Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет65/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

уақыты  болды.  –Тұғын  формасы  көбінесе,  поэтика  тілінде  буын 
санын толтыру мақсатында қолданылады: 
Жорғамын қалың топта самғайтұғын, 
Бәйге ат та серпінімді шалмайтұғын. 
Әнімді он екі взвод жіберейін, 
Есінен-өле-өлгенше қалмайтұғын (Сара). 
Осы шақ есімше жоғардағы –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары 
арқылы жасалғанымен, осы шақ мағынасы сөйлесіп отырған кезді дәл 
көрсетпейді,  дағдыдағы,  әдетке  айналған,  үйреншікті  болған,  жалпы 
жүзеге асып отыратын не істеліп отырған әрекетті білдіреді. Мысалы, 
Сенің алғаның да, алатының да, аларың да ылғи алғыс деген сөйлемді 
қарастырайық. Осы сөйлемдегі алғаның - өткен шақ, алатының – осы 
шақ,  аларың  –  келер  шақ.  Сондықтан  да,  Мамановтың  дағдылы 
есімше  деп  көрсететін  түрі  осы  шақ  есімшемен  сәйкес.  Дағдылы 
есімшенің  шақтық  формасы  тұрақты  емес.  Сондықтан  оқулықтарда 
бұл  форманы  бірде  ауыспалы  өткен  шақ,  бірде  ауыспалы  келер  шақ 
мағынасын береді дейді. 
Ғалымдар  –  у/-шы,  -у/ші  қосымшалары  да  осы  шақ  мағынасын 
береді.  Мысалы,  Сөйлеуші  кісі  мінбеден  түсті.  Көпшілік  жағдайда 
есімшенің бұл формасы есімше аясынан шығып, субстантивтеніп, зат 
есім құрамына енген. 
3.Келер шақ есімше. Келер шақ есімше етістікке –с, -ар, -ер, -р, -
мақ,  -мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек  жұрнақтары  жалғану  арқылы 
жасалады.  Бірақ  бұл  жұрнақтардың  әрқайсысының  өзіндік  есімше 
жасау ерекшелігімен бір-бірінен оқшауланады. 
І  топ.  –Ар, -ер,  -р  жұрнақтары.  Бұл жұрнақтар  арқылы  жасалған 
есімше сөйлемде қай орында қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарса 
да, үнемі келер шақ мәнін береді. Алайда, есімшенің бұл формасының 
басқасына  қарағанда  қолданылу  өрісі  тар.  Атрибуттық  қызметте  өте 
аз қолданылады, ең негізгі қызметі – баяндауыш болу. Бұл жұрнақтар 


 
109 
етістіктің  тек  болымды  түріне  ғана  жалғана  алады.  Ал  болымсыз 
туынды етістікке –с жұрнағы жалғанып есімше формасы туындайды: 
Құлағын салмас, тіліңді алмас көп наданнан түңілдім /Абай/. 
ІІ  топ.  –Мақ,  -мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек  жұрнақтары.  Бұл 
жұрнақтар  арқылы  жасалған  есімше  мақсатты  келер  мағынасын 
береді.  Бұл  есімшеге  болымсыздық  жұрнағы  жалғанбайды.  Мәселен, 
Айтпақ ойы осы болатын. Алмақтың да салмағы бар. т.б. 
Есімшелердің  синтаксистік  қызметінің  кеңдігі,  жан-жақтылығы 
оның  семантикалық  табиғатына байланысты. Есімшелер есімдер мен 
етістіктердің  ерекшеліктерін  өз  бойына  бірдей  сіңірген,  сондықтан 
екеуінің де синтаксистік қызметін бірдей атқарады. 
Есімше  –  етістіктің  өзіндік  ерекшеліктеріне  бай,  ерекше 
категориясы.  Оны  етістіктің  басқа  категорияларынан    бөлектейтін 
басты  айырмашылығы  –  атрибуттық  мағынасы.  Есімшені  есімдерге, 
әсіресе, сын есімдерге жақындататын осы белгісі. 
Есімшелерді  есім  сөздермен  жақындастырып  тұратын  мынандай 
ерекшеліктер: 
І  Есімшелер  есімдер  сияқты  көптеледі,  тәуелденеді  және 
септеледі.  Көптік  жалғаулы  есімшелер  есімдер  сияқты  тәуелденеді, 
септеледі және жіктеледі. 
ІІ 
Есімшелер 
сөйлем 
ішінде 
баяндауыш, 
анықтауыш, 
толықтауыш,  бастауыш  қызметтерін  атқарады.  Сын  есімнің  негізгі 
синтаксистік қызметі анықтауыш болса, есімшенің де негізгі қызметі 
– анықтауыш. 
ІІІ  Есімше  де  сын  есім  сияқты  анықтауыш  қызметін  атқарып 
анықталушы сөздің алдында тұрады. Бұл жерде сын есімнен бөлек бір 
ерекшелігі  бар. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін  білдірсе, 
есімше  заттың  іс-әрекетке  байланысты  көшпелі,  динамикалық 
белгісін білдіреді. 
ІV  Есімшелер  де  есімдер  сияқты  болымсыздық  мағынаны  емес, 
жоқ  сөздері  арқылы  да  бере  алады.  Тіл  білімінде  ерте  заманнан 
есімдер  мен  етістіктердің  бір-бірінен  айыратын  белгі  осы 
болымсыздық  формасы  деп  саналады.    Яғни,  -ма,  -ме  болымсыздық 
жұрнағы  тек  етістіктерге  жалғанады  да,  ал  жоқ,  емес  сөздері  тек 
есімдерге  ғана  тіркее  алады  деп  түсіндіріледі.  Есімше  категориясы 
бұл  пікірді  толық  теріске  шығарады.  Есімше  де  болымсыздық 
мағынасын  екі  түрлі  жолмен  бірі  алады.  Мысалы,  көрген-көрмеген, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет