«Ойлан, тап» Эссе түрлеріне қатысты пысықтау сұрақтарына жауап беру арқылы ұпай жинайды.
Сұрақ-жауап
Сабақтың ортасы
Лекция. Эссе жазуда практикалық қадамдар: 1 қадам. Контексті анықтаңыз. Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз. Берілген тақарыптың сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі сіз айтатын ойды сиғызу қажет.