Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993 ж.
2. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1984 ж.
3.Байтұрсынов А. Тағылым. Алматы, 1993ж.
4. Жыраулар поэзиясы. I том. Алматы 1995 ж.
5. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы, 2004 ж.
68
6. Наурызбай Ж.Уақыт иірімдері. 2012 ж.
7. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 ж.
Ғылыми тілді қалыптастырудың маңызы
З.Қ.Қашқынбаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, доцент
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық дамыған
елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан
оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар
ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту
нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең
талдау машығын игеру болуға тиіс» - деп атап көрсеткендей, жоғары білім беру
жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындауда.
Табиғат пен қоғам құбылыстарының заңдылықтарын, заттардың қасиетін
ашатын, мәнін түсіндіретін – ғылым. Ол теориялық танымдық іс-әрекет
негізінде ғылыми тіл арқылы берілетін болғандықтан, білімді сапалы меңгеруге
жол ашатын ғылыми тілді жеке тұлғаның сөйлеу тілінде қалыптастыру өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Болашақ ұрпаққа ғылым негіздерінен терең және берік білім беру, оны
практикада қолдану дағдысы мен білігін қалыптастыру білім жүйесін
модернизациялау талаптарымен тығыз ұштасып жатыр. Демек, ғылыми тілдің
ана тілімізде жетіліп отырған кезеңінде сөйлеуге және ғылым тілін меңгеруге
нұқсан келтіріп жүрген жайларды анықтап, оның пайда болу себептерін
айқындау маңызды мәселе болып отыр.
Ғылым мен білім негіздерін оқыту құралы – ғылыми тіл. Ғылыми тіл –
ұғымдарды атау – сөз терминдердің көмегімен ұғындырып, қыр-сыры мен
қасиеттерін ерекше тілдік жүйемен жеткізу болмақ. Ғылым тілдің арнайы
жүйелілігі мен ұйымдастыру ерекшелілігі бар. Сондықтан, ғылыми тіл – ғылым
жетістіктерін, зерттеулер нәтижесін, өмірде алатын орны туралы баяндаушы тіл
бола отырып, ғылыми ақпаратты беру, сақтаумен байланысты тілдік қарым-
қатынас нәтижесінде ғылыми қатынас аймағында қалыптасады [1, с.50-51].
Ғылыми жаңалықтардың ашылуына қарай жаңа сөздердің халықтық тілге
енуі, ғылыми тілдің қолдану аясын кеңейтеді.
Қарапайым қолданыстағы тілдегі сөздердің танымдық деңгейі тар,
ғылыми тілдегі ұғым, түсінікті құрайтын сөздердің танымдық деңгейі кең
болып табылады. Кең мағыналы жаңа сөздер ғылым тілін тудырады.
Әр пәннің тілі, яғни оқулық тілі ғылыми тілдің синонимі. Кез-келген
ғылыми тіл табиғи тіл негізінде қалыптасып, ғылымның қажеттілігін
қанағаттандыру үшін жинақталѓан білімнің, арнайы құралдармен көрінуі болып
69
табылады. Ғылыми тіл – арнайы терминологиямен әртүрлі логикалық
байланыстарға түсетін күрделі құрылым. Символика, номенклатура немесе
терминология жиынтығы ғана ғылыми тілді құрайды. Ғылыми тіл кез-келген
ғылымды меңгерудің, түсінудің маңызды құралы [2, с.82-83].
Кез-келген пәнді толық меңгеру, берілген ғылыми ұғымдарды меңгеру.
Ұғым – қоршаған әлемдегі заттардың мәнін, бейнесін нақтылап көрсету,
өзгеріп, даму. Ұғым – күрделі логикалық, гноселогиялық категория, объектілер
туралы білімнің даму кезеңдерінің нәтижесі. Ұғымның санада қалыптасып, сөз
арқылы «заттай» сырттай шығуы, ұғымдардың табиғатын, қыры мен сырын
айқындайтын сөздің – терминнің пайда болуы болып табылады.
Термин – ұғым арқауы, білімнің негізгі көзі. Әр термин – ұғымның атын
және ұғымның мазмұнын білдіреді. Термин – ғылыми мен техника, мәдениет
пен өнер және т.б. салалардың ұғымдарын белгілейтін мағыналы, белгілі бір
қолдану аймағы бар, ғылымның мәліметтерін, әсіресе қарапайым тілде оны
білдіретін атауы жоқтарын дәл және бір мағыналы түрде беру қажеттігінен
туатын ғылым тілінің элементі [3, с.46-47].
Термин – ғылымның жинақталған білімдерінің негізгі құрамдас бөлігі,
заттың немесе құбылыстың жалпы қасиеттеріне негізделіп, белгілеріне қарай
қысқа да түсінікті болады. Термин сөз, белгілі бір ғылыми ұғымды білдіреді,
нақты ерекшелігі болады.
Оқулықтың түсініктілігі: мәтін қисындылығымен, терминологиясының
дәлдігімен, сөздік қордың түсініктілігімен ерекшеленеді. Оқулық барлық білім
беру, тәрбиелеу қызметтерін өзінің тілі арқылы жүзеге асырады. Терминология
белгілі бір терминологиялық ұстанымдарға байланысты жасалады.
Терминологиялық ұстанымдар – практикалық тұрғыда қолдану үшін термин
жасауға және сұрыптауға қолдануға белгілі бір ережелер қатары. Әр ғылыми
салада, сөздік, оқулық жасауда терминологиялық ұстаным ұлттық ғылыми
тілді жасауда маңызды орын алады.
Пәндерді оқыту әдістемесінің жоғары болуы – ұғымдық–терминологиялық
құрылымының талапқа сай болуы. Барлық пәндердің ортақ ұғымдарының
терминдері мүмкіндігінше бірдей болуы. Ғылыми тіл арқылы табиғи тілдердің
жақындасуы жүреді. Жаңа термин жасауға халықаралық терминдік элементтер
кең қолданылады. Кез-келген ұлттың ғылыми терминологиясының құрамында
интернационалдық терминдер болады. Ғылыми атаулар жүйесі – терминология
– адамзаттың танымдық іс-әрекетінің нәтижесі. Әр ғылымның терминологиясы,
номенклатурасы және символикасы өзіндік ғылыми тілін құрайды. Ғылым мен
ғылыми атаулардың бірлігінсіз ғылымның жетілуі мүмкін емес.
Оқулық тілі – ғылым тілі мен ұлттық тіл арасындағы дәнекер, мұғалім
ғылым тілін, терминдерді түсінікті тілмен жеткізетін дәнекер. Мұғалімге
қойылатын талаптар: пәндік мәтін мазмұнын жүйелі ашу, оқушыларға
эмоционалды әсер ету және терминологиялық аппараттарды қалыптастыру,
олардың мәндік маңызын тереңдету, дыбысталу дұрыстығын, яғни ғылыми
тілмен сөйлеудің қисынды, жүйелі, дәлелді, мәнерлі болуын қадағалау. Екінші
жағынан: ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеті арқылы оқушыларға үлгі болу.
Мұғалім оқушылардың сөйлеу әрекетіне белгілі бір талап қоюы қажет.
70
Мұғалім сөйлеуінің мазмұны мен тілі оқушылар көңіл-күйін, сезімін тербетіп,
білуге құштарлығын арттырады. Мұғалімнің ғылым тілін терең меңгеруі, жаңа
терминдердің білім қорынан орын алу жолдарын жетілдіруі оқушылармен тұлға
ретінде қатынас жасай отырып, айтылған ғылыми теория, ой-пікірге
көзқарасын білудің алғы шарты.
Ғылыми тілмен сөйлеу өнерін қажымай-талмай, үздіксіз жан-жақты іздену,
сөйлеу шеберлігін ұдайы жетілдіру – мұғалімнің оқыту-тәрбиелеу әрекеттерін
тиімді іске асырудың кепілі. Педагогикалық ұйымның бірден-бір міндеті –
біртұтас сөйлеу тәртібін қалыптастыру. Мұғалімнің ғылыми тілді
қалыптастыруда атқаратын әрекеттері: терминологиялық жұмыс және бұрын
белгілі ұғымның мәнін тереңдету, терминологиялық аппаратын жетілдіру,
сөйлеу машығына жаңа сөздерді енгізіп, бекіту. Аударылып жатқан
терминдердің ұғымды болып санаға сіңіп, кең қолданылуы, оның сәтті
аударылуында [4, с.76-77].
Ғылыми тілді дамытып, сөйлеу тілінде үлкен орын алуымен ұлт тілін
сақтап, қорғаудың бірден бір жолы, ол ғылымды ұлт тілінде сөйлету. Қазақ
тілінде, ғылыми, ұғым атауларды табиғи өрнектермен беру – ұлттық ғылыми
тілдің қалыптасуының кепілі. Ғылыми ұғымдардың табиғатын, мән-мағынасын
беру қызметі термин сөздер мағынасын тереңдетеді. Ғылыми ұғымдардың
зерттеу, қолдану нәтижесінде, білім беру жүйесіне (оқулыққа) еніп, оқушы
жастардың, жалпы халықтың ой – санасы мен тіл байлығынан өз орнын алуы –
тілдің ауқымды даму белгісі.
Әр ғылымның ғылыми тілінің даму тарихы ғылым жөнінде білімнің бірізді
жинақталу процесіне тән. Жинақталған білімнің халыққа жетуінде, білім беру
ісі ұлттық тілмен байланысты. Ғылым тілінің дамып көркеюі ұлттық немесе
табиғи тілмен тығыз байланысты. Ғылыми тілдің қалыптасуында жаңа
сөздермен толығуында ғалымдардың атқарған еңбектерінде ғылым тілінің
терминдері, заттардың тарихи қалыптасқан атауларының ұлттық тілдің сөз
қорына кіруі және ғылыми тілдің ұлттық тілдің сөздік қорын пайдаланып
жасалынуы қарастырылуда.
Тарихи даму барысында ғылыми тіл терминдерінің формаларынан гөрі
мән-мағынасы үздіксіз өзгеріске ұшырауы ХХ ғасырдағы қазақ мектептеріндегі
ғылыми тілдердің қалыптаса бастау тарихын кезеңдерге бөлуге болады.
Қоғамның құрылысы дамып, өзгеріп, мәдениеттің өркендеуімен байланысты
тілге жаңа терминдер қосылып, қорланып, молайған. Басқа тілден енетін
терминдердің ішінде өзінің құрылымына, тілге оралымдылығы, түсініктілігі
мен тартымдылығына және басқадай сыр-сипатына қарай сол атау күйінде
сіңісіп кетуі, немесе ана тілімізде баламасын тауып қолданылуы орын алған.
Алайда ғылыми тілмен сөйлеу мәдениетінің сөз сапаларымен тығыз
байланысты.
Тілдік қарым-қатынасты қиындататын жағдайлар (оқушының ойының
шашыраңқылығы, сөйлеу тілінің машығының жетімсіздігі, терминологиялық
аппаратының әлсіздігі), тілдік қарым-қатынасты қанағаттандыратын жағдайлар
(өз ойын білдіруде ғылыми тілмен сөйлеуінің сауаттылығы, басқаның
көзқарасына, сезіміне, ойына әсер ете алуы) орын алады [5, с.3-5].
71
Ғылыми тілмен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын
ұйымдастыруда кедергілер мен қиыншылықтар (оқу-әдістемелік құралдардың
жетіспеуі, оқулық тарауларының арасында және пәндер арасында байланыстың
болмауы, шет тілінен енген терминдердің ұлт тіліндегі аудармаларының
түсініктілігі нашар, сөздердің өмірде тілдік қолданыста кең таралмауы) кездесіп
отырады. Сондықтан ғылыми тілді дамытудың қажеттілігі анық байқалуда.
Демек, ұғымдық-терминдік жүйе білім берудің құралы іспетті. Ғылыми тіл
– білім берудің, оқыту мен тәрбиенің басты құралы. Ғылыми тілді
қалыптастыру әдістері оқытудағы мазмұны мен құралына байланысты болуы
шарт.
Ғылыми тілді қалыптастыруға бағытталған жүйедегі талаптар: ұлттық
тілге сай сөйлеу және ғылыми тіл тұрғысынан дұрыс сөйлеу. Оқытудың
саналылық, белсенділік және дербестік ұстанымдарына негізделген талаптарды
ұстану.
Ғылыми тілдің қалыптасуы мен құрылуына бағытталған қалыптастыру
жүйесінің бір ізділік пен сәйкестігін қамтамасыз ету.
Ғылыми тілмен сөйлеу мұғалімнің атқаратын теориялық-әдістемелік және
танымдық оқу-тәрбиелік қызмет түрлерін атқаруымен тығыз байланысты
(лекциялар, әдістемелік нұсқаулар мен оқулықтар жасау, семинарлар, пікір-
таластар, танымдық іс-әрекеттер).
Демек, ғылыми тілді жоғары дәрежеде меңгеру - әр сала маман иесінің
жоғарғы деңгейде білімділігін, сауаттылығын және шеберлігін көрсетудің
кепілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. – М.:
Просвещение, 1986, 144 с.
2.Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю. Лингвистические основы учения о терминах.
Учебное пособие для филол. спец. вузов. М.: Высшая школа, 1991, 103 с.
3. Терминология: теория және тәжірибе // Терминология мәселелеріне
арналған дөңгелек үстел материалдары. Астана, 2001, 131 б.
4. Ақаев С. Термин түзеуге қатысты мәселелер // Қазақстан мектебі, 2001,
№6, 73 б.
5. Нұғыманов И.Н., Қашқынбаева З.Қ. Сөйлеу мәдениетінің теориялық
негіздері
\\Қазақстан
мектебі, 2000, №3, 41-43 б.
«Тіл – тәрбие құралы – «Мәңгілік елдің» -ұраны»
72
Дуйсебаева Мира Жолмановна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ
Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Таскентбаева Захира Махатаевна
№53 м/л қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Камерова Динара Тулеубаевна
№15 м/л бастауыш сынып мұғалімі
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті –
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай
ХІ ғасыр - адамзат баласының әлеуметтік және саяси шиеленістерге толы,
экономикалық дағдарыстарды бастан кешіріп отырған заманында қазіргі тұлға
дамуының маңызды тенденцияларының бірі – әр адамның өзін нақты ұлт
ретінде анық біле алуына байланысты.
Тарихи деректерге қарағанда, кез келген тарихи танымның өзегінде белгілі
бір ұлттың, тайпаның, рудың, тіпті жеке адамның өмір-тәжірибесі, мақсат-
мұраты, моральдық-этикалық нормалары жатады. Этнограф ғалым А.Тарақты:
«Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, оның ұзақ
ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болғандығымен сабақтастыруымыз
керек» - десе, «Далалық орданың тұрғыны - қазақ өзінің моральдық қасиеті,
ақыл-ойы қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына
қарағанда әлде қайда жоғары тұр...» деген Ш.Уәлихановтың сөзін байырғы
жиханкездерден бастап, бүгінгі этнологтардың барлығы тамсана мойындайды.
Шоқан айтқандай «мұңсыз-қамсыз» ғұмыр кешкен қоғамда қалайша
жүгенсіздік (анархия) бел алып кетпеген? Қалайша далалықтардың арасында
өлім жазасы, тән жазасы, абақтысы болмаған? Қалайша мыңдаған шақырымдық
байтақ далаға қанат жайған көшпенділер өздерінің этномәдени тұтастығын
сақтай білді? Академик Ақселеу Сейдімбековтың осы жазбасынан бүгінгі
қоғамда бұл проблеманың ең жоғарғы нүктесіне жеткенін айналамызда күнде
орын алып отырған трагедиялардан көре аламыз.
ХХ ғасырда адамзат баласының тарихындағы ең үлкен қылмыс жасалды.
Ол - тоталитарлық өктемдікпен екі жүзден астам ұлттың мидай араластырылып
жіберілуі. Нәтижесінде - жүзге тарта ұлт жойылып, төлтума мәдениет мәңгілік
жоқ болып кетті. Мұхтар Шахановтың сөзімен айтсақ:
Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
«Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл – менің өз анам» деп басталатын
өлеңі:
...Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің арсыздығы...-
73
рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық.
Шыншыл рух дарынынан құлқын озған заманда,
Тамырсыздық үлкен қауіп тудырады қоғамға – деуі дәл мысал. Қазіргі
адамның санасын, оның тарихқа қатынасын «тарихи зерделілік» және
«мәңгүрттік» арқылы сипаттауға болады. Шыққан тегін, халқын, нәсілін,
жалпыадамзаттың рухани түп тамырларын, тарихын танып-білуге ұмтылу – бұл
сана-сезімнің оянуы, рухани мәдениеттің жетілуі болса, мәңгүрттік осы ұғымға
қарама-қарсы мән. Жоғарыда айтып кеткендей, М.Шахановтың «Құлдық сана
зардабы» өлеңінде: тілін, рухын, салт-дәстүрін сақтаған, яғни ұлттық
құндылықты жан-тәнімен жақтаған топ, екінші топ – орыстану саясатының
сеніміне ие болып, туған тілі жат болған топ, ал үшінші топ – ана тілсіз өсіп-
өніп, баба рухын көміп, «әлем азаматы» болатынына сенген топ, соңғы - қауіпті
топ, бұрын-соңды болмаған, қандастары екі жүзді мінезінен сорлаған, ұлтсыз,
намыссыз орыстанған құлдық сана иелері» деп төрт топқа бөледі.
Шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениеті мен
тарихын, салт-дәстүрін, заңдық қағидаттары мен ережелерін жазып кеткен
Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Кейқауыстың еңбектерін адам
тәрбиелеудің құралы десек артық айтқандық емес. Махмуд Қашғаридың «Түркі
тілдерінің сөздігі», Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Ахмет Игүнүкидің
«Шындық сыйы», Ахмет Яссауидың «Диуани Хикметі» - этникалық әдеби-
мәдени дәстүрледің, сана-сезімнің өсуіне, рухани гүлденуіне жол ашты.
Ш.Уәлиханов – Орта Азия мен Қазақстанның жаңа дәуірдегі тұңғыш
ғалымы –тарих, география, этнография, лингвистика, салт-дәсүр, фольклор,
этнос, тайпалар туралы көптеген ғылыми еңбектер жазған. ХІХ ғасырда Сібір
қазақтарын басқаруға жүргізілген патша реформаларын халықтың әдет-
ғұрыптарын, дәстүрін есепке алмағаны, халықтың тағдырына немқұрайлы
қарағаны, халықтың мүддесі ескерілмегені үшін қатты сынға алды. «В наше
время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о
народных реформах. От удачных и неудачных реформ зависит вся будущность
народа, в них заключается быть или небыть. Реформы бывают только тогда
удачны, когда они правильны, т.е. тогда когда они основаны на тех неизбежных
законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие
общественного организации» деп, қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін
қайта құруларға барынша тосқауыл болды.
Ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин саналы өмірін халқына арнап, қазақ
даласында мектеп ашып, шығармаларында озық орыс мәдениетін насихаттады.
Ол орыс білімі қазақ халқының өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни
қазақ халқының орыстардан ғылыми және практикалық білімін қабылдаудың
әдісі деп қарады. Ыбырай Алтынсаринұлттық кемсітушілікке, нәсілдік қорлау
сияқты отарлау саясатының барлық қағидаларына бар болмысымен қарсы
болды. Бірақ оны баспасөз беттерінде айта алмады. 1884 жылы Қазан
қаласында жарық көрген «Ислам шариаты» кітабында ғылым мен өнерді
игеруде шариаттың зияны жоқ, ол ғылымды теріске шығармайды дейді.
Қазақтың ұлы ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өз халқын
ағартушылық жолға түсуге үгіттеген, қараңғылықты, надандықты сынап-
74
мінеген. «...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»,
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?! – деп, қатты толғанған. Адам тәрбиесі, оның ішінде
бала тәрбиесі оның барлық шығармаларына арқау болған.
120 жыл бұрын халқының болашағына алаңдаған ақын сөзі бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне керек екенін білсек те, Батыстық тәрбиеге ұмтылып, қатыгез,
мейірімсіз ұрпақ өсіріп жатқанымызды байқамаймыз.
«Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек
үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің
тарихы мен басқа өлке халықтары туралы тамаша кітаптар жазумен айналысар
едім» деп армандаған Мұстафа Шоқай бар өмірін елінің еркіндігі мен
тәуелсіздігі жолындағы күреске арнап, 1697 жылы 1 қарашада «Халық жауы»
ретінде атылып кетті.
«Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін». Бұл -
қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және
мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхановтың сотта айтқан соңғы
сөзі еді. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Кеңестік Республикалар
Одағы Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы оған Кеңес өкіметіне қарсы
контрреволюциялық күрес ұйымдастырды деген жаламен елінен тыс жерде
өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды. Үкім сол күні жүзеге асырылды.
Әлиханның қазақ халқының тәуелсіздігі үшін еткен өлшеусіз еңбегін,
А.Байтұрсыновтың қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына аямай жұмсаған
бар күш-жігерін әрбір азамат есте сақтауы керек.
М.Жұмабаевтың қазақ баласының рухын көтеретін:
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта жер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе? –деген өлеңін, Мұхтар Шахановтың:
Сараптасақ ұлт пен ұлтсыз қырқысын,
Қандай іске бармады жұрт құлқы үшін?
Бірақ ана тілді сақтау бас міндет-
Тілден үлкен Отан болмас ұлт үшін – деген сөзімен қорытындыласақ,
бүгінгі өзгерген өмір ағысында көп қазақтың қалғыған намысын оятатын кез
келді.
«Өткен тарихымызға тағзым да, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік
Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған
ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып,
дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша
қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!».
75
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арнаған
Жолдауында айтылған: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым «Мәңгілік Ел»
болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан
біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз –
тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін» деген сөзі барша қазақ
үшін – басты парыз!
Пайдаланған әдебиеттер
1.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 30қараша 2016 жыл.
2.Қыр баласы. Григорий Николаевич Потанин. Әлихан Бөкейханов.
Шығармалар. /Құрастырған М.Қойгелдиев. Алматы: «Қазақстан» 199. - 384 б.
3.Қазақ. А.Қасымжанов, Қ.Нәрібаев, К.Сәбденов, т.б. Алматы «Білім»
1994ж.
4.Мұстафа Шоқай. Таңдамалы І том. Алматы «Қайнар» 1998ж.
5. Мәңгүрттенбеу марсельезасы. М.Шаханов Алматы «Рух-дария» 2008ж.
6. Әлеуметтану негіздері. А.Икенов, А.Жүсіпова. Алматы «Экономика»
2004ж.
Қазақ әдебиеті пәнінің ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы
Мәдиева Айсұлу Талғарбекқызы
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы ҚР білім беру
жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін
арттыратын республикалық институты
Тәуелсіз ел ең алдымен ұлттық рухани-мәдени мұраларымен және ғылым
мен біліміндегі жетістіктерімен сипатталады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін
нығайтып, халықтың қымбат қазынасын – әдеби-мәдени мұраларды
жандандырып, ұлттық тектілікті сақтау, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру
жолындағы маңызды жұмыстар білім мекемелерімен тығыз байланысты. Әр
ұлттың болмыс-бітімі, мінез-құлқы, таным-түсінігі, салт-санасы мен көзқарасы
сол елдің әдебиетінен көрініс береді. Адамның өмірі мен қоғамды көркемдік
тұрғыда зерттейтін әдебиет – дүниетанушылық ғылымдардың ең жоғарғысы.
Олай болса, ұлттық танымы жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай
алатын өркениетті қоғамға сай адам болып қалыптасу үшін сөз өнерінің сан
қырлы құпиясына бойлауға мүмкіндік беретін әдебиетке ынта мен
қызығушылық ерекше болуы қажет. Өйткені әдебиет – халықтың ұлттық
сана-сезімін, эстетикалық-көркемдік ойлау қабілетін байытатын қымбат дүние,
сондай-ақ ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін жалғасқан рухани құндылық.
«Қазақ әдебиетi – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа
жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы» [1].
«Қазақ әдебиетi» пәнi енетін «Тіл және әдебиет» білім беру саласының
мақсаты оқушының тiл және көркем сөз туралы дүниетанымын кеңейту,
76
ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық
сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру болып табылады.
Пәнді оқытуда тәуелсіз еліміздің төл әдебиетін ұлттық құндылық ретінде
бағалап қабылдауға үйрету және оқушылардың сөз өнерi негiзiнде сөйлеу
шеберлiгiн арттыру қарастырылады.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі әдебиет пәні адамтану қызметін
атқаратыны аян. Өйткені пәнді оқыту бойынша іріктелген білім мазмұны үнемі
жетілдіріліп, кеңейтіліп отырады.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқи отырып, оқушылар халқымыздың бай ауыз
әдебиеті үлгілері мен қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне
дейінгі кезеңдері туралы жүйелі білім алады. Әдебиетті сөз өнері ретінде
оқыту, әдеби шығармаларды ұлттық қазына, ұлттық рух, шығармашылық іс-
әрекет, мәдениеттің бір бөлшегі ретінде қабылдау мәселесі негізгі ұстаным
болып табылады.
Білім мазмұнын меңгеру арқылы жас ұрпақ ұлттық
тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-
дәстүрлерді таниды.
Қазіргі оқу бағдарламаларының білім мазмұнына нағыз сөз өнері биігінен
көрінетін поэтикалық қуаты мықты, жарқырап тұрған алмас жырлар мен шебер
жазылған көркем шығармалар енгізілген. Осы шығармалардың ой қазығы,
сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық
әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті, қаламгерлердің сөз
қолданыстарын зерделеуге мүмкіндік алады, сол арқылы оқушылардың өзіндік
ой толғамын айтуына, шығармашылық жұмысқа бейімделуіне жол ашылады.
Мектептегі әдебиетті оқыту көркем бейне арқылы көрінетін ақиқатты
меңгертуді көздейді. Көркем шығарманың адамгершілік, эстетикалық
байлықтарын
игеру
оқушылардан
шығармашылық
қиялды,
көркем
шығармаларды талдау және бағалауды, тілдік машықтарды, өнер тілінің
шарттылық ерекшеліктерін білуін талап етеді. Бұның бәрі жинақталып
келгенде, оқушылардың адам мен табиғат арасындағы, адам мен адам және
адам мен қоғам арасындағы белсенді қарым-қатынасының, дүниетанымының,
көркемдік талғамының қалыптасуына қызмет етеді.
Мұндай мүмкіндікті туындататын, әрине, мектептегі қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі. Яғни, А.Байтұрсынов сөзімен айтқанда, «дерексіз нәрсе,
деректі нәрседей, жанды нәрсе, жансыз нәрседей суреттеліп, адамның сана-
саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жеткен» ауыз әдебиеті жауһарлары мен
қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды өз бетімен кеңінен оқуға
қызығушылығын арттыру, шәкіртті сол жолға бағыттау және ана тілінің
көркемдік қасиетін дарыту, тілді дұрыс және орынды жұмсауға тәрбиелеу пән
мұғалімінің басты міндеті болып саналады.
Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушының балалық қиялы мен
еркін ойлауына, жастық арманына қанат бітіріп, «ақылдың аңдауын аңдағанша,
қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарайтын»
(А.Байтұрсынов) әсем тілдің тереңінен қанып ішуіне мүмкіндік жасау
көзделеді. Сонымен қатар, ұлы ұстаз М.Әуезовтің «әдебиет - тіл мен әдебиет»,
«...әсіресе, романдар оқушыға тіл де үйретеді. Өз тілінде кенеулі ой таратып,
77
көрікті, шешен, шебер сөйлеуге баулиды» деген парасатты ойы қазақ әдебиеті
пәні мұғалімінің бұлжытпас ұстанымы болуы тиіс. Мұғалімнің біліктілік
деңгейі мен педагогикалық шеберлігі арқылы оқушының пәнге деген, жалпы
көркем әдебиетке деген адами қызығушылығы оянады және жылдар өткен
сайын ол қызығушылық өмірлік қажеттілікке айналады.
Осы үрдістен шығу үшін қазақ әдебиетінің болашақ мұғалімін даярлау
мәселесі де маңызды. Өйткені пән мұғалімінің өзі әдебиетті жетік білмесе және
оны терең сүймесе, бұл міндетті атқара алмайды. Бұл Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасының
бірі «Әлемдік және ұлттық руханият, ізгілік пен имандылық, адамгершілік
тәрбиесі бойына сіңген, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру» деп
айқындалған [2]. Яғни мектепке келетін маман осы стандарт талаптарына сай
даярланған жағдайда мектептегі пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне жетуге
болады.
Ұлы ағартушымыз А. Байтұрсынов өз заманында-ақ «Мектептің жаны да,
жүрегі де оқыта білетін мұғалім» деп айтқан дана сөзі бүгінгі күнге дейін
өзектілігін жойған жоқ. Өйткені заман да, қоғам да өзгергенімен мектеп
мұғалімінің негізгі міндеті өзгермейді. Яғни мұғалім қоғам дамуынан
ешуақытта тыс қалмай, заман ағымына сай өздігінен білімін жетілдіріп, әсіресе,
оқытып отырған пәні бойынша жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып,
оны оқу үдерісінде шеберлікпен пайдалана білуі керек. Еліміздегі ғана емес,
әлемдік деңгейде болып жатқан кәсіби жаңалықтарды қазіргі ақпараттық
технологиялар арқылы тиімді қолданып, оқушыларды төл әдебиетімен қатар
әлем әдебиетіне де қызықтыруға болады.
Мұғалім бойындағы бұл сапалар жоғарғы оқу орнында қалыптасуы
қажет. Бұл жоғарыда көрсетілген стандартта қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
бойынша білім бакалаврының білім деңгейіне қойылатын талаптардың бірі
ретінде
«ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологияларды
педагогикалық қызметінде жоғары маманданған пайдаланушы деңгейінде
қолдану» деп көрсетілген. Демек мектепке келетін жас маман осы талаптар
деңгейінде даярланса, педагогикалық қызметінің алғашқы жылында-ақ оқушы
жүрегіне жол таба алары сөзсіз.
Әр мұғалім сабақты шығармашылық мәнде жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра
білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,
үйренуіне, білген нәрселерін белсенді сөзді қор ретінде қолдана білуіне жағдай
жасайды. Бұл Я.Коменскийдің «сабақта мұғалім аз үйретсін, оқушы көп
үйренсін» деген қағидасымен және қазіргі оқыту үрдісінде оқушыны өз
әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен
терең ұштасып жатыр. Оқушылар көркем
шығармалар арқылы елінің бай
тарихымен, көп қырлы мәдениетімен, келелі әдебиетімен, халықтың өнегелі
салт-дәстүрлерімен танысып, білімдерін молайтады. Қазақ әдебиеті
оқулықтарында берілген шығармаларды оқыту арқылы мұғалім оқушылардың
таным көкжиегін дамытуды білімдік мақсатпен қатар басты назарда
ұстағандары абзал. Пәннің білім мазмұнындағы шығармаларды оқытуда
78
жазушының айтпақ ойын дәл тауып, шеберлікпен бере білгенде ғана мақсатқа
жетеріміз сөзсіз.
Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушының
ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет.
Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, құзыретті жеке
тұлға болып қалыптасады. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов:
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика
жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына
жетудің бірден-бір жолы. Білім мазмұны қандай болмасын оны талаптағыдай
оқушыға жеткізе білу – пән мұғалімнің ең негізгі кәсіби міндеті.
Иә, кейінгі жылдары мектеп оқушылары көркем шығарманы оқымайды,
жалпы халық әдебиеттен алыстап кетті деген сөздер жиі айтылып жүргені рас.
Ол әңгіменің бастауы мектеп деп қарастырады, оның да жаны бар. Өйткені
адамның өміріне азық болар барлық жақсы қасиеттер мектеп жасында
қалыптасатыны, дамитыны рас. Мектеп қабырғасында бойына сіңбеген көркем
әдебиетке деген қызығушылық, оқырмандық мәдениет адамға кейін 17-20
жаста қалыптаса қоюы екіталай. Сондықтан қазіргі ақпараттың тасқындаған,
ғаламтордың өмірге қарқындап енген заманында шәкіртін кітап оқуға баулу
әдебиет пәнінің мұғалімі үшін оңай шаруа емес екенін де аян. Дей тұрғанмен
пән мұғалімі алдына келген болашақ ел тұтқасы болар азаматтарды төл
әдебиетіне жанашырлықпен қарайтын, оны тереңнен сүйіп оқуға даяр адам
болуға тәрбиелеуді негізгі міндеті ретінде түсініп, сол тұрғыда жүйелі
жұмыстар атқарса ғана нәтижеге жетеріміз анық.
Сонымен қатар жалпы орта білім
беретін мектептердегі қазақ әдебиеті
пәнінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда оқулықтың алар орны ерекше.
Оқулық – оқушыға берілетін білімнің маңызды қайнар көзі және оқу
бағдарламасындағы білім мазмұнын меңгертетін басты құрал. Өйткені оқулық
нақты білімді игеруге, оқушыда білім мен дағдыны қалыптастыруға, өз бетінше
шығармашылық қызмет тәжірибесіне қажетті ақпаратты іздеуге мүмкіндік
туғызады. Білім беру, дамыту, тәрбиелеу оқулықтың атқаратын негізгі үш
міндеті болып табылады.
Ғалым С.Г. Шаповаленко «Оқулық – ғылым негіздерін меңгеру үшін
оқушыларға арналған құрал. ... Оқулықтарда белгілі бір мөлшерде оқу
пәндерін оқыту әдістемесі де көрініс табады» [3] – деп тұжырымдаса, белгілі
ғалым В.П. Беспалько «Оқулық жазу – оңай шаруа емес, нағыз оқулықтар
жасайтындай кемелдену үшін педагогика жөніндегі қазіргі ғылыми
монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған (жай оқу емес!) жөн» [4], –
деп, оқулық әзірлеудің күрделілігі мен жауапкершілігін айқындай түскен.
Отандық оқулықтану мәселесі жөнінде ауқымды зерттеулер жасаған елімізге
белгілі ғалым А.Қ. Құсайынов «Оқулық оқу материалына онымен жұмыс істеу
әдістемесін қоса ұсынады, яғни мұғалімге оқу материалын қалай оқытып,
меңгертудің, оқушыға қалай оқып меңгерудің тәсілдерін береді. Басқаша
айтқанда, оқулықта білім беру мақсаттары мазмұн мен әдістер түрінде
нақтыланады» [5], – деп пайымдайды.
79
Оқулықтағы
материалдар
оқушының
жас
және
психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі құрылғанда ғана сапалы болмақ. Әрбір
оқулық білім беру мазмұнының үздіксіздігін қамтамасыз етуі және жеке
тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға, оқу-әдістемелік кешендеріне қойылатын
талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан әрбір сыныптың оқулығы өзара тығыз
байланыста, ал барлық дидактикалық материалдар, жаттығулар мен
тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, білімді тереңдетуге
және сапалы меңгеруіне әсер етуі қажет. Егер оқулық көбінесе «академиялық»
сипатта болып, яғни ондағы материалдар тек ғылыми тұрғыда беріліп,
оқушының жас ерекшелігін ескеріп құрылмаған болса, онда оқушылар үшін
оқулықпен жұмыс жасау қиындайды. Оқулықпен жұмыс істеу әдісі
оқушылардың өздігінен жаңа білім мазмұнын қабылдауда, сыныпта алған
білімдерін бекітуде, білік пен дағдыларын қалыптастыруда тиімді әдіс болып
табылады. Әсіресе, оқушыға қазақ әдебиеті оқулығын пайдалануды төменгі
сыныптардан бастап жүйелі үйрету оқушының пәндік білімді меңгеруіне ғана
емес, сонымен қатар, ең маңыздысы, оның оқырмандық қызығушылығы мен
мәдениетін дамытуға да әсері зор.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқулықтары ұлттық рухани мұраны, оның әлемдік
әдеби дамумен үндестігін әрі ұлттық дербестігін танытатын, ұлттың тарихы
мен тағдырын терең сезіндіретін, әдеби туындылардың табиғатын терең
түйсіндіретін бірегей еңбек болуы шарт деп түсінеміз. Сонда ғана оны оқыған
ұрпақ ана тілін тағдырына балайтын, халықтық мәдениет пен салт-дәстүрді
құрметтейтін, рухани жағынан толысқан, елжанды болары сөзсіз. Мектептегі
қазақ әдебиеті оқулығының бабалар аманаты болған тамыры терең тарихымыз
бен асқақ рухымызды, тұғырлы Тәуелсіздігімізді сақтап қалудағы маңызы
ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 5 том, Алматы: «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2003. – 206-бет.
2.
ҚР БҒМ 03.11.2010 № 514 бұйрығымен бекітілген, 08.08.2011 №349
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
3.
Шаповаленко С.Г. Учебник в системе средств обучения. М.,
«Педагогика», 1974, с.13.
4.
Беспалько В.П. Теория учебника: Дидактический аспект. М.,
«Педагогика», 1988, с.7.
5.
Құсайынов А.Қ., Асылов Ұ.Ә. Оқулықтанудың өзекті мәселелері. –
Алматы: Рауан, 2000. – 26-б.
Достарыңызбен бөлісу: |