Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Оқу жоспары
әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу 
пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының 
мөлшерін анықтайды. Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде 
анықталады, оның мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми 
меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі - оларды 
адамзат тәжірибесінің белгілі жақтары болып табылуы. 
Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес 
білім, икемділік, дағдыларды қалыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы 
мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибесінен игерілуге тиістінің 
бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді. 
Оқу пәндерінің жиыны, білім беретін оқу бағдарламасында көрсетілген 
мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру 
қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар мазмұнының шартын 
білдіреді. 
Оқу бағдарламасы -
әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің 
шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі 
уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті 
мәселенің бірі. Арнайы мектептердегі оқу бағдарламалары сынақтан өтуде
ерекше қиындык білім мазмұның казақ тіліне аудару, дайындау. 
Балалардың жекеленген санаттары үшін ПМПК ұсынымдары ескеріле 
отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және 
әлеуметтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу 
бағдарламалары әзірленеді. Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып 
табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың 


17 
жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының 
мазмұнын анықтайды. Оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген 
мәселеге елеулі ықпал жасайды. Арнайы мектептегі оқулықтарға өзгеше 
талаптар 
қойылады. 
Олар: 
қоғамдық 
бағыттылығы, 
материалдың 
ғылымилылығы, оны кұру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және 
педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар кемістігінің 
салдарын ескеруі және жасының психологиялық ерекшеліктері мен 
қабілеттерінің дамуына сәйкес келуі. 
Бір оку пәнінің өзі түрлі формада, әртүрлі логикалық құрылымда, 
айрықша ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде баяндалуы 
мүмкін. Бастауыш сынып үшін әліппе мен математика оқулығын жасаудың 
ғылыми негізделген бірнеше жолы бар. Кіші мектеп жасындағы оқушы 
ойынның қарама-қайшылығы, әсіресе, нақтыдан абстрактілікке көшуге, оқу 
пәндерін оқудың түрлі жолдарын негіздеуге мүмкіндік береді. Ресми оқулық 
тек білім беру органдары бекіткен оқулық болып табылады. 
Мұғалімнің оқулықтарымен жұмыс істеуі үшін оқыту мен оқудың тиімді 
құралы және тәсілдерін іздеуге көмектесетінін, басшылыкқа алатын оқу- 
әдістемелік кешендер әзірленеді. 
Бұл жерде басты мәселе - ғылыми білімді, оқу біліктілігін, кітаппен 
жұмыс дағдыларын жүйелі меңгеруді кемтар балаға арнайы үйрету. Оның 
мазмұны: оқылған тақырыпты ұстау; ережелерді табу және жаттай білу, 
жаттығуларды орындауда ережелерді білу; көркемдеулердің не үшін керек 
екендігін және оларды жұмыста пайдалана білу; оқулықтармен жұмыс істеуде 
жинақы болу және зейін қоя білу, алаңдамау, кітапті пайдалануда мұқият болу, 
ұсақ, жалпы моторикасын дамыту т.с.с. 
Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, 
оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұскаулар, жұмыс 
дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі кұралдар, 
техникалық 
оқыту 
кұралдары, 
оқу 
кинофильмдері, 
компьютерлік 
технологиялар - бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұндай кешен мұғалім 
еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға 
және оның нәтижесін алдын ала көруге мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, 
жасампаздылығының негізін қалайды. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет