Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.01.2017
өлшемі0,73 Mb.
#1391
1   2   3
 

 

Бақытжан Тобаяқов 

 

Он екі айым ─ бір жылым 

 

Қаңтар 

Қақаған қыс – қаңтарым, 

Көп қой оған айтарым. 

Достарыммен қарға аунап, 

Үйге мәз боп қайтамын. 

 

Қардан жасап аққала, 



Тұрғызамын үйлерді. 

Шабыттанып шаттана 

Шертем шаттық күйлерді. 

 

Қаңтар айы - каникул, 



Аралаймын шақарды. 

38 

 

 



Шымшыса да бетімді, 

Емес аяз қаһарлы. 

 

Ақпан 

Ақпан айы ақырып, 

Келсе-дағы ықпаймын. 

Боз боранын шақырып, 

Тұрса-дағы бұқпаймын. 

 

Күнтізбенің тым қысқа, 



Айы осы ғой, жүрсек біз. 

Айтатындай шын қыс па, 

Оның соңы білсек біз. 

 

Наурыз 

Наурыз келсе әр үйге, 

Қуанады дүйім ел. 

Қарияға, сәбиге, 

Сыбағасын, сыйын бер. 

 

Шұғылалы нұр көктем, 



Осы айменен келгендей. 

Ақындарым жыр төккен, 

Келешекке сенгендей. 

 

Наурыз айы береке, 



Ырыспенен толғандай. 

Мерейі мол мереке, 

Қолға бақыт қонғандай. 

 

Сәуір 

Бүршік атқан талшыбық, 

Гүлденеді сәуірде. 

Сен де өскін балауса 

Көктемеде дәуірле. 

 

Қызғалдақтар қаулаған, 



Өрттей лаулап қыр-беткей. 

Өзінен кіл аумаған 

Өлең-жырым бір беткей. 

 

Құс әуені – құлақта, 



Ойға да бар, қырға бар. 

39 

 

 



Сылдыр еткен бұлақ та, 

Сыңғыр еткен сырғалар. 

 

Мамыр 

Көк майса жердің жүзі, 

Мың құлпырған айнала. 

Рауғаш пен раушан гүлі, 

Жазықта да, сайда да. 

 

Жеңіс күнін бұл айда, 



Тойлайды әке, ағалар. 

Мейрам осы ұнай ма, 

Ұлы болып саналар. 

 

Май сұлу ғой, сұлу ғой, 



Тербетеді ғаламды. 

Кеудедегі жылу ғой, 

Өрлетеді адамды. 

 

Маусым 

Маусым келді, жаз келді, 

Айнала жүзді қаз көлді. 

Демаламыз, алақай, 

Үш ай бізге аз ба енді. 

 

Маусым дейді саратан, 



Айтқандайын дара таң. 

Көлде жүзер үйректер, 

Ирек салып балапан. 

 

Қандай ғажап маусымда, 



Жазғы жаңбыр жаусын да. 

Естисің ғой таң ата, 

Құс шуылын даусын да. 

 

Шілде 

Шіліңгір шілде аптапта, 

Көбелек қуып бақ-баққа, 

Шомыласың күн бойы, 

Аунайсың һәм батпаққа. 

 

Күйдірсе де күн ыстық, 



Аяқдопты жұмыс қып, 

40 

 

Күнді өткізіп, ал түнде 



Тілейтінің тыныштық. 

 

 



Аптабына төзбей тым, 

Тек өзенді көздейсің. 

Сөйтіп жүріп шілденің, 

Өткенін де сезбейсің! 

 

Тамыз 

Тамызда бәрі сарғаяр, 

Шөп те, гүл де мал жаяр. 

Ызыңдаған ара да, 

Омартаға соңғы бал жаяр. 

 

Тамыз келсе Күн күле, 



Туар жұлдыз Сүмбіле. 

Сен мектепке дайындал, 

Оқу құрал үлгіле. 

 

Қыркүйек 

Мизам келсе береке, 

Астық жинау мереке. 

Жел-жемісті Жер – ана, 

Берер жұртқа сел ете. 

 

Мизам байлық жиғаннан, 



Бір өзіне сыйған мән. 

Бала мектеп барады, 

Жұрт қайтысып қырманнан. 

 

Қазан 

Қоштасады құстарым, 

Бетке алып оң тұстарын. 

Құспен бірге ойлайсың 

Деп: «Мен неге ұшпадым?» 

 

Қазан айы ырысты, 



Доғарып бос жүрісті, 

Бала оқуды, ата-ана, 

Еңбек еткен дұрыс-ты! 

 

 



 

41 

 

Қараша 

Қараша ғой – ақырап, 

Діріл қаққан жапырақ. 

Сидиған тал-теректер, 

Құлазыған атырап. 

 

Қарашада қазбенен, 



Қоштасамыз жазбенен. 

Қарашаның суретін, 

Бейнелеген аз ба өлең. 

 

Желтоқсан 

Желтоқсан ол – қансонар, 

Деген мезет аң соғар. 

Бүркіт салып, түлкі аулар, 

Бақытты дер жан солар. 

 

Желтоқсанда соятын 



Шүйгін соғым – тоятым. 

Ішікке сап қазыны, 

Сыртқа жайып қоятын. 

 

Желтоқсанды мен тосқам, 



Қар үйіріп, жел қосқан. 

Жаңа жылды қарсы алған, 

Айналайын ел-достан! 

 

 



 

 

Қайрат Жұмағалиев 

 

Жеңіс күні 

 

Ойлап-ойлап тұрдым көп, 



Сауал қойдым білгім кеп: 

Қуанышты мереке - 

Жеңіс күні қай күн? деп, 

 

Атамнан да сұрадым, 



Әкемнен де сұрадым. 

Әжемнен де сұрадым, 

Ағамнан да сұрадым. 

 


42 

 

Тосты бәрі құлағын: 



-Дұрыс,- десті,- сұрағың! 

Бейбіт күннің бәрі де, 

Жеңіс күні шырағым! 

 

 



 

 

Жәкеш Нұрақын 

 

Төлдер қуанышы 

 

Қозыларым маңырап,  



Бұзауларым мөңіреп, 

Боталарым пық-пықтап, 

Шөжелерім шық-шықтап, 

Жем шашқанда жүгіріп, 

Су құйғанда семіріп, 

Кеткенде олар ойнақтап, 

Шай ішеміз қаймақтап. 

 

 



 

 

Адырбек Сопыбеков 



 

Менің «Әліппем» 

 

Қолыма кітап тигеннен, 

Таудай болып үйге енгем. 

«Анашым» деген жазуды, 

«Әліппеден» үйренгем. 

 

Әріптің біліп қанығын, 



Өмірдің көрдім анығын. 

«Әке» деп те жазуды, 

«Әліппеден» таныдым. 

 

Білем байтақ даланы, 



Білем үлкен қаланы. 

«Әліппеде» бәрі тұр, 

Білем жақсы баланы. 

 

 



43 

 

Әскерде жүр өз ағам, 



Арнап жақсы сөз оған, 

«Әліппеден» үйрендім, 

Хатты өзім жаза алам. 

 

Орындалып тілегім, 



«Әліппеден» түледім. 

Қызық-қызық енді мен, 

Ертегі айта білемін. 

 

Шеше аламын жұмбақты, 



Ажыратам жан-жақты. 

Білім беріп, «Әліппем», 

Жүрегіме шам жақты. 

 

Қолымнан мен тастаман, 



Артық көрем басқадан. 

Барар жолды білімге, 

«Әліппеден» бастағам. 

 

 



Қайшы 

 

Анам алса қайшыны, 



Отырамын күлімдеп. 

Әжем алса қайшыны, 

Қоя берем дірілдеп. 

 

 



Анам алса қайшыны, 

Көйлек піше бастайды. 

Әжем алса қайшыны, 

Шашымды алып тастайды. 

 

 

Қуыршақ 

 

Анам маған дүкеннен, 



Бір қуыршақ әкелді. 

Ерегіспес үлкенмен, 

Мазақтамас әпкемді. 

 

Ойнатамын оны мен, 



Жылатпаймын түртіп те. 

44 

 

Ең жақсысы менімен, 



Таласпайды конфетке. 

 

Көбелек 



 

Ақ көбелек, көк көбелек, 

Ұшып қонған көп көбелек. 

Жалт бергенде топ көбелек, 

Таба алмайсың жоқ көбелек. 

 

Аққа қонса ақ гүл дейсің, 



Аумайды екен нақ бір дейсің. 

 

Қызыл, сары, жасылын да, 



Гүл дерсің бір асылында. 

 

Әр гүлге бір алаңдайсың, 



Ажыратып ала алмайсың. 

 

Қораз 

 

Оятпа, қораз сен бізді, 



Өзім де сездім таң атты. 

Сенсіз-ақ білем мезгілді, 

Үйреніп алдым сағатты. 

 

Күнбағыс 

 

Бақшада биік, 



Күнбағыс өсті. 

Күн нұрын сүйіп, 

Құлпыра түсті. 

 

Күндіз кеп көрсең, 



Әдемі көркі. 

Басында әсем, 

Сап-сары бөркі. 

 

Қарайды күнге, 



Балбырып-балқып. 

Ал енді түнде, 

Кетеді қалғып. 

 

 



45 

 

Тұрысбек Еділбаев 



 

Нан 

Ерте тұрып таңнан, 

Пісірді апам ақ нан. 

Кетер емес әлі, 

Таңдайымнан дәмі. 

 

Тары 

Көкем еккен ақ тары, 

Күзде пісіп жетілді. 

Кекілі бар сап-сары, 

Сары бала секілді. 

 

Талқан 

Мынау тұрған қай талқан, 

Жеңгем түйген май талқан. 

Ауызға оны салғандар, 

Қақалып тек қалмаңдар. 

 

Сары май 

Көп адамдар білмейді, 

Ішсе шәйін үрлейді. 

Ыстық шәйға май қосса, 

Бірден ауыз күймейді. 

 

Сүт 

Май алады сүттен, 

Құрт алады сүттен. 

Сүт алады молырақ, 

Малын баптап күткен. 

 

Құрт 

Қатты құртты жейміз, 

«Дәмі қышқыл» дейміз. 

Салма артық күшіңді, 

Сындырасың тісіңді. 

 

Ірімшік 

Атамның да тісі жоқ, 

Апамның да тісі жоқ. 

Тәтті ірімшік жинаймын, 

Екеуіне сыйлаймын. 

 


46 

 

Қаймақ 

Балдан тәтті қаймақ 

Жегенім жоқ айлап. 

Жүрген шығар сақтап, 

Апам мені ойлап. 

 

Құймақ 

Жасап әжем құймақ, 

Табаға әкеп құймақ. 

Пісті жұмсақ құймақ, 

Қойды алдына сыйлап. 

 

Жент 

Тарыны түйіп қатты, 

Қауызынан айырар. 

Ұлт тағамы ол тәтті, 

Қант, мейіз, майы бар. 

 

Шұжық 

Дәмді тағам шұжық, 

Түрі ұзыншақ қызық. 

Ағам көрсе тоймайды, 

Оңайға апам қоймайды. 

 

Қазы 

Ет төресі қазыны, 

Апам тұздап баптайды. 

Ұнға тығып жаз күні, 

Күзге дейін сақтайды. 

 

Қымыз 

Жеңгем бие сауады, 

Ағам саба піседі. 

«Денсаулыққа дауалы», 

Деп үлкендер ішеді. 

 

Шұбат 

Іркіт түстес түрі, 

Пайдалының бірі. 

Бойға берер қуат, 

Ішсем ем ғой шұбат. 

 

 

 

 


47 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  биылғы  жылғы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің 

болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа 

мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  – 

белсенді, білімді және денсаулығы  мықты азаматтар» - деп атап көрсетті. 

Еліміз  егемендік  алып,  жаңадан  өркениетке  қадам  басып  келе  жаққан 

кезеңде  қоғамымыздың  өркендеуіне  балаларымыздың  мәдениетін  арттырып 

эстетикалық  және  дүние  танымының  жылдам  қалыптасуына  өнер  мен 

әдебиеттің атқарар міндеті зор.  Музыка өнері оның ішінде әншілік өнер біздің 

қазақ халқы үшін ерекше деуге болады.  

Ән – төңіректегі шындықты терең түсінудің жарқын бейнелі формасы. Ән 

айту  баланың  әсемдік  атаулының  бәріне,  ізгілікке  деген  дұрыс  көзқарасын, 

ықылас-ілтипатын  туғызады,  ал  кейде  оған  басқа  жаңалықтардан  гөрі  өзгеше 

қуатты  сенімге  бөлейді.  Отан,  балалық  шақ,  Астана  туралы  әндерді  аса  бір 

асқақтықпен  орындаса,  түрлі  халықтардың  әндері  мен  билері  олардың  әдет-

ғұрыптарын білуге ынталандырады.  

«Бесік  жырынан»  басталатын  балғындар  әндері  мен  өлеңдерінің  ерекше 

құдіреті  бар.  Ән-өлең  бала  бойына  ана  сүтімен  дариды.  Бала  анасының  әдемі 

әнімен  ұйықтап,  оның  уілдеген  әнмен,  түрлі  тақпақ  айтумен  тілі  шығады. 

Дүниеден хабары жоқ бесіктегі сәбиді елітіп, жыласа жұбататын әннен артық 

құдірет бар ма? Балаларға арнап ән, өлең жазудың қйындығы да осында болса 

керек. Себебі балалар әні – әлемдегі барлық жырдың бастауы да нәрі де.   

Ән мен өлең  бала өмірінде ерекше маңызға ие,  балалар күнделікті өмірде 

ойын  іс-әрекет  кезінде  немесе  серуендеуге  шығарда  киім  киіп  жатқанда, 

сонымен  қатар  сурет  салу  үдерісінде  немесе  түскі  ас  ішерде  қол  жуғанда, 

ұйқыдан  тұрғанда немесе ата-анасымен үйге қайтқанда ән, өлең  айтуға құмар 

болып келеді.  

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  ән  айтуға  үйреткенде  алдымен  әр 

баланың дауыс диапазонын анықтап алу керек және балалардың көпшілігі өзінің 

даусын  еркін  меңгеруі  үшін  оны  жетілдіре  түсуге  ұмтылу  керек.  Балалардың 

ересектердің тым дауыстап ән айтуына еліктемей, әнді қиналмай айтып, еркін 

сөйлеуін  үнемі  қадағалап,  ата-аналарға  балалар  жанында  айқайлап  ән  айтып, 

қатты  дауыспен  сөйлеудің  зияндылығын  түсіндіріп,  балалардың  суық  және 

дымқыл  ауа  райы  жағдайында  көшеде  өлең  айтуына  рұқсат  етпеулерін 

ескерткен жөн. 

         «Әнші  балапан»    бұл  жинаққа  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

айтатын ән – жырлары, тақпақтары  енгізіліп отыр. Мұнда балалардың таным – 

түсігіне  лайық  әндер  мен  өлеңдер    жинақталған.  Әдебиеттік  материал 

тақырыптары  және сюжеттері бойынша әртүрлі.  Ұлттық тәрбие тұрғысынан 

алғанда, бұл жинақтың мәні де жоғары, маңызы да зор. 

 

 


48 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, 

бір мүдде, бір болашақ»; 

2.

 



Мұзафар  Әлімбаев.  «Аспандағы  әпке» 1982,  «Ақсерек  пен  көксерек», 

«Бал дәурен, шіркін балалық»;  

3.

 

Әдібай Табылды. "Әдеп әліппесі";  



4.

 

Асқар Оразақын. «Алтын абдыра», «Балауса» баспасы», 2007, 496-бет; 

5.

 

Әбдірахман Асылбеков. «Ай» өлеңдер жинағы, , «Сын» баспасы,1999; 



6.

 

Баянғали  Әлімжанов.  Аңыз  бен  аспан:  өлең  жырлар.  Алматы:  Қазақ 

тарихы, 2010; 

7.    Қайрат  Жұмағалиев.  «Жүрегімнің  бөлшегі»  балаларға  арналған 

өлеңдер. Астана, 2004; 

8.

 

Тұрысбек 

Еділбаев. 

Айша: 


өлеңдер, 

мысалдар, 

жұмбақтар, 

жаңылтпаштар, санамақтар. 



9.

 

Қадір Мырза Әлі. «Күміс қоңырау», 1985. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



49 

 

МАЗМҰНЫ 

Түсіндірме жазба............................................................................................ 3 

Отан, туған жер, тіл туралы әндер  

Біздің Қазақстан. М. Әлімбаев, Ғ. Тамендаров .........................................  4 

Ана тілім. Қ. Мырза Әлі, М. Керейбаев .....................................................  5 

Аяулы Астана. З. Жақауова, А. Шәмкенов................................................. 6 

Бас иіп алғыс айтамын! Б. Исаева .............................................................. 7 

Тілегіміз бейбіт күн. С. Оспанов, М. Керейбаев ....................................... 7 

Жеңіс күні. Қ. Жұмағалиев, Т. Исалиев.....................................................  8  

Ана. З. Жақауова, Ж. Әбдірейұлы............................................................... 9 



Отбасы, ана туралы әндер 

Жанымда анам барында. М.Әлімбаев, Ғ. Тамендаров................................9 

Әжем менің әйбәт. Б. Исаева, Е. Исаев.......................................................9 

Бесік жыры. Б. Исаева..................................................................................10 

Ақ мамам. Ф. Оңғарсынова, А. Асанов.......................................................11 

Ақ мамам. Ә. Дүйсенбиев, Ә. Бейсеуов.......................................................12 



Оқу-білім, тәрбие туралы әндер 

Мен оқушы баламын. А. Естенов, М. Керейбаев......................................13 

Қоңырау. Н. Әлімқұлов, М. Керейбаев........................................................13 

Мұғалім. З. Жақауова, Ж. Әбдірейұлы.......................................................14 

Ерден атайдың әні. Ә. Асылбеков, Е. Хасанғалиев....................................15 

Ойлан, тап! Қ. Ыдырысов, Ә. Еспаев..........................................................15 



Достық, бақытты балалық шақ туралы әндер  

Достар әні. Ф. Оңғарсынова, А. Асанов......................................................17 

Балдырған. Р. Арқабаева, А. Асанов...........................................................18 

Айгөлекті билейік. Қ. Смағұл, Н. Дүкенбай..............................................18  



Табиғат, жыл мезгілдері, құстар, жәндіктер туралы әндер 

Біз шадыман баламыз. Е. Өтетілеуов, Ә.  Бейсеуов................................20 

Күз. Б. Тікебаева, Ғ. Тамендаров................................................................20 

Көбелек. Қ.Елемес, Қ. Сақарин...................................................................21 

Мамыр. Н. Оразалин. Т. Исалиев................................................................21 

Ақша қар. Ж. Смақов...................................................................................22 

Менің шөжелерім. Н.Мүталлибов.Г.Гусейнли. М.Әлімбаев...................22 

Балаларға арналған өлеңдер 

Он саусақ, Мен дәрігер, Қандай сөздер,  

Менің атам майдангер М. Әлімбаев...........................................................23  

Доп. Ә. Кекілбаев.........................................................................................25 

  Күнді көргенде. Құлыншақ. Бала тілі.  

  Біз бақытты баламыз. Жаңылытпаштар. О. Асқар...................................25 

  Төлдер сипаты. А. Асылбеков.....................................................................28 

  Ата Заңым – айбыны. Е. Жеңісұлы............................................................28 

  Әліпбилі әдеп әліппесі. Ә. Табылды..........................................................29 

  «А» дегенім ата. Ж. Шәкен.........................................................................32 



50 

 

Дала. Қазақстан туы. Ата. Әже.  



Ертегі. ЖылқыТүйеСиыр. Қой.  

Ешкі.Ит. Мысық.Қаз. Үйрек. Тауық. Есек. Қасқыр.  

Арыстан. Аю. Динозавр. Жолбарыс. Барыс. Панда.  

Түлкі. Қоян. Кит. Кенгуру. Морж. Піл. Жираф.  Б. Әлімжанов..............32 

Он екі айым бір жылым. Б.  Тобаяқов........................................................37 

Жеңіс күні. Қ. Жұмағалиев..........................................................................37 

Төлдер қуанышы. Ж. Нұрақын....................................................................42 

Менің «Әліппем». Қайшы. Қуыршақ.  

Күнбағыс. Көбелек. Қораз. А. Сопыбеков..................................................42 

Нан. Тары. Талқан. Сары май.  

Сүт. Ірімшік Құрт. Құймақ. Қаймақ.  

Жент. Шұжық. Қазы. Қымыз. Шұбат. Т. Еділбаев....................................45 

Қорытынды....................................................................................................48 

Әдебиеттер.....................................................................................................49                                                            

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет