Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет112/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2-тапсырма.  Төмендегі  үзінді  бойынша  сөйлемдегі  байланысқан 
сөздердің 
синтаксистік 
қатынасын, 
синтаксистік 
тәсілін 
табыңыздар.  Синтаксистік  форма  мен  синтаксистік  мағынаның 
жасалу жолын ажыратыңыздар. 
1.Әлиханның  әдебиеттануға  қатысты  мұрасын  эстетикалық 
тұрғыдан  саралағанда,  мына  жайды  ескерген  абзал:  ол  -  ел  зәрулігін 
шешу үшін қайраткер де, қаламгер де болды. (Таңшолпан. 2002.№5). 
2.Бізді  өмірде  кездесетін  кедір-бұдырлар  ешбір  мойыта  алмайды, 
өйткені  біздің  өміріміздің  тірегі    күнделікті  болатын  ұсақ-түйектің 
бәрінен  жоғары  туған  іс  үшін  жұмыс  істеуде  болып  отыр. 
(Ф.Э.Дзержинский.)  3.Ешкімге  күнім  түспейді  деп  кеудесін  керген 
адам  қатты  қателеседі,  бірақ  өзгелер  менсіз  күнін  көре  алмайды  деп 
кердеңдеуші  адам  одан  да  бетер  қатты  жасайды  (Ф.Ларушфуко.)  4. 
Әркім  өз  тілін  министр  немесе  президент  болу  үшін  білмейді,  өз 
ұлтын сүйгендіктен және өзінің қарадай жойылып кетуіне жол бермеу 
үшін  біледі.  (Ә.Кекілбаев.)  5.  Жақсыменен  дос  болсаң,  Алдыңнан 
шығар  елпектеп...  Жаманменен  дос  болсаң,  Сыртыңнан  жүрер 
өсектеп.  (М.Өтемісұлы.)  6.Адамға  әсемдік  сезімін  дарытпайынша, 
одан нағыз азамат шығара алмайсыз. (Р.Тагор.) 7. Бар ғұмырын күйкі 
тірлік күйбеңіне  бағыштап,  туғалы  аядай  ауылдан  қарыс  қадам  алыс 
шығып көрмеген, құмырысқа илеуіндей құж-құж қайнап жатқан күллі 


 
171 
әлемдегі  қауырт  тіршіліктен,  төрткүл  дүниедегі  қым-қуыт  саяси 
талас-тартыстардан  мүлде  бейхабар,  үйкүшік,  бұйығы  біреулер  ме 
деп,    әлдекімнің  бізге  аянышты  көзбен  қарамауы  мүмкін  емес. 
(З.Жұманбай.) 8.Кей сөздің асылы шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем 
сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар. (М.Әуезөв.)  9. 
Қанша  бас  болса,  сонша  ақыл  болады.  Қанша  жүрек  болса, 
махаббаттың  да  осынша  түрі  болады.  (Л.Н.Толстой.)  10.Менмендік 
қарыздар  болғысы  келмейді,  өзімшілдік  қарызын  өтеуді  білмейді. 
11.Кейбіреулердің  кемшіліктері  өздеріне  жарасады,  ал  енді 
біреулердің жақсы қасиеттерінің өзі оғаш көрініп тұрады.  12.Әдетте, 
бақыт 
бақыттының 
иығына 
келіп 
қонады, 
бақытсыздық 
бақытсыздардың  басын  шыр  айналдырады.  13.Адамдарға  әр  қилы 
тағдыр  бұйырғанымен,  сәттілік  пен  сәтсіздіктердің  аралас  түсуі 
жағдайды  біршама  теңестіргендей  болады.  14.Ақылы  аздар  азғана 
өкпенің өзіне шат-шәлекейі шығып әуре болады,  ақылы мол адамдар 
бәрін көре біле ренжімейді. 15. Жастар алғаш рет ел алдына шыққан 
кезде  ұяңдық  көрсетсе,  рабадайсыздық  танытса  да  артық  емес: 
мінездегі  әсіре  сенімділік  пен  әсіре  еркіндік,  әдетте,  озбырлыққа 
айналып кетуі мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет