LEGO MINDSTORM датчикТЕРІ
Датчик — әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.
Датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтері кіреді. . Электронды датчиктердің негізгі ерекшеліктері олардың сезгіштігі мен олқылықтар болып табылады
Ультрадыбысты датчик – бұл өзіннің алдындағы заттың қашықтығын анықтайтын цифрлы датчик. Ол бұны, жоғары жиілікті дыбыс толқындарын жіберу арқылы және дыбыстың датчикке қайта кері қайту уақытын есептеу арқылы жасайды. Дыбыстың жиілігі оны есту үшін тым жоғары.объектіге дейінгі қашықтық дюйммен немесе сантиметрмен өлшенуі мүмкін. Бұл сізге роботты қабырғадан арнайы қашықтықта тоқтатуға бағдарламалауға мкіндік береді.
Егер де өлшем бірлігі ретінде сантиметр қолданылса, онда анықтау арақашықтығы 3-тен 250 сантиметрге дейін (дәлдікпен +/-1 см). Егер де өлшем бірлігі ретінде дюйм қолданылса, онда анықтау арақашықтығы 1-тен 99 дюймге дейін (дәлдікпен +/-0,39 дюйм). Егерде датчиктің мәні 255 см немесе 100 дюйм болса онда, бұл датчиктің өзінің алдында ешқандай объектіні анықтай алмайтығын білдіреді.
«Көз» маңайындағы жанып өшіп тұратын свет өшіп тұрса датчиктің «өлшеу» режимінде тұрғанын білдіреді. Жанып өшіп тұрған свет датчиктің «Қосылып тұрған» режимін білдіреді.
«Қосылып тұрған» режимдегі датчик жақын маңайда жұмыс істеп тұрған ультрадыбысты тұрған датчикті анықтау мүмкін. Қосылып тұрғанын естіп, датчик дыбыстық сигналды анықтайды бірақ оларды жібермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |