Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет103/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
1.2 Синтаксистік байланыс 
 
Тілімізде  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  тізбегінен 
тұратын  бірқатар  тіркестер  тіл  білімінде  салаласа  байланысқан 
тіркестер  немесе  сөздердің  салалас  қатары  деп  аталады.  Қазіргі  күні 
оларды жеке мағынадағы тұлғалар десек  те, синтаксистік  құрылыста 
бір  қызмет  аумағынан  шықпайды.  Яғни,  бір  ғана  сұраққа  жауап 
береді,  бір  ғана  синтаксистік  тұлға  ретінде  танылады.  Мысалы:  Ақ 
атты,  ақ  сойылды,  жіп-жіңіщке  сұңғақ  бойлы  жас  жігіт 
алтыбақанға жолдасынан бұрын жетті (М.Әуезов). 
Синтаксистік  байланыс  –  сөйлем  ішіндегі  сөз  формаларының 
арасында, құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттер арасында, 
күрделі синтаксистік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер арасында жүзеге 
асады.  Тіл-тілде  синтаксистік  байланыстың  нақты  екі  түрі  бар  және 
соңғы  зерттеулер  тағы  екі  түрдің  қызмет  ететіндігін  көрсетті. 
Синтаксистік  байланыстың  негізгі  түрлері  мыналар:  1)  Салалас 
байланыс – синтаксистік бірліктердің өзара теңдестігінен туады.  Бұл 
байланыс  синтаксистің  сөзтұлға,  салалас  құрмалас  және  мәтін 
саласында  қызмет  етеді.  Сөзтұлға  синтаксисіндегі  қызмет  тілдегі 
салаластық тіркестерді жүйелеуден көрінеді. Яғни, толық мағынаға ие 
кез  келген  сөзтұлға  бір-бірімен  интонация  арқылы  және  жалғаулық 
шылаулардың  көмегімен  байланысады.  Олардың  жеке  мағыналы 
екендігін бірінен-біріне бірдей  сұрақтардың қойылуынан байқаймыз.  
Ондай бірліктердің орнын алмастыруда жалпы синтаксистік мағынаға 
нұқсан келмейді.  
Тең  дәрежелік  қатынас  құрмаластың  салалас  түріне  тән.  Бірақ 
онда  жеке  сөзтұлғаларда  болатындай  абсолютті  теңдік  жоқ.  Мұнда 
белгілі бір құрылымнан келесі бір құрылымға бірдей сұрақ қою да, екі 
құрылымның  орнын  алмастыра  беру  де  бола  бермейді.  Олардың 
бірінен-біріне  сұрақ  қойылмауының  өзі  оның  сабақтастығын 
көрсетеді.  Сонымен  қатар,  компоненттерінің    орнын  алмастырып 
қолдануға  болатын  салалас  сөйлемдер  жиі  кездеседі.  Бірақ  мұнда 
жеке    компоненттердің    тұлғалық  дербестігі,  теңдігі  бар.  Мысалы, 
Білген  адам  тауып  айтады,  білмеген  адам  қауып  айтады  (мақал) 
сөйлеміндегі  жеке  компоненттерді  ауыстырып  беруге  болса,  Арқа 
тұстан  әлден  уақытта  таң  сібірледі,  маңай  тұманнан  арылып, 
айнадағыдай көрінді сөйлемінде компоненттердің орнын алмастыруға 


 
158 
болмайды. Себебі орны ауыстырылса, мағыналық ойды бере алмайды. 
Бірақ  бұл  оның  салаластық  байланысуының  жойылуына  әкелмейді. 
Мұнда абсолютті теңдік жоқ деуімізге себеп осы. 
Мәтіндегі  –  жеке  сөйлемдік  түрлердің  грамматикалық-
мағыналық  байланысы.  Жеке  сөйлемдер  әбден  қалыптасқан, 
тұрақталған тілдік тұлға. Бұл жағынан олардың қарым-қатынасы тең. 
Бірақ адам ойын жеткізуде жеке сөйлемнің қызметі әлсіз. Сондықтан 
мәтіндегі  жай  сөйлемдер  бір-бірімен  ұштасып,  күрделі  ой  құралы 
қызметін  атқарады.  Мәтін  синтаксисі  жеке  сөйлемдердің  байланыс 
қызметінен  туындаған.  Ал  жеке  сөйлемдердің  бір-бірімен  параллель 
байланыста тұруы үшін абзацтық  күрделі  синтаксистік  тұтастық, бір 
сөзбен  айтқанда,  кіші  мәтіндік  құрылым  қажет.  Мұндағы  салаласу 
жеке  сөйлемдік  компоненттердің  арақатынасынан  айқындалады. 
Олардағы  компоненттердің  тиянақты  тұлғаға  аяқталып,  байланысуы 
салаластық  байланыстың  алғашқы  көрінісі.  Жеке  компоненттердің 
жарыспалы байланысуы да осылай.  
2)  Сабақтас  байланыс  –  салалас  байланыстың  қарама-қарсы 
көрінісі.  Сабақтас  байланыс  –  қатар  тұрған  сөзтұлғалар  мен 
сөйлемдердің  түрлі  амал-тәсілдер  арқылы  бір-біріне  бағына 
жұмсалатын  түрі.  Сабақтас  байланыстың  көптеген  жолдары 
сөйлемдегі  сөздердің  байланысу  түрінен  шығып  жатады.  Әдеби 
тілімізде  сабақтас  байланыстың  қызметіне  бағынған  сөздер  молынан 
ұшырасады. Мұнда синтаксистік бірліктер бір-біріне иек арта, бағына 
байланысады.  Бұл  байланыс  түрінің  синтаксистің  үш  саласы  
(сөзтұлға, сөз тіркесі, сөйлем) үшін қызметі айқын. 
Сөз  тіркесі  өзінен  жоғары  тұрған  синтаксистік  бірліктердің 
(сөйлем,  мәтін,  контекст)  дайын  материалы  қызметін  атқарады.  Сөз 
тіркесі  өз  ішінде  де  жеке  құрылымдарға  яғни,  жеке  мағынаға  ие 
сөзтұлғаларға  жіктеледі.  Әрі  олар  бір-біріне  бағыныңқы-басыңқы 
сипатта  жұмсалады.  Олардың  байланысу  амалдары  болып  төрт 
жалғаудың  әрқайсысы,  интонация,  орын  тәртібі  мен  септеулік 
шылаулар    қызмет  етеді.  Сөздердің  байланысу  түрлері  (формалары) 
де шешілген: матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.  
Сыңарлардың  орнын  алмастыруға  да  болмайды,  орны  өзгерсе, 
синтаксистік  қатынас  та  өзгереді:  предикаттық  емес  қатынас 
предикаттық  қатынасқа  ауысады.  Құлақ  естігенді  көз  көреді  (мақал) 
мысалындағы  құлақ  естіген,  естігенді  көз  көреді  тіркесімдерін 
осылай түсіндіруге болады.  
Бағыныңқылық  сипат  құрмалас  сөйлемнің  сабақтас  түрінде  де 
бар.  Олар  бағыныңқы  сыңар  баяндауышының  тиянақсыз  тұлғалы 
түрлерінен  болып,  басыңқы  сыңарға  бағынады.  Басыңқы  сыңардан 
қатыстық сұрақ қойылады. Ал бағыныңқы сыңар баяндауыштарының 


 
159 
жеке  сұраққа  ие  бола  алмауы  қарсылықты,  шартты,  түсіндірмелі, 
үлестес,  салыстырмалы  түрлерінде  кездеседі.  Сабақтастың  бұл  
түрлерінде  алғашқы  сыңардың  бағыныңқылық  сипатынан  гөрі, 
мағыналық қатарластығы байқалады. Сабақтас құрмалас сыңарларын 
алмастырып  қолдануға  да  болмайды.  Мысалы:  Бірінен-бірі  қызық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет