағымның мүкісі бар. Кәне, менің мына тұмсығыма шық та, өлеңінді тағы
бір шырқап жіберші.
Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына қарғып
шығады да:
-
Әжей қойма қырнаған – деп өлеңдете бастағанда түлкі бауырсақты
«ап» деп бір-ақ асапты.
Шалқан
(орыс халық ертегісі)
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен.
Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал
шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады.
Бірақ шалқанды шығара алмайды.
59
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан
ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып
шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды
суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің
құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың
құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып
шығарады.
Түлкі мен әтеш
(халық ертегісі)
Теректің бұтағында отырған әтешті көріп, түлкі жылмаң етіп жетіп
келеді.
-
Е, бауырым, ағаш басына шығып не қарап тұрсың, жерге түсіп
сәлемдеспейсің бе? – деді дауысын құбылтып.
Әтеш сасып қалды. «Сен қудан қалай құтылсам екен?» - деп күбірледі.
-
Нағашымды қарап тұрмын, келемін деп еді.
Түлкі: «Бұл жалғыз болмады, нағашысы да бар екен ғой, бұйырса, түстік жаман
болмайтын болды», - деп, іштей қуанып кетті.
-
Нағашын қашан келуші еді?
Қазір келуге тиісті, - деп, алдындағы шаң басқан қара жолға үнілді.Түлкі де сол
жаққа қарады. Будақ-будақ шаң көрінді. Әтеш қанатын қағып-қағып қалып:
«кө-кә-ре-ку», - деп шақырып ала жөнелді.
-
Бауырым, не көрдің, неге қуандың, «кө-кә-ре-куің» қандай сөз?
-
«Алақай, алақай» дегенім ғой.
-
Сонша қуанатындай нағашын көрінді ме?
-
Көрінді.
-
Онда жақсы болды ғой.
-
Сізге оның несі жақсы, нағашы менікі емес пе?
-
Нағашың келсе, маған да теріс болмас, сәті түссе, нағашына жиендікті
сенен бұрын менің жасап жіберуім ғажап нәрсе емес.
-
Кімге кімнің жиендік жасайтынын нағашым келген соң көреміз, - деп
әтеш маңғазданды.
-
Сен неге мықтымсынасың, сонша нағашын кім еді?
-
Нағашым – кәдімгі аңға салып жүрген Сұр төбет емес пе? Ол жөнінде
естімеп пе едіңіз?
-
Естуім бар, келе жатқан соның өзі ме?
-
Әне, келіп те қалды, дәл соның өзі. – Кө-кә-ре-ку, кө-кә-ре-ку!
60
-
Түлкі жылысып, тоғайға бет алды.
-
Түке, нағашыммен дидарласып, дәмдес болыңыз.
-
Рақмет, асығыс едім.
-
Қайда?
-
Түскі намазға.
-
Түскі намаз уақыты әлі бола қойған жоқ қой.
-
Кешегі қазасы бар еді... Әтеш күлкіге булығып қала берді.
Құмырсқа
(epтeгi)
Бip құмырсқа өз илeyiндe тобынан бөлiнiп, сол мандағы ара, қоңыз
ceкiлдi жәндіктермен дос болыпты.
Жем iздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бip дән тауып алыпты. Жалғыз
өзi әрі бepi әypeлeнiп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек
сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.
Бip уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады.
-
Досым, бip дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған
көмектесіп жіберші, - деп өтінеді.
-
Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс icтeп жатырмын ғой, - деп, ара көнбей
қойыпты.
-
Солайы солай ғой, мейілі, - деп, құмырсқа әpi жүріп кетіпті. Ол енді
қоңызды тауып алады.
Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты. Сен үшін өз еңбегімді еш қыла
алмаймын, - деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.
Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда
өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
-
Не icтеп жүрсің? - деп жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:
-
Жалғыздық деген сол, - деп, илеулестepi жұбатады да, құмыpcқaның
дәнiн көтepiciп, әpi алып кeтeдi. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
"Жаңа достың қадірі ескі досқа жeтпeйдi" деген екен сонда кәpi
құмырсқа.
Eкi қаз, бip бақа
(epmeгi)
Ерте заманда eкi қаз су таба алмай жүреді. Ыстық шілденің күнінде бip
көлшікке келіп қонады. Ол көлшікті көптен бepi мекен етіп жүрген бip бақа
бар еді. Бақылдап, eкi қазды жолатпапты. Көлшігін қызғанып, eкi қазға су
ішкізбейді. Екі қаз бақадан су сұрап жалынады.
-
Бұл суы аз көлшік. Сендерден кейін суы таусылады. Сендер ұшып
кетесіңдер. Сонда мен бейшара қанат-құйрығым жоқ, қайда барамын, - дейді
бақа.
Қаздар айтады:
61
-
Егерде осы көлшік суалса, сізді бiз алып ұшып, бip жақсы көлге
жеткізелік, — дейді.
Бақа бұл сөзге көніп, үшeyi шарттасып, осы арада бipгe күн кешеді. Бip
күні көл суалып, қалған суы сасып кетеді. Eкi қаз уәде бойынша ағаш алып
келіп, бақаға:
-
Мынадан тісте де, аузыңды ашпай, жағыңды қарыстырып тұра бер, -
дейді.
E
кi қаз ағаштың eкi шетінен аяқтарымен мықтап ұстап, бақаны аспанға
алып ұшады. Бақаның көк үстіне шыққанға көңілі өседі. Жердегі бақалардан
өзін жоғары санап, масаттанады. Сөйтіп, аспанда eкi қазбен бipгe ұшып бара
жатып, бip үлкен шаһардың үcтінe келеді. Шahap халқы көкке қарап, қайран
қалады:
-
Бұл не зат?
Біреулер: «Қacиеттi бақа» десе, енді бipeyлep: «Бақа емес, басқа зат»
деседі. Жұрттың таңданысын көрген бақа мақтанып: «Атымды айтпай, кім
екенімді білдірмей кеткенім болмас» деген оймен қарап тұрған елге:
-
Бұл мен - бақамын! - деп аузын ашқаны сол еді, жерге қарай құлдилап,
ат базардың ортасына тарс етіп құлап түседі.
Жарыстырып базарға салып жүрген аттар бақаның белінен басып кетеді.
Eкі қаз:
-
Ақымаққа жақсылық етіп болмас! - деп, өз бетімен ұшып кетеді.
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?
(Литва халық ертегісі)
Күндердің күнінде бір торғай ұшып келіп, бір шаруаның қорасына
қонады да, шашылған дәндерді жей бастайды. Мұны көріп, қожайынның
мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір
мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатын қапсыра тістеп тұрып:
-
Енді бір жақсылап тоятын болдым, - дейді.
-
Ей, мысық мырза, ұялсаңызшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі.
Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де дүниедегі бүкіл адам атаулы
ең алдымен жуынады, содан кейін барып тамақ жейді, - деді торғай.
-
Оның да дұрыс екен-ау, - деп, мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін
алдыңғы аяғын тұмсығына апарды. Сол кезде торғай ұзақ ойланып жатпай
бір жағына жып береді. Қанатын қағып, ұшады ды кетеді! Мысық ыза болып
қалады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын
болған екен.
Ақылды лақ
(ертегі)
Бұзау, Тоқты, Лақ үшeyi ел көшкенде жұртта қалып қояды. Бірігіп,
бастарына қос тұрғызып алады. Қосы бip бұлақтың бойында екен. Қасында
62
бәйтерегі бар. Бұлардың хабарын ecтіп, бip Аю оларды жемекші болады.
Қостың қасына келеді. Лақ Аюды көріп, алдынан жүгіріп шығады. Қосына
әкеліп, eciк ашып енгізеді. Үйге кірген соң, Тоқты мен Бұзау Лақтан:
-
Аюға не береміз? - деп сұрайды.
Сонда Лақ айтады:
-
Басқы аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас. Болмаса осы аюдың өзін
ас! – дейді.
Сонда Аю «Бұлар аю жейді екен» деп ойлап, тұра қашады. Қашып келе
жатқан Аюға Қасқыр жолыға кетеді.
-
Қайдан қаштың? - деп сұрайды.
Аю:
-
Мына жердегі Тоқты, Лақ, Бұзауға барып едім. «Өзімді жеймін» деген
соң әрең қашып құтылдым, - дейді.
-
Ендеше екеуміз бірігіп баралық – дейді Қасқыр.
-
Мен бармаймын, - дейді Аю.
-
Сенің денең бәрінен де үлкен, олардан несіне қорқасың. Мұның ұят
емес пе? Мен сенен кіші болсам да бара жатырмын ғой, - деп таңдана
қарайды Қасқыр.
-
Мен қорбаңбаймын, баяу жүремін. Ал сен жылдам жүгіресің. Керек
кезде қашып үлгересің, - дейді Аю.
-
Олай болса, кел, бipгe байланып барайық, - деп ұсыныс жасайды
Қасқыр.
Eкeyi келісіп, Қасқыр бip жіп тауып әкеледі. Бip жақ ұшын Аюдың
мойнына байлап, бip жағын өзінің мойнына байлап алады. Қосқа
жақындағанда Лақ шығып:
-
Қасқыр, ол аюға тоймаймыз! Қарызыңды онымен өтей алмайсың! - деп
айғай салады.
Бұл сөзді естіген Аю: «Қасқыр мені оларға әдейі алдап әкеле жатыр екен
ғой» деп ойлайды. Қатты қорыққан ол қайта қаша жөнеледі. Қасқыр буынып
жығылып, жарты жолда қалады. Бұл Қасқырға екінші Қасқыр келіп:
-
Сен неғып жатырсың? - деп сұрайды.
-
Мен неғып жатайын, Аю сүйретіп кетті, - деп бастан-аяқ жөнін айтады.
Сонымен қасқырлар бірігіп, қайтадан барады. Оларды көрген Бұзау,
Тоқты, Лақ бәйтерекке шығып кетеді. Лақ ағаштың бас жағына, Тоқты
ортасына, Бұзау астыңғы жағына орналасады. Сол ағаштың түбіне қасқырлар
келіп бал ашып: «Жейміз бе, жоқ па?» - деп тұрғанда бұтақ сынып, Бұзау
жерге құлап түседі. Қулаған бұзаудан қорыққан қасқырлар бет-бетіне қаша
жөнеледі. Бұзау, Тоқты, Лақтың иeci күзде келіп, қосты тауып алады.
Ақымақ қасқыр
(орыс халық epmeгіci)
Өрісте жайылып жүрген қойдың iшінен бip арық қой жалғыз бөлініп
қала беріптi. Қалың шидiң арасынан бip қасқыр шыға келіп: - Е, сүйген асым,
63
қайдан жүрсің? Іздегенде, мұндай кездестіре алмас едім, бұйырған дәмге сөз
жоқ! Енді ceнi жеймін, - дейді.
Қой:
-
Жeйтiн болсаң, ажалым жеткен екен. Бірақ өзің де мал танығыш едің
ғой, қарны қампиған, аузында бip тici жоқ, бip асым eтi жоқ, тұла бойы
шандыр менi қайтесің. Meнi босат, қоралы қойға қайтайын, семіз қой әкеліп
алдыңа тартайын. Жылы-жұмсақты сен жемегенде, кім жейді? – дейді.
«Жылы-жұмсақ» деген сөз қасқырды қызықтырады. Қойды босатып қоя
береді. Қасқыр жұтынып, қойдың семіз бағланын күтеді. Қой да, бағлан да
жоқ, қасқыр түңіледі. «Қой баласы момын ғой, алдауды білмеуші еді. Cipә,
оны eшкi антұрған азғырған шығар. Барып көрейін!» деп жорта жөнеледі.
Бip белеске шығып, төңірекке қараса, алдында қызылшаны күрт-күрт
шайнап, бip eшкi жүр екен. Көп қой да, қойшы да алыста екен. «Іздегенім сен
едің!» деп қасқыр ешкіні бас салады.
«Жанымды алып қалуға себеп болар ма екен» деп eшкi мынаны айтады:
Атан да, анан да жақсы еді ғой. Қой тұрғанда, олар ешкіні жeмeyшi еді. Мен
қарапайым ешкі eмеспін, тойда билеп, торқа киген eшкімін! - деп
судырлатады.
Ешкі билейді дегенді естіген eмecпін. Ондай өнерін болса көрсет, - дейді
қасқыр.
Ешкі:
-
Ендеше көз аудармай, аяғыма қара да тұр, мен бip билеп көрсетейін, -
дейді де, ешкі олай-бұлай ceкipe-ceкipe, жалт бepin, көп қойдың арасына кіріп
кeтeдi. Сол арада қойшы да келіп, eшкі аман құтылады.
Екі әтеш
(epmeгi)
Ертеде бip кемпір-шалдың құс дегенде асырап отырған екі әтеші бар
екен. Қоолдарына түскен жемдерін соларға бepiп, бағып-қағыпты. Бip күні
кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді.
Әрқашан бipгe жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен
одырая қарайды.
-
Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бip тойсам-ау, - дейді.
Сөйтеді де шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем
жегізбей, мазасын алады. Сұр әтеш бip рет елемеген болып, екінші рет
абайламаған болады. Tiптi тоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар
әтешті шоқып алады. Осыдан соң, eкi әтеш жүндері үрпиіп, бipiмен-бipi
төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. Бұлар өстіп
қызылшеке болып жатқанда, көршінің шібилері келіп, жемді түгін
қалдырмай жеп кетеді.
Үш торай
(ағылшын халық epтегіci)
64
Баяғыда ағалы-інілі үш торай болыпты. Ағасы - Наф-Наф, iнілepi - Нуф-
Нуф және Ниф-Ниф екен. Сарғайып күз түседі.
-
Тастан үй соғып, үшеуіміз бipгe тұрайык, - деп, Наф-Наф інілеріне
ұсыныс жасайды.
-
Саған керек пе, сен сал! - деп eкeyi тіл алмай қояды.
Біраз уақыт өткен соң күн суытып, Ниф-Ниф ойлана бастайды. Сөйтіп,
«Мен бәрінен де ақылдымын» деген оймен өзіне сабаннан үй тұрғызып
алады. Енді міне, қақаған қыста қыстап шығатын баспанасы бар. Нуф-Нуф да
өзін ақылды санайтын. Ол өзіне солқылдаған көк шыбықтардан үй
тұрғызады. «Ауыр тастардан үй салудың қажеті не? Мінe, үй мәселесі оп-
оңай шешілді!» - деп, ол өзінше мәз болады. Бip күні Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф
серуенге шығады. Кенет екеуінің алдынан араны ашылып, жем іздеген аш
Қасқыр шыға келмесі бар ма. Eкeyi қаша жөнеледі. Олар Ниф-Нифтің сабан
үйіне келіп тығылады.
Екі торай сабан үйде қорыққандарынан дір-дір eтіп отырады. Қасқыр
жүгіріп келіп:
-
Кәне, шығыңдар! Мен «фф-у» деп үрлесем, мына үйлерің шашылады
да қалады! – дейді.
Торайлар үндемей отыра береді.
Қасқыр кеудесін толтыра ауаны жұтып алып, ал кеп үрлесін. Сабан үй
бip сәтте-ақ желмен ұшып кетеді. Торайлар сопиып далада қалады. Олар
Нуф-Нуфтың үйіне безе жөнеледі. Ағайынды eкeyi көк шыбықтан
тұрғызылған үйге келіп тығылады.
-
Шығыңдар! Мен қазір бұл үйді бip қойып, тас-талқанын шығарамын! -
дейді ашуға мінген Қасқыр.
Торайлар дыбыстарын шығаруға шамалары келмей, үндемей отыра
береді. Қасқыр бар күшімен үрлеп еді, үй әpi-бepi шайқалады, бipaқ құлай
қоймайды. Қасқыр алдыңғы аяғымен үйді дәлдеп тұрып теуіп жiбepeдi. Сол
кезде шыбық үй қирап қалады. Торайлар жан дәрмен ағаларының үйіне
жүгіре жөнеледі.
Олар Наф-Нафқа келеді. Ол інілерін үйіне кіргізіп, есіктің ілгегін жауып
үлгереді. Eciгi мықты, қабырғасы қалың үйде торайларға келер қорқыныш
жоқ еді.
Қасқыр оларды қайткен күнде де қолға түсірудi ойлайды. Үйдің
қабырғалары тастан, eciгi мықты ағаштан жасалған. Әрине, мұндай үйді
оңайшылықпен қирата алмайсың.
Қасқыр тас үйдің кең мұржасын көріп, сол арқылы түспек болады. Ол
шатырға шығып, мұржаға түседі.
Торайлар осыны күтіп отыр еді. Қасқыр мұржа арқылы тура пеш үстінде
қайнап тұрған қазанға топ ете түседі. Ыстық суға күйген Қасқыр атып
шығып, орманға қаша жөнеледі.
Miнe, содан бастап aғaлы-iнiлi торайлар не icтece де ақылдасып, бірлесе
тірлік істейтін болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |