Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет32/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

5. Ата-аналардың қызметі 
 5.1.  Ата-аналар  апта  сайын  күнделіктегі  жазбалармен  танысады  және қол 
қояды. 
5.2.  Күнделіктің  соңындағы  жинақ  ведомосына  тоқсанына  бір  рет  қол 
қояды. 
5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін 
қол қояды. 
6. Мектеп әкімшілігінің қызметі 
 6.1.  Мектеп  әкімшілігі  күнделік  жүргізу  бойынша  Ережеде  бекітілген 
талаптарға  сәйкес  2-11-сыныптар  оқушыларының  күнделік  жүргізуіне  жүйелі 
түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде 
келесі жағдайлардың болуы тексеріледі: 
– сыныптағы педагогтер туралы ақпарат; 
– тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі; 
– сабақ қоңырауларының кестесі; 
– секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі; 
– үй тапсырмалары; 
– пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар; 
– ата-аналардың қолдары. 
6.2.  Әкімшілік  бақылаудың  қорытындысы  бойынша  күнделіктерді 
тексеруші  анықтама  жазады,  онда  анықталған  кемшіліктер  көрсетіледі, 
ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді 
жою бойынша ұсынымдар беріледі. 
6.3.  Әкімшілік  күнделіктің  жүргізілуін  бақылау  нәтижелері  бойынша 
сынып  жетекшілерін  және  пән  мұғалімдерін  марапаттауға  және  тәртіптік 
жазалауға құқылы.   
 
 
 
 
 
 
 
 

 
249 
3-қосымша  
Тәрбие жұмысын жоспарлауформасы 
 
№ 
Қызметтің 
бағыттары 
Шара 
Күні 
Жауапты 
Өткізу 
формасы 
Нәтижелерінің 
жіті талдауы 

Ұйымдастыру 
шаралары және 
талдау-
диагностикалау 
қызметі 
 
 
 
 
 

Қазақстандық 
патриотизм және 
азаматтық. 
Этникалық 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Рухани-
адамгершілік 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Зияткерлік 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Экономикалық 
мәдениет 
 
 
 
 
 

Салауатты өмір 
салты және және 
тәрбиесі 
 
 
 
 
 

Ата-аналармен 
жұмыс 
 
 
 
 
 
 
I.  «Ұйымдастыру  шаралары  және  талдау-диагностикалау  қызметі» 
бағыты 
Мақсаты:  өмірдің  ағымдағы  мәселелерін  шешуге  қабілетті  сынып 
ұжымын  ұйымдастыру;  тұлғаны  зерделеу  және  қажет  болған  жағдайда 
оқушылардың тәрбиесін түзету. 
Міндеттері: 
-
 
оқушылар туралы ақпарат жинау және талдау; 
-
 
оқушылардың  даму  деңгейін  анықтау  (ойлау,  шығармашылық 
қабілеттері, физикалық және психологиялық денсаулығы және т.б.); 
-
 
тұлғалық-бағдарлық  көзқарас  негізінде  әрбір  баланың  дамуы  мен 
тәрбиесі үшін тиімді жағдайлар жасау.  
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1.  Оқушылармен  танысу  ("Сынып  картасы",  "Импульс",  "Қар  жентегі", 
"Күн", өзара танысулар). 
2.  Тапсырмаларды бөлу. Сынып белсенділерімен жұмыс. Өзін-өзі басқару. 
Жеке жұмыс. Сынып жиналыстары, оқушылар конференциясы. Апталық газетті 
шығару. Тазалап жинау. Сыныптың ақпараттық стенді. 
3.  Оқушылар  сауалнамасы  ("Мен  Қазақстанның  азаматымын",  "Мен 
кіммін?  Мен  қандаймын?",  "Маған  өзің  туралы  айтшы",  "Оқушылардың 

 
250 
мотивация  біліктерінің  қалыптасу  деңгейін  анықтау",  "Оқу  мотивацияларын 
және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу", "Алаңдаушылық деңгейін айқындау", 
"Біз таңдаймыз, бізді таңдайды" және т.б.). 
4. Диагностика: адамгершілік басымдықтар (аяқталмаған сөйлемдер әдісі); 
"Ағаш,  немесе  мен  өз  бойымда  қандай  қасиеттерді  қалыптастырдым 
(тәрбиелілікті  зерделеу  әдісі);  "Адами  қасиеттерді  сақтайтын  орын"; 
оқушылардың  шығармашылық  белсенділігінің  деңгейін  болжау  әдісі, 
сыныппен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін зерделеу әдісі және т.б. 
5.  Ойындар: "Өзім туралы айтып беремін", "Әлеуметтік драма", "Елсіз 
аралға барамыз". 
6.  Тестілеу: "Маған қалай қарайды? ", "Менің оқуым", "Сіз өзіңізді білесіз 
бе?". 
7.  Социометриялық зерттеулер. 
8.  Психологиялық тренингтер: пікірталастар, дебаттар, КТК, "Менің жан 
дүнием", "Мен және қоршаған әлем", "Достық сауалдар конверті" және т.б.  
II. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.  
Этникалық мәдениет. 
Мақсаты:  

 
өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету; 

 
азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру;  

 
сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету; 

 
азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім 
беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.   
Міндеттері:  
-
 
тұлғаны әлеуметтердіру үшін жағдай жасау; 
-
 
азаматтық өзіндік сананы қалыптастыру
-
 
ұлттық келісім негізі ретінде ізгілікке, бейбіт сүйгіштікке тәрбиелеу; 
-
 
құқықтық сананы және заңға бағынушылықты тәрбиелеу; 
-
 
әлеуметтік дағдылар қалыптастыру; 
-
 
жеке  адамдар  мен  халықтар  арасында  ынтымақтастыққа  қабілетті 
тұлғаның өзіндігін нығайту; 
-
 
оқушыларда  әлемдік  мәдениеттің  және  Қазақстан  мәдениетінің  алуан 
түрлілігі  туралы  түсінік  қалыптастыру,  оқушылардың  этникалық  тәрбиесі 
ерекшеліктерін ескеру негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін 
қалыптастыру. 
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1. Мемлекеттік  және  халықтық  мерекелер  (ҚР  Тәуелсіздігі  күні,  ҚР 
Конституциясы күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз және т.б.). 
2. Тақырыптық  сынып  сағаттары,  линейкалар,  әңгімелер  ("Менің 
Қазақстаным", "Мәңгілік Елдің мызғымас жеті негізі", "Біз – Үлкен Ел – Үлкен 
Отбасы",  "Қазақстанның  даму  кезеңдері",  "ҚР-ның  әлемдік  экономикалық  
дамудағы  орны",  "ҚР  рәміздері",  "Қазақстанның  мәңгілік  жері  –  Ұлы  Дала 
Елі!"). 
3. Музейлерге саяхаттар, Қазақстанның тарихымен танысу. 
4. Дебаттар "Қазақстандық патриотизм – бұл ..." 

 
251 
5. Саяхат-ойын "Менің Атамекенім", "Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен 
дәстүрлері". 
6.Пікірталас "Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет және Тіл ортақтығы".
 
III. Рухани-адамгершілік мәдениет. 
Мақсаты:  жалпыадамзаттық  құндылықтармен,  қазақстандық  қоғам 
өмірінің  нормаларымен  және  дәстүрлерімен  келісілгентұлғаның  рухани-
адамгершілік  және  этникалық  қағидаларын,  оның  моральдық  қасиеттері  мен 
ұстанымдарын қалыптастыру. 
Міндеттері:  –  оқушылардың  келесілерге  адамгершілік  қатынастарын 
қалыптастыру: 
-
 
моральдың және этиканың жалпыға ортақ нормаларына
-
 
өз қадір-қасиетіне, арына және борышына; 
-
 
ішкі бостандығына және адамгершілік шешімдер қабылдауына; 
-
 
өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-
дәстүрлеріне; 
-
 
өз ар-ұжданы мақұлдаған қылықтарға; 
-
 
адамдарға риясыз қызмет етуге; 
-
 
ата-ана, Отан, қоғам алдындағы өз борышына.  
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
Оқу  пәндерінің  мазмұнына  құндылықтарды  кіріктіру  арқылы  оқытудың 
тәрбиелік  әлеуетін  күшейту;  әлеуметтік,  қайырымдылық  жобалар  дайындау 
және  орындау,  волонтерлықты  дамыту;  педагогикалық  консилиумдар,  ата-
аналар  институты;  "Өзін-өзі  тану"  адамгершілік-рухани  білім  беру 
бағдарламасының  көппәндік  және  тәрбиелік  ролін  күшейту,  мектептерде 
рухани-адамгершілік  тәрбие  сапасына  мониторинг  жүргізу,  рухани-
адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін 
кеңейту.  
IV. Зияткерлік мәдениет. 
Мақсаты: оқушылардың  өзін-өзі  дамытуы,  өздігімен  білім  алуы,  өзін-өзі 
жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру. 
Оқытудың  өзіндік  стилін  қалыптастыру,  алған  білімін  жаңа  жағдайларға 
алмастыру білігін дамыту. Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез 
бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру. 
Міндеттері:  
-
 
оқушылардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау; 
-
 
танымдық түрткілерді дамыту; 
-
 
ойлау қызметінің біліктерін дамыту; 
-
 
әрбір тұлғаның жеке-шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
-
 
тұрақты түрде қазіргі ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру; 
-
 
білімді меңгеру процесінде зияткерлік мәдениет қалыптастыру. 
Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар: 
1Диагностика:оқушылардың  оқу  мотивациясын  және  оқу  пәндеріне  
қатынасын  зерделеу:  "педагогтердің  оқушыларға  ықпал  ету  тәсілдерін 
айқындау", "педагогтердің коммуникативтік мәдениеті оқушылардың көзімен", 
оқушылар сауалнамасы, пәндер бойынша тестілеу. 

 
252 
2. Пән апталықтары, олимпиадалар. 
3Зияткерлік ойындар, көңіл көтерулер, марафондар, танымдық сайыстар, 
викториналар  (не?  қайда?  қашан?  брейн-ринг,  "Ақылды  ұл-  қыздар", 
"Жұлдызды  сағат",  "Ақылдылар  мен  көңілділер"  сайысы,  "Өз  ойыны", 
"Кереметтер алаңы", "Әлсіз буын", "Бақытты жағдай"). 
4. Зияткерлік марафон, шоу. 
5. Ақылдар Одиссейі. 
6. Тапқырлар шоқжұлдызы. 
7. Әдеби қонақжай. 
8. "Біз тарихты жасаймыз" 
9. Оқушылардың 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  ғылыми-практикалық 
конференциялар, жобалар байқауы. 
10. Спич, дебаттар, " ХХI ғасыр көшбасшысы". 
11. Әңгіме, сынып сағаттары "Қазіргі адамның сөйлеу мәдениеті", "Мен 
үшін қымбат нәрсе", "Мен былай деп айтар едім ...". 
12Пәндер бойынша үйірмелер ұйымдастыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
253 
4-қосымша  
 
Бастауыш сынып оқушыларының  
білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы 
 
Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау 
нормасы  бағдарлама  талап  ететін  деңгейдегі,  бастауыш  кезеңдегі  әр  пән 
бойынша  оқу  материалын  баланың  меңгеру  орнықтылығын  қамтамасыз  ету 
үшін арналған.  
Бұл  нормалар  оқушының  оқудағы  жетісітігін  жүйелі  бақылауды  іске 
асыруға,  кемшіліктерді  жою  шараларын  қабылдауға,  оқушылардың 
үлгермеушілігін  ескертуге  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  бағалау  үшін  сандық 
ұпайды (баға) және бағалау пайымдамасын қолданады. 
Сыныптық  және  үйге  жазба  жұмыстарының  негізгі  түрлері  оқушыларға 
үйретуші жұмыстар болып табылады. 
Қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, әдебиет, математика, дүниетану бойынша 
ағымдық және қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі. 
Қорытынды  бақылау  жұмыстарын  өткізу  уақыты  мұғалімдер  келісімі 
бойынша мектеп басшыларымен құрылған оқушыларды шамадан тыс оқуының 
алдын алу мақсатында, жалпы мектепішілік кестемен анықталады. 
Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер 
саны болуы қажет: 
-
 
2-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішңнде бір дәптер 
мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына; 
-
 
әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер; 
-
 
математика  бойынша  –  2-4-сыныптарда  -  3  дәптерден  (2  дәптер  сынып 
және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); 
-
 
шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және 
үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер); 
-
 
дүниетану бойынша – 1 дәптер; 
-
 
бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер; 
-
 
музыка бойынша –1 нота дәптері. 
Қазақ  тілі,  орыс  тілі,  математика,  әдебиеттік  оқу  бойынша  арнайы 
дәптерлер бөлінеді, олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға 
қатемен  жұмысты  орындау  үшін  беріледі.  Ата-аналар  оқушылардың  бақылау 
жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады. 
Оқушылардың  дәптерлеріндегі  жазбалар  төмендегі  талаптарды  сақтап, 
жазылу қажет: 
-
 
мұқият және анық жазумен жазу
-
 
дәптер сыртын бірыңғай толтыру: 
 
Дәптер 
Астана қаласы 
№5 орта мектептің  
2 «А» сынып оқушысы 

 
254 
Муфтахов Шыныбектің 
математика (орыс тілі) дәптері 
 
Дәптер 
Астана қаласы 
№5 орта мектептің  
2 «А» сынып оқушысы 
Муфтахов Шыныбектің 
математикадан (орыс тілінен)  
бақылау жұмысы дәптері 
 
Көмекші сөз  пән атауымен бір жолда  жазылады. 
Сынып  нөмірі  араб  сандарымен  жазылады.  Тегі  мен  аты  ілік  септігінде 
жазылады.  Алдын  ала  тегі,  содан  кейін  толық  атын  жазу  керек  (бір  жолда). 
Тілдік  пәндер  бойынша  жұмысты  орындау  мерзімі  сөзбен  атау  септігінде 
жазылады (мысалы, оныншы қыркүйек), математика, дүниетану сандар санмен, 
ай аты сөбен жазылады (мысыалы, 10 қыркүйек). 
Жеке  жолға  сабақтың  тақырыбы,  сонымен  қоса  жазба  жұмысының 
тақырыбы жазылады.  
Жаттығудың,  тапсырманың  немесе  орындалған  жұмыстың  нөмірі 
көрсетілсін (таңбалансын). 
Азат жол сақталады. 
Сызу,  сызба,  шартты  белгілерді  қарындашпен  немесе  қаламмен  мұқият 
орындасын. 
Қателерді  былайша  түзетеді,  қате  жазылған  әріп  немесе  тыныс  белгіс 
қисық сызықпен сызылады; сөздің сөйлемдегі сөздің бөлігі – жіңішке көлденең 
сызықпен сызылады; сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу 
қажет; қате жазуды жақшаға алмасын. 
Орыс  тілі  мен  математикадан  үйретуші  сынып  және  үй  жұмысы 
орындалатын  оқушылардың  жұмыс  дәптерлері    2-4-сыныптарда  әр  сабақтың 
соңында барлық оқушыларда тексеріледі.   
Орыс тілі мен әдебиеттік оқу бойынша мазмұндама мен шығарма, сонымен 
бірге  пәндер  бойынша  барлық  бақылау  жұмысы  түрлері  барлық  оқушыларда 
тексеріледі.  
Қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  бойынша  бақылау  диктанттары, 
математика  мен  дүниетану  бойынша  бақылау  жұмыстары  2-4-сыныптарда 
тексеріледі және келесі сабақта қайталанады.  
Тексерілген  жұмыстарда  мұғалім  төмендегіні  басшылыққа  ала  отырып, 
жіберілген қателерді белгілейді және түзетеді: 
-
 
қателерді сызу мен түзету, мұғалім тек қызыл қаламмен ғана түзетеді; 
-
 
2-3-сынып  оқушыларының  орыс  тілі  мен  математика  пәндері  бойынша 
бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім 
жіберілген қатені сызады және түзетеді;  
-
 
4-сынып  оқушыларының  орыс  тілі  мен  математика  пәндері  бойынша 
бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім 

 
255 
оқушының  өзі  түзеген  қатесін  сызады  және  жіберілне  қатені  жолдың  шетіне 
белгілейді; 
-
 
2-4-сыныптарда  шығарма  мен  мазмұндаманы  тексеру  кезінде  (бақылау, 
сондай-ақ  үйретуші)  орфогарафиялық  қана  емес  және  пунктуациялық  қателер 
түзетіледі,  сонымен  қатар  нақты  логикалық  тілдік  қателер  (ирек  сызықтармен 
сызылады) және грамматикалық; 
-
 
Диктантты,  мазмұндаманы,  шығарманы  тексергеннен  кейін  мұғалім 
белгілеген тәртіпте қателерді есептегеннен соң жұмыстың бағасын қояды; 
4-сыныпта  мазмұндама  мен  шығармаларда  грамматикалық  (сандық)  және 
стилистикалық  (бөлім)  қателер  көрсетіледі.  Үйретуші  шығармалар  мен 
мазмұндамаларда нашар бағалар қойылмайды. 
Барлық  бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  бағаланады.  Оқушылардың 
жазба жұмыстарын бағалау кезінде мұғалім оқушылардың білімі, ептілігі және 
дағдысын бағалау нормасына сәйкес басшылыққа алады.  
Оқушылардың  жазба  жұмыстарын  тексергеннен  кейін,  қателерді  түзету 
немесе  жаттығуларды  орындау  бойынша,  осындай  қателерді  қайталаудың 
алдын алатын тапсырмалар беріледі.  
Бұл жұмысқа келесі сабақта 15 минут беріледі. 
Қорытынды  баға  әр  тоқсан  соңында  және  оқу  жылы  соңында  қойылады. 
Ол ауызша және жазбаша сауаттылықты тексеру деңгейі нәтижесін, грамматика 
элементтерін  меңгеру  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  түрде  жеткізе  алу 
деңгейінің  нәтижесін  есепке  ала  отырып  шығарылады.  Қорытынды  бағаларды 
шығару  кезінде  жазба  жұмыстарының  бағасы  ерекше  маңызды.  Қорытынды 
баға  барлық  білім  алушылардың  орташа  бағасын  емес,  оқушының  нақты 
дайындығын көрсету керек.  
 
 
 

 
256 
5-қосымша  
 
2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын 
апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі 
 
№ 
Облыс атауы 
Мектептің атауы 
Мектептің типі 
Оқыту тілі 

Астана қ. 
№ 69 орта мектеп  
ауыл 
аралас 

Алматы қ. 
№ 15 гимназия  
қалалық 
аралас 

Ақмола  
№ 5 мектеп-лицей(Степногор 
қ.) 
қалалық 
қазақша 
Николь орта 
мектебі(Бұланды ауданы) 
шағын жинақты 
орысша 

Ақтөбе  
Новая ОМ (Новое ауылы, 
Ақтөбе қ.) 
ауыл 
аралас 
№ 9 мектеп 
гимназиясы(Ақтөбе қ.) 
қалалық 
орысша 

Алматы  
Ш.Уәлиханов ат. №10 орта 
мектеп 
гимназиясы(Талдықорған қ.) 
қалалық 
аралас 
Х.Хамраев атындағы орта 
мектеп (Панфилов ауданы) 
қалалық 
ұйғыр 

Атырау 
№ 17 орта мектеп(Атырау қ.) 
қалалық 
орысша 
Ж.Мырзағалиев атындағы 
орта мектеп(Исатай ауданы) 
ауыл 
қазақша 

Шығыс 
Қазақстан 
Абай атындағы мектеп 
кешені (Көкпекті ауданы) 
шағын жинақты 
казахский 
№39 орта мектеп(Өскемен қ.) 
қалалық 
орысша 

Жамбыл  
№1 мектеп лицейі (Рысқұлов 
ауданы) 
ауыл 
қазақша 
А.С. Пушкин атын. №41 
мектеп гимназиясы(Тараз қ.) 
қалалық 
орысша 

Батыс 
Қазақстан  
М.Ықсанов атындағы №36 
орта мектеп(Орал қ.) 
қалалық 
қазақша 
Шаған орта мектеп (Теректі 
ауданы) 
ауыл 
аралас 

Қарағанды  
 
№3 мектеп 
гимназия(Қарағанда қ.) 
қалалық 
орысша 
№2 орта мектеп(Нұра 
ауданы) 
ауыл 
қазақша 
11 
Қызылорда 
облысы 
№31 мектеп 
гимназия(Жалағаш ауданы) 
ауыл 
орысша 
№2 орта мектеп (Қызылорда 
қ.) 
қалалық 
аралас 
12 
Қостанай 
Свердлов орта мектеп 
(Алтынсарин ауданы) 
шағын жинақты 
орысша 
№ 10 орта мектеп (Қостанай 
қ.) 
қалалық 
қазақша 
13 
Маңғыстау 
М.Горький атындағы мектеп 
ауыл 
орысша 

 
257 
гимназиясы(Түпқараған 
ауданы)  
№11 орта мектебі(Ақтау қ.) 
қалалық 
қазақша 
14 
Павлодар 
№39 мектеп 
гимназия(Павлодар қ.)  
қалалық 
орысша 
Майқаиын №1 орта мектеп 
(Баянауыл ауданы)  
ауыл 
аралас 
15 
Солтүстік 
Қазақстан  
Сартомар орта мектеп 
(М. Жұмабаев ауданы) 
шағын жинақты 
қазақша 
№ 16 орта 
мектебі(Петропавл қаласы) 
қалалық 
орысша 
16 
Оңтүстік 
Қазақстан  
М. Жұмабаев атындағы №15 
мектеп гимназия(Түркістан 
қ.) 
қалалық 
орысша 
Созақ мектеп 
гимназия(Созақ ауданы) 
ауыл 
қазақша 
 
 
 
 

 
258 
МАЗМҰНЫ 
 
Жалпы ережелер ……………………………………………………………....... 

1 «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі 
19 
2 Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-оқыту процесін 
ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
24 
3Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері.............. 
31 
 3.1 
 
 3.2 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпта пәндерді оқытудың 
ерекшеліктері ........................................................................... 
Қолданыстағы білім мазмұны бойынша 2-4 сыныптарда пәндерді оқыту 
ерекшеліктері .................................................................................. 
 
31 
 
45 
4 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …................ 
67 
 4.1 
4.2 
 4.3 
 4.4 
 4.5 
 4.6 
 4.7 
«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………..................................... 
«Математика және информатика» білім саласы ………………............. 
«Жаратылыстану» білім саласы ………………....................................... 
«Адам және қоғам» білім саласы ………………..................................... 
«Өнер» білім саласы ……………….......................................................... 
«Технология» білім саласы ………………............................................... 
«Дене шынықтыру» білім саласы ……………….................................... 
67 
93 
94 
105 
120 
123 
127 
5 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……........... 
130 
 5.1 
5.2 
 5.3 
 5.4 
 5.5 
 5.6 
«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………..................................... 
«Математика және информатика» білім саласы ………………............. 
«Жаратылыстану» білім саласы ………………....................................... 
«Адам және қоғам» білім саласы ………………..................................... 
«Технология» білім саласы ………………............................................... 
«Дене шынықтыру» білім саласы ……………….................................... 
130 
159 
160 
169 
178 
181 
6 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ………………............. 
186 
7 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері …...... 
192 
8 Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқыту ерекшеліктері 
197 
9 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында 
оқытудың ерекшеліктері ............................................................. 
 
209 
10 Кешкі мектептерде оқыту ерекшеліктері …….............................................. 
214 
11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің оқу 
бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы……….................................. 
 
218 
12 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік 
қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері ………………........................ 
 
229 
13 Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептеріндегі балаларға 
қосымша білім берудің ерекшеліктері …………………................. 
 
234 
14 Мектеп кітапханаларының жұмысы туралы 
241 
1-қосымша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша 
пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі» .................................... 
 
244 
2-қосымша «Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже................ 
246 
3-қосымша «Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы » …………………....... 
248 
4-қосымша «Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын 
бағалау нормасы » .............................................................................. 
 
252 
5-қосымша «2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын 
апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі» ………........ 
 
255 
 
 

 
259 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының  
жалпы орта білім беретін ұйымдарында  
оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 
 
Әдістемелік нұсқау хат 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК  
010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет