Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын



бет2/3
Дата19.06.2023
өлшемі80,05 Kb.
#102242
1   2   3
Үміткерлер күтуі: шет тілінің тәжірибесі. Шет елдік компанияларда шетелдіктермен олардың тілінде сөйлеу үлкен плюс.Қажетті шет тілін меңгерген маманға деген сұраныс та бағасы өседі, сондықтан бұндай компанияда жұмыс істеу өз мансабыңа инвестиция болады.
Шет елге іс-сапарлар: көптеген компаниялардағы қызметкерлер сұрау барысында оларды шет елге іс-сапармен барып, шет елдіктермен сөйлесу қызықтыратыны анықталды.
Престиж. Халықаралық компанияларда жұмыс істеу сәнді әрі престиж болып саналады.Батыс мәдениеті мен құндылықтары заманауи адамдардың санасында беделді орын алады.
Іскерлік тәжиірибе.Батыс компания қызметкерлері оның алатын лауазымына байланысты халықаралық стандарттарға негізделген бизнестің әр қилы жақтарын біледі. Оған: басқару түрі, қаржылық есептер, кадр саясаты, білімді басқару жүйесі жатады.Өзінің білім қорын байытқан мұндай қызметкер нарықта өз бағасын жоғарылатады, болашақта басқа халықаралық бизнесте жұмыс істей алады.Мысалы, ортаңғы буын менеджмент тұрғысынан Coca-Cola компаниясынан бірқатар жоғары буынның сәтті басқарушылары басқа жас салыстырмалы компанияға кетті. Бұл жерде ірі халықаралық компанияда жұмыс жасау MBA –мен салыстыруға келетін жақсы тәжірибе мектебіндегідей болып келеді.Көптеген жас мамандар халықаралық стардарттармен бизнесті жүргізу келешекте даму үшін құнды тәжірибе екенін айтады.
Бизнестің тұрақтылығы мен сенімділігі: Бірнеше ұлттық нарықтарда бизнес жүргізудің өзі компания жұмысының тұрақтылығының кепілі болып табылады.
Жоғары еңбекақы.Еңбекақыны анықтау бизнес көлеміне байланысты. Ол оның тамыры халықаралық па, отандық па деп анықталмайды. Керісінше қазір шет елдік батыс брендтік компаниялар отандық компанияларға қарағанда еңбек ақыны аз төлейді.Өйткені олар жұмыскерлерге брендті ,престижді халықаралық компанияда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қызметкерлерді рәсімдеудің ақ сүлбелері.Батыс компаниялар бизнесте батыс құндылықтарын дәріптейді. Олардың қаржылық анықтылығы қызметкерлерді рәсімдеудің ақ сүлбелерін 100% дың кепілі бола алады. Сонымен қатар батыс компанияларында окладты сыйақылыжүйені қолданады. Бұл кезде еңбек ақының белгілі жартысы ,оған қойған мақсаттарға корпоративті этикаға сай жүзеге асса ғана төленетін бонустық сыйақыдан тұрады. Сонда жұмысқа кешігіп келетін жұмыскерге ол бонус төленбейді.
Мансаппен көтерілудің нақты жүйесі: Батыстың көптеген компанияларында мансаппен көтерілудің кезеңдері жазылған. Демек, қызметкер жұмысқа орналасып жатқан кездік өзінде ол өзінің мансаптық дамуының мүмкіндіктерін бірнеше жылға болжаммен біліп жүреді.
Батыс компаниясына орналасу.Жұмысқа қабылдар алдында жұмыс берушілеркөбіне үміткердлің жеке қасиеттері мен потенциалына көңіл бөледі. Егер үміткердің резюмесі керемет бола тұрып, әңгімелесу кезінде өзіне сенімсіз болып, өзін көрсете алмаса оның жұмысқа қабылдану мүмкіндігі төмендейді. Дәл солай, егер үміткердің жұмыста тәжірибесі аздау болып, бірақ әңгімелесу кезіндеөзінің көп нәрсе білетіндігі мен дамуға деген құштарлығы байқалса оны жұмысқа қабылдауы әбден мүмкін. Отандық компанияларда көбіне білімі мен еңбек кітапшасына көңіл бөледі. Мысалы, егер үміткер адамның керекті салада алған білімі болмай ,бірақ талпынысы мен қабілеті болса, оған резюмесін қарау сатысында-ақ теріс жауап қайтарады.
Қазіргі кезде , маманданған кадрлардың қатты жетіспеушілік кезеңінде, көптеген батыстық компаниялар өздерінің корпоративті университеттерін,ішкі эксперттер мен тренерлер базасына сүйене отырып өз мамандарын өздері дайындаумен айналысып келеді.
Қазір мерекелік іс-шараларды ұйымдастыратын маманданған продюсер-менеджерлер тіптен жоқ.Сондықтан,соған зәру компаниялар өз мамандарын өздері дайындауда. Соңғы кезде бұл практиканы отандық фирмалар да қолданып жүр.
Шет тілдерін тестілеу.Әңгімелеу кезінде халықаралық компанияда шет тілдерін тестілейді. Ол бастапқы позициядан басқаларының бәріне міндетті болып келеді. Бірақ бастапқы деңгейге жұмысқа орналасқан қызметкердің өзі мансаппен көтерілу үшін шет тілінсіз мүмкін емес екенін білу керек. Сондықтан, жұмысқа орналасқан кезден бірден тл курсына жазылуды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет