ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН
АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ –
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»
тақырыбындағы республикалық он-лайн пікірлесу алаңы баяндамалар
ЖИНАҒЫ
СБОРНИК
материалов Республиканской дискуссионной площадки
«ЦЕННОСТИ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» –
ОСНОВА СОВРЕМЕННОГО КАЗАХСТАНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ»
Алматы 2016
2
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
М36
«Өрлеу» ҰБАО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ Сараптама кеңесінің
отырысында қаралып баспаға ұсынылды
Хаттама № 9, 29.06.2016 жыл
Жалпы редакциясын басқарған:
Ж.Ә.Мақатова – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ
директоры, п.ғ.д., профессор.
А.Д.Танатова – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ
директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, п.ғ.к.
Г.Т.Қажиева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ
Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығы, магистр.
А.Т.Мәдиева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ
Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бас маманы.
К.Жақсылыққызы – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ
Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бас маманы.
«Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім берудің
негізі»: республикалық он-лайн пікірлесу алаңының баяндамалар
жинағы: - Алматы, ҚР ББЖҚБАРИ, 2016 – 201 бет
ISBN 978-601-276-372-0
Бұл жинаққа «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының білім беру жүйесіне
енгізілу стратегиясы мен жүзеге асырылуы, идеяның құндылықтары, ұлттық
тәрбие беру және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізудегі педагогтың рөлі
сынды тақырыптар бойынша ой-пікірлер берілген.
Жинаққа «Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім
берудің негізі» тақырыбындағы республикалық он-лайн пікірлесу алаңы
баяндамалары енгізілген. Жинақ жалпы білім беру саласының мамандарына,
ұстаздар қауымына арналады.
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
ISBN 978-601-276-372-0
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ-2016
3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................................ 5
І. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні ........................................ 6
Қосымова Г. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тетіктері ........................................... 6
Адиет Қ. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарын білім беру процесіне енгізу
мәселелері туралы ......................................................................................................................... 11
Бегалиев Т.Б. «Мәңгілік ел» идеясы – ұлтжандылық тәрбиенің негізі ................................. 16
Төкенов Ө. Құндылықтар теориясы қоғамдық жүйе құрушы фактор ретінде ...................... 21
Ақмырзаев М.М.«Мәңгілік ел» идеясының ежелгі құндылықтары және оларды жаңарған
оқу бағдарламаларына кіріктіру бағыттары ............................................................................... 26
Қойшекен С. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні ......................... 31
Абишева О. Культурное наследие в контексте национальной идеи «Мәнгiлiк Ел» ............ 36
Гривенная Л.А. «Мәңгілік Ел» - магистральное направление развития казахстанского
общества ........................................................................................................................................ 39
Альмишева А.Ж. Создание гуманной образовательной среды в условиях реализации
общенациональной идеи «Мәңгілік ел» ..................................................................................... 44
Жумагалиев Р.А. Идея «Мәңгілік ел» как стержень развития и формирования духовных
ценностей современного общества ............................................................................................. 50
ІІ. Тіл – ұлттық құндылық, ұлттық мұра .............................................................................. 54
Рамазанова Д. Тіл – ұлттық құндылық, ұлттық мұра .............................................................. 54
Идрисова Г.Б. Тіл тағдыры – ел тағдыры ................................................................................. 58
Тастемірова Ә. Тіл – ұлттық құндылық, ұлттық мұра ............................................................ 64
Қашқынбаева З.Қ. Ғылыми тілді қалыптастырудың маңызы ............................................... 68
Дуйсебаева М. Таскентбаева З. Камерова Д. «Тіл – тәрбие құралы – «Мәңгілік елдің» -
ұраны» ............................................................................................................................................ 72
Мәдиева А. Қазақ әдебиеті пәнінің ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы ........................ 75
Тургунтаева Г.А. Факторы актуализации поликультурного образования ............................ 79
ІІІ. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру ...................................... 83
Мыңбаева М.Б. Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы...................................................................... 83
Бегалиев Т.Б. Кенжебаева А.Т. Қазақстандық патриотизм негізін қалыптастырудың кейбір
жолдары ......................................................................................................................................... 87
Юсупова И. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында жеке тұлғаны
тәрбиелеу ....................................................................................................................................... 91
Ортықов Е. Бабадан қалған бекзат өнер ................................................................................ 93
Нугуманов Б «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру арқылы ұлттық
құндылықтар жүйесін қалыптастыру ......................................................................................... 98
Изтелеуов А. Патриотический акт «Мәңгілік ел» - как проявление живой истории ......... 102
Насырова М.Ю. Аудиторная и внеаудиторная работы по дисциплине «Мәңгілік ел» в
целях формирования гражданственности у студентов ........................................................... 107
Муратбекова У.О. Патриотическое воспитание на основе краеведения ............................ 110
IV. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізудегі педагогтың рөлі ...................................... 115
4
Кульниязова А. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізудегі педагогтың рөлі ..................... 115
Абдикеримова Н.Ж. Мұғалімдердің шығармашылық жұмысын жетілдіру жолдары....... 120
Сактаганова К. Дуальдік білім беру жүйесі – жаңа индустрияландыру үшін кадрлар
даярлаудың тиімді жолы ............................................................................................................ 124
Игманова Р.Т., Бураханова А.Т. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру
аясында жоғары оқу орнында болашақ мамандарды даярлаудағы тұлғалық потенциал
мәселесі ........................................................................................................................................ 130
Іркітбай Ғ. Интeллeктуaлды құзырлы пeдaгог – адами капиталды дамытушы тұлға ........ 134
Г.М. Ахметова., А.Ж. Мурзалинова. Программа духовно-нравственного образования
«Самопознание» как достояние независимого Казахстана...............................................139
Слесарь М.В. Успешность реализации национальной идеи решает интеллект педагогов 144
Каламов Ж. Роль педагога в формировании патриотизма и гражданственности
основанных на ценностях «Мәңгілік ел» ................................................................................. 148
V. Этникалық сана-сезімнің қалыптасуындағы ұлт зиялыларының ықпалы ........... 151
Идрисова Г.Б. Кеңес дәуіріндегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі .............. 151
Таңатаров Б., Алпысбаев Б. «Мәңгілік ел» – қазақ халқының рухани тарихы ................. 155
Б.Қағазов. Білім берудегі жаңаша идеялардың қазақ ғұламалары ой-толғамдарымен
сабақтастығы ............................................................................................................................... 159
Гизатуллина Г. А. Проблемы взаимодействия культур в контексте национальной
доктрины «Мәңгілік ел» ............................................................................................................. 162
Романенко С.М. Трилогия Ильяса Есенберлина «Кочевники» в аспекте национальной
идеи «Мәңгілік ел» ..................................................................................................................... 166
VI. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Мәңгілік ел»
идеясының білім беру жүйесіне енгізілу стратегиясы мен жүзеге асырылуы ............. 172
Нұрадин Г.Б. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын «Халықтық МЕМ» арқылы
идеологияға айналдыру .............................................................................................................. 172
Хамза З. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары - заманауи қазақстандық білім
негізінде» ..................................................................................................................................... 177
Қажиева Г. Отбасылық құндылықтар – мәңгілік елдіктің негізі .......................................... 180
Бекмағамбетов А. Жаңа қоғамның патриотын қалыптастыру ............................................. 184
Исмурзина Г. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жастарға кәсіптік білім беру
маңызы ......................................................................................................................................... 187
Маханбетова А., Есжанова Л. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы оқушының
зерттеушілік жұмысының маңызы ............................................................................................ 191
Шапауова С. Балалар үйіндегі тәрбие жұмыстарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының
құндылықтарын насихаттау ....................................................................................................... 195
Даумова Д. Роль семьи в воспитании патриотизма .............................................................. 198
5
КІРІСПЕ
Бүгінгі күн жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу,
IT-технологиялардың қарқынды даму заманы білім және ғылымның заманауи
өзгерістерге сай қарқынды дамуын қажет етеді. Қазақстандық білім беру
жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке
дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен
университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық
құзырлылығын дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық
даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне,
біліктілігіне, кәсіби құзіреттілігіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана
қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Білім – қозғаушы күш. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі
модернизациялау білім мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыру, білім берудің
ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды меңгерту сынды
кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Елбасы
Жолдауында
«Қазақстан-2050»
стратегиясы
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты ретіндегі «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясының мәні ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сынды ұлы
құндылықтар арқылы түсіндіріледі. Ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де білікті өскелең ұрпақ – мәңгілік ел
тірегі болмақ.
Ұсынылып отырған бұл баяндамалар жинағында «Мәңгілік ел» ұлттық
идеясының тарихы негіздері, маңыздылығы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын
жүзеге асыру бағыттары, жас ұрпақ тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәселелер қарастырылған.
Жас ұрпақ бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары
мен оның ерекшеліктері айтылады.
Жинаққа енген ғалымдар мен мамандардың тұщымды ойлары «Мәңгілік
ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда қазіргі заманғы үздіксіз білім беру
ұйымдарының алдында тұрған міндеттерді орындауға көмектеседі деген
үміттеміз.
6
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ
МӘНІ
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тетіктері
Қосымова Гүлбану
Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы тіл білімі кафедрасы
филол.ғ.докторы, профессор
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз, - деді Елбасы. - Ол арман әлем елдерімен терезесі тең
қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет
атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық».
Елбасы «Мәңгілік Елді жалпыұлттық идея етіп бағдарлап, оны Қазақстан
халқын біріктіруші күшке, таусылмас қуат көзіне айналдырғандықтан», осы
идеяны жүзеге асырудың тетігі не болмақ, білім беру ісінде қандай
ұстанымдарды басшылыққа алуымыз керек деген сұрақтар туындайды.
Елбасының «Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын
90-жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген
жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді
туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды» деген сөзін Мәңгілік елге,
қазақстандық патриотизмге қатысты да айтуға болады. «Тәуелсіз Қазақстан елі
- мәңгілік» деп айта бергеннен мәңгі болып қала бермейді. Мәңгілік ел болып
қалудың тетіктері Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында,
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» бағдарламасында, «Ұлт жоспары - 100
қадам» реформасында анық айтылған.
Енді біздің алдымызда, білім беру ісінің қызметкерлерінің алдында,
жастарды саналы түрде «Мәңгілік Ел болып қалу» идеясына бағыттаудың
басты ұстанымдарын айқындап, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау
міндеті тұр. Үздіксіз білім беру жүйесінде «Мәңгілік ел» идеясын іске
асырудың тетіктері не болмақ? Біріншіден, Елбасының сөзінде орын алған ата-
бабамыздың армандарын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қалай
қарастырамыз деген мәселе. Екіншіден, іргесі қаланған Мәңгілік елдің
өміршеңдігін баянды ететін «тәуелсіздік» ұғымын санада орнықтыру мәселесі.
Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесінде Мәңгілік елдің құрушыларын,
интеллект қалыптастырудағы ұстанымдарды анықтау мәселесі.
«Мәңгілік ел» идеясы тарихшылар мен әдебиетшілер айтып жүргеніндей,
жалпы түркі жұртына ортақ мұралар мен ақын-жыраулар шығармаларында,
батырлар жырында және би-шешендер сөзінде негізі қаланған. Осы уақытқа
дейін бұл аталған мұралар оқытылмай келеді деген сөз емес, әдебиетте,
тарихта оқытылып келеді, бірақ жалпы мазмұнда оқытылып жүр, кейде
мазмұнға да бара алмай, анықтамалық дерек ретінде ғана айтылып келеді.
7
Бұдан былай бұл шығармалардағы көтерілген сандаған мәселелердің ішінен
біртұтас ел болу мәселесін бөліп алып, білім берудің әрбір деңгейінде жайдан
күрделіге қарай деген ұстаныммен (мысалы, жекелеген сөз, сөз тіркестері,
сөйлемнен күрделі синтаксистік тұтастыққа, мәтінге қарай ойысып) оқыту
жүйесін ойластыру қажет.
Екінші мәселені қалай шешеміз дегенге келер болсақ, айтарымыз:
«тәуелсіз» ұғымын жан-жақты түсіндіретін Елбасының «Тәуелсіздік толғауын»
жоғарыда айтылған оқытудың ұстанымы бойынша әрбір сыныптың «Қазақ
тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндеріне енгізіп, сатылы әрі
сабақтастықта оқытуға көңіл бөлу керек. Бұл да ҚР Білім және ғылым
министрлігі, «Оқулық» орталығы мен Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру
академиясы тарапынан қарастырылып, жоғарыда аталған пәндердің
Бағдарламаларына және оқулықтарға енгізілді. Ендігі мәселе - «Тәуелсіздік
толғауын» оқытудың технологияларын дұрыс таңдау, мәтінмен жұмыс істеудің
әдіс-тәсілдерін меңгеру болмақ.
Толғаудың басты идеясы мен автордың түпкі ойын анықтату;
Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі сипатын білгізе отырып, оқушылардың
«Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу;
Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ойқорытындысын жасауға
мүмкіндік туғызу;
Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің
шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.
Оқытудың интербелсенді әдістері: сыни тұрғыдан ойлау, ой қозғау,
кейс-стади, синектика т.б. әдістерді мәтінмен жұмыс істеуде орнымен
пайдалану.
Үшіншіден, «Мәңгілік ел болу» идеясын жүзеге асырудың басты тетігі
ретінде білім беру ұстанымдарын анықтап, оларды үздіксіз білім беру
жүйесінде үзбей іске асыру мәселесі. Білім беру ісінде назарда болар басты
ұстанымдар мыналар деп айтар едім:
1.Өмірлік білім ұстанымы. Өмірлік білім - барлық адамдарға, барлық
қоғамға тән, жалпыға ортақ игілік. Өмірлік білім деп отырғанымыз- адамзаттың
күнделікті тіршілігінде сәт сайын қолданылатын білімдер жиынтығы. Осы
қарапайым білімге (қарапайым болғандықтан) мән бермегендіктен де, өмір
сүруге икемділік азайып, өмірде адасушылықтар болып жатыр. Қайталап
айтамын, бұл - өмірлік білім, яғни күнделікті қолданыстағы білім. Неміс
философы Э.Гуссерль өзінің «Картезиандық толғаныстар» атты еңбегінде
өмірдегі дағдарыстардың осы өмірлік білімге жете назар аудармағандықтан
болып отырғандығын айтады. Мектепте негізі қаланатын ғылыми ойлауды
өмірлік біліммен байланыстырғанда ғана ғылым өзінің адамзат алдындағы
миссиясын дұрыс атқарады деп білді. Бұл -ұрпақтан ұрпаққа ауысатын өмірлік
білімінің қағидаларына сүйенетін әрекетті істей алу деген сөз. Мұнда
оқушының табиғи-интуитивтік-практикалық негізде қалыптасқан дәлдік,
ұшқырлығы жатыр. Ғасырлар бойы қалыптасқан мәндерді (білімдерді) дайын
өлшемдер ретінде қабылдау шеберлігі ұғынылады.
8
2. Тарихи сана ұстанымы. Адамзат ойлауының ең ежелгі дәуірлеріндегі
алғашқы танымдар біздің бүгінгі тіліміздің де, ойлауымыздың да мызғымас
берік өзегі болып, өзінің адамзат ойлауымен, оның тілімен бірге жасайтын
мәңгілік қызметін жалғастырып келеді. Ғасырлар бойы адамзат мәдениетінде
өмір сүріп, өткен ұрпақтардың еңбегімен жасалған адам баласының мәдениетін
саналықпен игеру- жастарды тіршіліктің мәнін түсінуге, өмірді сүюге
жетелейді. Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени
мұралар –даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы
мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам»
дәрежесіне көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай
ұстанымдарға сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген
сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі
арқылы қандай ұлы шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен
талдау –қорытынды жасауға үйретеді. Ұлы туындылардың желісін құрайтын
ғалам мен адамның бірлігін, бір-бірінсіз күні жоқтығын түсініп, экологиялық
сауатын арттыруға, табиғатты сүюге, барды бағалауға көмектеседі. Жан Жак
Руссоның «Тәрбие туралы трактаттар» деген еңбегіне жүгінсек дейміз. Ол
барлық азаматтардан өздерінің балаларын ұлттық, патриоттық рухта
тәрбиелеуді талап етеді: «Мен оқуға үйренген баланың алдымен өз отаны
туралы оқығанын қалаймын. Ол 10 жылдан кейін оның барлық провинциясын
(ауылдарын), барлық жолын, барлық қаласын білсін, енді 15 жылдан кейін
елінің барлық тарихын, ал 16 жылдан кейін барлық заңын білсін. Ол өзінің
жады мен жүрегінде жатталмаған бірде- бір ерлігі, бірде-бір батыры болмасын.
Бұл - өз елінің әрбір азаматы үшін парыз».
3.
Ғылыми-философиялық
ойлау
ұстанымы.
Гуманитарлық
ғылымдарға менсінбей қарау, тілді ғылым емес, құрал деп қана қарау
адамзаттың танымын білмеуге, жоққа шығаруға алып келеді. Ғылыми-
философиялық ойлаусыз біз тірлігімізде сәт сайын ұшырасып жататын
ғаламдық заңдылықтар - жалқы мен жалпының өзара байланысы , себеп пен
салдардың арақатынасы ашылмайды, ұқсату мен сәйкестендіру, қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен күресі түсінілмейді. Ғылыми-философиялық
ойлау дегеніміз – бейнелі сипаттағы ұғымдық-логикалық ойлау. Мысалы,
Сұлтанмахмұттың: «Қасқыр мен қой дос болып, достықсыз өмір бос болып,
шын өмірге жеткенше, талай шаштар ағарар, талай өмір суалар» деген өлең
жолдардын мәнін бала ғылыми-философиялық ойлаусыз түсіне алмайды. Бұл
жерде неге, қалай деген сан түрлі сұрақтарға жауап іздеп үйренуі керек.
Әуелден-ақ ойлаудың бір ғана формасы – бейнелі сипаттағы ұғымдық-
логикалық ойлау болғандығын тілдік деректер (теңеулер, баламалар,
символдар, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер т.б.) айқын көрсетеді. Адамзат
ақыл-ойының даналығы тілжасам даналығында жатыр. Яғни адамзат ұғымдық-
логикалық ойлауды өзінің алғашқы ойлау кезеңінде-ақ игеріп алған.
Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу- адамды
рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол. Даналық тек білім аясында
шектеліп қалмайды, оның негігі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да,
түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, ой
9
қорытумен қалыптасады. Атақты ғалым, шешен, халықаралық кеңесші Кен
Робинсон «Призвание: Как найти то, для чего вы созданы и жить в своей
стихии» деген еңбегінде: «В традиционной системе образования ребенок
изучает не то, к чему у него есть способности, а очень узкий набор
обязательных предметов, потому что когда-то знание этих предметов было
перспективно в плане трудоустройства. Сегодня наши дети изучают эти
предметы, потому что наши политики думают, что в будущем это пригодиться
для экономики. Но если вы спросите бизнесменов, то практически все они
скажут обратное. Они скажут, что выпускники школ не имеют склонности к
инновациям, не могут работать в команде и не умеют эффективно общаться»,-
деп білім берудің жаңа парадигмасында дивергентті ойлауға басты маңыз
береді. Дивергентті ойлау деген не? Ол латын тілінен алғанда «айырылады,
алшақтайды» деген мағынаны білдіреді. Дивергентті ойлау-ойлаудың бір
проблеманың көптеген шешімін тудырушы стратегияға негізделген ойлаудың
формасы. Мәселені қатып қалған алгоритммен шешпей, әртүрлі жолдармен
шешуге қабілеттілік дивергентті ойлауға тән. Алшақ ойлау, яғни дивергентті
ойлау оқушылардың шығармашыл қабілетіне байланысты. Шығармашылдық –
жан-жақты құбылыс, ол ғылыми-философиялық ойлауға негізделеді.
Шығармашылдық қабілетке өнімділік, ойлаудың даралығы, ойлаудың
икемділігі, идеяны егжей-тегжейлі зерттеу қабілеті, өз идеясына дәл атау беру
қабілеті деген нәрселер кіреді. Осыған байланысты «жан-жақты жетілген
адам» тәрбиелеу деген қағиданы мұрат тұту Мәңгілік елдің білім беру ісіндегі
ғылыми-философиялық ұстанымында болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |