Тақырыпты түсінуін білдіретін сөйлемдер: Дос – адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес келетін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді, өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың.
Тақырыптың өзектілігін білдіретін сөйлемдер: Бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан бұрын дос табу қиын. Дос табу кімге оңай?
Тезис:Менің ойымша, дос табу ақымаққа оңай.
Негізгі бөлімге өтуші сөйлем: Неге? (риторикалық сұрақ)
Эссенің бірнеше түрі бар. Кіріспе бөлімінің тезисі де ерекшелігіне сәйкес қойылады. Мысалға келтірілген кіріспе бөлім аргументтік эссеге қатысты қойылған. Кіріспе бөлімде тезис қойылғаннан кейін негізгі бөлімге көшеді.
Анық-тамалар
Ұжымдық жұмыс. «Ойлаудың 6 қалпағы»
Ақ қалпақ: Кіріспе бөлім басқа бөлімдерге қарағанда былай ерекшеленеді: __________________________________________
Қызыл қалпақ: Мен бұл жұмысымнан мынадай әсер алдым:
_________________________________________________
Сары қалпақ: Кіріспе бөлімде осының бәрі маңызды ма?
_________________________________________________
Қара қалпақ: Түгел қамту міндетті емес, артық жұмыс.
_________________________________________________
Жасыл қалпақ: Егер мен сенің орныңда болсам...
_________________________________________________
Көк қалпақ: Кіріспе бөлім болғандықтан талаптарын орындау маңызды. Мен оны былай дәлелдеймін: