Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.01.2017
өлшемі0,73 Mb.
#1391
1   2   3
Балдырған 

  

Сөзін жазған Рауза Арқабаева 

Әнін жазған Айжігіт Асанов 

 

Біз, кішкентай балдырған, 



Қылығымен таң қалдырған. 

Біздің орта көңілді, 

Отты үрлеп жандырған. 

 

Қайырмасы



Қуыр, қуыр, қуырмаш, 

Балдырғанға құлақ ас. 

Секір, жүгір, тоқтама, 

Ой болмасын, жасырмас. 

 

Балдай тәтті балдырған, 



Құмарымды қандырған. 

Өнер тамған саусақтан  

Жоқ нәрсені бар қылған. 

 

Қайырмасы

 

Біз бақытты балдырған



Ыршып аяқ талдырған. 

Сөздің сырын түсінбей, 

Небір сұрақ жаудырған. 

 

 



 

 

Айгөлекті билейік 

 

Сөзін жазған Қ. Смағұл 



Әнін жазған Н. Дүкенбай 

 

Еркін елдің ұл-қызы, 



Жарқыраған жұлдызы. 

Би билейміз бәріміз, 

Айдай толқын нұр жүзі. 

 

 



 

 

19 

 

Қайырмасы



Біз балдырған баламыз. 

Оқып білім аламыз, 

«Айгөлекті» билесек, 

Бақытты, шат боламыз. 

 

Жадырасын бойымыз, 



Өркендесін ойымыз. 

Би билейік келіңдер, 

Қызсын кештер тойымыз. 

 

Қайырмасы

 

Тыңдасын жұрт жан салып, 



Таңдай қақсын тамсанып. 

Көтереміз көңілді, 

«Айгөлек» деп ән салып. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 

 

           ТАБИҒАТ, ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ, ҚҰСТАР, ЖӘНДІКТЕР ТУРАЛЫ ӘНДЕР 



 

Біз шадыман баламыз 

  

Сөзін жазған Ермек Өтетілеуов 



Әнін жазған Әсет Бейсеуов 

 

Аппақ, аппақ, қар аппақ



Қар жамылған дала аппақ. 

Қырау, қырау тал аппақ, 

Айналаның бәрі аппақ. 

 

Аппақ біздің шанамыз, 



Аппақ қырдан ағамыз. 

Сауық-сайран саламыз, 

Біз шадыман баламыз. 

 

 



 

 

Күз 

  

Сөзін жазған Бүбіш Тікебаева 

Әнін жазған Ғалымжан Тамандаров 

 

Сары теңге жапырақ, 



Көмкереді көл бетін. 

Тоңазиды топырақ, 

Қырау басып жер бетін. 

 

Қайырмасы



Қыс келерін хабарлап, 

Салқын самал еседі. 

Жатушы едік сан аулап, 

Көк майса жоқ кешегі.  

 

Даланың гүл жайнаған, 



Жапырағы солыпты. 

Тұнжырайды айналам, 

Аңсап жазғы көрікті. 

 

Қайырмасы

 

 



 

21 

 

Көбелек 

  

Сөзін жазған Құл-Керім Елемес 

Әнін жазған Құмарбек Сақарин 

 

Сілкінгенде тауыстың,  



Қанатынан түскен бе ең? 

Көп аралап тау ішін, 

Гүл бояуын ішкен бе ең? 

 

Қайырмасы



Ау көбелек, көбелек, 

Алыстамай келе кет. 

Сырласайық келе кет. 

 

Кім бедерін түсірді, 

Саған әсем гүлдердің? 

Титтей тұрып ұшуды, 

Айтшы кімнен үйрендің? 

 

Қайырмасы



 

 

 

 

Мамыр 

 

Сөзін жазған Нұрлан Оразалин 



Әнін жазған Темір Исалиев 

 

Жан біткендей жас талға, 



Шуақ ойнап арайлы. 

Күн күлімдеп аспанда, 

Мамыр әні тарайды. 

 

Жайдары шақ төрге еніп, 



Жадыратты жұртымды. 

Жер дүние тербеліп

Қала, дала құлпырды. 

 

 



 

 

 

 

22 

 

 



Ақша қар 

 

Сөзін жазған Жақан Смақов 

 

Айнала аппақ ақша қар 



Ауыл-аймақ оранған 

Біз емес желден жасқанар 

Қорықпаймыз бораннан 

 

Қайырмасы: 

 

Боран күні бәріміз, 

Мал қораға барамыз. 

Бұзауханым тоңбайды, 

Жылы, жайлы қорамыз. 

Бұзауханым тоңбайды, 

Жылы, жайлы қорамыз. 

 

Көк балауса шөптері, 



Алдына жемін қоямыз. 

Әукешім сүтті көп беріп, 

Балқаймаққа тоямыз. 

 

 



 

 

Менің шөжелерім 

 

Сөзін жазған Н. Мүталлибов 



Әнін жазған Г.Гусейнли 

Аударма жасаған М. Әлімбаев 

 

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім, 



Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!  

Мамық жүнді шөжелерім, 

Нәзік үнді шөжелерім. 

 

Көк шалғында жайылыңдар, 



Тез, келіңдер, жайылым бар. 

Әй, менің шөжелерім, 

Әй, менің шөжелерім, 

Балғын бөбек, шөжелерім, шеп. 3 рет  

 


23 

 

 



Шеп, шеп, шеп, шөжелерім, 

Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім! 

Мамық жүнді шөжелерім! 

Нәзік үнді шөжелерім. 

 

Не жейсіндер,мен берейін. 



Су берейін, жем берейін. 

Әй, менің шөжелерім, 

Әй, менің шөжелерім, 

Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет. 

 

Тез-ақ өсіп толарсыңдар



Ақтауықтай боларсыңдар. 

Әй, менің шөжелерім, 

Әй, менің шөжелерім, 

Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет 

 

Шеп, шеп, шеп шөжелерім, 



Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім. 

Мамық жүнді шөжелерім, 

Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

24 

 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАҚПАҚТАР 



 

Мұзафар Әлімбаев 

 

Он саусақ 

 

Жалғыз саусақ тіпті де, 



Ұстай алмас жіпті де. 

Екі саусақ бірікті, 

Ине қолға ілікті. 

 

Үш саусағым орамды, 



Жүгіртеді қаламды. 

Өнерлі екен он саусақ, 

Қала салсақ, жол салсақ... 

 

 



 

 

Мен ─ дәрігер 

 

Әже, әже, жатпашы! 



Ауыр ойға батпашы! 

Болайын мен дәрігер, 

Десең: «Шипа дәрі бер!» 

 

Дәрі жасап берейін, 



Бәрін жасап берейін. 

Ауыртпаймын әжемді, 

Ауырмайсың, әже, енді! 

 

 



 

Қандай сөздер 

 

Ана –  



Ардақты сөз. 

Тау-тас –  

Салмақты сөз. 

 

Жел –  



Қанатты сөз. 

Шәкірт –  

Талапты сөз. 


25 

 

Жалау –  



Дабылды сөз. 

Алау –  


Жалынды сөз. 

 

Дос-жар –  



Мейірлі сөз. 

Дала –  


Пейілді сөз. 

 

 



 

 

Менің атам майдангер 

 

Отан үшін от кешкен, 



Өліммен де беттескен, 

Омырауын оқ тескен, 

Менің атам майдангер. 

 

Алғыс алған Отаннан



Батыр солдат атанған. 

Достары көп Қаһарман, 

Менің атам майдангер. 

 

 



 

 

Әбіш Кекілбаев 

 

Доп 

 

Доп, доп, доп, доп домалақ, 



Тыншымайсың домалап. 

Ас құйып ем күшікке, 

Үлгірмеді ішіп те... 

Төңкердің де табағын, 

Төгіп кеттің тамағын. 

Доп, доп, доп, доп домалақ, 

Осы әдетің жаман-ақ.  

 

 



 

  

26 

 

Оразақын Асқар 



 

Күнді көргенде 

 

Алақай, алақай! 



Күн шықты, күн шықты, 

Жер үстіне нұр шықты! 

Алақай-ау, алақай! 

Жүгіріңдер балақай. 

Күн шуақтап ойнайық, 

Қызығына тоймайық. 

 

 



 

Құлыншақ 

 

Құлдыр-құлдыр құлыншақ, 



Құлдыраған құлыншақ, 

Жібек жалды құлыншақ, 

Бөкен санды құлыншақ, 

Құндыз жүнді құлыншақ, 

Жұлдыз көзді құлыншақ, 

Болат тұяқ құлыншақ. 

Тас төбеде қос құлақ 

Сүйрік қияқ құлыншақ. 

Жүйріктігі құйындай 

Құлыншақты мін де шап. 

 

 



 

Бала тілі 

 

Бала тілі – бал, 



Тыңдап құлақ сал. 

Күліп қана қойма, 

Мағынасын ойла, 

Онда көп мән бар. 

 

Бала тілі – бал, 



Үлгі, өнеге ал. 

Үлкеннің де мінін, 

Айырып жалған, шынын, 

Айтар кейде дәл. 



 

27 

 

Біз бақытты баламыз 

 

Тәуелсіз еркін елде біз, 



Дүниеге келгенбіз. 

Көк ту мен Елтаңбамыз, 

Бар біздің өз теңгеміз. 

 

Орындайтын бәріміз, 



Бар біздің ата заңымыз. 

Жиында тұрып айтатын, 

Бар біздің Әнұранымыз. 

 

Елбасымыз салдырған, 



Астанамыз ән-думан. 

Иесі Қазақстанның, 

Біз бақытты балдырған. 

 

Бодан кезді аса біз



Толық түсіне қоймаймыз. 

Айтатын әже, атамыз, 

Ертек пе деп ойлаймыз. 

 

 



 

 

ЖАҢЫЛТПАШТАР

 

 

Әке,  



Әліппенің әріптерін, суреттерін, 

Әр беттерін келіп көрші. 

Маған да осындай әліппе алып берші? 

 

*** 



Қарындасым, 

Бояу қарындашың барын Қасым айтып еді, 

Бере тұршы, тәңір жарылқасын?! 

 

*** 



Тақпақ айт, 

Тақпақ айтсаң, түгел жаттап, мәнін сақтап,  

Сөзін нақтап, баптап айт?! 

 

*** 



Құлақтандырылмағандарыңыздан да  

Жиынға бара алмадық. 



28 

 

*** 



 

Шашқан жемді 

Ақ кептер көп теріп жеп пе, 

Көк кептер кеп жеп пе? 

 

 



 

 

Абдірахман Асылбеков 

 

Төлдер сипаты 

 

Лағым-ау, лағым, 



Неден шұнақ құлағың? 

-Құлағымды сыладым, 

Содан шұнақ құлағым. 

 

-  Қошақан-ау, қошақан, 



Неден болдың шошақан? 

-  Қадалып қап ошаған, 

Содан болдым шошақан. 

 

-  Торпағым-ау, торпағым, 



Неден болдың қорқағым? 

-  Қалбаңдаса қалпағың, 

Содан қатты қорқамын. 

 

Құлыным-ау, құлыным, 



Неден сұлу тұлымың? 

-  Сіміріп су тұнығын, 

Содан сұлу тұлымым. 

 

-  Ботақан-ау, ботақан, 



Неден болдың момақан? 

-  Мен де өзіңдей балақан, 

Момындықты жаратам. 

 

 



 

 

 

 

 

29 

 

Есей Жеңісұлы 



 

Ата Заңым – айбыным 

 

«Мемлекеттің байлығы, 



Қайнар көзі – халық» деп, 

Ата Заңым – айбыным 

Белгілеген анық, дөп. 

 

«Жақсы оқы, білім ал, 



Еңбек істе шыңдалып!» - 

Мұның бәрі, біліп ал, 

Ата Заңда тұр анық. 

Барлығына Ата Заң, 

Өзі кепіл болады. 

Қалмаймыз біз қатардан, 

Жұлдызымыз жоғары. 

 

 



 

 

Әдібай Табылды 

 

Әліпбилі әдеп әліппесі 

 

Ардақтымыз – анамыз: 

Аяланған баламыз, 

Ақыл, сана, ой берген 

Ана тілін аламыз. 

 

Әдеп тәртіп, білеміз, 



Әдеппен сөйлеп, күлеміз: 

Әрқашан жұрт алдында, 

Әдеп сақтап жүреміз. 

 

Бабаға қарт, киелі 



Баласы бас иеді: 

«Бала - бауыр еті деп, 

Баласын ол сүйеді. 

 

Володямен дос болдым, 



Вахитпен де дос болдым. 

«Вовик досым» деп едім, 

Вованың көңілі қош болды. 


30 

 

 



«Гүлім» дейді анасы, 

«Гүл қыз» дейді ағасы: 

Гүлдей жайнап жүреді, 

Гүлсімнің зор санасы. 

 

Досты сыйлау - салтымыз. 



Достық жасау – шартымыз: 

Достық жасап бар елмен 

Достасады халқымыз. 

 

Жақсы көрем інімді –  



Жақын бауыр – күнімді: 

Жалынды жас, әдепті 

Жарқын інім – білімді. 

 

Заң - тәрбие жүйесі, 



Заңның халық иесі. 

Заңға әркім бағынар, 

Заңға тәртіп – тиесі. 

 

Иманды жан – әдепті, 



Иман – сенім әдепкі: 

Имандылар біледі 

Имандылық әдетті. 

 

Көкем – менің тірегім, 



Көкем сүйер түлегін: 

Көп жұмысын орындап, 

Көмекші боп жүремін. 

 

Лайықты ісім бар, 



Лайықты күшім бар: 

Лепірмей істеймін,- 

Лайықсыз бөспеймін. 

Момынды жұрт жақтаған: 

Момындықтан бақ табам. 

Мол жұмысты бір өзім 

Мойымастан атқарам. 

 

Нақыл сөзін атамның 



Нақ орындап, бата алдым: 

Нақты жұмыс атқарып, 

«Нағыз жігіт» атандым. 


31 

 

Отанымыз – анамыз, 



Отан сүйген баламыз: 

Оқып, білім аламыз, 

Оты болып, жанамыз. 

 

Өсті біздің санамыз, 



Өмір сүрген баламыз. 

Өлең – жырды жаттаймыз, 

Өнер сырын табамыз. 

 

Пайымды жан - әдепті: 



Пайымдылық әдетті 

Парықтадық, үйрендік, 

Пайымдымыз әдепті. 

 

Рақымды кәрі атам, 



Рақымшыл – бар адам: 

Рақым етіп, сыйласаң, 

Разы болар әр адам. 

 

«Сабырлы жетер мұратқа –  



Сабырсыз қалар ұятқа». 

Сабырың – ақыл туындай, 

Сабырдың туын құлатпа. 

 

Талмастан алға баратын, 



Талабың – ұшар қанатың: 

Тағлымы ердің – өнеге – 

Талаппен үлгі аламын. 

 

Уақыт қарап тұрмайды, 



Уайым ойды ұрлайды. 

Уақытында іс қылсаң, 

Уақыт бірге зырлайды. 

 

Ұлтыңның атқар мол ісін, 



Ұлылық болар ол ісің. 

Ұлтыңды қорғап, сүйсең ол  

Ұлым деп, сүйер ол үшін. 

 

Үлгі етіп ісін, әр ізін, 



Үлкенді сыйлау – парызың. 

Үгітпен болмас сыйласым, 

Үлгімен көрсет парызын. 


32 

 

Халқымыз – біздің анамыз, 



Халқымыз – асыл панамыз: 

Халыққа қызмет етеміз, 

Халықтан қуат аламыз. 

 

Шамсыз болып «мол ісің», 



Шайлығып жүрме сол үшін: 

Шалалық жасап ісіңе 

Шалағай болсаң, сорлысың. 

 

Ықылыс, ынта – сезімде, 



Ынтық бол, білім «көзіне». 

Ынтамен ұғын білімді, 

Ықтияр кілті – өзіңде. 

 

Іздену – ісің ізгілі, 



Іңкәрлік – мақсат тізгіні: 

Ілтипат жасап, сүйе біл 

Ілімшіл, ойшыл ізгіні. 

 

 



 

Жәди Шәкен 

  

«А» дегенім ата, 

«Б» дегенім бата, 

«Қ» дегенім қарбыз, 

«Ж» дегенім жалбыз, 

«Т» дегенім түйме, 

«К» дегенім күйме, 

«С» дегенім сәбіз, 

«Д» дегенім дәліз, 

«Г» дегенім гүлім, 

«Ү» дегенім үнім, 

«Ө» дегенім өгіз, 

«Е» дегенім егіз, 

«Н» дегенім наным, 

«М» дегенім малым, 

«Л» дегенім лақ, 

«Ш» дегенім шырақ, 

«Ә» дегенім әскер, 

«Ғ» дегенім ғарышкер. 

 

 



33 

 

Баянғали Әлімжанов  

 

Дала 

Атыңды жаттап өсемін 

Аңызымен атаның. 

Байтақ дала, кең дала 

Менің туған Отаным! 

 

Қазақстан туы 

Көк туым күнге еркелеп 

Қырандай көкте қалықта. 

Шаттыққа толып шаңырақ 

Көркейіп елім шарықта! 

 

Ата 

Менің атам ақылды 

Бізге бата береді. 

Арқасына мінгізіп 

Аттай шауып желеді! 



 

Әже 

Менің әжем әдемі 

Алақаны аялы. 

Біз даладан келгенде 

Күліп құшақ жаяды. 

 

Бала 

Бала-бала балдырған 

Өмір отын жандырған. 

Күн нұрындай күлімдеп 

Көз мейірін қандырған. 

 

Ертегі 

Ерте, ерте , ертені 

Аңыз қылған, ән қылған, 

Кел, ертегі тыңдайық 

Ата-бабаң қалдырған! 

 

Жылқы 

Қымыз берген жылқымын 

Көк шалғында аунаймын. 

Мінгізіп ап балдарды  

Желдей ұшып заулаймын! 

 


34 

 

Түйе 

Мен түйемін, таудаймын 

Керуен тартар қуатым. 

Көп күн шөлге шыдаймын 

Дертке шипа шұбатым! 

 

Сиыр 

Мен мүйізді сиырмын, 

Бұзауымды іздеймін. 

Сүт пен қаймақ беремін 

Балаларды сүзбеймін! 

 

Қой 

Мен момақан қойыңмын 

Ешбір жанға тимеймін. 

Жүн беремін киімге 

Өзім бірақ кимеймін. 

 

Ешкі 

Егіз лақты ешкіміз 

Қой бастайды серкеміз. 

Жеңіл, жылы шәліге 

Түбіт берген еркеміз! 

 

Ит 

Қысы-жазы адамға 

Серік болып жүреміз. 

Күзетеміз қойларды 

Қасқыр келсе үреміз! 

 

Мысық 

Жылы жерді сүйеміз, 

Бырылдап көз қысқанды. 

Жолатпаймыз бірақ-та 

Үйімізге тышқанды! 

 

Қаз 

Қаз қанатын сабалап 

Көлдің суын шашады. 

Қаңқылдаған дауысы 

Алты қырдан асады! 

 

 

 


35 

 

Үйрек 

Үйге қусаң үйректі 

Балпаң-балпаң басады. 

Кірмеймін деп қораға 

Сайға қарай қашады! 

 

Тауық 

Күні бойы қыт-қыттап 

Көң тырнаған тауықпын. 

Балақандар жесін деп 

Көп жұмырқа тауыппын! 

 

Есек 

Су тасыған балалар 

Жүк артады есекке. 

Бірақ неге сол есек 

Алынбайды есепке? 

 

Қасқыр 

Қасқыр түнде ыр-р етсе 

Ел шошиды ертеден. 

Мылтығы бар әкемнің  

Қорықпаймын мен сенен! 

 

Арыстан 

Ұйқысынан оянып 

Ақырғанда арыстан, 

Жан-жануар қашады 

Жасырынып алыстан! 

 

Аю 

Аю қыстай үңгірде 

Сорады май табанын. 

Жазда бал жеп, ешкімге 

Тигізбейді залалын! 

 

Динозавр 

Таудай үлкен, күші көп, 

Қандай ұзын десек те, 

Динозавр қазақша 

Қорқынышты кесіртке! 

 

 

 


36 

 

Жолбарыс 

Жолақ-жолақ терісі 

Азу тісі қылыштай, 

Жортып шықса жолбарыс 

Бұғады аңдар бұрышқа! 

 

Барыс 

Барыс қарда сырғанап, 

Тау аралап жүреді. 

Тасқа жатса, тоңбайды 

Қыстың жайын біледі! 

 

Панда 

Аю-панда орманда 

Ағашқа тез өрлейді. 

Түсірсе де киноға 

Ол гүпуды білмейді! 

 

Түлкі 

Айласынан түлкінің 

Алданса да қанша адам, 

Ақылы бар баламын 

Алданбаймын мен саған! 

 

Қоян 

Әппақ қоян, ақ қоян, 

Сондай қорқақ, сақ қоян. 

Біздің үйге тығылсаң 

Сандығыма сап қоям! 

 

Кит 

Кит деген бір керемет 

Көк мұхиттың көркемі

Жан-жануар, балықтың 

Бәрінен де үлкені! 

 

Кенгуру 

Немересін атасы 

Мінгізеді арқаға. 

Ал кенгуру секіред 

Баласын сап қалтаға! 

 

 

 


37 

 

Морж 

Азулары найзадай 

Морж мұзды ояды. 

Тіл алмаса баласын 

Тіспен түртіп қояды! 

 

Піл 

Таудай үлкен піл деген 

Жалпылдайды құлағы. 

Тұмсығымен ағашты 

Көтеріп ап тұрады! 

 

Ақ аю 

Мұзды мұхит үстінде 

Ақ аю қол бұлғайды. 

Тоны қалың, майы көп 

Ол аязда тоңбайды! 

 

Жираф 

Қонақ қылып жирафты 

Маймыл үйде сыйлапты. 

Мойнын созып қалғанда 

Жираф үйді қиратты! 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет