Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет80/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

4.7 Еліктеу сөздер 
 
Еліктеу  сөздердің  бір  тобы  семантикалық  мағыналары  жағынан 
табиғатта  ұшырасатын  әр  алуан  дыбыстармен  байланысты  болса, 
екінші  тобының  семантикалық  мағыналары  сол  табиғаттағы  әрқилы 
табиғат  көріністерінің  бейнелерімен  байланысты.  Осы  себептен  бұл 
сөздер,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  іштей  екі  салаға  бөлінеді,  бір 
тобы  еліктеуіш  (еліктеме)  сөздер  деп,  екінші  саласы  бейнелеуіш 
(бейнелеме) сөздер деп аталады. 
Еліктеу  сөзердің  семантикалық  сипаты.  Еліктеу  сөз  табының 
құрамындағы  сөздер  табиғи  құбылыстарды  бейнелегенде  оның  екі 
қасиетіне  қатысты  түрде  бірі  –  дыбыстарға,  екіншісі  –  табиғи 
бейнелерді  сипаттай  алатындай  дәрежеде  кездесетіндіктен,  тіл 
білімінде  еліктеу  сөздерінің  алғашқы  тобын  еліктеуіш,  соңғы  тобын 
бейнелеуіш  деп  аталып  жүр.  Әрине,  еліктеу  сөздерінің  мұндай 
семантикалық  топтары  бір-бірімен  семантикалық,  фонетика-
грамматикалық жақтарынан өзара ұқсас, орайлас болып келеді.  
Еліктеуіш  сөздердің  түбіріндегі  дауысты  дыбыстың  не  ашық,  не 
қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: Есік сарт 
етіп  жабылды  және  есік  сырт  етіп  жабылды  деген  сөйлемдерде 
құрылысы  жағынан  ешқандай  айырма  жоқ  бола  тұрса  да,  мағына 
жағынан  бір-бірінен,  сәл  де  болса,  ерекшеленіп  тұр.  Ол  ерекшелік: 
сарт  және  сырт  деген  сөздердің  дауысты  дыбыстарына  ғана 
байланысты,  демек,  сарт  етіп  жабылғаннан  есіктің  қатты 


 
130 
жабылғаны,  яғни  құлаққа  естілетін  дыбыстың  қатты  шыққаны,  ал 
сырт  етіп  жабылғаннан  есіктің  дыбысы  ақырын  шыққаны 
аңғарылады. Ал есіктің қатты немесе ақырын жабылғандығын (соған 
сәйкес  дыбысын  да  ажыратып  дифференциялау)  білдіріп  тұрған 
нәрселер  түбірлердің  дауысты  дыбыстарының  я  ашық,  я  қысаң 
болуына  ғана  байланысты.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  еліктеу  сөздің 
түбіріндегі  дауысты  дыбысч  ашық  болса,  құлаққа  келетін  табиғат 
дыбысы  да  қатты  естіледі,  қысаң  болса,  ақырын  естіледі.  Осыған 
сәйкес  сол  сөздің  мағынасы  да  ажырайды  (дифференцияланады). 
Ондай  сөздердің  мағыналарындағы  айырмашылықты  білу  үшін, 
қосымша,  мысалы,  тарс  және  тырс,  шақ-шақ  және  шық-шық,  шаңқ-
шаңқ және шыңқ-шыңқ, қарш-қарш және қырш-қырш, борт-борт және 
бырт-бырт деген сөздерді салыстыруға болады. 
Сөйтіп,  еліктеуіш  сөздер  дегеніміз  -  өзіне  тән  лексика-
семантикалық  мағынасы,  морфологиялық  тұлға-тұрпаты  (формалық 
структурасы) бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, 
тәуелдік,  септік,  жіктік  жалғаулары  тікелей  жалғанбайтын 
(түрленбейтін),  сөйлемде  әрқашан  сын-қимыл  пысықтауыш  болатын 
және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және 
етістіктер жасалатын сөздер.   
Еліктеу  сөздердің  фонетика-грамматикалық  ерекшеліктері. 
Еліктеу  сөз  табының  екінші  семантикалық  тобы  дыбыстарға  емес,  
табиғатта  кездесетін  түрлі  бейне,  елестерді  сипаттайтын  бейнелеуіш 
сөздер болып табылады. Бейнелеуіш сөздердің пайда болуындағы  бір 
қасиет  –  ол  адамның  көру  қабілетіне  тікелей  байланысты.  Мысалы, 
алыстан  от  жалт  көрінді  десек  жалт  сөзі    оттың  көріну  сипатын 
бейнелесе,  шана  жалт  бұрылды,  немесе  кілт  тоқтады  дегендердегі 
жалт, кілт зат қимылының бейнесін көрсетіп отыр. 
Бейнелеуіш  сөздер  морфологиялық  құрамы  жағынан  жеке  түбір 
болуымен қатар күрделі түрде де кездесе береді. Айталық, жалт-жұлт, 
қалт-құлт  т.б.  Бейнелеуіш  сөздер  еліктеуіштер  секілді  құрамындағы 
дыбыстарының ашық, қысаң немесе ашық дыбыстың екінші сыңарда 
қысаңға айналып кетуі сөз семантикасына да әсер етеді. Мәселең, сол 
кезде машина жарығы жалт етті немесе жалт ете қалды дегендегі жалт 
сөзі  жарықтың  өте  күшті  әрі  жақыннан  көрінгенін  бейнелесе,  жылт 
сөзі  көріністің  әлсіз,  мардымсыз  болғанын  аңғартады.  Сол  секілді 
талпаң-талпаң  басу  мен  тырбың-тырбың  еңбектеу  мысалдарындағы 
алғашқы  бейнелеуіш  сөз  ебедейсіз,  дөрекі  жүрісті,  екіншісі,  яғни 
езулік  жуан  дыбысты  сөз  өнімсіз  әрі  қиын  жүрісті  бейнелеп  отыр. 
Сонымен  қатар,  бейнелеуіш  құрамындағы  дыбыстардың  жуан, 
жіңішке  болулары  да  сөз  семантикасына  әсері  бар.  Мысалы:  аю 
қорбаң-қорбаң  басып  келеді.  Ол  желп-желп  жөнелуі  дегендегі 


 
131 
алғашқы  бейнелеуіш    әрі  жай  қимылды,  екіншісі  жеңіл  әрі  шапшаң 
жүрісті  сипаттап  отыр.  Сонда  сөз  құрамындағы  дыбыстар 
ерекшеліктері  бейнелеуіш  сөздердің  семантикасына  әсер  ететінін 
көруге болады. 
Бейнелеуіш  сөздер  де  грамматиканың  ерекшелігі  жағынан 
еліктеуіш сөздер секілді тікелей түрленбейді. Олар да ешбір өзгеріссіз 
тікелей  етістіктермен  тіркесе  алады  да,  дара  (қорбаң  етті)  немесе 
күрделі  мүше  (қорбаң-қорбаң  етті)  құрамына  ене  алады  және  дербес 
жеке  мүше  болғанда  сөйлемде  пысықтауыш  қызметін  атқарады: 
Жүктің ауырлығына қарамастан қалт-құлт кете берді. 
Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздері сөйлемдегі 
қызметтері  ерекше болып келеді. Айталық  еліктеу  сөздері етістікпен 
тіркескенде  ет  етістігімен  еркін  тіркесе  алады.  Жалт  етті,  сарт  етті, 
шолп  етті  т.б.  Сонымен  бірге  еліктеу  сөздері  толық  мағыналы 
етістікпен  тіркесінде  тек  өзінің  мағынасына  орай  етістіктермен  ғана 
тіркесе алады: Ол кілт тоқтады. Ол жалт қарады. Еліктеу сөздері сын 
есім,  үстеу,  шылаулармен  тіркеспейді.  Ал  сөйлем  мүшесі  турасына 
келсек,  негізгі  қызметі  пысықтауыш  болу.  Кейде  еліктеу  сөздері  қай 
сөзбен,  яғни  сөз  табымен  тіркесуіне  орай  әр  түрлі  сөйлем  мүшелері 
бола алады. Тарс-тұрс төбелес басталды десек зат есіммен тіркесінде 
анықтауыш,  ол  елең  етті  дегенде  етістікпен  тіркесіп  баяндауыш, 
субстантивтеніп толықтауыш бола алады: Бір кезде шаң-шұңның бәрі 
болады. Ол қазір сыбыр-сыртыңнан оралған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет