Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет64/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   196
бережек, көрежақ, отыржақ т.б. 
Бұл  аффикстердің  шығу  төркіні  –шақ,  -шек  қосымшасымен 
байланысты болып келетін сияқты. 
Бұл  форма  түрік,  түркмен,  хақас,  құмық,  башқұрт,  татар 
тілдерінде есімшелердің өнімді формасы болып саналады. Сондай-ақ, 
өзбек  тілінің  хорезм  диалектісінде,  қарақалпақ  тілдерінде  де 
қолданылады.  Бірақ,  қазақ  тілінде  бұл  формалар  -  өнімді  формалар 
емес. 
Есімше  морфологиялық  түрлену  мен  синтаксисті  қызметі 
жағынан  зат  есім,  сын  есімдермен  ұқсас.  Есімше  есімдер  сияқты 


 
107 
септеледі,  көптеледі,  жіктеледі  және  тәуелденеді.  Сонымен  бірге, 
есімшелер  тілімізде  ұзақ  жылдар  бойы  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалып,  қимылды  да  білдіріп  келген.  Предикаттық  қызмет 
есімшенің шақтық мағынаны білдіру қызметін де айқындайды. 
Осы айтылған тұжырымдар есімшенің қандай категория екендігін 
білдіретін теорема тудырады. Сонымен, есімше дегеніміз не? 
Есімше дегеніміз есім қызметін атқара алатын, есімдерше түрлене 
алатын,  яғни  септік,  тәуелдік,  көптік,  жіктік  жалғауларында  түрлене 
алатын,  етістік  сияқты  да  түрлене  алатын,  яғни  етіс,  шақ,  жақ, 
болымсыздық,  рай  формаларын  қабылдайтын,  сөйлемде  барлық 
сөйлем  мүшесі  қызметін  атқара  алатын  етістіктің  грамматикалық 
категориясы болып есептеледі. 
Сөйлемде  қандай  қызмет  атқарса  да,  есімшелер  өзінің  негізгі 
қызметінен,  сипатынан  айырылмайды.  Ол  сипат  -  шақтық  мәнді 
білдіру.  Есімшелерді  түрлерге  бөлгенде  де,  осы  сипат  есепке 
алынады. 
Есімшелерді қазақ тілінің ғылыми оқулықтарында үш түрге бөліп 
қарастырады:  өткен  шақ,  есімше,  осы  шақ  есімше  және  келер  шақ 
есімше.  Тек  Ы.Е.Маманов  қана  өзінің  етістік  туралы  еңбегінде 
есімшелерді 5 түрге бөліп береді: 
1. 
Өткен шақ есімше. 
2. 
Дағдылы есімше. 
3. 
Болжалды есімше. 
4. 
Ниет есімше. 
5. 
Осы шақ есімше.  
Ы.Мамановтың  бұл  классификациясы  оқулықтарда  берілген 
классификацияға  белгілі  дәрежеде  сәйкес  келіп  отырады  деп  айтуға 
болады. 
1. Өткен шақ есімше. Өткен шақ есімше түбірге –қан/кен, -ған/ген 
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Есімшенің бұл формасы - өте 
өнімді және түркі тілдерінде кең тараған түрі. Мысалы, көр-ген, кел-
ген, баянда-ған, жан-ған т.б.  
Ескерту.  Өткен  шақ  есімше  жасайтын  осы  жұрнақтар  қалып 
етістіктеріне жалғанған кезде осы шақты білдіретін кезі бар. Мысалы, 
Біз  Асан  тұрған  колхозда  болдық.  Айдармен  қатар  отырған  – 
Ысмағұл деген мұғалім. Осы сөйлемдерде есімшенің формасы, өткен 
шақ мәнін емес, осы шақ мәнін беріп тұр. 
Өткен  шақ  есімше  өзінің  мағынасы  және  синтаксистік  қызметі 
жағынан сын есімге ұқсайды. Мысалы, қиылған қас, құлшынған жас, 
оқыған адам, жиналған үй, салынған төсек т.б. 


 
108 
Өткен  шақ  есімше  субстантивтеніп,  зат  есімнің  орнына 
қолданылған  кезде,  зат  есімдерше  көптеледі,  септеледі,  тәуелденеді 
және жіктеледі. 
2.  Осы  шақ  есімше.  –атын,  -етін,  -йтін,  -йтын  жұрнақтары 
есімшенің  ауыспалы  осы  шақ  түрін  жасайды.  Жалпы  бұл  жұрнақтар 
көбінесе  өткен  шақ  мәнін  береді.  Бұл  форманың  қай  шақты  беретіні 
контекске байланысты белгілі болады. 
Ғалымдар  бұл  жұрнақтың  о  бастағы  төркіні  тұрған  сөзі  болуы 
керек  деп  топшылайды.  Ол  сөз  ықшамдалып,  тұғын  формасына 
айналған,  кейін  әдеби  тілде  қысқартылып  –тын,  -тін  түрінде 
қолданылып  жүр  деп  түсіндіреді.  Ал  –  тұғын  формасы  әлі  де 
тілімізде  қолданылып  жүр:  Келетұғын  уақыты  болды  –  Келетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет