Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


Деректерді өңдеу және шешімдерді қабылдау



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
1638940762302 (1)

Деректерді өңдеу және шешімдерді қабылдау
. Жетістік 
индикаторлары. Күтілетін нәтижені көрсету үшін міндеттерді жүзеге асыруда 
прогресті бағалау үшін критерий болатын жетістік индикаторлары бар.
Мәнмәтінге байланысты әрбір міндетке бір жетістік индикаторы (немесе 
одан көп) беріледі. Олар кеңестік-педагогикалық топты жеке оқу жоспарын 
енгізуді бастамай тұрып дайындық кезеңінде бала прогресін өлшеу үшін 
стратегияны ойластыруға итермелейтінімен пайдалы. Қарқынды оқыту процесі 
басталған соң, олар мұғалімге өздерінің негізгі міндеттерін назардан тыс 
қалдырмауға көмектеседі.
. Бағалау тиімді болу үшін:

барлық күтілетін нәтиже туралы анық түсінік болуы;

әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану; 

әдістердің құндылығын ескеру; 

жеткілікті деректер жинау, оқушы үлгерімін әр қырынан тану;

таңдалған әдістердің әр оқушы үшін әділ болуы;

жетістіктердің нақты критерийлерін белгілеу;

оқушыға кері байланыс мүмкіндігін беру;

жұмыстарының басым бағыттарын атап көрсету және түзетілуі;

кемшіліктеріне назар аударту;

бағалаудың кешенді жүйесімен және есеп берумен қатар жүруі тиіс.
Мұғалімдер бағалау нәтижелерін әртүрлі мақсатта қолдану үшін жинайды. 
Мысалы, оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың 
жетістіктерін салыстырмалы түрде немесе оқу бағдарламасының талаптарына 
сәйкес бағалауға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда қорытынды тестілеу деректері де ата-аналарға есеп беруге 
негіз болады. Оқыту үшін бағалау мұғалімге оқушының оқу әрекетінің сипатын 
түсінуге, ағымдағы білімі мен біліктілігінің деңгейін және өзінің білім беру 
тәсілдерінің тиімділігін анықтауға көмектеседі. Оқыту үшін бағалау оқушыны 
оқу процесінің орталығына қояды. Бұл мұғалім мен оқушының серіктестік 
қарым-қатынаста болулары қажеттігін алға тартатын идея және оқушының 
білімге қажеттілігін өз бетінше бағыттауға мүмкіндік береді. Сабақта оқыту 
үшін бағалау тәжірибесін қолдану оқушыларды белсенді оқу әрекетіне тартуға 


48 
және материалды толық меңгеруіне көмектеседі. Оқыту үшін бағалау базалық 
қағидаларына сәйкес, үлгерімді жақсарту жоғарғы дәрежеде болады, егер 
оқушылар келесі жайттарды түсінетін болса: 
1) нақты оқу мақсаттары, атап айтқанда: нені оқу және не үшін оқу;
2) белгіленген оқу мақсаттарының шегінде ол «қай жерде»;
3) бұл мақсаттарға жету үшін оқу үлгерімін қалай жақсарта алады.
Оқыту үшін бағалаудың негізгі әдістері.
Оқу мақсаттары мен 
жетістіктердің нақты критерийлерін беру. Оқу әрекетін орындаудың 
нәтижесінде оқушының нені біліп, түсініп және қолдана алатынын оқу мақсаты 
тура сипаттайды. Сонымен қатар, оқушылар оқу тапсырмалары (не істеу 
керектігі) 
мен 
оқу 
мақсаттарының 
(нені 
үйренетіні) 
арасындағы 
айырмашылықты ұғынулары тиіс. Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлері 
оқушыға түсінікті тілде тұжырымдалуы керек. Сапалы кері байланыс арқылы 
оқушылар өзінің үлгерім деңгейін қалай көтеруге болатынын түсінеді.
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау
. Оқу әрекетіне оқушыларды белсенді 
тарту олардың академиялық үлгерімдерін арттыруға оң ықпал ететіні ғылыми 
дәлелденген. Басқаша айтқанда, егер олар нені оқу керектігін білсе, материалды 
түсініп, жұмыс жасау үшін керекті аспектілерін ажырата алса, оқу мақсаттарын 
білмей пассив қабылдаушы болып және мағынасын ұғынбастан тапсырмаларды 
механикалық орындаумен салыстырғанда меңгерулері толығырақ болады. 
Өзара бағалау жолдасының орындаған жұмысын зерделеу барысында балаға 
мақсат пен жетістік критерийлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушының оқу әрекетінің тағы бір іргелі құраушысы өзін-өзі бағалау болып 
табылады. Өзінің жұмысын бағалау технологиясын түсініп, оқушылар соның 
көмегімен тиімді оқып және алға жылжи алады. Мұғалімдер оқу мақсаттарын 
оқушылармен бірге анықтаулары керек. Әрі қарай оқушы өзінің оқу әрекеттерін 
дербес реттейді, ал мұғалім қажетті қолдау көрсетеді. Білім сапасын көтеруге 
қорытынды тестілеуді қолдану. Қорытынды тестілеу, көбіне жалпы 
мемлекеттік, оқыту үшін бағалау қолдану тәжірибесіне сәйкес келмейді деп 
есептеледі. Дегенмен, оның қорытындысын қалыптастырушы бағалау құралы 
ретінде қолдануға болады. Ол үшін тест қорытындыларына терең талдау жасай 
отырып, әріптестермен бірге талқылау керек. Тест қорытындыларына терең 
талдау жасау, жалпы балл қоюмен шектелмейді, білім сапасын жақсартуға 
бағыт беріп, жол ашады. Сондықтан инклюзивті сыныптағы оқу жетістіктерін 
бағалау, білімді меңгеруді қанағаттандыратын, оқу пәндері бойынша игерген 
біліктіліктерін және мектепте оқуға психологиялық тұрғыдан дайындығын 
айқындайтын құрамдас бөлігімен бірге алғанда түзете дамыту нәтижесін 
көрсететін оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы тиіс, сонымен қатар оқу 
әрекетін табысты
дамытуға жағдай туғызады. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет