Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


Сөз өнерін серік еткен Бауыржанның әдебиеттегі алар орны



бет15/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Сөз өнерін серік еткен Бауыржанның әдебиеттегі алар орны.

Бауыржан – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі.

Елде жоқ ерекше қасиетіне бола «ұлтшыл» атанған Бауыржан соғыстан кейінгі уақытта әскери қызметтен де ерте шеттетілді. Сөйтіп, елге келген Баукеңді бірде-бір мекеме қызметке алмайды. «Тек Ө.Жолдасбеков қана сол кездегі ҚазГУ-дың әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болған еді. Артынша ол да: «Бауке, болмайтын болды» деген жауап айтты», - дейді батыр өмірінің қыр-сырына жақсы қанық Мекемтас қария. Баукең бірақ оған да мойымайды. Енді әдебиет майданына бет бұрады. Бұл жөнінде «Ақиқат пен аңызда»: «Менің білімімнің, тәжірибемнің, әй, Құдай біледі, ана дүниеге керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде көрген-білгенімді жастарға айтып кетейін» деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына кірістім» дейді. Сөйтіп, сөз орайы келген келесі бір мезетте: «Мен профессионал жазушы емеспін. Мен әскери мемуар жазушы ғана кісімін. Ал біздің қазақта бұрын әскери мемуарлық әдебиет атымен болған емес. Қазақта мен осының негізін салушымын десем, асылық та, артық айтқандық та болмас деп ойлаймын. Бұл жөнінде орыс әдебиетіне де қосқаным бар деуіме болады» дегенді айтады.

Осы орайда, «Баукең ең алдымен ақын болатын. Ол соғыста жүргенде де «Серігім», «Жазушы», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» сияқты басқа да көптеген өлеңдер жазды. Одан кейін Баукең жазушы атанды. «Москва үшін шайқас» атты ғажап әскери-психологиялық романның авторы болды. «Ұшқан ұя» деген этнографиялық роман жазды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Басқа да толып жатқан әскери эсселердің, әңгімелердің авторы. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға да болады. Оның үстіне Баукеңді фольклор білгірі деп және атау орынды. Фольклор білгірі болғандықтан, ол өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмнің мәйегі. Баукеңнің бұл қасиеттерінің бәрін тәптіштеп жеткізу үшін бір кітап жазған жазушы ғана емес, нағыз кәнігі бауыржантанушы болу керек», - дейді Әзілхан Нұршайықов.

Б.Момышұлының 2010жылы «Өнер» баспасынан 30-томдығының «Жүрекпен жырлап толғаймын» атты кітабынан өлеңдерін, мақал-мәтелдерін оқыту. Жеке өлеңдеріне тоқталып мағынасын ашу. Соның ішінде «Докторға» өлеңінің не жайында, нені меңзейтіндігін анықтау. Өз шама-шарқынша өлең жазып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет