Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет56/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   196
жаңылдым,  жазығым  не,  не  жаздым  деген  сияқты  формалар  дәлел 
бола  алады.  Қазір  тілімізге  тек  жартылай  мағыналы  жазда  түрінде 
ғана  қолданылады.  Жеке-дара  қолданылмайтын  нағыз  көмекші 
етістіктердің  бірі.  Жазда  көмекші  етістігінің  өзге  мәнсіз 
көмекшілерден  айырмашылығы  бар.  Бұл  көмекші  істің  біркелкі 
істелгенімен,  әлі  бір  себеппен  аяқталмағанын  білдіретін  мағына 
үстейді. Жазда көмекші етістігі көсемшенің –а, -е, -й формасына ғана 
біткен етістікпен тіркесіп, күрделі етістік құрайды. Мысалы, жығыла 
жаздадым, құлай жаздадым, құлап кете жаздадым т.б. 


 
95 
Сонымен,  қазіргі  қазақ  тілінде  мәнсіз  көмекші  етістіктер 
қатарына  4  етістік  жатады:  е,  ет,  де,  жазда.  Олар  бір-бірінен  өзара 
ерекшеленеді, тек олардың барлығы да жеке-дара қолданылмай, өзге 
сөздермен тіркесіп келіп, күрделі етістік жасауға себепші болады. 
Толымды көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерден бұл тобына 
жататын етістіктердің толық лексикалық мағынасы бар. 
Мәнді  көмекші  етістіктер  бір  жағынан  өзінің  толық  лексикалық 
мағынасын  сақтап,  өз  алдына  жеке  тұрып  амалдың  (қимылдың) 
мағынасын бере алады. Екінші жағынан, күрделі етістіктің құрамында 
жетекші етістікпен белгілі грамматикалық формалар арқылы тіркесіп, 
оған  қосымша  семантикалық  мән  үстейді.  Толымды  көмекші 
етістіктерден саны – тілімізде 30 шақты. Мысалы, ал, бер, баста, бақ, 
бол, жатыр, тұр т.б. 
Толық  мағыналы  етістіктердің  мәнді  көмекші  етістіктерге 
айналып  қалыптасуы  қазақ  тілінің  тарихымен  тығыз  байланысты. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  барлық  етістіктер  көмекшілік  қызмет  атқара 
бермейді. 
Толымды  көмекші  етістіктердің  бірде-береуі  егер  жетекші 
етістікке дәнекер қосымша (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -кейде, -ған, -ген, -
тын, -тін, -р) жалғанбаса, онда көмекшілік қасиетке ие бола алмайды. 
Егер  осы  дәнекер  қосымша  жалғанбаса,  екінші  етістік  (көмекші) 
біріншімен  (жетекші)  байланыса  алмайды,  яғни  оған  семантикалық 
мән  үстей  алмайды.  Мысалы,  айта  сал  деген  тіркесті  жұрнақсыз 
айтып  көрсек,  олар  қиылыспайды:  айт  сал.  Сондай-ақ,  күрделі 
етістіктің құрамында көмекші  етістікті де алып тастасақ,  айта деген 
көсемше формасы қалады. 
Міне, осындай негізгі етістіктің көсемше формасында келіп, оған 
көмекші  етістіктің  тіркесуін  аналитикалық  форма  деп  атайды. 
Етістіктің  аналитикалық  формасы  сыртқы  жағынан  да,  мазмұны 
жағынан  да  аса  бай,  қызметі  жағынан  да  төтенше  өрісті,  ерекше 
категория.  Аналитикалық  форманың  грамматикалық  семантикасын 
білдіріп, оның  көрсеткіші  ретінде қызмет  ететін соңғы  екі бөлшегі  – 
көсемшенің  жұрнағы  мен  көмекші  етістік  -мағына  жағынан  да, 
қызметі  жағынан  да  дәйім  берлікте  болады.  Олар  бір  ғана 
грамматикалық  форма  ретінде  қызмет  етеді.  Осы  грамматикалық 
форма  аналитикалық  қосымша  немесе  аналитикалық  формант  деп 
аталады. 
     Әрбір  аналитикалық  форманттың  әзіне  ғана  тән  мағынасы  бар. 
Яғни,  әр  форманттың  семантикасы  бір-бірінен  өзгеше  болып  келеді. 
Мысалы,  көріп  қой  -  көре  қой  деген  екі  аналитикалық  етістіктің 
лексикалық  мағынасы  бір,  бірақ  грамматикалық  семантикасы  бір 
емес. 


 
96 
Қалып  етістіктері  (тұр,  жүр,  отыр,  жатыр).    Адамзат,  ғаламат 
атаулының амал-әрекеті, күйі я тұрған, я жүрген, я отырған, я жатқан 
жағдайда  болып  келеді  және  олардың  амал-әрекеті  осы  аталған 
қалыптың бірінде жүзеге асып отырады. 
Осындай  жағдайды  сипаттау  мақсатында  жұмсалатын  етістіктің 
түрін  қазіргі  қазақ  тілінде  қалып  етістіктері  деп  атайды.  Олардың 
саны  қазақ  тілінде  көп  емес,  барлығы  төртеу.  Олар:  жатыр,  жүр, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет