Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет58/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   196
кері  қайт,  деген  сөйлемді  алып  қарастырайық.  Осы  құрмалас 
сөйлемдегі  көр  етістігі  бірдемені  /ауылды/  көру  керектігін  білдіріп, 
сол  сөзбен  сабақтасып  тұр  да,  қайт  етістігі  ондай  объектіні  керек 
етпей, тек кері келу туралы мағына беріп тұр. 
Яғни, сөйлеуде не сөйлем ішінде табыс септікті сөзді, демек тура 
толықтауышты  сөзді  керек  ететін  семантикасы  бар  етістіктерді 
сабақты етістіктер деп атайды. 


 
98 
Ал,  табыс  септікті  сөзді  керек  етпейтін,  кімді-нені  деген 
сұрауларға жауап күтпейтін етістіктерді салт етістіктер деп атайды.  
Етістіктердің салт және сабақты болып берілуі  түркі тілдерінде, 
соның ішінде қазақ тілінде де, екі түрде келеді: 
1)  Ешқандай  грамматикалық  көрсеткішсіз–ақ,  түбір  күйінде 
өзінің  ішкі  лексикалық  мағынасына  қарай  салт  және  сабақты  болып 
келетін  етістіктер:  Мысалы,  қайғыр,  қуан,  отыр,  өс,  өн  –  салт 
етістіктер. Аш, айт, бақ, бер, ек, ем т.б. – сабақты етістіктер 
2)  Арнайы  грамматикалық  көрсеткіш  арқылы  салт  және  сабақты 
болып берілетін етістіктер. 
Тіл  ғылымында  белгілі  категориялардың  арнайы  морфемасыз, 
өзінің  ішкі  мағынасына  қарай  бөлінуін  грамматикалық  топ  /разряд/ 
деп атайды. 
Грамматикалық  категорияның  арнайы  морфема  арқылы  берілуін 
категориялық форма деп атайды. 
Салт  және  сабақты  етістіктердің  арнаулы  формалар  арқылы 
жасалуын олардың ауыспалы түрі деп атайды. 
Салт етістіктер. Салт етістіктер екі түрде жұмсалады:  
1) Тура салт етістіктер. Бұған түбір етістік күйінде тұрып, табыс 
септігін меңгермейтін етістіктер жатады. Бұл етістіктерде салт етістік 
мағынасын  білдіретін  арнаулы  грамматикалық  форма  болмайды, 
салттық  мағына  етістіктердің  өз  бойында,  лексикалық  мағынасында 
сақталады. Мысалы, ау, бар, бұқ, жат, жұқ, жүр, кел, көн, күл, кір, 
қал, қаш, нан, өз, өс піс, сал, ти, ол, тоң, төз, тұр, түс, ұш, шық, ық, 
айны, айық, ақса, бекң, құла, бұлқын, дегді, есір, елті, жарыс, жүгір, 
зерік, күрес, қажы, қуан, құлшын, отыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде т.б. 
2) Ауыспалы салт етістіктер. Салт етістіктердің бұл түрі сабақты 
етістіктерге  жұрнақтар  жалғану  арқылы  жасалады.  Ол  жұрнақтар  - 
өздік  етіс  ырықсыз  етістің  жұрнақтары.  Яғни,  тіліміздегі  өздік  етіс 
пен  ырықсыз  етіс  жұрнақтарын  жалғаған  етістіктер  –  сабақты 
етістіктердің  салт  етістікке  айналған  түрі.  Мысалы,  ора  –  сабақты 
етістік. Егер осы етістікке өздік етістің формасын (-ң) жалғасақ, салт 
етістік  болып  шығады:  ора-оран.  Немесе  ырықсыз  етістің      -л  
жұрнағын жалғасақ та, салт етістік шығады. 
Қазақ  тілінде  салт  және  сабақты  етістік  категориясы  етіс 
категориясымен тығыз байланысты. 
Салт етістіктердің мағыналық ерекшеліктері сан алуан.  
Сабақты  етістіктер.  Сабақты  етістік  объекті  арқылы  пайда 
болады.  Объекті  болмаса,  сабақты  етістіктер  де  болмайды.  Сабақты 
етістіктердің  табыс  септігі  тура  толықтауышты  меңгеру  қабілеттілігі 
екі түрлі жолмен көрінеді:  


 
99 
А)  Тура  сабақты  етістіктер.  Тура  күйінде  тұрып,  өзінің  ішкі 
мағынасы арқылы қимыл-әрекет объектіге тікелей бағытталып, яғни, 
лексикалық  мағынасы  арқылы  табыс  септігі  сөзді  керек  ететін 
етістіктер. Мысалы,  аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, жай, қи, үз, сеп, 
сыз, тап, тер, үй, шеш, ыс, іл, іш, айда, апар, емде, әкет, болжа, еге, 
күре, бүрке, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, сапыр т.б. 
Осы етістіктердің қай-қайсысы да қолдану процесі кезінде, нені-
кімді  деген  сұрауларға  жауап  беретін  табыс  септігі  сөздерге 
сабақталады. 
Тура сабақты етістіктердің грамматикалық көрсеткіші жоқ.  
Ә)  Ауыспалы  сабақты  етістіктер.  Етістіктің  түбіріне  арнаулы 
жұрнақтар  жалғану  арқылы  сабақты  етістіктер  қалыптаса  алады.  Ол 
жұрнақтар - өзгелік етістің жұрнақтары: -т, -ыт, -іт, -дыр, -дір, -тыр, -
тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Мысалы, кейбір ғалымдар кез-келген 
етістікке  өзгелік  етістің  жұрнағы  жалғанса,  өзгелік  мәні  туады  деп 
есептейді.  Шынында  да,  олай  емес.  Өзгелік  мәні  тек  сабақты 
етістіктерге өзгелік жұрнағы жалғанатын болса ғана пайда болады. Ал 
салт етістікке өзгелік етістің жұрнағы жалғанатын болса, онда өзгелік 
мәні  емес,  бар  болғаны  сабақты  етістік  ғана  пайда  болады.  Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет