Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
122 
отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық 
білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән 
айту  және  аспапта  орындау  тәсілін  бойына  сіңірудегі  басты  әдіс  болып 
табылады. 
Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу 
процесінің 
қажетті 
элементтерінің 
бірі 
болып 
саналады. 
Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  (мәтінмен  жұмыс,  ән  салуға 
жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және 
тереңдетуге,  музыка  мен  ән  салуға  қызығушылықты  қалыптастыруға  және 
оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,  
«Музыка» пәні  бойынша  5-6-сыныптарда  сағат  саны аптасына  1  сағат, 
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды. 
 
Бейнелеу өнерi  
Оқыту мақсаттары: 
-  эстетикалық  сезімдерді,  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын  тәрбиелеу; 
өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен  зұлымдық  туралы  ойларын  дамыту; 
адамгершілік  сезімдерін  тәрбиелеу,  Қазақстан  және  басқа  елдердегі 
халықтардың мәдениетін құрметтеу;  
-  қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық  тұрғыдан  қарау  ниеті  мен 
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте 
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;  
-  өнер  құралдарының  көмегімен  оқушылардың  шынайы  өмірге  деген 
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру; 
-  халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу;  
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту
-  оқушылар  көркем  композиция  жасау  кезінде,  сондай-ақ,  орындалған 
жұмыстарды  сыныпта  қарап,  талқылау  процесінде  олардың  көркемдік 
талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.  
Оқыту міндеттері:  
-  өзінің  қоршаған  әлемге  көзқарасын  шығармашылық  жұмыстарында 
көрсете білу қабілетін дамыту;  
-  сурет,  кескіндеме,  композиция  бойынша  бейнелеу  сауаты  негіздерімен 
таныстыру,  жылы және  суық  түстермен  таныстыру  және  оларды  айыра  білуге 
үйрету;  
-  бейнелеу  өнерінің  түрлерімен  (графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы 
өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет  өнері)  және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет, 
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру; 
-  көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істеу 
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);  
-  шынайы  өмірде  көркем  мәдениеттің  көрінісін  байқай  білу  қабілетін 
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.); 
-  балаларда  сезімдік-эмоциялық  белгілерді:  зейін,  есте  сақтау,  қиял, 
елестетуді дамыту; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
123 
-  оқушылардың  қолдарының  моторикасын,  иілгіштігін,  икемділігін  және 
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту; 
-  өзінің  көлемді  композицияларын  жасау  немесе  жазық  және  көлемді-
кеңістіктік  тәсілдер  үйлесімдіктерін  пайдалану  арқылы  көркемдік  құрастыру 
элементтерімен таныстыру. 
«Бейнелеу  өнері»  пәні бастауыш  мектеп  бағдарламасымен  сабақтастығын 
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі 
түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа 
базалық  курстарымен  тығыз  ықпалдастыруға  бағытталған.  Ол  негізгі  мектеп 
оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын 
қолданып  көркем  бейне  жасауына  бағытталған  көркем-шығармашылық 
қызметтің  алуан  түрлеріндегі  бейнелі  тілін  меңгеруді  көздейді:  «Өнер 
туындыларын  қабылдау»,  «Кескіндеме»,  «Графика»,  «Мүсін  өнері», 
«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».  
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін 
сияқты  бейнелеу  өнерлерімен  қатар  сәулет  және  сәндік-қолданбалы  өнерді 
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз. 
Сабақтардың маңызды нәтижелері: 
мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе 
мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және 
өзінше  бағалай  білуі,  қазақ  және  әлемдік  өнердің  негізгі  стильдері  мен 
бағыттарын айыра білуі;  
-  өнер  тарихында  елеулі  рөл  атқарған  шеберлердің  шығармашылығымен 
танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.  
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, 
одан  кейін  әлемдік  көркем  мәдениет  үлгілерімен  танысуына  бағытталған. 
Сабақта  оқу  қызметінің  кез  келген  түрі  өзіндік  мәнге  ие,  оқушылардың 
мүдделерімен  келісіледі,  оларды  оқушы  өмірінде  нақты  пайдалануға 
бағдарланады.  Өнерге  деген  қызығушылығы  мен  көркемдік  талғамын  дамыту 
қалыптасқан  шығармашылық  іс-әрекеттің  жеке  тұлғалық  тәжірибесі,  өзіндік 
эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады. 
Бейнелеу  өнеріне  оқыту  барысында  оқушыларға  шығармашылық 
жұмыстың  арқауын  жасауда,  қызмет  түрлерін,  көркем  материалдарды,  жеке 
немесе  топтық  жұмыстарды,  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау 
күрделілігін,  үй  тапсырмасының  формаларын  және  т.б.  таңдауда  көбірек 
еркіндік  беріледі.  Олар  оқушының  мәдени,  құндылықты,  тұлғалық  және 
зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу  материалы  көркемдік  білімнің  іскерлік  сипаты  мен  адамгершілік 
болмысын  көрсететін:  «Өнер  мен  көркемдік  қызметтің  адам  және  қоғам 
өміріндегі  рөлі»,  «Өмір  мен  өнердің  рухани-адамгершілік  проблемалары», 
«Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» 
бөлімдерімен ұсынылған.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
124 
Осылайша  бөлімдерге  бөлу  ерекшелігі  мынада,  бірінші  бөлім  оқу 
материалының  мазмұнын  ашады,  екінші  бөлім  оны  іс  жүзінде  іске  асырудың 
құралдарын  береді,  үшінші  тапсырма  тақырыбының  рухани-адамгершілік, 
эмоциялық-құндылық  бағыттылығын  болжамдайды,  төртінші,  олардан  бала 
көркемдік-шығармашылық  тәжірибе  алып  шығатын  қызмет  түрлері  мен 
шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, 
құндылыққа  бағдарланған,  қызметтік  қырларын  ашады.  Олар  (барлығы  бірге) 
әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы 
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.  
 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;  
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат. 
 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 
 
Технология  
«Технология» 
пәнін 
оқыту 
бағыты 
оқушыларды 
материалдық 
құндылықтардың  заманауи  өндірісінің  негізгі  технологиялық  процестерімен 
таныстыруға,  кейінгі  кәсіптік  білім  алуға  және  еңбек  етуге  қажетті 
дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.  
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның 
қажеттіліктерін,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымының  жетістіктерін 
ескере отырып белгіленген.  
Пәндіоқытудың 
мақсаты 
техника 
мен 
технология 
саласында 
оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білім  жүйесінің  нәтижелігіне 
бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қамсыздандыру,  сонымен  қатар, 
технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық  көзқарасын 
дамыту болып табылады. 
Оқыту міндеттері: 
1)  техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 
2)  құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру; 
3)  технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру
6)  оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
125 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  оқыту 
барысындағы  нәтижелері,  оқушылардың  үлгерімдерін  бағалауын,  негізгі 
мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын 
көрсетеді.  Оқушылардың  дайындық  деңгейі  үш  түрлі  аспектілер:  пәндік, 
тұлғалық,  жүйелі  іс-әрекет  нәтижелері  ескеріле  отырып  бағаланады.  Осыған 
байланысты  5-9-сынып  оқушыларына  (ер  балалар)  келесі  бөлімдер  бойынша 
тақырыптар беріледі (24-кесте). 
24-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары 
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника 
және технология.  
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен 
және механикалық өңдеу технологиясы.  
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен 
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.  
6. Электротехника және электроника 
негіздері.  
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстары.  
8. Шығармашылық жобалау саласы.  
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау.  
2. Ағашты және ағаш материалдарды 
қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
3. Металды қолмен және механикалық 
өңдеу технологиясы.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы. 
5. Электротехника және электроника 
негіздері.  
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстары.  
7. Шығармашылық жобалау саласы. 
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
 
Білім  берудің  негізгі  түрлері  оқушылардың  оқу-тәжірибелік,  жобалау  іс 
әрекеті  болып  табылады.  Жаттығулар,  оқу-тәжірибелік  жұмыстар,  жобалау 
әдісі  басым  әдістері  болып  отыр.  Бағдарламада  қарастырылған  барлық 
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, 
электромонтажды,  құрылыс-әрлеу  және  жөндеу  санитарлық-техникалық 
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және 
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.  
Мұғалім 
бар 
мүмкіндіктеріне 
сәйкес 
бағдарламада 
ұсынылған 
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын 
таңдай  алады.  Сонымен  қатар  оқушы  жасының  шамасына  сәйкес  еңбек 
нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар 
орындайтын  практикалық  жұмыстардың  түрлері  түсінікті,  ұтымды, 
экологиялық  талаптарға  сәйкес  болуы  тиіс.  Мұғалім  жергілікті  және  жеке 
эстетикалық  қызығушылықтарына  сәйкес  өзі  тапсырмаларының  нұсқаларын 
қосуға құқығы бар. 
«Қазіргі  заман  өндірісі,  техникалық  және  кәсіби  білім  беру»  (9-сынып) 
жаңа  бөлімінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің  түрлері, 
кәсіби  іс  әрекетке  қойылатын  жаңа  талаптар,  кәсіп  туралы  түсінік, 
мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
126 
қасиеттердің  әсері,  аймақтық  еңбек  нарығы  және  білім  саласында  қызмет 
көрсету туралы мәселелер қарастырылады. 
Сабақтар  ағаш,  металл  өңдеу  шеберханасында  немесе  құрамдастырылған 
шеберхана  базасында  өткізіледі.  Технологиялық  операцияларды  орындау 
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар 
аударылуы  керек.  Электр  қауіпсіздігі,  санитария  мен  жеке  гигиенасын 
сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс. 
Сабақта 
қолдан 
жасалған 
электромеханикалық 
құралдар 
мен 
технологиялық  машиналар  қолдануға  тыйым  салынады.  Кіріктірілген 
сипаттағы  «Технология»  пәні  пәнаралық  байланыстарды  қолдану  негіздерінде 
құрылуын  көздейді.  Есептеу  операциялары  және  өлшем  алуда  алгебра  мен 
геометриямен,  материалдардың  қасиеттерінің  сипаттамасында  химиямен, 
машина  мен  механизмдердің  жұмыс  принциптерін  және  құрылымын  оқытуда 
физикамен,  сәндік  қолданбалы  өнер  технологияларын  оқытуда  тарих  және 
өнермен байланыстырылады. 
Қала,  ауыл  және  шағын  жинақты  мектептерде  ұлдар  мен  қыздар  тобына 
бөлу  сыныптың  толымдылығына  қарамастан  бөліну  бойынша  жүзеге 
асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (25-кесте). 
 
25-кесте. 
5-9-сыныптарда 
қыз 
балаларға 
арналған 
бөлімдердің 
тақырыптары  
Ауыл мектептерінде  
Қала мектептерінде  
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік 
техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық 
талаптар және еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-
сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді 
жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу 
(белдемше,  
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, 
қауіпсіздік техникасы ережелері, 
санитарлық-гигиеналық талаптар және 
еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу 
технологиясы. Тігін машинасымен 
жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-
дау және, 
 шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. 
Машинатану элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен 
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік. 
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас 
гигиенасы.  
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. 
технологиясы.  
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-
ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір 
саласы.  
10. Жоба.  
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.  
көркем әшекейлеу (белдемше шалбар). 
Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. 
Машинатану элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.  
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас 
гигиенасы.  
8. Жоба.  
9. Кәсіби қызмет ету саласының 
технологиясы.  
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
127 
Кез  келген  халықтың  мәдениетін  алға  тартушысы  –  халықтың  қолөнері. 
Сол  себепті  оқушылардың  білімін  және  еңбек  дағдысын  қалыптастыру 
мақсатында,  сабақтарда  халықтардың  және  ұлттардың  мыңдаған  жылдық 
қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет. 
«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, 
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды
 
Сызу  
«Сызу»  пәні  негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  9-сыныпта  оқытылады. 
Курс  ойдың  аналитикалық  және  жасампаз  компоненттерін  қалыптастырып, 
білім  алушының  кеңістіктік  ой  қабілетін  дамытатын  негізгі  түпнұсқа  болып 
табылады. 
Пәнді оқыту мақсаттары: 
-
 
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;  
-
 
геометриялық  білімді  негізге  алып  тәжірибелік  жұмыс  дағдыларын 
дамыту; 
-
 
еңбектену 
іс-әрекеті 
дағдыларын: 
ұзақ 
күш 
салуға 
және 
интеллектуалдық  жүктемеге  қабілеттілікті,  дербестікті  және  шыдамдылықты, 
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту; 
-
 
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту; 
-
 
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту. 
Оқыту міндеттері
 
-  бір,  екі  және  үш  проекция  жазықтығына  тік  бұрыштап  проекциялау 
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар 
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру; 
- әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен 
эскиздерін,  аксонометриялық  проекциялары  мен  техникалық  суреттерін 
орындауды және оқуды үйрету; 
- нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, 
онымен  қоса  кеңістіктік  бейнені  проекциялық  кескіндерінен  және  ауызша 
суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және 
динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту; 
-  оқулық  және  анықтамалық  материалмен  өздігінше  жұмыс  істеуді, 
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету; 
- кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін 
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту; 
-  графикалық  білімдерін  жаңа  жағдайларда  қолдана  білу,  графикалық 
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі 
білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді. 
Нәрсенің  пішінін  талдау  дағдыларын  қалыптастыруға,  яғни  проекция 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
128 
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық 
денелерді,  тетік  бөлшектерді  тануды  қамтамасыз  ететін  жеке  белгілерін 
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек. 
Графикалық  жұмыстың  өнімсіз  элементтерін  болғызбауға  тырысу  керек 
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды 
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс. 
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін 
қалыптастыруын  көздеу  қажет.  Бұл  сызбаны  тексеру  кезінде  де  өзекті  мәселе 
болып табылады.  
Оқу  уақытының  көбі  практикалық  жұмыс  орындауға  бөлінуі  қажет. 
Міндетті  графикалық  жұмыстардан  тыс  сызу  пәні  сабақтарында  түрлі 
графикалық  есептерді  қолданған  дұрыс.  Білім  алушылардың  танымдық 
қызметін  жандандыру  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдануымен  және 
сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады 
Сызуға  оқыту  барысында  әр  білім  алушының  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
(дарындылығын,  ойлау  қабілетін,  жеке  мүддесін)  есепке  алып,  оқушылардың 
интеллектуалдық  даму  деңгейін  біртіндеп  көтеруге  болады.  Түрлі  оқу 
құралдарын 
кеңінен 
пайдалану 
ұсынылады 
(карточка-тапсырмалар, 
анықтамалықтар,  плакаттар,  кестелер,  модельдер,  тетік  бөлшектер  жиынтығы 
және ақпараттық технологиялық құралдар).  
Қазіргі  қоғамның  ақпараттандырылу  жағдайына  сай  «Сызу»  пәнінің  аса 
маңызды  бағыты  ол  білім  алушылардың  компьютерлік  графикалық 
сауаттылығын  қалыптастыру  болып  табылады  (мектептің  мүмкіндігіне  қарай, 
жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады). 
Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  келесі  жағдайларды  ескеру 
қажет: 
1) 
орындалуының 
түрлілігімен 
ерекшеленетін 
шығармашылық, 
эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды кеңінен қолдану; 
2)  оқушыларды  өздерінің  оқу  әрекеті  нәтижелеріне  талдау  жасауға 
бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу; 
3)  үй  тапсырмасын  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке  және  жас 
ерекшелігін ескеру. 
«Сызу»  пәні  бойынша  апталық  оқу  жүктемесі  –  2  сағат,  оқу  жылында 
барлығы 68 сағатты құрайды. 
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Дене шынықтыру  
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі. 
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  адамның  танымдық  белсенділігінің 
дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя 
сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды  
Оқыту мақсаты:  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017 
оқу жылы
 
 
129 
-  өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қараудың  қажеттілігін  және  қимыл-
қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың  дене  мәдениетін 
қалыптастыру; 
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын
-  салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
-
 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 
-
 
дамыту  және  сауықтыру  бағытындағы  дене  жаттығулары,  базалық 
спорт  түрлерінің  іс-қимыл  әдістері  мен  техникасы  арқылы  қимылдық 
тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру; 
-
 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру; 
-
 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу; 
-
 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент). 
«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің  мазмұнында  адамның  таным 
белсенділігінің  дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және  қауіпсіздік  техникасын 
қадағалау  мен  талап  етудің  ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде 
оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене 
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген. 
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға 
айқындалған  маңызы  бар базалық  спорт  түрлерінен  (жүзу,  шаңғымен жарысу, 
спорттық  ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика) 
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  берілген. 
Қазақстандағы  дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын 
«Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:  
-  мұғалім  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс 
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің 
материалдарымен  толықтыруға  (оқушыларға  қойылатын  негізгі  талаптарды 
жүзеге асыру барысында) құқылы; 
«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты 
гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес; 
мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен 
сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
-  оқушылардың  тактикалық  ойлауын  дамытуға,  дене  қасиеттерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет