190
7. Мәдениет неғұрлым жоғары болған сайын, еңбек соғұрлым жоғары
бағаланады. (В.Рошер.)
8. Балықшының байлығы, Етек-жеңі
кепкенше,
Егіншінің байлығы,
Ендігі жыл жеткенше. (Мақал.)
9. Адамның толық бақытты болуы үшін, аяулы Отаны болу керек.
(С.Кеосский.) 10. Сенің шешен болғаның –
Шер халықтың арқасы.
Сенің көсем болғаның - Ер халықтың арқасы. (Әйтеке би.)
11. Әлішер Науаидің әдебиет тарихында алатын орнының күрделілігі
соншалық – оны тек бір халық әдебиеті әлемінде ғана атап өту
жеткіліксіз болар еді. (Р.Бердібаев.) 12. Еріншекке іс тапсырсаң, өзіңе
ақыл айтады. (Мақал.) 13. Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,
түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып
барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. (Абай. 26-қара сөз.)
14. Адамдарды әділдікті сүюге үйрету үшін, оларға әділетсіздіктің
нәтижесін көрсету керек. (А.Смит.) 15. Көп істің шала білгірі
болғанша, Бір істің дана білгірі бол. (М.Әлімбаев.) 16. Өгізді өрге
салма –қанатың талар, Наданға көзіңді салма – сағың сынар. Досыңа
өтірік айтпа – сенімің кетер, Дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе
жетер. (Төле би.) 17.Сөз – ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де
бұлдыр. (В.Г.Белинский.) 18.Аспан шырақтары түн түнегін қалай
жарық қылса, тек қайғы-мұң ғана өмірдің мән-мағынасын солайша
ашады. (Торо.)
Достарыңызбен бөлісу: