Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет119/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

3.3 Тұрақты  тіркестер 
 
Тұрақты  тіркестер  күрделі  сөздер  тәрізді  еркін  сөз  тіркесінің 
қатарына  жатпайды.  Олар  грамматикалық  мағынаны  емес, 
лексикалық  мағынаны  білдіреді.  Жамал  осылай  ойдан  өрнек  тоқып 
жатқанда,  басқалар  да  қарап  отырған  жоқ  (Ғ.Мұстафин).  Мұнда 
асты сызылған  сөздер  тобы  жеке мағынаға ие емес,  «қиялдау» деген 
тұтас  мағынаны  беріп  тұр  және  етістікпен  қабыса  байланысып,  бір 
екпінге бағынған. 
Еркін  тіркес  компоненттері  мағына  дербестігін  сақтайды,  
әрқайсысының  өзіне  тән  лексикалық  мағынасы  бар  сөйлемге  дербес 
мүше.  
Әдеби  тілде  өзара  тығыз  байланыста  тұратын  сөйлемішілік 
тұрақты  тіркестер      болады.      Олар  сол  сөйлемнің    ішінде    ғана 
біртұтас  мағынаға  ие  болады.  Басқа    жеке  қолданыста  өзіндік 
мағынасын сақтайды. Сөйлемішілік тұрақты тіркестерде  түйдекті, 
атаулы немесе фразеологиялық тұтастықта   болатындай қасиет жоқ, 
оларға қарсы қабілет бар. Мысалы,   бір кезде, кешегі күні, сол күнде 
тіркесімдері  тек  өзі  қатысты  сөйлем  ішінде  ғана  бір  синтаксистік 
ұғымда  жұмсалады.  Сөйлемішілік  тұрақты  тіркестердің  түйдекті 
тіркестен  айырмашылығы  сол  -  жеке  тұрғандағы  сыңарлар  өз 
мағынасын сақтайды.  Ал атаулық тіркестен әр сыңардың басқа-басқа 
сөз  табынан  болғандығымен  ерекшеленсе,  фразеологиялық  тіркеске 
тән  лексикалық  тұтасым  мұнда  жоқ.  Мысалы,  Трактор  сол  бойы 
ауылға  тоқтамай,  сыртқа  шығып  кетті  (Ш.Айтматов).  Көбі  – 
жұмыс  көлігі  сияқты  бір  өңкей  көрінген  еркектер  (Ғ.Мүсірепов). 
Қазақстанда  өсірілген  ақ  бас  сиыр  тұқымы,  тағы  басқа  жайлар 
көрсетілген (І.Есенберлин). 
Тілімізде  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  тізбегінен 
тұратын  бірқатар  тіркестер  кездеседі.  Зерттеушілер  оларды  салаласа 
байланысқан  тіркестер  немесе  сөздердің  салалас  қатарлары  деп 
атайды.  Салаласа  байланысқан  тіркестерде  басыңқы,  ұйытқы  сыңар 
болмайды,  олардың  сыңарлары  бір-біріне  бағынбай,  тең  дәрежеде 
байланысады,  сондықтан  да  олардың  орнын  алмастыруға  болады, 
бірақ бұдан олардың табиғаты өзгеріп кетпейді.  Салаласқан тіркестер 
де    –  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  тізбегінен  тұратын 
тіркестер сыңарлары бірыңғай мәнде, әрі тең дәрежеде қолданылады. 
Екіншіден, бұл тіркестер  құрамындағы сөздердің бірін түсіріп айтуға 
немесе орнын алмастырып пайдалануға көнеді. Ондайда синтаксистік 
қызмет өзгермейді. Яғни, сыңарлардың орнын ауыстырып қолданудан  
сөйлем  құрылысы  бұзылмайды.  Үшіншіден,  жеке  сыңарлардың  сөз 
табына  қатысы  біржақты,  көбіне  бір  ғана  сөз  табына  бағынышты. 


 
181 
Мәселен,  төмендегі  сатушы  мен  алушы,  жарқын,  әдемі  сөздері  осы 
өлшемдер  шартына  тән.  Сатушы  мен  алушыны  мәмілеге  келтіріп… 
(М.Мағауин). Өмірдің ең бір жарқын, әдемі сәтін құс тәрізді қолыса 
ұстағандай  мазамды  алды  (Ш.Айтматов).  Мұндай  тіркестер  бір 
сөйлем  мүшесінің  қызметін  атқарып,  бірыңғай  мүшелер  деп 
беріледі.Бірақ  ол  сөзтұлғалық  қызметті  жоққа  шығара  алмайды. 
Демек, синтаксистік тұлға ретінде қажетті қызмет атқаратын  – басқа 
тұлғалармен  синтаксистік  амал-тәсілге  көніп,  байланысу  формасы 
және  сөз  тіркесінің  бір  сыңары  болатын,  ең  бастысы,  тіркесе  келіп 
синтаксистік  қызмет  атқаратын  –  салаласқан  тіркестер  сөзтұлға 
синтаксисінің  де  жеке  нысаны  ретінде  таныла  алады.  Мұндайда 
жоғарыда  берілген  синтаксистік  тұлғалардың  барлығы  да  -  сөз, 
күрделі  сөз,  түйдекті  тіркес,  тұрақты  тіркес,  салаласқан  тіркес  те 
салаласа жұмсалуға бейім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет