Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы



бет16/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Сөз зергері - фольклор білгірі.

Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі. Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі. Адам ретінде қалыптасуына да сол кісінің ықпалы зор болғанын Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой...» деп құрметпен еске алады. Осы орайда, ол ертексіз өскен баланы рухани мүгедек адамға балайды, қазіргі балалардың Қызтумас апа тәрізді ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қабырғасы қайысады.

Сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі әже әлдиімен оянған Бауыржан бала кезінен ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, сөз мәйегін санасына сіңіріп өседі. Кейін өзі де өмірінде кездескен әр түрлі жағдайларға байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тудырған. Баталардың да үлгілерін жазған. Бұл оның сөз қадірін бір қазақтай білетін көкірегі ояу жан екендігінің, ұлтының ардақты ұлы екендігінің тағы бір белгісі.

Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқат» роман-диалогінен «Қол көтерген дұшпаннан гөрі, қорамсаққа қолы жетпей өлген дұшпанды сыйла», «Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық», «Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке», «Айдындана шапқаннан ажал да сескенеді» деген мақалдарының шығу тарихымен танысу.

Б.Момышұлының мақал-мәтелдерін жаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет