Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет21/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Орталы аза (1)

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
12-дәріс. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Сөз тіркесі - коммуникативтік бірлік.

  2. Сөз тіркесінің сыртқы белгілерін меңгерту.

  3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, байланысу түрлері.

  4. Сөз тіркесінің құрамы мен түрлері.

  5. Сөз тіркесін талдау логикасы.

  6. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар.

Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы болып табылатындығы. Сөз тіркесінің сыртқы белгілерін меңгерту. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтакситік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын орнының маңыздылығы. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесілімдік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту.

Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары,байланысу заңдылықтары т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы.

Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде ең алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну қиындығын туғызбайды. Сөз тіркесін оқыту төмендегідей бағытта жүргізілуі қажет.

1. Сөз тіркесі туралы түсінік.

2. Сөз тіркесінің құрылысы.

3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.

4. Сөз тіркесінің байланысу формалары.

5. Сөз тіркесін топтастыру туралы.

6. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы.

7. Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.

Оқушыларға сөз тіркесі туралы жалпы мағлұмат бергеннен кейін, оның айрықша белгілеріне, зерттеу нысанына тоқталып, тілдегі негізгі қызметіне талдау жасау қажет. Сөз тіркесінің құрылысын түсіндірген кезде екі сөздің байланысу ерекшеліктеріне қарай бес түрге бөлінетінін келесі сабаққа қалдырса, оқушылар бұл тақырыпты тез меңгереді. Сөздердің байланысу формаларын алдыңғы сабақта өткен сөз тіркесінің құрылысынан өрбітіп, дамытып, өзара байланыстыра түсіндіруге болады. Мұғалім сөздердің байланысу формаларының ішінде қайсысын бірінші өтерін алдын-ала жоспарлап алады. Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу рет-ретімен өтіледі.

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне де мысал келтіріп, жаттығу жұмыстары негізінде жүзеге асыру қажет.

1. Қосымшалар арқылы байланысу тәсілі;

2. Септік жалғаулар арқылы байланысу;

3. Орын тәртібі арқылы байланысу;

4. Интонация арқылы байланысу.

Сөз тіркесінің байланысу формаларын жақсы меңгерген оқушыға сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын меңгеру қиынға соқпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет