Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗТҰЛҒА СИНТАКСИСІ



Pdf көрінісі
бет115/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗТҰЛҒА СИНТАКСИСІ 
 
2.1 Сөз тұлға синтаксисінің қалыптасуы 
 
Синтаксистің  негізгі  зерттеу  нысаны  болып  сөз  тіркесі  мен 
сөйлем танылады. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болса, сөз 
де  сөйлемнің    материалы  болып    жұмсалады.  Сөз  -  сөйлемге  ғана 
емес,  сөз  тіркесі  үшін  де  тілдік  құрал.  Ендеше,  сөз  тіркесі 
синтаксисіне дейін тағы бір синтаксис саласы бар болып шығады.    
Тілдегі  жеке  сөз  болсын,  бір  ұғымға  ие  күрделі  тілдік  бірліктер 
болсын,  ең  алдымен,  өзара  байланысқа  түседі.  Яғни,  синтаксистік 


 
173 
амал-тәсілге  бағынады.  Синтаксистік  амал-тәсіл  екі  тілдік  бірліктің 
байланысу түріне (формасы) әкеледі. Олар тілде бес түрлі:   қабысу, 
матасу жанасу, меңгеру, қиысу. Аталған екі синтаксистік тұлға (амал-
тәсіл және байланысу түрлері) сөз тіркесінің нысаны емес. Егер олай 
болса, сөз тіркесінің амал-тәсілдері, сөз тіркесінің байланысу түрлері 
болып шығар еді. Бұл дегеніңіз – кемі төрт толық мағыналы сөздердің 
бір-бірімен  грамматикалық  байланысы.  Сондықтан  сөзтұлға 
синтаксисі  ойдан  құрала  қалған  жоқ.  Тілде  бар  тілдік  бірліктер 
жиынтығынан,  демек,  синтаксистік  амал-тәсіл  мен  сөздердің 
байланысу түрлерінен туындады. 
Қазақ  тілінің  оқу  құралдарында,  ғылыми  зерттеулерінде 
синтаксис бөлімі сөз тіркесі және сөйлем болып сараланды. Тек 1996 
жылы  авторлар  ұжымы  құрастырған  «Кестелі  грамматика»  оқу 
құралында  синтаксис  ғылымы  төрт  салаға  жіктелінген.  Ғалым 
Б.Шалабаев  оның  алғашқысын  сөз  және  оның  формасының 
синтаксисі  деп  атаған.  Және  оны  «…белгілі  бір  тұлғадағы  толық 
мағыналы  сөздің  өзі  сияқты  басқа  бір  сөзді  бағындыра  алатын 
қасиеттерін,  олардың  сөз  тіркестері  мен  сөйлем  құрамында 
қолданылуын, қызмет ету жағдайларын зерттейді» - деген.  
Сөзтұлға атауының тілімізде қолданылуы бірінші рет емес, ол, ең 
алдымен,  сөзжасамдық  нысан  ретінде  белгілі  болды.  Тіліміздегі 
сөздер  морфологиялық  құрамы  жағынан  біркелкі  емес,  әр  түрлі. 
Сөздердің  ішінде  жалаң  түбір  сөздер  де,  жұрнақ  арқылы  жасалған 
туынды  сөздер  де,  екі  түбірден  біріккен  сөздер  де,  екі    түбірден 
қосарланып  жасалған  сөздер  де,  бірнеше  түбірдің  тіркесуі  арқылы  
жасалған  құрама  сөздер  де,  бірнеше  түбірден  қысқарып  құралған 
сөздер де бар.    
Сөзтұлғаның  синтаксиске  қатысы  туралы    ғалым  М.Серғалиев: 
"Сөз  тұлғасы  екі  жағдайда  қолданылады:  1)  Нақтылы  бір  сөзге 
байланысты  (жатырмын,  күледі,  т.б.);  2)  Кез  келген  сөз  байланысы 
және  біртекті  өзгеріс  ретінде  танылады».  Мысалы,  сын  есімнің 
салыстырмалы  шырай  тұлғасы,  өткен  шақ  тұлғасы    сөзтұлға    деген  
бір тілдік аталыммен  аталады.   
Алғашқы  тілтанымпаз  А.Байтұрсынов  синтаксистің  сөйлем 
жүйесіне  ерекше  мән  берген.  С.Аманжоловтың  талдауларынан 
сөзтұлғалық  белгідегі  бірліктердің  қатынасын  екшеп  алуға  болады. 
Қ.Жұбанов  күрделі  сөз  түрлерінің  жасалуы  мен  синтаксистік 
қызметін  сөз  етсе,  Н.Сауранбаев  синтаксистік  құрал  түрлерін 
барынша  таратты.  Орыс  тіл  білімінде  В.А.Белошапкова  синтаксис 
предметін  сөз  тіркесі,  сөйлем  және  құрмалас  сөйлем  дей  отыра, 
сөзтұлға синтаксисінің барын жоққа шығармайды. Ол «Минимальные 
составляющие  синтаксических  единиц  –  слова  и  форма  слова. 


 
174 
…Объектами  синтаксиса  являются  также  слова  и  формы  слова»
 
 
дегенді айтады.   
Жоғарыда  аталған  пікірлер  тіл  біліміндегі  синтаксистік 
құрылыстың  төрт  саламен  тиянақталатынын  негіздейді.  Біздің 
пікірімізше,  сөзтұлға  синтаксисінде  жеке  сөздердің  тұлғалары 
анықталып, олар өзара грамматикалық байланысқа түсуі шарт. Яғни, 
синтаксистік  амал-тәсілдер  анықталуы  қажет.  Онан  кейінгі  сатыда 
сөздердің  байланысу  түрлері  айқындалады.  Бұлардың  өзі  екі 
тұлғаның  я  сөз  тіркесі,  я  сөйлем  материалы  болуына  жол  ашады. 
Сөзтұлға  синтаксистің  ажырамас  бір  бөлігі  болғандықтан,  жалпы 
синтаксистік  заңдылықтарға  бағынады.  Қорыта  келгенде,  қазақ  тіл 
біліміндегі  соңғы  ізденістер  сөзтұлға  синтаксисінің  жеке  сала  түрі 
екендігін көрсетті.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет