1.
Педагогика, технология және мазмұн арасындағы қарым-қатынасты
байланыстыру
Педагогика, технология және мазмұн арасындағы қарым-қатынасты
байланыстыру түрлі тәсілдер қолдануға жол ашады. Іс жүзінде айтар болсақ, бұл
әрбір осы компонентке жеке-дара қарап қана қоймай, оларды жұп-жұбымен де
қарастыру қажет: Педагогикалық мазмұндық білім (ПМБ), Технологиялық
мазмұндық білім (ТМБ), Технологиялық-педагогикалық білім (ТПБ), және
барлық 3 компонент бірігіп Технологиялық,педагогикалық және мазмұндық
білімін (ТПМБ) құрастырады. Бұл Шульманның Педагогикалық мазмұндық
біліміндегі мазмұн мен педагогика арасындағы қатынас туралы айтып кеткен
ұғымына сәйкес келеді. Бірақ бұл жолы сондай амалды қолдана отырып, біз 3
түрлі қиылысқа және бір триадаға (3 ұғымның тоғысқан жері) тап боламыз. Сол 3
қиылыстың бірін, Педагогикалық мазмұн білімін Шульман түсіндіріп кеткен
болса, Мишра мен Келер оған қоса тағы 2 ұғымды және 1 триаданы ұсынып
отыр. Сол себепті, келесі элементтер мен байланыстар олар ұсынып отырған
құрылымда маңызды рөл атқарады.
1.1 Мазмұндық білім
Мазмұндық білім (контент) – оқытылып, зерттелетін нақты бір пән туралы
білім. Орта мектептегі кез келген гуманитарлық немесе жаратылыстану
пәндерінің мазмұны жоғары оқу орнындағы пән мазмұнынан әлдеқайда өзгеше.
Ең бастысы, оқытушылар өздерінің оқытып жатқан пәндерін әбден ұғынып,
түсініп алулары қажет, онымен қоса сол саладағы басты фактілерді, түсініктерді,
теориялар мен рәсімдерді; идеяларды құру және оларды өзара біріктіру үшін
қажетті түсіндіру негіздерін білу; айғақ және дәлел ережелерін білуі де абзал
(Шульман, 1986). Оқытушылар түрлі салалардағы білім мен талапты түсіну
керек. Мысалы, математика дәлелінің тарихты түсіндіруден немесе әдебиетті
талдаудан айырмашылығы неде? Осы ұғымдарды игермеген мұғалімдер
оқушыларға бұл пәндерді бұрыс түсіндіреді
(Болл & МакДиармид, 1990). Алайда, пән
мазмұнын
терең
түсіну
мұғалімнің
біліктілігіне және оқушылардың жоғары оқу
нәтижелігіне кепілдік бермейді. Осылайша,
оқытушылардың педагогикалық білімдерін
дамыту қажеттілігі туындайды.
|