Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
8-дәріс. Сөзжасамды оқыту әдістемесі
Жоспар:
Сөзжасамды оқытудың мақсат- міндеттері.
Сөзжасамды оқытудың ұстанымдары.
Сөзжасам және орфография.
Сөзжасам және стилистика.
Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану.
Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен ұстанымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардың ұқсас жақтарымен айырмашылықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекті құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану. Сөзжасам прцесін, оның қыр- сырын, ерекшеліктерін қарастыратын тіл білімінің бөлек бір саласы болатындығын түсіндіру. Сөзжасамның ерекше сипаты, өзіне тән негізгі қасиеті болып табылатын жаңа сөз тудыру ерекшелігі, сол арқылы тілдің сөз құрамын байытуы, сөз қатарының артуы. Сөзжасам – ең алдымен тілдік процесс. Белгілі тілдік үлгілер негізінде сөзжасам тәсілдері арқылы жаңа сөздер жасалып отырады. Сонымен бірге сөзжасам үлгілерінің қай түрі болмасын жаңа сөз тудыруға қасиеті бірдей емес. Біреулері ондаған ғана сөз тудырса, енді біреулері жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа сөз тудырады. Сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туындылардың әрқайсысы бөлек - бөлек лексема, жаңа мағыналы сөз болғанымен, оал белгілі бір тілдік үлгі құрайды. Сөзжасам тәсілдерінің әрбір түрі бір ғана туындымен шектеліп қана қоймайды, жаңа туындылар қатарын құрайды және жаңа туындылар жасала беруіне негіз болады.