Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет166/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

    
  Арнайы  сөз  етуді  керек  ететін  тағы  бір  мәселе  құрмалас  сөйлем 
компоненттері  мен  дербес  жай  сөйлемдер  арасындағы  бірлік  пен 
өзгешелік.  Құрмалас сөйлем компоненттері де жай сөйлемдер сияқты 
жеке  бір  ойды  білдіреді,  жай  сөйлемдер  сияқты  бұлар  да  өз  ішінен 
бастауыш, баяндауышқа, басқа да мүшелерге жіктеледі. 
     Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  дербес  айтылатын  жай 
сөйлемдерден  елеулі,  түбірлі  өзгешеліктері  де  бар.  Ең  алдымен, 
құрмалас сөйлем  компоненттерінде жай сөйлемге тән  дербестік  жоқ, 
олар  құрмалас  деп  аталатын  бір  бүтін  сөйлемнің  жеке  бөлшегі  ғана. 
Бүтіннің 
бір 
бөлшегі 
болғандықтан, 
құрмалас 
сөйлем 
компоненттерінде  мағыналық  та,  интонациялық  та,  кейбіреулерінде 
формалық  та  тиянақтылық  болмайды.  Ондай  тиянақтылық  мәнге 
кұрмалас құрамындағы барлық компоненттер біріккен жағдайда ғана 
ие  болады.  Өйткені  құрмалас  сөйлемнің  дегеніміз  кез  келген  жай 
сөйлемдердің  кездейсоқ  тіркесе  салған  тобы  емес,  оның 
компоненттері  бір-бірімен  органикалық  байланыста,  берік  бірлікте 
тұрады.  Және  біріне-бірі  бағынышты,  өзара  шарттас  болып  келетін 
мағыналық күрделі бір бүтін болып есептеледі. Егер компоненттердің 
бірлігі  бұзылса,  олар  өздерінің  бірлікте  тұрғандағы  мәндерін  жояды. 
М ы с а лы:  Балапандар  қанаттанғанша,  дәуіт  те  қанаттанады 
(С.Мұқанов)  деген  құрмалас  сөйлем  осы  тұрған  қалпында  екі 
бөлшектен  құралған  бір  бүтін.  Оның  бір  жартысы  балапандар 
қанаттанғанша болса, екіншісі дәуіттің де қанаттанатындығы. Бұл екі 
жартының  бірігіп  бір  бүтін  болғанда  білдіретін  мағынасы  
балапандардың  немесе  дәуіттің  қанаттанатындығы  жайында  емес, 
солардың  қанаттануларының  бір  мезгілдің  ішінде  болатындығы 
жайында.  Ал  бұл  екі  компоненттің  бірлігі  бұзылатын  болса,  осы 


 
252 
негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық 
және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді.   
      Құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  сипатына  байланысты  айтылатын 
тағы  бір  жайт  —  құрмалас  сөйлеммен  жай  сөйлемдердің 
функциялары  туралы.  Атқаратын  қоғамдық  қызметі  жағынан  жай 
сөйлем  мен  кұрмалас  сөйлем  бір:  екеуі  де  (рас,  бірі  жалаң  бір  ойды 
екіншісі жеке ойдан құралған күрделі ойды білдіреді) ойды жарыққа 
шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара 
түсінісу  қызметін  атқарады.  Сөйлемнің  бұл  екі  түрінің  бір-бірінен 
езгешеліктері 
олардың 
сыртқы 
құрылыстары 
мен 
ішкі 
мазмұндарында. 
     Құрамы  жағынан  алғанда  жай  сөйлем  —  жеке  мүшелерден 
(сөздерден)  құралады  да,  құрмалас  —  сөйлемдерден  құралады, 
басқаша  айтқанда,  жай  сөйлем  жеке  сөздерге  ғана  (мүшелерге) 
жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз 
ішіне  алатын  сөйлемдерге  жіктеледі.  Сөйтіп,  бірінің  мүшесі  —  сөз, 
екіншісінің  мүшесі  —  сөйлем.  Жай  сөйлемде  бір  ғана  предикаттық 
орталық болса, кұрмалас сөйлемде кем дегенде екеу болады. Бұл — 
жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  бір-бірінен  құрылысы,  құрамы 
жағынан  өзгешеліктері,  ал  бұл  екі  категорияның  бір-бірінен 
мағыналық  өзгешелігі  —  олардың  бірінің  (жай  сөйлемнің)  жеке  бір 
ғана  ойды  білдіріп,  екіншісінің  (құрмаластың)  күрделі  ойды 
білдіруінде.        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет