255
құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында да белгілі
қалыптасқан тұрақты заңдылықтары болады. Егер компоненттердің
тілімізде қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір–
бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылып қана
қоймайды, сонымен бірге, сөйлемнің ұғымы ауырлап, кейде сөйлем
болудан да қалады. Сондықтан сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
сөздердің синтаксистік қатынастардың басты бір көрсеткіші
болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі де
жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір жолы болып
есептеледі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында
мынадай заңдылықтар бар:
а) салалас құрмаластың болсын, сабақтас құрмаластың болсын
тиянақсыз компоненттері әрдайым бұрын айтылады да, тиянақсыз
компоненттері кейін айтылып, сөйлемді аяқтап тұрады. Мысалы:
Сәуле түсінгендей түр көрсетіп, көз қиығын тастап еді, ол кеудесін
қанша ауыр мұң басып, бұрын үнемі шаттық ойнап тұратын
көзінен қазір ыза оты жалтылдайды. (Ә. Әбішев).
ә) Поэзияда құрмаластың тиянақты компоненттері мен
тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібі өзгеріп, үйлесіміне қарай
түрленіп айтыла береді. Мысалы,
Жауыз ойлап, жалған күлме,
Жанын таза болса егер. Жәдігөй боп өмір сүрме, Арың таза болса
егер (Ж.Сайн).
б) Сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті кейде
тиянақты компоненттің ішінде келетіні де бар. Бірақ бұл – тілімізде
кең тараған құбылыс емес, өте сирек кездеседі. Сондықтан
бағыныңқы компонентті бірінші орында айтылған сабақтастардың
көпшілігін ол компонентті тиянақты жай сөйлемнің ішінде келтіріп
өзгертіп айтуға немесе керісінше қойып айтуға болады. Мысалы:
Әкемнен етегімнен ұстағанша, мен арызымды таласқа беріпте
үлгердім (Ә.Сәрсенбайев) деген құрмаласты
мен, әкем етегімнен
ұстағанша, арызымды таласқа беріпте үлгердім. Сонымен бірге,
компоненттердің орын тәртібіне жай сөйлемдерді бір-бірімен
құрмаластыратын кейбір шылаулардың да тигізетін әсері күшті.
Достарыңызбен бөлісу: