Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет122/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестер «атаулық 
тіркестер» деп аталады.    
Сөз  тіркесі  және  фразеологиялық  тіркестер.  Сол  сияқты 
фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарына жатпайды, 
өйткені  фразеологиялық  тіркестер  грамматикалық  мағынаны  емес, 
басқа бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір 
ғана  сұраққа  жауап  береді,  өзге  тілге  сөзбе-сөз  аударуға  көне 
бермейді. 
Еркін  сөз  тіркесі  құрамындағы  сөздер  бірігіп  келіп,  басқа  бір 
лексикалық  мағынаны  емес,  грамматикалық  мағынаны,  яғни 
анықтауыштық, 
пысықтауыштық, 
толықтауыштық 
қатынасты 
білдіреді. 
Сөз  тіркесінің  әрбір  сыңарларының  арасындағы  байланыс 
анағұрлым  еркіндеу  болса,  фразеологиялық  тіркестің  сыңарларының 
арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде 
жасалса,  фразеологиялық  тіркестер  бұрыннан  даяр  тұрған  қалпында 
қолданылады. 
Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі 
еркін  сөз  тіркестеріне  келіп  тіреледі,  басқаша  айтқанда,  еркін 
тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады.   


 
186 
Күрделі  сөздер  тәрізді  тұрақты  сөз  тіркестері  де  сөйлеу  кезінде 
жасалмай,  бұрыннан  даяр  тұрған  қалпында  сөз  тіркесінің  немесе 
сөйлемнің құрамына келіп енеді.  
Тұрақты  тіркестердің  бір  ерекшелігі  –  олардың  тұтасымен  бір 
ғана  лексикалық  мағынаны  білдіретіндігі.  Ал  еркін  сөз  тіркестерінің 
әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие. 
Тұрақты  тіркестердің  тағы  бір  ерекшелігі  –  құрамындағы 
сөздердің  орны  жағынан  тұрақты  болып  келуі.  Сондықтан  да  тіркес 
сыңарларын  басқа  бір  сөздермен  ауыстыруға  болмайды,  ауыстырған 
жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркесінің 
сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық 
мағынаға  нұқсан  келмейді,  мәселен,  ақ  қағаз  тіркесін,  сары  қағаз, 
қара  қағаз,  жасыл  қағаз  т.б.  деп  алмастыра  беруге  болады,  өйткені 
бұл тіркестердің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр.   
Сөз  тіркесінің  грамматикалық  бітімін  басыңқы  сөздің  сипаты 
белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері  етістікті 
тіркестер  және  есімді  тіркестер    болып    топталады:  зат  есімді 
тіркестер,  алыс жол, асау өзен   – зат  есімді  тіркес, өйткені басыңқы 
сөз – жол, өзен. Аспанды торлаған – етістікті тіркес, өйткені басыңқы 
сөз – торлаған.   
Синтаксистік  байланысқа  түскен  екі  сөздің  құрамы  мағына 
жағынан,  синтаксистік  қызметі  жағынан  дербес,  дара  болуы  керек. 
Осы  шартпен  құралған  тіркестер  еркін  тіркес  деп  аталады.    Өйткені 
тіркестің  құрамындағы  сөздер  еркін  синтаксистік  қатынаста  болып 
алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, 
қаладан оралды. 
Синтаксистік  сөз  тіркесі  болу  үшін  мағына  дербестігі  міндетті 
болса,  ал  фразеологиялық  тіркес  үшін  мұның  қажеті  жоқ,  өйткені 
тұрақты  тіркес  құрамындағы  сөздер  лексикалық  мағынасы  жағынан 
не  солғындап,  не  айырылып,  сол  тобымен  өзге  бір  лексикалық 
мағынаны білдіретіндей болып қалыптасқан. Тұрақты тіркестер тұтас 
қалпымен  сөз  тіркесінің  бір  сыңарының  қызметін  атқармаса,  өзі 
дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды. 
Сөз  тіркесі  және  күрделі  сөздер.  Еркін  сөз  тіркестерінің 
сыңарлары  белгілі  бір  сапаны,  іс-әрекетті,  белгіні,  түрді,  түсті 
білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-
әрекетті  білдіру  қасиетінен  айырылып,  лексикаланып,  мағыналық 
тұрғыдан  өзгеріске  түссе,  мұндай  тіркестер  сөз  тіркестері  болудан 
қалып,  фразеологиялық  тіркестердің  немесе  күрделі  сөздердің 
қатарына қарай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі – еркін сөз 
тіркестері.  Мысалға  бозторғай,  қараторғай  деген  сөздер        тарихи 
тұрғыдан  алғанда,  еркін  сөз  тіркестері  болған  да,  тілдің  дамуы 


 
187 
барысында  лексикаланып,  белгілі  бір  заттың  атауына  көшкен.  Бірақ 
бозторғай  сөзін  боз  кілем  тіркесімен  шатастыруға  болмайды,  боз 
кілем  тіркесіндегі  боз  сөзі  заттың  түрін,  түсін  білдіру  мәнінде 
жұмсалып,  өзінің  лексикалық  мағынасын  сақтап,  соған  орай  кілем 
сөзін  анықтап,  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалып  тұр.  Сондықтан 
да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап 
береді,  сөйлемнің  белгілі  бір  мүшесінің  қызметін  атқарады,  ретіне 
қарай  тіркес  құрамындағы  сөздердің  орнын  ауыстыруға  болады. 
Мәселен,  кілем  сөзін  боз  сөзімен  емес  қызыл  кілем  деп  айтсақ,  одан 
грамматикалық  мағына  өзгермейді,  сол  анықтауыштық  қатынаста 
қала  береді.  Бозторғай  тіркесінің  бойынан  мұндай  қасиетті  таба 
алмаймыз,  өйткені  боз  сөзі  лексикаланып,  анықтауыштық  қасиеттен 
айрылған.  
Сөз  тіркесі  және  сөздердің  салалас  қатарлары.  Тұрақты 
тіркестер  сияқты  салаласа  байланысқан  тіркестер  де  сөз  тіркесі  бола 
алмайды.  Салаласа  байланысқан  тіркестер  қатарына  әке  мен  бала, 
бойжеткен  мен  бозбала,  ақылды  да  айбатты  тәрізді  тіркестер 
жатады.  Осы  типтес  тіркестер  тіл  білімінде  салаласа  байланысқан 
тіркестер  немесе  сөздердің  салалас  қатарлары  деп  аталып  жүр. 
Мұндай  тіркестердің  ерекшеліктерін  сөз  тіркесінен  ажырату  үшін 
оның  құрылымдық  ерекшелігіне  назар  аударған  жөн.  Сөз  тіркесі 
өзінің 
тұйықтылық 
қасиетімен 
сипатталады, 
сөз 
тіркесі 
сыңарларының  бірінің  басыңқы,  екіншісінің  бағыныңқы  болып  келу 
қасиетінен  көрінеді.  Мысалы  биік  үй,  мектепке  келді  тәрізділердің 
бірінші сыңарлары – тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары 
– ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйтқы мүшенің 
рөлі  зор.  Сөз  тіркесі  сөйлем  құрамындағы  өзге  сөздермен  басыңқы 
сыңарлардың  тұлғалық  өзгерістерге  түсуі  арқылы  байланысады,  ал 
бағыныңқы  сыңарлар  өзінің  бастапқы  қалпын  сақтап  өзгеріске 
түспейді.  Бұл  қасиет  түркі  тілдеріне  ғана  тән,  ол  оның 
артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты.  
Салаласа  байланысқан  тіркестердің  бір  ерекшелігі  –  олардың 
орнын  алмастырып  айтуға  көнеді,  бірақ  бұдан  салаластық  қатар 
ыдырамайды,  жойылып  кетпейді.  Мысалы,  ұл  мен  қыз,  қыз  бен  ұл  – 
сөйтіп,  бұлар  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  құрайды.  Ал  сабақтаса 
байланысқан  сөз  тіркестерінің  сыңарларының  орнын  бұлай 
алмастыруға  болмайды,  өйткені  мұндай  жағдайда  сөз  тіркесінің 
мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді. 
Сөз  тіркесі  және  толық  мағыналы  сөздер  мен  көмекші  сөздер 
тіркесі.  Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздер  өзара  сабақтаса 
байланысуы керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан 
қарайтын  болсақ,  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  мен 


 
188 
көмекші  сөздердің  (шылаулардың,  көмекші  етістіктердің,  көмекші 
есімдердің)  тіркесі  сөз  тіркесін  құрай  алмайды,  өйткені  көмекші 
сөздер  өзі  тіркесіп  тұрған  сөздердің  мағынасын  толықтырады, 
жетілдіреді,  бірақ  жаңа  бір  грамматикалық  мағына  тудыра  алмайды, 
яғни  толықтауыштық,  анықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынасты 
білдірмейді,  сонымен,  сөз  тіркесінің  құрамындағы  сыңарларының 
әрқайсысының  дербес,  толық  лексикалық  мағынасының  болуы  –  сөз 
тіркесіне тән басты шарттардың бірі. 
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  тұжырымдай  келгендегі 
айтар түйін - сөз тіркесі екі сөздің арасындағы  мағыналық қатынасты 
білдіреді. Құрамы жағынан  сөзден де, сөйлемнен де бөлек, ал мағына 
жағынан  сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады. 
Әрқайсысы  дербес  лексикалық  мағынаға  ие  сөз  таптарының 
синтаксистік  қарым-қатынасы  негізінде  сабақтаса  байланысқан  кем 
дегенде екі сөздің тіркескен тобы – сөз тіркесі деп аталады. 
Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық 
тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, 
бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес 
ыңғайындағы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет