Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
1638940762302 (1)

Тестілеу.
Оқушының басым және әлсіз тұстарын анықтау үшін, 
маңыздырақ мәліметтер жинау мақсатында ресми және бейресми әдістерді 
қолдану арқылы бағалау түрлері қолданылады (тестілеу). Ресми тестілеу 
баланы қалыпты нормадағы топпен салыстыруға негізделген (белгілі жас 
ерекшелігіндегі барлығымен салыстырғанда репрезентативті болып табылатын 
балалардың көпшілігі). Бейресми бағалау техникасы оқушының нақты бір пән 
бойынша білім-білік дағдыларын, білімін зерттеуге бағытталған; жас 
ерекшелігіне қарамастан жекелеген оқушылардың басым және әлсіз тұстарын 
анықтауға құрылған. Белгілі нормаларға бағытталған тесттерден бөлек, 
критерийлерге негізделіп жасалған тесттер бар. Мұндай тесттердің мәні, 
оқушының тестілеу кезінде көрсеткен нәтижесін бағдарламада берілген нақты 
оқу мақсаттарына сәйкес алдын ала белгілі жетістік деңгейлерімен салыстыруға 
негізделген.
Тест қорытындылары
(мұғалімнің, мектептің немесе тест авторының 
пікірі бойынша) білімді меңгеру дәрежесі болып табылатын жетістік 
деңгейлерімен (критерийлер) салыстырыла отырып, баллмен есептеледі.


46 
Оқу бағдарламасының негізінде бағалау оқушылар қазір игеріп жатқан 
нақты білім мен дағдыларды өлшейді. Табыстылық «тесттері» оқу 
бағдарламасының негізінде әзірленеді. Әдетте, тестілеудің әрбір бөлігінің 
ұзақтығы уақытпен шектелген (бірнеше минут). Бағалау рәсімін жиі қайталап 
және өзгертуге болады. Деректер оқушының үлгеріміне мониторинг жасауға 
мүмкіндік беретін график түрінде беріледі. Жылдам бағалау және белгілі бір 
оқушы туралы ақпарат алу мүмкіндігі оның артықшылықтары болып табылады. 
Бағалау оқу бағдарламасының мазмұнымен байланысты болғандықтан мұғалім 
оқушының ағымдағы білім деңгейін ескере отырып, оқыту тәсілдерін, оқу 
материалының көлемін түзетіп, бейімдеуді немесе түрлендіруді қажет ететін 
оқу бағдарламасының бөлімдерін (ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
оқушыларға қатысты) ерекшелей алады.
Сондай-ақ, тапсырманы орындау дағдыларының қалыптасу дәлдігі мен 
нәтижелілігі (жылдамдығы) туралы ақпарат береді. бағдарламалық білімді 
меңгеру барысында түзету стратегиясын жасауда маңызды ақпарат болып 
табылатын бұл факторға көңіл бөлінбейді.
Куррикулум негізіндегі бағалау
– 
оқытуды бағалаудың ең нәтижелі және релевантты әдісі. Куррикулум 
негізіндегі бағалауда оқушының білімі мен дағдыларын өлшеу үшін тірек 
ретінде куррикулум тапсырмалары қызмет етеді.
Куррикулум негізіндегі бағалау технологиясы сегіз кезеңнен тұрады: 
1. 
Шешім қабылдау
үшін себептерді анықтау. Бағалау барысында 
мұғалімге қандай да бір әдістемелік және ұйымдастырушылық шешімдер 
қабылдау қажет болады. Әр кезде олар ақталған, яғни педагогикалық 
тәжірибенің қағидаларына сай және олар бағытталған оқу контекстінің 
ерекшеліктері ескерілген болуы керек.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет