Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет109/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 


 
168 
1.6 Синтаксистік мағына 
 
Синтаксистік мағына – грамматикалық  абстракция сапасындағы 
мағына.  Ол  сөз  бен  сөздің,  синтаксистік  бірліктердің  арасындағы 
абстрактылы,  жалпылық  сипаттағы  қатынасты  білдіреді.  Мәселен, 
Қалаға, көлге мекендік бағытты білдірсе, кеттің – мезгілдік, жақтық 
қатынасты білдіреді. Ол - инженер дегенде субъект пен предикаттық  
заттың арасындағы қатынас көрсетіледі. Бала жас десек, субъект пен 
предикаттың  сапасын  білдіреді.
 
 
Синтаксистік  мағына  –  синтаксистік  категориялар  мен 
құралдардың  ішкі  мазмұны.  Екі  тілдік  бірліктің  байланысуынан 
белгілі  бір  мағына  туындайды.  Мысалы,  ағаш  сөзі  жеке  тұрып 
лексикалық мағына береді. Ал өсті сөзін тіркестірсек, екі сөздің өзара 
қарым-қатынасынан 
басқа 
көмекші 
грамматикалық 
мағына 
туындайды.  Синтаксистік  мағынаны  да  синтаксистің  әр  саласынан 
табуға  болады.  Сөзтұлға  синтаксисіндегі  салаластық  тіркес 
мағыналық топқа ажырайды. Салаласа байланысқан топтар  – шылау, 
интонация 
арқылы 
байланысқан, 
ыңғайластық, 
талғаулық, 
қарсылықты,  т.т.б.  қатынастағы  сөздер  тобы  болады
.
  Демек,  салалас 
байланысуда  сөздердің  ыңғайластық,  қарсылықты,  кезектестік  және 
талағаулықты  мәндері  кездеседі.  Бұл  тұрғыдан  синтаксистік 
қатынастың  синтаксистік  мағынамен  ұштасатындығын  байқаймыз: 
Шынын  айтсақ,  Тарастың  қазақ  жеріндегі  өмірі,  қазақ  даласында 
жасаған  ісі,  қалдырған  еңбегі,  қазақ  халқына  деген  кіршіксіз 
махаббаты  –  нағыз  поэма  еді  (Ә.Дербісәлин).  Сөйлемдегі  өмірі,  ісі, 
еңбегі, махаббаты сөзтұлғалары ыңғайластық мағынада тұр.  
Синтаксистік  мағына  сөз  тіркестерінің  арасында  да  болады. 
Предикаттық  емес  қатынас  анықтауыштық,  толықтауыштық  және 
пысықтауыштық болып жіктеліп, аталған қатынастардан ішкі мағына 
өрбиді.  Ол  анықтауыштық  қатынасқа  байланысты  сын-сапа, 
меншіктік,  сандық,  ал  толықтауыштық  қатынастан  нысан,  бағыт, 
мекен  сияқты  мағыналар  туындайды.  Бағыттық,  мекендік,  мезгілдік, 
сын-қимылдық,  шарттылық  мағынаның  жан-жақты  бейнеленуі 
пысықтауыштық  қатынастан  көрінеді.  Синтаксистік  мағына  сөйлем, 
оның  ішінде  құрмалас  сөйлем  синтаксисінде  тіпті  жиі  орын  алады. 
Шартты,  қарсылықты,  себеп-салдар,  түсіндірмелі,  салыстырмалы 
сияқты мағыналық топтар құрмаластың барлық түріне сәйкес келеді. 
Ал  мезгілдес,  кезектес,  талғаулы  мағыналық  топтары  салалас 
құрмалас  сөйлемнің  қатарынан  танылса,  амал,  мезгіл,  үлестес  деген 
мағыналық топтарды сабақтас құрмалас сөйлем жинақтайды.  
Мәтін  көлеміндегі  синтаксистік  мағыналар  қазақ  тіл  білімінде 
арнайы  зерттеуге  түскен  жоқ.  Дегенмен  сөйлемдер  аралығынан 


 
169 
туындайтын  мағыналар  мән-мәтіндік  құрылымға  негізделген 
қатынастарды  білдіре  алады.  Сонымен,  синтаксистік  тармақтардың 
ішкі бөлшектеріне өлшем бола алатын ең негізгі заңдылықтар ретінде 
синтаксистік  байланыс,  синтаксистік  форма,  синтаксистік 
қатынас және синтаксистік мағына саналады. Олар әр бөліктің одан 
әрі даму үрдісін бағалайды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет