Пайдаланған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 18.02. 2014
91
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл 27 шілде №
319 – Ш ЗРК
3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010 ж.
4.
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. 27ақпан
2013 жыл. Астана қаласы
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздері.- Астана, 2015 ж.
6. Назарбаев Н.Ә. «Отанды сүю-суығына шыдап, ыстығына күю» // Егемен
Қазақстан. 03.09.2013 ж.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында жеке тұлғаны
тәрбиелеу
Юсупова Индира Төлегенқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық
дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекші маманы, химия
магистрі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
жолдауында мәңгілік ел ұлттық идеясын ұсынды. Ұлттық идеяның мәні –
ұлттың тағдырды анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға
жұмылдырушы фактор.
«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі
талқыға түсіп жүр. Осы мақсатта біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар екендігін паш еттті. Ол –
Мәңгілік Ел идеясы. Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың
қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі
мақсат — Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған
міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс атқаруда.
Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды
жалғастыратын жастарға сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын
баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын –, Жастар!
Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек
етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт
Көшбасшысының, ел ертеңі – жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының
айшықты дәлелі [1].
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына ену керек
болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру
керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру ізденгіштік
қасиетін дамыту мұғалімнің ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты.
Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
92
жаңаны табатын өнер» - деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет [2].
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ерекше назар аударатын мәселе -
ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан
бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды
басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-
ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына
сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ
болашағы тектілік пен кісілікті, бірлік пен татулықты, білім мен адамгершілікті
ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар
негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс.
Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау
қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде мойындалуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын
бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз
Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің
қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне
қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс
және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел
мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек
әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі
тиіс. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта
тәрбиелеудің маңызы зор [3].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа
міндеттер қойды. Жаңа оқыту технологияларының басты мақсаттарының бірі
баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше
шешім қабылдауға дағдыландыру. Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару
оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте
қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Мәңгілік ел педагогы өзін – өзі
ұстай білуі, ілтипаттылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, төзім мен
сабырлылығы және жан-жақты болу қасиеттерімен қатар сенім болуға тиіс.
Мәңгілік ел ұрпақтары ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
-
оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
-
жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-
ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық
мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа
жетеміз.
93
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз
бетінше ізденуіне, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге,
құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ
тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға,
ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-
дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу
қажет. Мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл
қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан
ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады. ХХІ ғасыр – бұл
ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,
адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы
жаңа ғасыр мұғалімі алдында үлкен жауапкершілік бар.
Келешек ұрпaқ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Сол Мәңгілік қaзaқтың
пeрзентіне дұрыс тәрбие мен білім беруде ұстаздaр қауымының үлестері зор.
Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық
идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп
тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының
мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің
терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.
«Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын,
әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол
арман тұрмысы байқуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты ел болу еді. Қазіргі таңда асу армандар ақиқатпен ұштасуда.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты
халыққа арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар
2. Сатай Сыздықов «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы.
3. "Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы.
4. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақ елінің
ұлттық идеясы - Мәңгілік ел. 17 қаңтар, 2014 ж.
5. Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын
жүзеге асырудың 100 қадамы.
Астана. 20 мамыр, 2015 ж.
6. Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы
ерлікке баулудың педагогикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ...автореф.:13.00.01.
– Алматы, 1995. – 23 б.
94
Бабадан қалған бекзат өнер
Ортықов Ерлан Үмбетжанұлы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ж.Қайыпов атындағы орта
мектеп, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Тегінде, бүркіт – қазақ халқының өжеттік, ерлік, алғырлық,
асқақтылығының белгісі болса, бүркіт салу –бабадан жалғасқан асыл мұра,
салт –дәстүр, текті өнер.
Халқымызда «Есі кірген – ескісін іздейді» деген қағида бар. Киіз
туырлықты көшпелі елдің құс салуы, халқымыздың алғашқы қалыптасу
кезеңінде кәсіп болса да, жылдар өте келе ғажайып ақсүйек өнеріне
айналғаны анық.
Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің
үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Оның дәлелі, Тамғалы тастағы
саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің
салынғанына екі мың жылдан әріде дейді, ғалымдар. Бүгінгіге жеткен
шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!Кезінде Италия
саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк
зерттеушісі Адольф Янушкевич секілді көптеген шетелдіктердің осынау
тамаша өнер жайында көргендерін тамсана жазғандары қаншама!
Осыларды ой елегінен өткізе келе, халықпен бірге жасап келе жатқан
қанында бар ғажайып құндылығының үш мың жылдық қана тарихы бар
деп, кесіп айту қисынсыз да қиянат болар еді. Ақиқатында, қазақ
жұртының күнкөріс кәсібі болған аңшылық, хан - төрелердің, би-
шешендердің, сал –серілердің көңілін аулап, сейіл құрғызар, сән –салтанатын
асырар ақсүйек өнері екендігіне дәлел көп. Бұл ретте Жошы ханның
айналасында 3 мың қыран болғаны, Абылай хан -500 бүркіт, 300 қаршыға
мен сұңқар ұстағаны, Ақсақ Темір мен Алтын орданың ханы
Тоқтамыстың бүркіттің бір жұмыртқасына бола, жауласқандары жайында
деректер бар. Ал, Шоқан мен Шәкәрім, Абайдың асылдарымыз, Жаяу Мұса,
Біржан сал, Мәди, Ақан сері мен Сегіз серілердің, Сәкен Сейфуллин мен
Мұхтар Әуезовтей аяулыларымыздың айнымас серігі болған шоқтығы биік
мұра әлі күнге бір ізге түсіп зерделеніп , зерттелмей тұрғаны шындық.
Туған жерін, еркіндігін аңсаған Иманжүсіптей асқақ әншінің: «Бүркіт
ұстап, басыңа бір шығарар ем, Көзіме бір көрінші, Ерейментау!» -деп
келетін тлғаныс тұнған өлең жолдарынан бүркіттің еркіндіктің символы,
сері көңілдің серігі екенін анық аңғарамыз. Кезінде осынау өнердің
маңызын терең түсінген зиялы ағаларымыз оның жинақталып, бір ізге
түспей, әр жерде шашылып жүргендігіне қынжылыс білдірсе, әйгілі
академик, зерттеуші Әлкей Марғұлан да саятшылық өнердің тарихы
ескерткіш екендігіне айырықша тоқталып, алаңдаушылық танытқан.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары жазылған бір еңбегінде , әйгілі
жазушы Сәбит Мұқанов өзі туып өскен өңірдегі ғажайып өнерімен аты
шыққан бүркітшілер, құсбегіліктің қыр –сырын көркем сөз, өрнекті
95
оймен суреттей келе, ұлттық спортымыздың ең биік шыңы деп бағалаған.
Алайда, кеңес заманында ұлттық құндылықтарды «ескінің, діни
көзқарастың сарқыншағы» деп біржақты бағалаумен қатар, оның өркен
жаюына мүмкіндік берілмеген. Содан болар, халықтың өзімен бірге келе
жатқан мәдени мұралары, салт-дәстүрлері ұмытыла бастады. Осы тұста
өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап, көршілері, атап айтқанда, ұлы
империя Қытай мемлекетімен арадағы қарым –қатынастың жақсаруы
арқасында, тарихи отаны Қазақстанға оралғандардың қаймағы бұзылмаған
қазақи болмыс –бітімі, салт –санамен үлкен үлес қосқаны анық. Оны
мойындауымыз керек. Басқаны айтпағанда, 1962 жылы Қытай мемлекетінен
ата жұртқа ораларда, «қолымдағы бүркітімді бірге өткізбесе, өзім де
өтпеймін» деген менің Тоқтасын атамның қайтпас мінезін білген шекара
қызметкерлері ақырында, ол кісінің «Сарыбауыр» атты бүркітін
Қазақстанға баласының атымен рәсімдеп өткізгенін естіп өстік.
Өзге елдерде сирек кездесетін, өзгелерден ерекшелендіріп тұратын,
қазақтың құсбегілік өнері ұрпақ сапасынан өшіп қалмасын деп, күнкөріс
жағдайынан қиналса да, қос қанатты серігін қимаған құсбегілерге сәл де
болса көмек қолын созбақ болған жандар да табылып еді.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары республиканың Мәдениет
министрлігінің табалдырығын аттағанымызда «бүркітшілер тұрмақ,
әртістерге жалақы тауып бере алмай отырмыз» деген жауап алып,
тауымыз шағылып қайтқан едік.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы...» -жігіттің жігітіне жарасар,
серінің серті мен серігіндей киелі өнерді жанына балаған елдің ұрпағы
болғандықтан шығар, ендігі жерде халқымыздың атадан балаға жалғасып
келе жатқан өлмес мұрасы-құсбегілікті серуен, сейілге жақын, салауатты
өмір салтына сай келеді ғой деп, енді спортқа алып келуді ойластыра
бастады. Сөйтіп, 1987 жылы қаптаған қиыншылықтарға қарамастан, қатары
азайып бара жатқан құсбегілердің басын біріктіру, жастарға өнеге алып
қалу мақсатымен, Алматы облысында республикада тұңғыш -Жалайыр
Шора атындағы Құсбегілер мектебінің іргетасы қаланған болатын. Оған
этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы, қоғам қайраткері Заманбек
Батталханұлы бас болып, Сарсебек Даулетбақұлы, Айтбай Жетібайұлы,
Байжүніс Көдеұлы, Молдажан Мәметұлы, Әбен Тоқтасынұлы, Сейтжан
Байжүнісұлы, (бұл кісілер қазір арамызда жоқ), Әбілхақ Тұрдыбайұлы,
Шакен Ошанбайұлы секілді біраз құсбегілер ат салысқан. Бүгінде
республика бойынша алпысқа жетпейтін тәжірибелі бапкерлер болса,
соның жартысына жуығы тұратын, ширек ғасырдай бұрын республикада
тұңғыш Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданындағы «Нұра»
ауылында құрылған сол мектептің арқасында, ұрпақ санасынан өше
жаздаған құсбегілік өнердің өрісі біршама өсті. Осының негізінде,
халқымыздың ұлттық рухы, бабалар аманатының аяқсыз қалмауына
қолдау көрсету мақсатында белгілі өнер иесі,әнші, Қазақстан
Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты болған қоғам қайраткері
Нұрлан Өнербай басшылық ететін «Қыран Федерациясы» Қоғамдық Қоры»
96
ғана қолдан келгенше қазақтың құсбегілік тарихын түгендеуге жанашыр
болып келеді.
Жыл сайынғы Құсбегілердің Республикалық «Сонар» ұлттық спорт
жарысының жоғары деңгейде өтуі, жер-жерде ұлттық спорт мектептері көбейіп,
«Саят» бөлімдерінің ашыла бастауы, алыс-жақын шетелдерге қазақ
құсбегілерінің танымал бола бастауы, құсбегілердің тұңғыш ұлттық киім
үлгісінің өмірге келуі, Англияда өткен Қыран құс салушылардың дүниежүзілік
тұңғыш фестивалінде қазақстандық бүркітшілердің қатысып 37 мемлекеттің
арасында бірінші орын алуы, саятшылықты жан-жақты насихаттауы, тағы басқа
жетістіктер, үнемі ізденістің, үлкен еңбектің нәтижесі.
Орталықтың араласуымен – Жүргенов атындағы өнер Академиясы мен
колледжінде тұңғыш рет Құсбегілік туралы диплом жұмысы жазылып, біраз
маман бітіріп шықты. Қазақтың спорт және туризм Академиясын да
құсбегілердің бірнеше баласы «Қыран Федерациясының» қаржылай қолдауы
арқасында тамамдады. Алматы облысының Райымбек ауданындағы «Саржаз»
ауылының тұрғыны, терең білімді ұстаз, орнитолог маман Досан Үшқұловтың
«Жас натуралистер» клубымен бірігіп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-
ақ, «Нұра» ауылындағы орта мектепте жас натуралистер сыныбы жұмыс
істейді.
2012 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік «Материялдық емес
құндылықтар тізіміне» қазақтың Бүркітшілік өнерін» кіргізуге республикада
алғаш ұсыныс жаса, қажетті шараларды, қойылған талаптарды жыл сайын іске
асырып келе жатқандығымыздың арқасында, бұйрса қазақтың домбырасы мен
күйі кірген бұл тізімге Бүркітшілік, биылғы жылдың соңына дейін қосылмақ.
Ата-бабамыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіз еліміздің көк Туында қанат
қаққан киелі Қыранның қасиетін жас ұрпаққа танытып, әлем алдында рухын
биіктету жолындағы қолға алған игі іске қосылып, үлкен шаңырақтың уығын
шаншып, іргесін бекітуге құсбегілер қауымы да қолдан келгенше ат салысып
келеді.
Осы орайда атап айтарлығы, жалпы кеңестік кезеңде ұмытылып қалған
хақымыздың саятшылықтай ақсүйек өнерін жаңғыртуда, өткен ғасырдың
алпысыншы жылдары Қытайдан қыран құстарын бірге алып келіп,
ұрпақтарының қолына мықтап ұстатқан, оның әрі қарай дамуына жол салған
Мәметов, Тәжиев, Ұзақов және Көдековтар сәулеттерін ерекше атауға болады.
Құсбегіліктің-спорт түрі деп танып, алғаш қамқорлық көрсеткен- кезінде
ҚР Спорт комитетінің төрағасы Құлназаров Анатөлі Қажыкенұлы, оның
орынбасары-Қанағатов
Елсияр
Баймұханбетұлы,
Алматы
облысы
басқармасының бастығы-Әкешай Жайлаубекұлы, Жамбыл облысындағы
«Қауырсын» клубының жетекшісі Жапар Сатылғанов, Ақмола облысы спорт
басқармасының бастығы-Қанат Ахметов, Қарағанды облысы Шет ауданында
алғаш мектеп ашып, Арқаға құсбегіліктің кең қанат жаюына ықпал еткен
Тілеуқабыл Есенбектердің есімін ерекше атауға болады.
Әрине, табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс
салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың
ішінде жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні
97
бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады.
Десек та, сонау қиын-қыстау кезеңдердің өзінде қыран құстарын
қасынан тастамай, ұлтының асыл мұрасын көзінің қарашығындай сақтап,
кейінгі ұрпаққа қалдырған талай тарландарымыздың бай мұрасы
жинақталмай жатыр. Олай болмағанда, аштық жылдары бір ауылды бір
бүркітімен асыаған талай жандардың есімі, Ұлы Отан соғысы жылдары
майданға аң терілерін жіберіп, самолетке ақша жинап беріп, Сталиннің
қолынан орден алған Көкшетаулық Мәсіп Батырханұлы, әйгілі жазушы
Мұхтар Әуезовке Абайдың тыйым салынған шығармалары қатарында,
қасқыр, еліктен басқа, орман ішінде мәлінге дейін бүркітін түсіріп,
шеберлігін шет жерге танытқан Алматылық Сәрсенбек Дәулетбақұлының,
Сейітжан байжүнісұлы, Әбен Тоқтасынұлдарының есімдері белгілі
болғанымен, толық зерттеліп, кейінгі ұрпаққа жеткілікті насихатталмай
келеді.
Сондай-ақ, көп жылдар бойы осы бағытта жасалып жатқан істерді
жалғастыруға байланысты, құсбегілер көп шоғырланған (республика
бойынша елуге жуық қана құсбегілер болса, соның жартысы осы
ауылда), Ұлы Жібек жолы бойындағы «Нұра» ауылын Құсбегілердің
Республикалық ғылыми орталығы ретінде танып, Үкімет тарапынан
этнографиялық ауыл ретінде қолдау көрсетілсе деген мәселе күні бүгінге
дейін шешілмей келеді.
Алға қойып отырған үлкен бір мақсатымыз –қазақтың ежелгі сал-
серілер ізімен, әуелі республикамыздың өңірлерін жүйрік атпен, қыран
бүркітті қолға қондырып, ұшқыр тазы ерткен өнерлі жандармен бірге
танымдық дүниелер көрсете отырып, жергілікті жердегі ұлттық
құндылықтарымыздың шынайы иелері туралы құнды жәдігерлерді
жинастыру. Сөйтіп, аңшылық, саятшылықты жеріне жеткізе сұлу сөзбен
өрнектеген, өзі де бұл өнерді өміріне серік еткен ұлы ойшыл,ақын Абай
мен Шәкәрімнің елі, Семей өңірінде құсбегілердің «сал-Серілер жолымен»
атты үлкен бір мерекесін өткізу.
Көкірегі ояу, көзі қарақты ұлт жанашырлары туған халқының
етенеден егізі, жігерін жанитын асыл тасы, қайтпас рухының белгісі -
Қыранның қанатын қайырмас деген үкілі үміт алға жетелейді.
Шет елге босқа жалтақтап, солардың айтқан заңына, ережесіне бас
изеуден гөрі, ежелден табиғатпен үндес халықтың өз ұстанымдарын әуелі
ұрпақ санасында қалыптастырып, құсбегілікті өзімізде өз деңгейінде көтеріп
алсақ болғаны. Өйтпегенде, бүгіннің өзінде Қыранды қоян мен түлкіге
салуға шектеу қоя бастаған кейбір «өркениетке асыққан» ұлттық
құндылықтарымыздың жанашырсымақтарының арам пиғылдары іске асары
анық.
Жыл өткен сайын саятшы аталарымыз бен ағаларымыздың қатары сиреп
барады.
Бабаларымыздан қалған халқымыздың «саятшылық» дәстүрін келесі
ұрпаққа қалдырамыз десек, бұл өнерге жастарымызды мектеп қабырғасынан
бастап дайындауымыз керек. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Нұра
98
ауылындағы бір ғана құсбегілер мектебі ешқандай жыртығымызды жамай
алмайды. Сондықтан, өз тарапымнан құзырлы ұйымдарға айтарым: Дәстүрлі
өнеріміз өшпес үшін мектептерге үйірме сабақтары («Қауырсын», «Қансонар»
т.б. тақырыптарда) енгізілсе;
Өзім тұратын Қазақстан селолық округіндегі үш мектептегі үйірме
сабақтарына әрі мұғалім, білікті маман, тәжірибелі бүркітші Елтай Мүптекеев
тартылса деген ұсыныс айтпақпын.
Достарыңызбен бөлісу: |